Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:04, курсовая работа
Жапонияда,1867-1868 ж болған оқиғалар, оның анализі мен орны елдің дамуында маңыздылардың бірі, тіпті актуалдылық мен маңыздылығы біздің уақытта да сақталған жапон тарихи ғылымында талқыланатын тақырыптың бірі болды. Ол үшін тиімді, нақты түсінікте қызығушылық білдірген жаңа өкіметтің қамқорлығында жұмыс жасаған тарихшылардың дворяндық сопылық мектебі Мэйдзидің оқиғаларының тарихын зерттеу ертеректе басталды.
1. 1867-1868 жж. Революцияның алғы шарттары мен қозғаушы күштері.
2. АҚШ, Англия және Францияның Жапонияның ішкі істеріне араласуы.
3. Тең емес құқықтық келісімдер.
4. Шет елдіктердің Жапонияны «ашуы» және елдегі әлеуметтік-саяси шиеленістердің күшейуі.
5. Бұқара халықтың жағдайының нашарлауы.
6. Шет елдіктерге қарсы қозғалыстар.
7. Самурайлардың бір бөлігі мен буржуазияның Токугаваға қарсы блокқа бірігуі.
8. Азаматтық соғыс және сегунаттың жойылуы.
9. Мэйдзи реформалары тұсындағы әлеуметтік наразылықтың ұлғаюы: шаруалар көтерілісі, самурайлық оппозиция және либералдық оппозиция қозғалыстың басталуы.
10. Жаңа үкімет және буржуазиялық қайта құру.
11. Ауыл шаруашылық саласындағы реформалар.
12. Мэйдзи исин туралы қазіргі кездегі тарихнама.
Жоспар:
1. 1867-1868 жж. Революцияның алғы шарттары мен қозғаушы күштері.
2. АҚШ, Англия және Францияның Жапонияның ішкі істеріне араласуы.
3. Тең емес құқықтық келісімдер.
4. Шет елдіктердің Жапонияны «ашуы» және елдегі әлеуметтік-саяси шиеленістердің күшейуі.
5. Бұқара халықтың жағдайының нашарлауы.
6. Шет елдіктерге қарсы қозғалыстар.
7. Самурайлардың бір бөлігі мен буржуазияның Токугаваға қарсы блокқа бірігуі.
8. Азаматтық соғыс және сегунаттың жойылуы.
9. Мэйдзи реформалары тұсындағы әлеуметтік наразылықтың ұлғаюы: шаруалар көтерілісі, самурайлық оппозиция және либералдық оппозиция қозғалыстың басталуы.
10. Жаңа үкімет және буржуазиялық қайта құру.
11. Ауыл шаруашылық саласындағы реформалар.
12. Мэйдзи исин туралы қазіргі кездегі тарихнама.
1867-1868 жж. Революцияның алғы шарттары мен қозғаушы күштері.
Жапонияда,1867-1868 ж болған оқиғалар, оның анализі мен орны елдің дамуында маңыздылардың бірі, тіпті актуалдылық мен маңыздылығы біздің уақытта да сақталған жапон тарихи ғылымында талқыланатын тақырыптың бірі болды. Ол үшін тиімді, нақты түсінікте қызығушылық білдірген жаңа өкіметтің қамқорлығында жұмыс жасаған тарихшылардың дворяндық сопылық мектебі Мэйдзидің оқиғаларының тарихын зерттеу ертеректе басталды. Бұл тарихшылардың тенденциозды концепциясы «осэй фукко»(императорлық билікті қалпына келтіру) қарама қайшылыққа сегунаттық жүйенің «озбырлық» мәні, императорлық биліктің «заңдылығы», оның шығу тегінің көрнектілігі және жапон даму жолының ерекшелігін алға тартқан, Мито және Кокугаку мектебінің дәстүрінен шықты. Бұл концепцияға сай, 1867-1868 ж оқиғалардың мәні билеуші лагерьдің екі тобының күресіне апарылады-сегун мен елде болып жатқан саяси процесс «Мэйдзи исин» (жаңарту, Мэйдзидің қалпына келуі)-ге атауын бнрген императорлық үй, қоғамдық экономикалық өзгерістер бағынушы мағынаға ие ретінде қарастырылды.
Мэйдзи тарихын, әсіресе оның қоғамдық экономикалық аспектілерін зерттеу мен сонымен қатар түрлі тарихи бағыттардың буржуазды ғалымдары айналысты- Хондзе Эйдзиро(1888-1973), Цугия Такао (1896ж дүниеге келген) және т.б.
Бірақ Мэйдзидің мәселелерінің маңызды зерттеуі Жапон тарихи ғылымында қоғамдық тарихи процестердің оқиғаларына ғылыми тұрғыдан жақындасу, зерттеудің марксистік лениндік әдістемесімен марксистік мектеп қалыптасты.
