Сақтардың тұрмысы мен қоғамдық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 15:59, реферат

Описание

Б.з.б.1мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрді- сінің жедел жүруімен сипатталады.

Работа состоит из  1 файл

Сақтардың тұрмысы мәдениеті және қоғамдық құрылысы.doc

— 123.50 Кб (Скачать документ)


Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.

Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты.

Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның  Пәкстанның ,Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі С. б. з. б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Б.з.б.1мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрді-

сінің жедел жүруімен сипатталады.

Қазақстан жерінде бұл ұзаққа созылған үрдістің басталуы сақ зама-

нының алдындағы қола дәуіріне ұштасып жатады.Сол кездің өзіңде ақ, алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлісінен, мыс пен қола металлур-

гиясының тууы мен дамуынан кейін алғашында үлкен патриархат-

тық, ал одан кейін шағын және моногамиялы отбасылар оқшаулана

бастады.

Археологиялық деректер жеке адамдық, ал кейін барып отбасылық

меншіктің шыққаның айқын көрсетеді.Мұндай арнаулы әлеуметтік институт таңбалардан- б.з.б.2 мыңжылдықтың аяғында және 1 мың-

жылдықтың басында қыш ыдыстар мен кейбір қола заттарға салынған жеке меншік белгілерінен көрінеді.Алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы сақ заманында, б.з.б.1 мыңжылдықтың алғашқы жартысында одан әрі жалғаса берді.

Сақ қоғамының экономикасындағы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығана көшуден, металлургия өндірісінің өсуінен туған прогрестік өзгерістер қосымша өнімнің шапшаң өсуіне, айырбастың дамуына, жеке меншіктің қорлануына және қатардағы қауым мүшесін қанау элементтерінің шығуына әкеп соқты.Өндірістің негізгі құрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін бөлу жөнінде бір кезде болған алғашқы теңдіктің орнына археоло-

гиялық деректемелер бойынша айқын аңғарылатын мүлік теңсіздігі келіп шықты.Жерге қауымдық меншіктің сақталуы тұсында малға отбасылық жеке меншік пайда болды.

Бір кезде әмбебап әлеуметтік ұя болған, өзіндегі өндірістік қатынас тар қандас-туысқандық байланыстармен сәйкес келіп барынша тығыз астасқан ру туыстық жағынан емес, аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылған қауымға біртіндеп орын бере бастады. Тарихи үрдіс алғашында қоғамдық құрылыстың рулық байланыс-

тарға тікелей тәуелділігінің әлсіреуіне, ал түптеп келгенде қауым-

дардың рулық текке қарамастан, экономикалық және аумақтық мүдделер негізінде құрылуына алып келді.Көршілестік қауым жерді меншктенуші болған суырмалы егіншілік елдерінің көпшілігінде осылай болды.Мұндай рулық байланыстар көршілестік қауымдардың өндірістік мүдделерімен қайшылыққы ертерек түсті.Шаруашылығының негізгі түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған қоғамдарда ескі рулық тәртіптер жаңа қоғамдық құрылымдарда ұзақ уақыт сақтал-

ды, бірақ енді көшпелі қауымның өндірістік негізгі ретінде емес, экономикалық теңсіздік пен қанаудың шын мәнәндегі қатынаста-

рын бүркемелеген рулық байланыстар түрінде сақталды.

Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау заманын әскери демокра-

тия кезеңі немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Соңғы аңықтама қазіргі уақытта барған сайын жиі қолданылады, өйткені ол заманның әлеуметтік-экономикалық сипатын неғұрлым дәл береді.Бірақ көршілестік қауымның түрлері бірдей болмады, сондықтан мұндай анықтаманы әмбебап анықтама деп атауға болмаиды.Екі ұғымның да- әскери демократия мен алғашқы көршілестік қауым ұғымдарының бір-бірін жоққа шығармаитынын атап өткен жөн.Олар тек алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау заманындағы қоғамдық құрылымының әр түрлі жақтарына баса назар аударады.Патриархаттық пайда болуы- оның бастапқы кезеңі, ал соңғы шебі таптық құрылысқа көшу болды.

