Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 15:59, реферат
Б.з.б.1мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасу үрді- сінің жедел жүруімен сипатталады.
Есік олжаларының қарастырылып отырған проблема үшін маңызы жазу ескерткішінің- жазбасы бар күміс тостағаның табылуына байланысты арта түседі.Жазуды көне түркі және парсы аремей әліпбиі негізінде ажыратып оқудың ғылымда бірнеше нұсқасы бар.
Кез келген қоғамда жазудың болу фактісі әлеуметтік экономикалық ұйым дамуының жоғары денгейін білдіреді.Мемлекеттік құрылым үлгісіндегі қоғамдық құрылыс түрі осындай орган болуы мүмкін. Мемлекет пен жезудың пайда болу үрдістері өзара байланысты болған, тегінде, жазу мемлекет туып, қалыптасқаннан кейін әлдебір аз уақыттан соң пайда болса керек.
Археологиялық және эпиграфиялық деректерден алынып келтіріл-генін ақпаратты қорыта келгенде, біз Жетісу сақтары әлеуметтік құрылымының денгейі жөнінен өндірістік қатынастарын мемлекеттік құрылым үлгісіндегі орган тәртіпке салып, реттеп отырған алдыңғы таптық қоғамның қалыптасу сатысында болған деп санауға бейімбіз.Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайландыӘскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.
Сақ тайпаларының шаруашылығы
Ертедегі халықтың ұлан-байтақ далалық,таулы-далалық және шөлейт кеңістіктерді игеру дәуірі,Европа мен Азия далалары тайпаларының шаруашылық кәсібінің жаңа формасы-экстенсивті мал шаруашылығының қалыптасу дәуірі б.з.б 1 мыңжылдықтың бас кезімен байланысты.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шарушылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орнықты.Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың кешенді шаруашылығы,үй жанында мал өсіру,кетпенді егіншілік,аң және балық аулау пайда болған.онда мал шаруашылығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс салалары ретінде бөлінбеген еді.Б.з.б 2 мыңжылдықтың ортасына карай көрініс өзгерді: шарушылықта,
археологиялық деректердің көрсетіп отырғанындай,алыс жерлерге көшуге және қыстыгүні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт өседі.Тұрғындардың көшіп-қонуы артып,далалық жайылымдық алқаптарды игеру үрдісі жүріп жатты.Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақташы тайпалар бөлініп шықты.Қазақстан аумағында б.з.б 2 мыңжылдықтың орта шенінде болған тұнғыш ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылық қызметінің жаңа түрі- көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола қалыптасуы үшін қажетті алғышарттар жасады.
Б.з.б 1 мыңжылдықтың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларында,шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы негізгі,ал содан соң үстем шаруашылық түріне айналды.Мұндай өзгерістер бірқатар себептерге байланысты еді,ал олардың ішіндегі ең бастысы бір-бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлар болатын.
Б.з.б 2 мыңжылдықтың аяғы мен 1 мыңжылдықтың басында,басқа далалық аудандардағы сияқты,Қазақстанда да климат өзгеріп,ол барған сайын қуаң тарта берді.Табиғи су көздері кеміді,оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің өрістеуін тежеді,ал кейбір аудандарда оны күрт қысқартты.Уақыт өткен сайын малшылық-егіншілік тайпалары ішінде үздіксіз көбейе түскен халық пен өндіргіш күштердің осы халықты күнгөріс құралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкесіздік пісіп жетіле бастады.Ежелгі тайпалар өз өндірісін тез жетілдіре алмады да,орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе-жер аумағын кеңейту деп білді.Қазақстанның суы аз жерлердегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халқының көпшілігі үшін алғашкы экономиканың халық саны артуының өндіргіш күштеріне қысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды.Орасан зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылық бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді.
Көшпелі мал шаруашылығына көшу дала мен шөлді жерлердегі тайпаларының өмірінде экономикалық ірі прогресс,алғашқы қоғамның өндіргіш күштері дамуына ілгері басқан қадам болды.Адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті,өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал,сондай-ақ ет,сүт,жүн және т.б. түрінде артық өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді.