Мэйдзи мәселелеріне назар жапон капитализмінің табиғатын айқындауды, қоғамның қоғамдық даму деңгейін зерттеуді қажет еткен сол кездегі қоғамдық және жұмыс қозғалыстарының дамуының тәжірибелік тапсырмаларымен анықталды. Жапониядағы генезис мәселелері мен капитализмнің дамуын зерттеу 1932ж мамырынан бастап «жапон капитализмінің даму тарихы бойынша очерктер» жұмысының топтамасын шығара бастаған марксист ғалымдарды біріктірді. Тарихи материалды зерттеуге марксистік әдістемелік жақындаудың бірыңғайлығына қарамастан бұл ғалымдардың арасында(Норо Эйтаро, Хани Горо, Ямада Моритаро, Хаттори Сисо, Хирано Еситаро) жапон капитализмінің генезисі мен Мэйдзидегі оқиғалардың мәніне біркелкі көзқарас болмады. Тарихшылардың бір тобы 1867-1868ж оқиғаларды буржуазды революция деп қарастырса, ал екіншісі абсолюттік тәртіптің құрылу процесі деп қарастырды.
Мэйдзи исин әлі күнге дейін Жапонияның ғылыми және саяси өмірінде идеологиялық күрес арасында қолдауын жалғастырып келед, ал Жапонияның прогресшіл ғылымының қоғамдық дамудың буржуазды концепцияларына қарсы күресінде актуалды болып есептеледі.
Кеңестік историография, Мэйдзи исин сипаты мен мағынасы жайлы, бұл оқиғалардың класстық мәні мен алғышарттары жайлы сауалды объективті және мұқият зерттей отыра, оларды аяқталмаған буржуазды революция деп қарастырады. 1870ж кейінгі дүниежүзілік тарихтың маңызды ақпараттардың мәліметтерін құрастырып, В.И.Ленин «Революционды қозғалыстар» деген бөлімінде былайша белгілеген: «1868-1871: Жапония (революция мен өзгерістер)».
Қоғамдық дамудың, жапондық қоғамның прогрессивті күштерінің феодалды жүйеге қарсы топтық күресінің заңды процесі нәтижесінде өткен, алайда императорлық биліктің қалпына келтіру ұранымен жүзеге асқан Мэйдзи исин нақты тарихи түрлілікпен ерекшеленеді. Бұл елдердің құрылуының астарында капиталистік тәртіп орнағанда XVIII ғ соңындағы француз революциясы және XVII ғ ағылшын буржуазды революциясымен салыстырғанда Жапоняда буржуазиялық қоғамның революционды қайта құрылымына баруға дайын ірі экономикалық және саяси күш ретінде болмады. Өзінің мазмұны бойынша буржуазды революция төменгі самурайлықпен, дворяндықтың радикал қанатымен, прогрессивтік самурай зиялылығымен жүргізілді, ал феодалдық үстемдікті жою үшін қозғалысты басқара алмаған буржуазия феодал мен басқарушы одақпен бірге одаққа енді.
Нақ осы 1867-1868ж революцияның аяқталмаған сипатын, буржуазды өзгерістердің шалағайлығын анықтады.
Кеңестік тарихшылар жапон тарихи және статистикалық материалдардың зерттеулері негізінде Мэйдзи оқиғаларын дайындағандардың басты күші болып апаттылық пен бытыраңқылыққа қарамастан елді антифеодалдық шаруашылық революцияға алып келген шаруа көтерілістері болды.
Мэйдзи өзгерістерінің сипатын анықтау үшін Жапониядағы 1867-1868ж капиталистік өндірістің даму деңгейін анықтау үлкен мәнге ие. Сол себептен, кеңестік тарихи ғылымда маңызды орынға капитализм генезисінің экономикалық және қоғамдық аспектілерін зерттеу ие. Е.М.Жуков, А.Л.Гальперин, Х.Т.Эйдус, П.П.Топех, Д.И.Гольдберг, А.Н.Хейфец, И.Г.Поздняков және т.б жұмыстары «жабық» Токугавтық Жапониядағы капитализмнің дамуын көрсетеді. Феодалды қатынастың консервациясын тудырған, елдің «жабылуы» жақсы рөлге де ие болды: отарлық құл болушылықтан құтылған, шетелдік капиталдың енуіне бөгет жасаған елде ақырын және ұдайы түрде капиталистік тәртіптің өскінінің дамуы жүріп жатты.
