Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курсовая работа
Дүниетаным - қоршаған ортаға қатынастар мен осы әлемдегі адамның орны мен мақсатына сипаттама беретін тұрақты көзқарастар, принциптер мен түсініктер жүйесінің жиынтығын құрайтын негізгі философиялық ұғымдардың бірі. Ол қоғамдық болмыс пен әлеуметтік шарттар ерекшеліктерімен айқындалады [1].
тiлдi әлi ұмытпаған,
сондықтан олар құдайлар және ол дүниенiң
адамдарымен тiлдесе алады
Ұмай
балақандар түркiше емiн-еркiн сөйлеп,
құдайлардың тiлiн ұмытқанша
Көне түркiлер Ұмай анаға үй жануарларын құрбандыққа шалмайтын. Олар ет және сүт тағамдарын дайындап, құдай-ана құрметiне салтанатты түрде табынатын. Ұмайдың белгiсi үшбұрыш, сонымен қатар Ай, тарақ, қайшы мен жебе. Оның түсi ақ және күмiс түстер.
Түріктердің мифологиясындағы әлемнің жаратылуы
Бұл кезең
дүниенi түнек пен былық басқан,
Уақыттан да бұрынғы Уақыт болатын.
Бұдан кейiн былық қоюлана
Ғаламды
кiм жаратса да, оның мәңгi еместiгiн
түркiлер түсiнетiн. Уақыты келгенде
аспан жердi жанши бастайды. Сонда
күн барша тiршiлiктi өртеп жiбермек.
Одан соң ай ұлы жаңбыр жаудырып,
зор дауылды жұмсайды. Ұл әкеге
қарсы, бауыр бауырына қарсы айқасқа
шығады. Билеушiлер бiр-бiрiмен
Тәңiрi жаратқан жер төрт бұрышты болатын және оның кiндiгiне түркiлердi жайғастырды. Ал жан-жағында оларға жау халықтар өмiр сүрдi. Әлемнiң әр тарапын түркiлер дүниенiң күлдерi – «төрткүл дүние» деп атады.
Көп жылдар
өткен соң адамдар әлемнiң
және шөлейт
аймақтардың төрттен бiрiн
Түріктердің мифологиясы мен дүниетанымындағы «Жерұйық» ұғымы
Руникалық
жазбалардан Тәңірдің қалауымен
Түркі мемлекетінің құрылғандығы туралы
мәліметтер көп. Жалпы мемлекет Енисей
руникасында «Құдай қалауындағы
ел» деп аталады. Бұл көне мифологиялық
цикл Түркі қағанатының мемлекеттік
культінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі
таңда Орхон жазбаларындағы көне
түркілердің мемлекеттігінің
ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған» [6], – деп атап көрсетуі Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі. «Жерұйық» ұғымының негізін түркілер заманынан іздеу осынысымен маңызды.