Өнімдердің артығын қорға жинау және иемдену мүмкіндігі көбейді,мал және мал шаруашылығы өнімдері көп ұзамай айырбас құнына ие болды да,мал өсірушілер мен егіншілер арасыңдағы айырбастың дамуына жағдай жасады.
Ұлан-байтақ кең даланы шаруашылық тұрғысынан игеруге б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында ерекше кең өріс алған жылқы шаруашылығының тез өсуі себепші болды.Дала тұрғындарының мініс атын пайдалануы,атты әскердің пайда болуы жекелеген аудандардың мәдени-шаруашылық жағынан томаға-тұйықтығын бұзды,сөйтіп көршілерімен,шалғай тайпалармен,халықтармен,
Ежелгі авторлардың еңбектерінде Евразия далаларындағы мал өсіретін тайпалардың шаруашылығы мен тұрмыс салты сипатталады.Оларда «Суы мол,шөбі шүйгін өріс қарап,бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүреді» деген бір ғана тұжырым жиі қаиталанады.Мұндай жадағай суреттеу көне заманның мал шаруашылығының сан алуан типтері мен формаларын ашып көрсетпейді.Археология және этнография деректері сол уақытта мал шаруашылығының негізгі үш түрі: көшпелі,жартылай көшпелі және отырықшы түрлері болған деуге мүмкіндік береді.Мал шаруашылығының сипатына сәйкес шаруашылықтың басқа салаларының үлес салмағы да өзгеріп отырған.
Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақшылық далаларында,шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге негізделді.Бұл жерлерде егіншілік дами қоймады, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана тарады.Негізінен қой,түйе мен жылқы өсірілді,ірі қара аз болды.Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да,ендік бағыт бойынша да шалғай қашықтықтарға киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып көшіп-қонып жүрді.Жылдың суық мезгілін көшпелілер жел мен күшті борасыннан ықтасын құм жоталарының ығына орналасқан қыстау-тұрақтарда не үлкенді-кішілі дала өзендерінің жағаларында өткізді.Бұл тұрақтарда олар ұзақ тұрақталмады, көшпелілер тағы да көшіп,келесі қыстауға қолайлы жайылымдар таңдап,жаңа жайылымдылық жерлерді игере берді. Шаруашылықтың қосалқы салаларынан аң аулау ерекше дамыды.
Екінші жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды,мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралып отырды.Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянь-Шань және Алтай таулары сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала,орман және биік тау араласып отыратын шөбі шүйгін өңірледе кең таралды.Маусымдық жайылымдар бір-бірінен онша қашық болған жоқ,сондықтан шаруашылықтың бірінші түріне қарағанда көшіп қонатын жерлердің арасы біршама жақын болды.Бәрінен де көшіп-қонудың тік әдіс деп аталатын түрі кең тарады:өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымдарға,одан әрі биік таулардағы шөбі шүйгін жайлауларға көшетін болды.Осыған байланысты Жетісуда,Шығыс Қазақстанда және табиғи-климаттық жағдайлары осыларға ұқсас басқа аудандарда жерді қауымдық-рулық және тайпааралық шекаралар көлемінде пайдаланудың жайылымдық жерлер мен су көздерін әр маусым үшін болып отырумен сипатталатын көшпелі-жайылымдық жүйесі өте ертеде,б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында қалыптасты.Қыстау маныңдағы жерлерде тәлімі егіншіліктің маңызы сақталды,оларда әдетте тары,арпа,бидай өсірілді.Қой және жылқы шаруашылығы ірі қара өсірумен толықтырылды.Пішен дайындалып,малдың неғұрлым бағалы тұқымдарын қыста қолда ұстау мүмкіндігі туды.Қыстауларда ұзақ уақыт болу ағаштан, тастан,қамыстан жылы тұрақты тұрғын үй салуды керек етті.Іле өзеніндегі Бесшатыр қорымын қазған кезде бөренеден қаланған үлкен қималардың және киіз үй тәріздес құрылыстардың шығуы тұрғын жайлар салу дәстүрі болғанын көрсетеді.