Сақ заманы қоғамдық құрылысының құрылымын схемалық тұрғадан былайша елестетуге болады:шағын туыс  отбасылар тобы- көшпелі қауым-тайпа-тайпалар одағы.Бұл құрылымының патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық  рулық әулеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі нәтижесңнде құрылды. Ол бөлінген әулет басшысының есімімен аталды.Көшпелі жайылымдық қауым патрономиялар жиынтығынан құрылды. Оның негізіне өндірістік, аумақтық  белгі алынды, бірақ көшпелі және жартылай көшпелі қауымдарға тән белгі рулық институттардың консерватизмінде және отбасылардың бірігу  принциптеріне олардың ықпалының күштілігінде болды.

Тайпа қоғамдық құрылыстың маңызды сатысына айналды.тайпаға тән ең басты этникалық және саяси сипаттардың қатарында оның өз жерінің, атының және осы тайпаға тән диалектінің болуы, діни ұғымдарының және діни ғұрыптарының ортақтығын, ортақ істерді талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы көсем мен әскери басшысының болуы тән болды.Бұл енді әскери демократиялық құрылыс ие болңан қоғамдық билік пен басқарудың ұйымдастыры-

лу түріне айналды.Тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыдырау заманының әлеуметтік ортақтығының жаңа және жоғарғы үлгісі болады.

Ертедегі темір дәуірінде Қазақстан аумағында оның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағына, ал оның батыс және ішінара солтүстік аудандарын мекендеген тайпалар савромат тайпалар бірлестігіне кірген.Б.з.б.1 мыңжылдықтың орта шеніндегі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының алғашқы сатысы болды.Сайланып қойылатын көсемдердің қолына азаматтық және олардың басшылы-

ғымен әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды.

Қазақстан аумағындағы тайпаларда таптық қоғам мен мемлекет құрылының тарихи үрдісі баяу жүріп, бірнеше жүздеген жылдарға созылды, ал таптардың құрылу  қарқынына тұрақты деуге келмейтін  мал шаруашылығы жағдайларында қосымша өнімнің алғашқы қорлануының ерекшілігі шешуші ықпал жасады деген пікір бар.Алайда археологиялық материалдар бұл онша дұрыс емес және проблеманы шешуде Қазақстанның әрбір аймағын саралап қарау қажет деп топшылауға негіз береді.

Қазақстанның оңтүстігі өзінің табиғи климаттық жағдайларының ерекшеліктері мен Орталық және Орта Азия мемлекеттерімен сан ғасырлық саяси, экономикалық, мәдени байланыстардың аңықтаған географиялық жағдайы арқасында әлеуметтік экономикалық тұрғыдан алғанда өзгеше, үдемелі қарқынмен дамыды және қоғамдық құрылыстың неғұрлым жоғары сатысында тұрды.Мұны археологиялық, әсіресе  Жетісудағы деректемелер растайды.Бұл тұрғыдан алғанда Бесшатыр қорымы мәдени және ежелгі сәулет өнерінің ескерткіші ретінде ғана емес, сонымен қатар мүлік теңсіздігінің ескерткіші ретінде де ғылыми назар аудартады.Жетісу атырабында «патша обалары» деп аталатындардың көп болуы бұл жерде мал өсіруші сақтар арасында мүлік теңсіздігінің айқын аңықталғанын көрсетеді.

Бұл орайда мұндай ескерткіштер қоғамның әрбір мүшесінің моласы үстіне тұрғызыла бермейді, олар адамдардың шғын тобының еншісіне айналған деген қорытынды дәлелдеуді керек етпейтін  негізгі пікір бола алады.Мыңдаған шағын үйінділермен салыстыр-

ғанда үлкен обалар санының аз болуы қоғамның екі топқа: артықшылығы бар азшылық пен кедей қөпшілікке бөлінгенің даусыз дәлелдейді.Ал, әлеуметтік теңсіздік негізі б.з.б.2 мыңжылдықтың екінші жартысының аяғында сонау соңғы қола дәуінде ақ қаланған еді.Жерлеу ғұрпының сән салтанаттылығына қарағанда қоғамдық аз топтың негізгі халық бұқарасымен салыстырғанда едәуір артықшылықтары болған.Бұл артықшылық-

тар қоғамдығы азшылықтың үстемдігі мен байлығы бола алатые еді.Ал қоғамның жіктелуі яғни байлар мен кедейлерге бөлінуі- мүлік жағынан әлеуметтік теңсіздіктің дәлелә, таптардың құрылуына бастайтын жолдағы алғашқы қадам.