Кеңестік зерттеулер Жапонияны отарлық құл болушылықтың қаупінен құтқарған, феодалды бөлшектенуді жойған және капиталистік даму жолына енген елдің ұлттық бірігуіне септігін тигізген буржуазды революцияның өзгерістердің прогрессивтік мазмұнын белгілейді.
Марксистік историография 1867-1868ж оқиғалардағы ішкі факторының мәнін әсірелейтін кейбір жапондық зерттеулердің қорытындыларын сыни тұрғыда қарастырады.
Жапонияны әлемдік шаруашылық шеңберіне қосқан тең құқықтық емес келіссөздердің жүйесі, шетелдік басымдылық, Батыстың буржуазды мәдениетімен жақындасу токугавтық тәртіптің созылған саяси дағдарысын күшейтпей қоймады. Кейінгімэйдзилік Жапонияның дамуында оның «ашылу» кезеңіндегі Жапония мен Батыс елдердің, өндірісінің алдыңғы әдісінің элементтерінің әсерінде қалған, капиталистік қатынастардың құрылуы мен феодализмнің таралу деңгейінде тұрған өндірістік капитализмі дамыған елдер мен мемлекеттердің стадиалды формациялы арақатынасы маңызды рөлге ие.
Кеңестік историография XIXғ екінші жартысында Жапонияның тарихи тағдыры үшін жағымды болған халықаралық жағдайды айтарлықтай мәнге ие фактор деп есептейді.
Жапонияға батыс ірі мемлекеттернің жағынан қысымның әлсіреуі байқалды, оның істеріне Англия мен АҚШтың белсенді араласуы тоқтады. Англия Үндістан мен Қытайдағы оқиғалармен алаңдатылды(сипай көтерілісі «апиын соғысы» және тайпин көтеріліс жаныштауға қатысу), ал АҚШ сол жақта басталған азаматтық соғыстың әсерінен.Академик Н.И.Конрад былай деп жазған: «Жапония өзінің тарихындағы сын кезеңде әлемдік тарихи процестің революционды апатына көбісімен міндетті болды, оларға яғни революционды к.штерге... Мэйдзилік жаңарудағы көмегі үшін алғыс ескерткішін орнату қажет еді»
Кеңестік тарихшылар Мэйдзи мәселелерін зерттеу кезінде ішкі жағдайлармен қатар сыртқы жағдайларды да есепке алу қажет дейді, ол кезде шешуші рөл елдің саяси және қоғамдық экономикалық анализіне беріледі.
Кеңестік историографияның маңызды бағыты болып соғыстан кейінгі Жапонияда саяси болуға ие және жапондық историографияның шегінен шыққан Мэйдзи исин жаңаша буржуазды түсіндірулердің сыны есептелді. Мэйдзи исиннің жүзжылдық мерейтойын тойлауға сай, 1968ж билеуші лагердің реакционды шеңберімен жапон капитализмінің жүзеге асыру кең компаниясы , оны қалық аграрлы әлемдегі күшті елдердің біріне айналдыру процесі басталды. Қазіргі таңда, әлемдегі идеологиялық күрестің күшеюі жағдайында, капиталистік елдердің буржуазды тарихшылары, ең алдымен Жапония мен АҚШ жапондық капитализмнің даму тәжірибесін дамып келе жатқан елдер үшін еліктеу үлгісі ретінде көрсетуге тырысуда, өз кезегінде, жапон халқының адам шошырлық қанауы , Корея, Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының отарлық тоналуы, агрессиялық соғыстары жайлы үн қатпайды.
АҚШ, Англия және Францияның Жапонияның ішкі істеріне араласуы.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдыңбірінші жартысында АҚШ, Англия, Франция, сияқты мемлекеттер бірнеше рет Жапонияның «жабық есік» саясатын бұзбақ болып әрекеттенді. Әсіресе АҚШ 1791-1849 жылдары Жапония жағалауларына жеті экспедиция аттандырды. Бірақ бәрі де Токугава сегунаты тарапынан тойтарыс алып, кері оралды. Ресей Жапониямен сауда байланысын жасау үшін 1792-1793 жылдары А.Лаксман басқарған елшілік кемесін аттандырды. Жапон үкіметі ресми байланысқа рұқсат бермеді. 1804 жылы Н.Резанов басқарған елшілік те осылай сәтсіз оралды. Осыдан кейін АҚШ Жапонияның «жабық есік» саясатын күшпен күйретуге кірісті. 1852 жылы АҚШ командор М.Перри басқарған әскери кемені Жапонияға аттандырды.
Тең емес құқықтық келісімдерді қайта қарау мәселесі.