Мал шаруашылығының үшінші түрі- отырықшы мал шаруашылығы бәрінен де гөрі Оңтүстік Қазақстан аудандарында Сырдария,Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында,Қаратау жотасы баурайларында,табиғи су қоймалары мен кең-байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады.Табиғат жағдайлары және Соғды мен Ферғананың егіншілік орталықтарына жақын орналасуы шаруашылықта суырмалы және тәлімі егіншіліктің басым болуына,халықтың тұрақты отырықшылануына,әсірісе б.з.б.1 мыңжылдықтың аяғында,мал өсіретін ірі қауымдардың жерге жаппаи отырықшылануы кезеңінде ірі-ірі егіншілік қоныстарының ерте пайда болуына себеп болды.Ішінде ірі қара әжептәуір көп болған малды көктемгі-жазғы және күзгі жайылымдарға жайып, бағу жұмысын егіншілік-малшылық қауым шеңберінде жекелеген отбасылар атқаратын болды.
Әрине, бұдан кейінгі уақыттағы сияқты ежелгі жайылымдық-экстенсивті мал шаруашылығының барлық үш түрі арасында да айқын шекара болған жоқ, оқшауланған экономикалық аудандармен тұйықталып қалмады.Шаруашылықтың түрлі полюстері- егіншілік пен мал шаруашылығы арасында ғана емес, шаруашылығы әр кезде тұтас бір типті болмаған әрбір табиғи-климаттық аймағы ішінде де тұрақты өзара қарым-қатынастың күрделі үрдісі болып жатты.
Ол кездегі экономиканың ала-құла болуының тағы бір себебі сақ тайпаларының бөлінуі шаруашылық жағынан бөлінуіне көбіне сәйкес келмеуіне қоса, неғұрлым кең ұғым болатын.Туыстас тайпалардың бір тобының көшпелі мал шаруашылығымен айналасуы, ал екінші тобының егіншілік дәстүрлерін сақтауы жиі кездесетін.Мәселен,Орталық Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығының басым болуымен бірге Қарқаралы,Баянауыл, Қызылтас,Ұлытау,Шыңғыстау таулы-орманды алқаптарында сірә, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған.Ертістің далалық өңірі мен Таулы Алтайдың туыстас тайпаларында мал өсіретін шаруашылықтың нұскалары әр түрлі.Солтүстік Қазақстанның орманды-далалық аудандарындағы мал өсірітін шаруашылық отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылық болды деуге көбірек келеді.Елек, Үлкен Қобда,Ор өзендері жағаулары бойында бірнеше шақырымға созылған обалы қорымдардың көп болуы солтүстік-батыс Қазақстанның савромат тайпаларының мал өсірітен шаруашылығының жартылай көшпелі сипатта болғанын дәлелдейді,өйткені олар өз зираттарын маңындағы малшылардың бәрі сияқты тұрақты қыстайтын жерлеріне жақын салған.Савроматтар тайпаларының нақ сол одағына кіретін Солтүстік Каспий өңірін мекендеушілер «таза» көшпелілер болды.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы негізінен суырмалы егіншілік пен отырықшылық кең тараған аудан-Оңтүстік Қазақстанда да дамыды.Жартылай отырықшы сақ тайпаларынан Түгіскен мен Ұйғарақ сияқты үлкен-үлкен обалы қорымдар қалған.
Алайда малдың басым көпшілігін жыл бойы жайып бағу болып табылатын шаруашылықтың жайылымдық-экстенсивті сипаты мал шаруашылығы экономикасының барлық ңұсқаларының ортақ сипаты болды.Ертедегі мал өсірушілердің шалғай жайылымдарға айдау мен тебінге,қысы суық климат жағдайларында азығын қардың астынан аршып жеуге бейімделген мал тұқымдарын өсіріп шығаруға ерекше назар аударуы тегін емес.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды.Бұған зерттелген обалардың көпшілігінен қой сүйектерінің-ет тағамдары қалдықтарының табылуы дәлел бола алады, ал б.з.б.1 мыңжылдықтың орта шеніндегі грек авторы Хэрил сақтарды қойшылар деп атаған.
