Мейдзи кезеңі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:04, курсовая работа

Описание

Жапонияда,1867-1868 ж болған оқиғалар, оның анализі мен орны елдің дамуында маңыздылардың бірі, тіпті актуалдылық мен маңыздылығы біздің уақытта да сақталған жапон тарихи ғылымында талқыланатын тақырыптың бірі болды. Ол үшін тиімді, нақты түсінікте қызығушылық білдірген жаңа өкіметтің қамқорлығында жұмыс жасаған тарихшылардың дворяндық сопылық мектебі Мэйдзидің оқиғаларының тарихын зерттеу ертеректе басталды.

Содержание

1. 1867-1868 жж. Революцияның алғы шарттары мен қозғаушы күштері.
2. АҚШ, Англия және Францияның Жапонияның ішкі істеріне араласуы.
3. Тең емес құқықтық келісімдер.
4. Шет елдіктердің Жапонияны «ашуы» және елдегі әлеуметтік-саяси шиеленістердің күшейуі.
5. Бұқара халықтың жағдайының нашарлауы.
6. Шет елдіктерге қарсы қозғалыстар.
7. Самурайлардың бір бөлігі мен буржуазияның Токугаваға қарсы блокқа бірігуі.
8. Азаматтық соғыс және сегунаттың жойылуы.
9. Мэйдзи реформалары тұсындағы әлеуметтік наразылықтың ұлғаюы: шаруалар көтерілісі, самурайлық оппозиция және либералдық оппозиция қозғалыстың басталуы.
10. Жаңа үкімет және буржуазиялық қайта құру.
11. Ауыл шаруашылық саласындағы реформалар.
12. Мэйдзи исин туралы қазіргі кездегі тарихнама.

Работа состоит из  1 файл

Мэйдзи қалпына келтірудің тарихи мәні.doc

— 124.00 Кб (Скачать документ)

Ауыл шаруашылық саласындағы реформалар.

1871- 1873 жылдары жүргізілген аграрлық жаңартулар капитализмнің дамуында маңызды болды. олардың ішіндегі ең маңыздылары болып, шаруалардың феодалды тәуелділігін алып тастау, жерге деген феодалдық жеке меншікті ликвидациялау, жерді сату- сатып алу жүйесін енгізу, өңделетін мәдениетке еркін таңдау, жер салығы реформасы саналады. Осындай іс‑ шараларды өткізу, жерге жеке меншікті құруға, сол уақытта елде материалды құндылықтарды құру негізгі қайнар‑ көзі болып саналатын ауыл шаруашылық өнімдерін дамытуға алып келді.

Аграрлық жаңартулар орталығында феодалдық жер рентасының орнына жер салығын енгізу тұрды. Сол үшін алдын ала жер иелерінің тобы анықталды. Осы мақсатпен 1872 ж ақпанда оларға сәйкес куәліктер (тикэн) берілді, оны өзін жер иесі екенің дәлелдей алған барлығы алды.

Бірінші кезекте жерге жеке меншікті өзінің жер бөліктері барлар  және сегунат феодалдары мен шенеуніктеріне жер рентасы немесе басқа салықтарды төлеп отыратын шаруалар алды. Сол арқылы капитализ дамуының негізгі талаптарының бірі – шаруалар экспропрациясының негізі қаланды. Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, жерге жеке меншікті енгізу және шаруалардың негізгі бөлігі өздерінің аз айлығына тоймаған кездегі жерді сату‑сатып алу еркіндігі, шаруалар жерлерінің помещиктер қолына өту процесін жылдамдатты.

Алдында жері болған, арендаторлар мен жері жоқ шаруалар , бірақ сол уақытта кепілдікке бермегендер, тикэн алмады.  Олардың жерлері помещиктерге, ауқатты шаруаларға немесе өсімқолларға өтті.

Көрсетілген іс‑шаралар нәтижесінде помещиктер қолында барлық өңделетін жердің 1\3ке дейінгі бөлігі болды. бұл категория көп деңгейде жерге жеке меншікке заңды, дайындаулы құқық алып және оны жалға беру құқығын сақтап реформалардан жеңді. Токугава кезеңінде жерді алып, 1643 жылы заңмен рұқсат етілмегеніне қарамастан,бұл топқа сауда‑ өсімқор капиталының өкілдері бірікті. Олардың бір бөлігі ауылда өмір сүріп, жерді өңдеуде жұмыс күшін жалдады, басқалары, қалаларда қалып, жерді жалға беріп отырды. Жерді бөлумен айналысатын төменгі ранг самурайлары да тикэн алды.

Реформа кезінде жерлер жеке жіне мемлекеттік болып бөлінді. Ертеде тәжірибеленген шабындықтардың, ормандардың, жайылымдардың, жалпы қолданылысы княздықтан тыс, күшін жоғалтты. Бұл пайдаланылатын жерлерді помещиктер мен мемлекеттік шенеуніктер жаулап алды. Енді шаруалар жапырақтарды және шырпыларды жинауға, ағаш көмірін өртеуге, мал жайылымына төлеуге тиіс болды. өкімет жерлерді, оларды астып ала алатындарға сатып отырды. Нәтижесінде, ауылдағы үлкен күшке, ірі, және орта жер иелері ие болды.