Тең емес құқықтық келісімдер – XIX ғасырда Шығыс Азия (Цин империясы, Корея, Жапония) мемлекеттері арасында,бір жағынан жетекші еуропалық держалавармен жасасқан келісімдер. Ұлы державалардың экономикалық және әскери артықшылықтары азия елдеріне тиімсіз келісімдерді ілді. «Тең емес құқықтық келісімдер» термині 1920 жылы Қытайда ұлттық қозғалыс толқынында пайда болды.Бұл терминнің аудармасы ақырында еуропа державаларында да қолдыныла бастады.
Мұндай келісімдердің алғашқыларының бірі ретінде Цин империясы мен Ұлыбритания арасында болған 1842 жылғы Нанкин келісімі саналды. Қытай бірінші апиын соғысында жеңіліс тапқанның нәтижесінде Ұлыбританиямен еркін сауда жасасу үшін порттар ашылды. Гонконг Ұлыбританияға жалға берілді,ал сонда тұрып жатқан британдықтар Қытайдың құқықтық нормаларынан босатылды.
Дәл осындай келісімге Жапония АҚШ-пен 1854 жылы, ал Корея 1876 жылы Жапониямен келді.Жапонияның экономикалық өсуіне байланысты XIX ғасырдың екінші жартысында тең емес құқықтық келісімдерден 1890 жылдарда бас тартты.Ал Қытай мен Корея мұндай қадамға тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бара алды,соның өзінде 1997 жылы Гонконгтың Қытайға жалға берілуі жайындағы келісім мен Батыс Манчжурияны Ресей арқылы күшейту жайында Пекин келісімі жатпады.
Шет елдіктердің Жапонияны «ашуы» және елдегі әлеуметтік-саяси шиеленістердің күшейуі.
XIXғ басында отарды болу үшін күреске еуропалық елдермен қатар АҚШ та қосылды. Оларды, негізінен американдық тауарлар үшін потенциалды рынок болған, ал оның порттары Қытаймен саудада тиейтін пункт ретінде тиімді болған және Тынық мұхитының солтүстік бөлігіндегі кит аулау флотының негізі болатын Жапония қызықтырды.
1852 жылы АҚШ үкіметі Жапонияға 12әскери кемеден тұратын эскадрды бағыттауға шешім қабылдады. 1853ж шілде айында ол Здодан(Токио) жақын жердегі Урага шығанағына кірді. Шетелдік кемелерге кіруге рұқсат етілген Нагасакиге кетіп қалу жайлы Жапонияның табанды талаптарына эскадр жетекшісі М.Перри қабыл алмады. Сегунның жетекшілеріне президент М.Филмордың жеке жолдауын жеткізіп және қайтып келуге уәде беріп , Перри шығанақтың жағалауынан эскадрды өткізіп, Қытайға кетіп қалады.
Американдықтардың талаптарына бакуфу үкіметі абыржып қалды. Ол жоғары тұрған шенеуніктердің ойын сұрауға шешім қабылдады және барлық дайме мен императордан кеңес сұрап теңдессіз қадамға барды. Бұл өкіметтің елді жауапкершілікпен басқаруға мүмкіндігі нақтығы жайлы куәлік етеді және самурайдың түрлі табанының саяси белсенділігін арттыруға және «жабайыларды қуып жіберу» (дзей) концепцияның жолын ұстаушылар мен елдің «ашылуының» жақтасы арасында талқылауға түрткі болды. Қайткенмен де, сол және өзгелер Жапонияның АҚШ әскери күшіне төтеп беруге дайындығы жоқтығын мойындады. Нәтижесінде, американдық талаптар қабылданды.
1854ж ақпанның соңында Перри эскдрасы Канагава (Эдоға жақын жердегі) орнына келді. Ол жақта Перри жапондықтарға тыныштық пен достық жайлы жапон американ келісімдеріне қол қоюға мәжбүрледі, яғни Ансэй келісімдері (ансэй жылдары бойынша -1854-1859ж). Оның негізгі мазмұны келесіге жақындады. Американ кемелерінің кіруі үшін және қажеттіліктердің бәрін қамтамасыз ету үшін Симода және Хакодатэ порттары ашылды. Кеме апатына ұшырағандар үшін жүгіну жайлы тәртіп енгізілді; американдықтар сауда жүргізуге құқық алды;жапон монетасымен бірге кез келген шетелдік монеталардың айналымы рұқсат етілді; АҚШ жақсы ұлттардың статусын алды.
Канагавтық келісім басқа елдермен келісім жүргізу үшін үлгі болды.1854ж қазан айында жапон британдық, ал1855ж қаңтар айында жапон-орыс келісіміне қол қойылды(«Симодтық трактат»атына ие болды). Келесі аталмыш келісімдердің топтамасын Голландия (1856ж қаңтар), Франция (1858ж қазан) және келесі мемлекеттердің тобы жалғастырды.