Қой етті мал ретінде ғана өсірілген жоқ,одан киіз басу,арқан есу үшін және жіп иіру үшін жүні де пайдаланылды.Бесшатыр обаларынан табылған заттар дәлелдеп отырғанындай,сақтар киіздің неше түрін: киіз үйге ұстауға және жерге төсеуге арнап қарапайым қалың,қара киіздер және киім мен бас киім тігу үшін жұқа әрі жұмсақ талдырма киіздер баса білген.
Обалы қабірлерден шыққан мал сүйектерін зерттеу осы заманғы қазақтың құйрықты және ұяң жүнді тұқымдарына жақын қой өсірілгенің көрсетті.Отарда қылшық жүнді қой басым болған,бірақ биязы жүнді қой да өсірілген.
Көшпелі малшы және жауынгер сақтың тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды.Сақ заманындағы жылқының екі тұқымы болды.Тез семіретін және қысқы тебінге әбден төзімді,жатаған тебін жылқысы ең көп тараған тұқым болды.Олар жабы тұқымдас далалық қазақ жылқысына ұқсас еді.Сақ жауынгерлері мен ақсүйектерінің қабірлерінен жалқының шоқтығы биік,міністік тұқымы да ұшырасады.
Жауға мінетін ең жақсы сайгүліктерге ерекше күтім қажет болды, оларды көшпелілер айрықша жоғары бағалады,сірә,оған тек ру тайпа ақсүйектерінің қолы жететін болса керек.Олар жауынгердің жеке меншігінде болды және иесі өлсе, бауыздалып, оның жеке заттарымен бірге көмілген.
Тегінде, Қазақстан мен Алтай аумағының ертедегі тұрғындары жергілікті тұқымдарды Орта Азия тұқымдарымен будандастыру әдісін білсе керек, бұған қоса жергілікті далалық малдың жақсыларын тұқымға қалдырып отыратын болған.Оларды әдейі іріктеп алынғаның Страбонның хабарынан аңғаруға болады.
Табылған сүйектердің біршама аздығына қарамастан, Қазақстанның орманды-далалық және таулы-далалық аймакта- рында сиыр малын да өсірілген деуге болады.Шөлдер мен шөлейт жерлерді мекендеген сақ малшылары айыр өркешті түйе өсірген. Б.з.б.2 мыңжылдықтың орта шенінен бастап-ақ қолда өсірген түйелердің сүйектері Қазақстанның андроновтық тайпаларының қоныстары мен қорымдарында кездеседі.Бұл түліктің көптеген бейнелері Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандарының жартастағы суреттерінде көп кездеседі.Айыр өркешті түйенің бейнесі сарматтардың қола және сүйек тоғаларында, Бактрия теңгелері мен Алдыңғы Азия сарайларының бедерлерінде жиі ұшырасады, ал оның сүйектері Соғды мен Хорезмнің отырықшы-егіншілік қалаларының жұртын қазу кезінде табылды.
Сақ заманында доңғалақты транспорт та одан әрі дамыды.Қаратау жотасы мен Шу-Іле тауларының жартастарындағы суреттері, Таулы Алтайдың обаларынан табылған заттар жүк арбалары мен соғыс күймелері сияқты көлік түрлері болған деуге мүмкіндік береді.Жүк арбалары екі, төрт, және алты доңғалақты болған.Олар жөніндегі мәліметтер жазбаша деректемелерде сақталған.Мәселен, Гиппократ скифтердің тұрмысын суреттей келіп,былай деп көрсетеді: »Арбалар –өте шағын,төрт доңғалақты болады.Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылады; үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған күркелі арбалар жасалады, олар жаңбыр мен желден пана болады…Бұл арбаларда балаларымен әйелдер тұрады, ал ерлер қашанда ат үстінде болады».Мұндай арбаларға өгіздер,аттар мен түйелер жегілген.