Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 15:59, реферат
Б.з.б.1мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрді- сінің жедел жүруімен сипатталады.
Соғыс және аңшылық күймелері әрқашанда екі доңғалақты және доіңалақтар құрылысының мейлінше әр түрлі болуымен ерекше-
ленген.Олардың ең ертедегілері андронов кезеңінің арбаларына орнатылған тұтас доңғалақтардың орнын басқан төрт шабақты доңғалақтар болды.
Қазақстанның оңтүстік аудандары мен Жетісудың жартастағы суреттерінде ұшырасқан күймелер мен жүк арбалардың көптеген сұлбалары соңғы андроновтық тайпалар мен сақ тайпаларында осындай көлік түрлерінің тарағаның көрсетеді.Солтүстік Қаратаудан жартастарынан жеңіл күймеге жегілген қос аттың ілуде бір ұшырасатын суреті және осындай арбамен жүріп аң аулаудың сирек кездесетін көрнісі табылды.Соғыс күймелеріне көбіне ат жегілген.Алдыңғы Азиядан, Кавказдан, Шығыс Европадан және басқа да аудандардан осындай ондаған суреттер табылды.Ат жегілетін күймелер туралы көптеген деректер ежелгі иран және ежелгі үнді текстерінде- Авеста, Ригведада, Махабхаратада бар, олардың Қазақстан жерінен де көп табылғаны мәлім.Сонымен бірге одан түйе жегілетін соғыс күймелері табылды.
Ежелгі сақ заманының жүк және соғыс арбаларына тән ерекшелік- көлік жегудің тертелі деп аталатын қарапайым әдісі болды: қос ат немесе түйе айыр тертеге жегілді, не тертенің ұшына бекітілген мойынтұрықтың екі жағына салынған қарапайым қамытқа жегілетін болды.Мұндай әдіс жартастардағы суреттерде жақсы көрсетілген.Тертелі, құрылысы күрделі әсем арбаның тамаша үлгісі Пазырық-5 обасынан мәлім.Б.з.б.4-5 ғасырларда тертелі құрылымдарды неғұрлым қолайлы әрі төзімді жетекті құрылымдар ығыстырып шығарды,Әмудария көмбесінен табылған күйменің алтын көшірмесінен-ақ көлік жегудің осы жаңа тәсілі аңғарылады.
Шаруашылықтың жетекші түрлері- мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа бірқатар сақ тайпаларында қосалқы кәсіп ретінде аңшылықпен балық аулау кәсіптері де қоса жүрді. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпаларда аңды салт атпен қаумалап аулау, иттердің көмегімен қуып аулау болғандығын көрсетті.Таутеке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ ауланған.
Балық аулау Ертіс жағалауында жіне Страбон «батпақты, аралды ел» деп атаған Сырдария атырауында тарады.Қуаңдария мен Жаңадарияның көне арналары бойындағы қоныс жұрттарынан балық аулайтын көптеген құралдар табылды.
Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды.Еңбек құралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жасауға керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде өндіріп, өңдеді.Өнерлі шеберлер өз қауымы мүше-
лерінің қажет заттарын жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруа-
шылық өнімдерін алды.Қауым ішіндегі айырбасқа қоса руаралық және тайпааралық айырбас та кеңінен тарады.Кен-руда шикізаты, бірқатар шаруашылық бұйымдары, әшекейлер кейде шалғай жерлерден тасып әкелінді.Бірақ неғұрлым кейінгі уақыттағы қол-
өнер өндірісінен айырмашылығы- сақ қолөнері түрлерінің дамыма-
ғандығымен және мал шаруашылығына тығыз байланыстығымен ерекшеленеді, үй кәсібі де жақын болып, бөлініп кетте қойған жоқ.
Б.з.б.1 мыңжылдықтың басы бұрыңғы КСРОаумағының оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген тайпалар мен халықтар үшін адамға темір қызмет көрсете бастаған заман болды.
Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумағының ертедегі халықтары өздерінің батыстағы көршілері- скиф сармат тайпаларына қарағанда темір мен неғұрлым кейінірек танысты деп топшылана-
тын еді.Мәселен, Геродот массагеттер тайпаларын суреттей келіп, »темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында мүлде жоқ, өйткені бұл елде ол метеллдарды атымен кездестірмейсің.Мұның есесіне онда алтын мен мыс мол» деп тура айтады.Алайда зерттеудің көрсеткеніндей мұндай пікір тым асырып айтылған пікір болып шықты.Б.з.б.1 мыңжылдықтын басында Қазақстан аумағының ертедегі тайпалары қызыл және қоныр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез балқитын кен түрлерімен таныс болған.Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс жұртын қазу кезінде Тоғай-1 кенішінен табылған жақсы сұрыптал-
ған темір кенінің үйіндісіне қарап білуге болады.
Сақ заманында кен ісі мен руда шикізатын алғашқы өңдеу техника-
сы андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі.Сақ тайпа-
лары әсіресе қола құю ісі мен басқа металдарды өңдеу техникасын-
да елеулі табыстарға жетті.