Белгілі
түркітанушы ғалым, Ахмет Ташағыл
көне түркілер үшін тәуелсіздіктің маңызын
Орхон-Енисей жазбаларының мән-мәтінімен
түсіндіреді. Оның ойынша «Жерұйық»
– түркілер дүниетанымындағы тәуелсіздікпен
байланысы бар құтты мекен. «Себебі,
түркілердің тәуелсіздікке қол
жеткізуі және оны жоғалтуы жайында
Орхон жазба ескерткіштерінде барынша
тәптіштеліп түсіндірілген. Онда тәуелсіздікті
жоғалтудың халық үшін өліммен тең
екені, тәуелсіздікті алудың қайта
тірілумен, жанданумен бірдей болатындығы
және халықтың осындай оқиғалардан
сабақ алу керектігі баса айтылған»
[7], – деп атап көрсетеді. Егер тарихи
деректерге сүйенсек, 630-680 жылдары арасында
түркі мемлекеті Қытай
Көне түркілердің діни-мифологиялық тағылымдарына тоқталар болсақ, Орхон руникалық жазбаларының мән мәтінінде Тәңір, Ұмай және Жер-Су наным-сенім ұғымдары берілген. Академик С.Г. Кляшторный Сібір-Орталық Азия мифологиясының негізінде сол кезеңдегі халықтық дүниетанымда өзіндік құдайлардың классификациялау жүйесі орын алғандығын алға тартады. Атап айтқанда, макрокосм ежелгі түркілерді Жоғары, Орта және Төмеңгі трихотомды әлемдерге бөлген, олардың арасында жанды заттар, құдайлар және перілер болған. Бұл трихотомды ұғым әлемнің көлденең моделін тігінең суреттейтін моделімен толықтырды. Оның ойынша, Көк Тәңірі Жоғары әлемнің билеушісі және көне түркі пантеонының құдайы болды. Көк Тәңірі басқа құдайлармен бірлесе отырып, адамдардың тағдырын билеген. Тәңір қағандарға билік пен даналықты сыйлады. Жоғары әлемнің тағы бір құдайы Ұмай ана адамзат баласына өмір сыйлаған. Өлім көне түркі мифологиясы бойынша Эрклигтің қолында. Түркі мифологиясы Орта әлемде «Жер-Суды» киелі санады. Бұлардан басқа, С.Г. Кляшторный Х ғ. «Ырқ бітіг» деп аталатын Дуньхуан үңгірінен табылған руникалық жазбадан «Жол Тәңірі» деген атқа ие бірі ала, бірі қара аттағы жолдың құдайын айқындайды. Жол Тәңірі бейнесі түркілердің мемлекеттік культімен тікелей байланысты деп дәлелдейді. Орталық әлем мен Жоғары әлемнің арасы ардайым байланыста болған. Аталған байланыс халықтың сыйыну тілегімен көрініс тапқан [8]. Міне, С.Г. Кляшторный көне түркі мифологиясына байланысты архаикалық Орталық Азия наным-сенім кейіпкерлері ретінде жоғарыдағы наным-сенім иелерін көне түркі пантеонының басты сипаты ретінде көрсетеді. Аспан ғарыштың бөлшегі ретінде мифологияда және Орхон-Енисей жазбаларында «Көк-Тәңірі» деп аталады. «Көк аспан» – ұшу, көтерілу секілді етістіктермен сипатталады. Ал жер көне түркі мифологиясында төрт бұрышты, шаршы кеңістік. Күлтегіннің жазуында «Төрт бұрыштың бәрі жау еді» деген мәтін түркі әлемінің дүниетанымдық шекарасын көрсетеді. Ышбара қағанның хатында өздері мекен еткен аймақтан тыс мекенде «төрт теңіз» бар екендігі суреттеледі. Оны жердің төңірегіндегі әлемнің мәңгі өзгермейтін негізі немесе әлемнің шегі деп түсінуге болады. Руна ескерткіштерінің авторлары үшін әлемнің құрылысы көгілдір аспан адамдар мекен еткен әлемді яғни жерді жауып тұратын төбе. Атап айтар болсақ, Төбе өзенінің маңында табылған ескерткіштің соңғы екі жолында:
- О, менің көк аспаным, бізге шатыр болар көр!
- О, менің елім-Еділім, мәңгі жасай гөр! – деп жазылуы, түркілердің әлем түсінігін танытады. Бұл жөнінде Ышбара қағанның 585 жылы суй императорына жазған мына хат мәтіні жоғарыда көрсетілген көне түркі әлем моделін дамыта түседі. Мазмұнына тоқталар болсақ: «Аспан жауып тұрады, жер көтеріп жүреді, жеті ғаламшар сәуле беріп тұрады». Тағы атап кетер басты жайт, дәл осындай үйлесімді қайталау 600 ж. Кимін қағанның хатында да кездескен [9].