Б.з.б.5-9ғасырлардың өзіңде-ақ жетісулық малшы сақтар қоғамдық прогрестің неғұрлым жоғары сатысында тұрды.Мұнда оған экономикалық алғышарттар болған еді.

Ежелгі Қазақстанның бүкіл аумағындағы сияқты, Жетісуда да б.з.б 8-7 ғасырларда шаруашылықтың прогресшіл жаңа түрлеріне: темірді игеруге және көшпелі мал шаруашылығына көшу аяқталды. Бұл экономикалық факторлар қоғам мен оның мәдениетінің одан әрі жедел дамуына себеп болды.

Шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығы да материалдық игіліктер өндіру үшін мол мүмкіндіктер берді. Көшпелі мал шаруашылығына өз дамуының алғашқы кезеніңде шаруашылықтың прогресшіл түрі болған еді.Малдың тез көбейе-

тіндігі және біреуден біреудің тартып алынуының онша қиынға түспеитіндігі мал өсіретін кейбір рулардың отбасылар мен адамда-

рдың біршама байып, басқаларының кедейленуіне себепші болды. Бұл тұжырымды сақ тарихының соңғы кезенінде жататын тарихи фактілер дәлелдеп бере алады.Б.з.б.3-2 ғасырлардығы сақ усун этникалық мәдени қауым арасында ежелгі әулеттік хроника-

ларда хабарланғандай, сол кезде ақ төрт бес мыңдаған жылқысы бар шонжарлар болған.Хроникаларда Цылими атты усун билеуші-

сінің ұлан байтақ жер иеліктері болғаны, мұның өзі мыңдаған малдың бір қолға жинақталуына алып келгені айтылады.

Усундердегі жеке меншіктің бұл түрі сонау сақтар заманында қалыптасқан деп топшылауға болады, дегенмен, олардағы мүліктік және әлеуметтік теңсіздік туралы жазбаша деректемелер толық емес. Сондықтан археологиялық деректерден алынған социология-

лық ақпарат түсіндірушілік сипатта болып отыр.

Азия скиф-сақтарының жерлеу ғұрпы туралы, ханша Заринаның мәйіті үстіне үш қырлы алып пирамида салынғаны туралы Ктесийдің жалғыз және аз ғана мәліметтерін қоғамның жоғарғы билеушілерінің- патшалардың есімдерін іргелі табынушылық ескерткіштер салу арқылы мәңгі есте қалдыру жөніндегі тұрақты этникалық мәдени дәстүр деп түсіндіруге болады.

Мұндай дәстүрдің болғаны археологиялық тұрғыдан дәлелденіп отыр.Б.з.б.7-5ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия далалық кеңіс-

тік терінде- Бесшатыр, Есік және Шілікті сияқты тас пен топырақ-

тан үйілген алып обалар, ал егінші малшы сақтар аймағында сәуле-

тік шешімі бойынша күрделі шикі кірпіштен салынған Түгіскен кесенесі пайда болады.Қазба жұмыстары олардың сақ қоғамының жоғары дәрежелі адамдарының белгілі бір әлеуметтік дәрежеге жатынуына сай белгіленген.

Сақ обаларын осылайша түсіндіріп бағалаудың дұрыстығына олардың біреулерін қазған кезде лақыттардан көп материалдық қазыналардың табылуы, Есік обасында болғанындай, киім-кишек пен қарудың байлығы басқаларында ондайлардың болмауы дәлелдейді.

