Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 17:06, лекция
Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен. Бұл мерзімді одан әрі 400 мың жылға жылжытуға болады.
«Рамаяна» тақырыбына жазылған «Махабирачарита», «Уттарарамачарита» және «Малатимадхава» драмаларының авторы Бхабабхутидің (VIII г.) мерейі үстем болды. Аталған драмалардың жазылуы хинда, бенгал, маратхи, гуджарати, ория, ассам сияқты тағы да басқа үнді халықтарының әдеби тілдерінің қалыптасып, одан әрі дамуына зор ықпал жасады. Үнді әдебиетінің алып түлғаларының бірі — ауыз әдебиетіне негізделіп жазылған «Рамаяна» және Кришнаға арналып жазылған «Кришнавали» поэмаларының авторы Ту леи Дас (1532— 1624).
Ағылшын отаршылдығы кезеңінде үнді-будда мәдениетінің даму қарқыны бәсеңдей бастағанымен, үлт-азаттық қозғалыстың басталуына байланысты мәдениет пен өнер қайта жанда- нып, өнер адамдарының шығармашылық белсенділігі жаңа ар- наға түсті. XIX ғасырда Үндістанда мәдениеттің жаңа сатыға көтеріліп, гүлденуіне Динобандху Митро, Б. Чоттопадхайя, А. Навал ар, Р. Айр, Нармадашанкар және т.б. жазушылар үлкен еңбек сіңірді. Әдеби туындыларын бенгаль тілінде жазған, үнді әдебиетінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік әдебиеттің алып түлғаларының бірі — мандай алдыеы Рабиндранат Тагордың алатын орны айрықша. Оның «Таулар», «Үй мен бейбітшілік» атты романдары әлемге өйгілі, ал «Джанаганамана» деп аталатын өлеңі Үндістанның мемлекеттік гимніне айналды. Рабиндранат Тагордың әдебиет саласындағы ұланғайыр еңбегі өте жоғары бағаланып, оған 1913 жылы Нобель сыйлығы тапсырылды.
Үнді-будда мәдениеті жүйесінде ғылыми білім қалай дамыды? Осы мәселеге байланысты ұлы ғалым А. Эйнштейн өзінің бір хатында былай деп жазды: «Батыс ғылымының дамуы екі ұлы жетістікке тікелей байланысты болды. Оның біріншісі, грек философтарының формалды логикалық жүйесі (Евклид геометриясы) және Қайта Жаңғыру дәуіріндегі себептік қатынастарды жүйелі тәжірибенің көмегімен ашуға болатындығы туралы жаңалықтар болды. Мен қытай даналары бүл жаңалықтарды бүрьш неге ашпады екен деп танданбаймын, менің таң қалатыным — бұл жаңалықтардың ашылуында» (Социология науки. — Ростов-н/Д., 1968. — С. 21—22). XX ғасырдың ұлы физигінің бүл пікірінің астарында үнді-будда дінінің қойнауында жоғары дамыған ағартушылық пен білімге қарамастан бүл елдегі ғылым өз деңгейінде неге дамымаған, неге ол Батыс Еуропа елдерінен әкелінген деген орынды сұрақтар бар.
Әрине, үнді-будда дінінің білімге үлкен құрметпен қараған- дығын ешкім де жоққа шығара алмас. Көне үнді афоризмдеріңце ғылымның маңызы мен мәні жоғары бағаланған. Оған дәлел ретінде ғылым мен білімге байланысты мына бір қанатты сөздерді мысалға келтіргенді жөн көрдік: «Адамның ең қасиетті игілігі — ғылым мен білім, оларға ешбір баға да жетпейді және олар еш уақытта да сарқылмайды», «Билік пен білімділікті салыстыруға болмайды», «Патшаны өз елінде ғана сыйласа, ғалым барлық жерде де құрметке ие», «Білімсіз адам малмен тең» және т.б. Үнді математиктері, дәрігерлері араб, парсы және Орта Азия елдерінде жоғары бағаланған, сондықтан болса керек, көптеген адамдар білім бүлағынан сусындау үшін үнді еліне келетін болған. Үндістанның кейбір қалаларында ашылған университет- терде діни-философиялық текстер, астрономия, астрология, математика, медицина мәселелері жан-жақты оқытылатын болған. Бенарес көп уақытқа дейін үнді мемлекетінің басты ғылыми орталықтарының бірі болған. Көне Үндістанда астрономия мен математика жоғары бағаланған. «Ноль» белгісі мен санаудың ондық жүйесін ойлап тапқан да үнді ғалымдары болатын. V—XII ғасырларда Ариабхатта (V ғ.), Брахмагупта (VII г.), Магавира (IX ғ.), Бхаскара (XII ғ.)сияқты дарынды математиктер мен астрономдардың мерейі үстем болды.
Үнді химиктерінің химия саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен қолданылды. Үнді дәрігерлері де терапия және хирургия жайында тамаша ғылыми еңбектер жазды. Қанның айналысы жөніндегі ғылыми түжы- рымдарымен үнділіктер атақты дәрігер Гарвейден де асып түсті. Бірақ, өкінішке орай, үнді-будда мәдениетінің дәстүрлері рационалистік сипатқа толық ие бола алмады. Ғылыми білімнің құрылымының логикалық негіздері үнді ғалымдарын онша қызықтырмады. Одан да олар адамзатты қоршаған дүниенің сан құпиялары мен эр түрлі салада жаңалықтар ашумен айна- лысқанды жақсы кәрді. Тіпті, тарихи зерттеулерге де онша мән- мағына бермеді. Ғасырлар бойғы үнді халқының мәдени же- тістіктері, халықтардың миграциясы, шаруашылық өмір, патшалықтардың арғы-бергі тарихы сияқты маңызды мәселелер- ге онша назар аударылмады. Соның салдарынан көне заман тарихынан сыр шертетін еңбектер санаулы ғана болды. Солардың бірі — Кашмирдің тарихы жайындағы тарихшы Калханидің (б.з. XII ғ.) «Раджатарангити» атты еңбегі.
Өз тарихына немқұрайлы қарау, нақты өмірден алшақтау, өмірге көзқарастардың көмескілігі сияқты келеңсіз жағдайлардың орын алуы мөдениеттің дамуына нүқсан келтірді. Қоғамдық өмірді түрақтандыруда дін қаншама рөл атқарғанымен де, үнді мемлекеті ғылым мен білім жолына, яғни өркениетті ел болу жолына түсуі — тарихи қажеттілік болды. Заман ағымын- да бүл асқаралы міндеттері біртіндеп жүзеге асырыла бастады да, асырыла бермек те.[1][2]
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алма