1873 ж.әр түрлі  феодалдық борыштылық формалары орталық өкіметке төленіп отыратын бірыңғай салықпен алмастырылды. Тикэн алған жер иелері осындай салыққа салынды. Олардың жерлері жер кадастрына енгізілді. Делдал емес өндірушілер және жерді жалға беретіндер төледі. Арендаторлар мемлекеттік жер салығына салынбады. Олар шектеулі емес заң бойынша табиғи аренда төлемін жер иелеріне енгізді, сонымен қатар жергілікті салықтар төледі.

Өкімет жер кадастрының оның қасиетіне сәйкес анықтаған салық жинағының көлемі жер бағасынан 3%- ға есептелді және сол жылдағы өнімге қатысты болмады. Заңда былай айтылды:

«Реформа жүргізілуінің соңына қарай, жер салығы жер бағасына сәйкестендірілмейді және өнімді немесе өнімсіз жылдарға сай төмендетіліп немесе өсірілмейді».

Сонымен қатар жер иелері жер құнының 1%-ы мөлшерінде жергілікті салық төлеп отырды. Екі салықта ақшалай түрде алынды. Соммада, бұл шаруаның жалпы пайдасының жартысынан азын құрамады, бірақ бүрынғы уақыттармен салыстырғанда әр түрлі қосымша салықтар болмады, сол уақытта салым мөлшері шаруалардың өнімдерінің 70%- ын құраған еді. 1875- 1892 жж.аралығында жер салығы сомасы, жалпы салықтың 85%- на дейін құрады. Бұл жүргізілген аграрлық реформаның көзге көрінетін, экономикалық нәтижесі болды.

Шаруашылықты нарықтық жағдайларға қойып, жерді игеру және жерді пайдаланудың жаңа жүйесі жаңа проблемаларды тудырды. Жер туралы заң, негізінен, ірі және орта жер иелеріне, әсіресе, мінезімен арендалық төлемді алып отыратындарға тиімді болды. күріш қорының болуына байланысты, олар оны көктемде, баға көтерілген уақытта нарыққа тастады. Кіші ие, күрішті, нарық конъюктурасына қарамастан, өнім жиналғаннан кейін, сатуға тиіс болды. Жиі емес ол ақшалай көмек үшін помещикке немесе өсімқорға жүгініп, алған жерін жоғалтып отырды. Бұрынғы  жеке меншік иелері арендаторларға айналды.

Шаруалардың көп бөлігі жаңа аграрлық жаңартуларға риза  болмады, өйткені оларға өте қатал талаптар қойылған болатын. Мысалы, бұрын өнімсіздік уақытында шаруалардан ренталық төлемдер азайтылса, ал қазір ақша салығы өзгертусіз қалды. Сонымен бірге, айтылып кеткендей, ортақ жерлерді пайдалану құқығы жоғалды. Шаруалар ауылшаруашылық және өнеркәсіпті тауарлардың « қайшы құнынан» зардап шекті. Ипотекалық қарыз өсті. Мұның бәрі, сөзсіз, шаруалардың ашуын тудырып, массалық бас көтерулерге шығуына итермеледі. әсіресе 1876 жылы күріштің бағасының бірден түскен уақытта олар ушыға түсті. Нәтижесінде, 1877 жылы өкімет жер салығын 2,5%- ға дейін төмендетуге мәжбүр болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.                  Конституция  Японии 1947 г. //Хрестоматия  по внешней  истории,  том      ІІІ  М:издательство социально-эканомической  литературы  1960, с 689-709

2.                  Макаров А.А.  Политическая  власть в Японии.  М: Наука,  1988г.

3.                  Жуков А.Е. История Японии.Т. II.1868-1998.М.,Институт Востоковедения РАН. - 703 с.

4.                  Кузнецов Ю.Д.,Навлицкая Г.Б.,Сырицын И.М. История Японии:Учеб. для студ. Вузов,обучающихся  по спец. «История»  - М.:Высш.шк.,1988-152 с.

5.                  Мартин Кристофер,  "Русско-Японская война 1904-1905" Москва, Центрполиграф, 2003 - 220 с.

6.                  Оскар Ратти,Адель Уэстбрук, «Самураи (Secrets of the Samurai)»ЭКСМО,2003-640с.

7.                  Хироаки Сато , «Самураи. История и легенды». Санкт-Петербург, ЕВРАЗИЯ, мягкий переплёт, 2003 г. - 344 с.

8.                  В.М. Мендрин "История сёгуната в Японии (Нихон гайси)".М.; СПб.: Рос. гос. б-ка: Летний сад, 1999. -- 480 с. (Восточная коллекция).

9.                  МЭЙДЗИ ИСИН — (япон. обновление реставрация Мэйдзи), революция 1867 68 в Японии. Свергла власть сегунов из дома Токугава и восстановила власть императоров. К власти пришло правительство во главе с Муцухито, вставшее на путь проведения социально экономических… …   Большой Энциклопедический словарь

10.             Япония. Награды и политика, О. Н. Розанов

11.             Новая японская поэзия, А. А. Долин

12.             Стратегия большого города. Прагматический плюрализм в Чикаго "позолоченного века", Москве серебряного века и Осаке эпохи Мэйдзи, Блэр А. Рубл

Орындаған: Абишева Гульмира Жуматовна МО11k



Информация о работе Мейдзи кезеңі