Патшалық обаларды тұрғызуға пайдаланылған құрылыс материал-

дарының-топырақтың, қиыршық тастың, тас пен ағаштың және жұмсалған адам еңбегінің ауқымы да, маңызды дәлел болып табылады.Мәселен, ең үлкен Бесшатыр обасы үйндісінің көлемі 80 мың текше метрден астам, оны салуға 60 мыңдай адам күн қажет болды.Осындай шектегі далалық өлшеу жұмыстары оба үйнділері ауқымының әр қилылығын көрсетеді:

    үлкендері: диаметрі 104-48, биіктігі 20-7 м;

    орташалары: диаметрі 45-30, биіктігі 6-2 м;

    кішілері: диамерті 18-6, биіктігі 1-0,5 м.

Оларды салуға жұмсалған орасан зор адам күн шығыны әсер қалдырарлықтай:

    Үлкендері- 60-65 мыңнан 20-30 мыңға дейін;

    Орташалары- 1700-2000-нан 300-400-ге дейін;

    Кішілері- 0,2-0,9-дан 4,7-4,8-ге дейін.

Сонымен ең үлкен патшалық обалардың кұрылысына ең үлкен қат-ардағы обаларды тұрғызғандағыдан гөрі он мың еседен астам адам күн жұмсалған.Үйінділер ауқымының әр қилылығы мен оларды салуға жұмсалған еңбек мөлшері сақ қоғамында әлеуметтік иерар-

хия дамығандығының салдары болып табылады.

Есік обасы дәлелденіп отырған тезисті растайтын қосымша маңызды мағлұматтар береді.Есіктегі жерлеуге жұмсалған түрлі бұйымдар- қоғамның жоғары дәрежелі тұлғасының байлығы мен билігінің өлшемі.Лауазымды адамдарды сақтардың өздері қалай атағаны белгісіз, бірақ Бесшатыр мен Есік обаларында жерленген-

дерді патшалар деп атауға болады.Бұл орайда қателік лауазымды атақтың айтылуында болуы мүмкін, ал оның мазмұны мен мәні толық сай келеді.

Антик авторларының Азия скифтері қоғамының әлеуметтік жіктелуі туралы мәліметтерін жинақтау- әлеуметтік атақтардың қалай айтылғанын түсіндірудің бірден-бір мүмкіндігі.Сақтардың иерархиялық атақтары-қоғамның жіктелуінің тереңдей түскенін айқын көрсетеді.Иерархиялық сатының биік тұғырында- патша мен ханша, шонжарлар мен «ақ сүйек» адамдар, салт атты жауынгерлер, төменгі сатысында тәуелді адамдар, құлдар, қызметшілер, жаяу жауынгерлер орналасқан.

Жинақталған ақпарат мынадай қорытындыны негіздейді: сақтар өздерінің өлген патшаларына алтын киімін киіндіріп, кең лақытқа қойған, ал олардың үстіне зәулім архитектуралық ескерткіш- алып оба тұрғызған.

Қоғамның басқа мүшелерін жерлеу ғұрпы иерархиялық басқыш сатыларының төмендеуіне қарай оңайлатылып отырған.

Ғұрыптың әлеуметтік жағдайға қарай саралануына ата баба аруақтарына әсіресе патшаларға күн бейнелі күшті қамқоршыларға табыну үлкен рөл атқарды.Патшаның жеке басы дәріптеліп, ол иерархиялық сатының ең биік тұғырында тқрған күн бейнелі құдай дәрежесінде көрсетілген.Күнкөсемнің мұрагерлері жерлеу ғұрпының рәсімдерін сақ патшалары әулетінің бұлжымастығын идеологиялық жағынан негіздеу мақсатымен бұқараға діни ықпал жасау ретінде пайдаланған.Есік сағының алтын киімінен бір ғана қызықтыра таңдандыру мәні анғарылып қоймайды, қайта оның әлеуметтік салмағы көбірек болғаны, саяси насихат мақсатын көздегені күмәнсіз.Жарқыраған киім патшаның тұлғасының  асқақтатып, оны күн бейнелі құдай дәрежесіне көтерген.Бас киіміндегі зооморфтық бейнелердің діни идеологиялық мазмұны осы қорытындыны растайды.Есік жауынгері бас киімінің маңдай жағындағы қанатты және мүйізді пырақ бейнесіне күрделі символика негіз етіліп, сақтардың діни дүниетанымының қағидалары бейнеленген.

Информация о работе Сақтардың тұрмысы мен қоғамдық құрылысы