Өндірістік және шаруашылық тұрмыстық мақсаттарға арнап алуан түрлі бұйымдар жасалды.Құйма қалыптар ретінде қыш, металл, кейде тас пайдаланылды.Жебенің құйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі немесе үш ұялы жармалардан тұратын қарапа-
йым құйма қалыптарды қолданды, сақ металлургтері металл бұйы-
мдарын жасаудың «жойылатын үлгі» тәсілімен құю сияқты күрделі әдістерінде білген.Оның мәні балауыздан немесе тоң майдан үлгі жасап алып, оның сыртын балшықпен қаптау болатын.Балшық кепкеннен кейін қалып тұтас қыздырылып, еріп кеткен балауыздың немесе майдың орнына металл құйылады.Нақ осындай тәсілмен ірі бұйымдар үлкен мыс қазандар, құрбан шалатын үлкен үстелдер, үлкен қоңыраулар құйылды.Құйма қалыптарда олардың салмақты жармаларын бөлетін тіректер ретінде құбырлар деп аталатын арнайы істелген кішкентай цилиндлер қолданылды.Жануарлардың қуыс мүсіндерін жасау үшін мәнерлі біліктер мен құйма жалғама-
лар пайдаланылды.Құйып жасалған заттардың көбі кейін қырналып тегістелді, қажет жерлері бұрғымен тесілді.
Қалайымен аптау техникасын меңгеру ертедегі құюшылардың елеулі жетістігі болды.Қалайымен апталған бұйымдар онша таттан-
байды әрі көпке шыдайды.
Сақ металы арасында қола және мыс қазандар, құрбан шалғыштар мен шырағдандар жиынтығы ерекшк көп орын алады, олар Жетісу сақтарының өнері мен көркем құймаларының жалпы жұрт таныған ескерткішіне айналды.Металл өндеудің жоғары деңгейі мен көркем құйма өнері сақ заманы қола индустриясы гүлденген кезең болғанын дәлелдейді.Шаруашылықтың жаңа түрлері мәдениеттің біршама биік деңгейге жетіп дамуы, тұрмыстың қиындауы келе келе еңбек құралдарының , қару мен тұрмыс және табыну заттары-
ның алуан түрлі болуын талап етті.Алайда қола дәуірінің шой шұйделі балталары, пальстав сияқты шоттары, қырлы және ұшты қашаулары, жетісулық үлгідегі деп аталатын орақтары сияқты қола бұйымдарының ең мінсіз түрлері сақталып қалды.
Ертедегі құймашылар ат тұрманын, қару-жарақ пен тұрмыстық керек жарақтар жасауға ерекше назар аударды.Көне сақ заманы-
ның жүгендері ебедейсіз әрі күрделі болатын.Оның қола ауыздық-
тары екі ұшы кішкентай үзенгі тәріздес етіліп жасалды.Үзенгі тәріздес ауыздықтар жүген жақтауларына айшықтармен жалғасты-
рылды үш тесігі немесе ілгегі бар бұл айшықтар қоладан, сүйектен, мүйізден жасалды.
Б.з.б.5ғасырдан бастап жүгендер барынша ыңғайлы етіліп жасалатын болды ауыздықтардың ұштары шығыршықталып, екі тесікті айшықтар шықты, тұтас алғанда жүгеннің құрылысы біршама қарапайым бола түсті.Осы уақыттан бастап ауыздық темірден жасалатын болды.Ат әбзелдерінің басқа да көптеген керек жарақтары айылдың құйма тоғалары, қанылтыр қаптырмалар, тарпалардың айқасқан жерлеріне арналған алуан түрлі өткермелер де мәлім.
Сақтардың қару жарағы жебелі шағын садақтардан, парсылар ақинақ деп атаған, шабуға да, түйреуге де ыңғайлы қанжарлардан, ұзын семсерлерден, сүйменшелер найзалардан және бітімі әр түрлі жауынгерлік балталардан тұрды.Сақ жауынгерінің сауыт сайманы қоладан істелген дулығадан, шағын қалқаннан және жебе салынған қорамсақ ілінген белдіктен тұрды.Жебелердің ұшы әр түрлі қола- дан жасалған неғұрлым ертедегі ұңғылы және қысқа сапты түрлері болды.Ұңғылы түрлері сүйір жапырақ тәрізді немесе біржағы сүйір ромб тәрізді болды.Жебелердің сапты ұштарының қанды басы үш қырлы етіліп жасалды.
Б.з.б.5 ғасырдан бастап Қазақстан аумаңында, сірә, скифтерден ауысқан болса керек, қанды басы үш қырлы, ұңғылы жебелер тараған.Жебелердің ұштары көптеп жасауға неғұрлым ыңғайлы болу үшін біркелкі түрде келеді де, бұрыңғы үлгілер біртіндеп қала бастайды.Темірден жасалған жебелер шыға бастайды, бұлардың бастапқылары үш қырлы сапты қола ұштардың бітіміне ұқсас болды.Біздіңі заманымыздың 2 3 ғасырларында темір жебе ұштары барлық жерде тарала бастайды.
Б.з.б 7-9 ғасырларда соғыс қанжарлары қоладан құйылды.Алғашқы ақинақтардың ерекше белгісі санырауқұлақ тәрізді қалқапша немесе шомбал кесек бәйегі, көлденен келген сопақша қалағымен немесе қол тірейтін қырымен қоса құйылған сабы болды.Кейбір ақинақтар мәселен Нұрманбет 4 қорымынан табылған ақинақ өте шебер жасалған.Неғұрлым кейінгі кезендегі қанжарлардың тұтқыры б.з.б. 6 ғасырдың аяғынан бастап ұштары төмен немесе жоғары қараған айшық түрінде болды.Тұтқырлар көбінесе ғажайып жыртқыш құс самұрұқтың бас бейнесімен безендірілді немесе сақиналанып тұйықталды.Мұндай қанжарлардың бәйектері бітімі жағынан көбелектің қанатына ұқсас болды немесе қарапайым қалақша тәріздіс жасалды.Патша қабірлерінен табылған семсерлер мен қанжарлар алтынмен апталған.Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында ақ темірден не қола аралас темірден жасалған қанжарлар кездеседі.