Ал VІІ ғасырда өмір сүрген Феофилакт Симатта Күлтегін ескерткішінде көрініс тапқан «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған» деген сөз тіркесі бойынша мүлдем керісінше ой айтады. Ол өз заманында түркілер «жер мен аспанды жаратқан бір Құдайға табынады» [9] деп, мәлімдейтін дерек қалдырған. Ғалымдар пікірінің тоғысқан жері Орта әлемде көне түркілер «Жер-Суды» киелі санағандығында. Ата-бабасынан мирасқа қалған жерді киелі санау, Жерұйығын қасиет тұту көне түркі мифологиясында нақты көрініс тапқан. Себебі, Жерұйық – ежелгі түркілік «ыдық йер-суб» мифтік кеңістігінің қыпшақ тілді ортадағы кейінгі өзгерген атауы. Көне түркілік ыдуқ – «қасиетті» сөзі «үйекке» айналып кеткен, яғни Жер-Ыдуқтың көктүркілік «отты кеңістік» – Отұқ Кеңг – Ыдуқ Кеңг – Өтүкеннің соңғы өзгерісі, қазақ ұғымындағы сарқыншағы болып табылады. Дж. Клоссонның пікірінше, «Жер-Су» ұғымы Құдай емес, тәңірідей құрметтелген киелі ел, өлке, жер тараптың тұлғасы болған, яғни ол да Өтүкен, Ергенеқон образдарының синонимі болған деп шамалауға болады [10]. Бұл турасында Ахмет Ташағыл: «Отанға деген сүйіспеншілік Орхон жазба ескерткіштерінде анық сипатталған. Сонымен қатар орталық Отүкен түріктер ұғымында қасиетті деп саналған. Себебі, көк түркілердің астанасы – Отүкен»,- деп атап көрсеткен. Түркілер мифологиясындағы «Жер-су» Орхон-Енисей ескерткіштерінде «Көк аспанға» оппозиция ретінде орын алған, жалпы, киелі деген мағынаны білдіретін терминологиялық ұғым болып табылады. «Жер-су» ұғымы ландшафты схема бойынша киелі тау шыңына пара-пар тігінен сипатталатын жазықтық немес кеңістік болып табылады. Оны С.Г. Кляшторный «священная Отюкенская чернь» [11], деп сипаттайды, бізше айтқанда «Жерұйығы» және көне түркі мифологиясы бойынша әлемнің кіндігін білдіреді, қағандар ордасын тіккен, түркі халқы мекен еткен, «төрт тарапқа» – «алға», «артқа», «оңға», «солға» жорыққа шыққан. Көне түркі түсінігінен қалған мифтік абыз-ақынның образы Асан қайғы турасында ой қозғауға алып келеді. Атап айтқанда, «Асан – «аспан адамы», қайғы – «ақын, жырау, сазгер» деген туынды мағынаға ие екендігін, Асан қайғы – «аспан жыршысы» екендігін ғана айта аламыз», – деген С. Қондыбайдың зерттеушілік пікірі, Асан қайғының «киелі жерді іздеген Асан» және көктүркілік «халқын киелі жерден, атамекеннен шығарған Асянь-шадты» бір трафаретке еңгізілген образ деп көрсетеді [12].
Л.П. Потапов та Тәңір, Ұмай, Жер-Су үш құдайына сену – көне түркі қоғамында барлық топтарға таралды [13] деген пікір білдіреді. Осы негізде үш мифтік шығармашылық цикліне арналған алты мифологиялық сюжет ғылыми айналымға енді. Атап айтқанда, 1. Космогония және космология: әлемнің пайда болуы, оның құрылымы туралы және ғарыштық апат туралы мифтер; 2. Пантеон және социум: құдайлар туралы, құдай қалауындағы мемлекеттің және Тәңірі дүниеге алып келген қағандар туралы мифтер; 3. Этнология және генеология: түркі тайпасының шығу тегі туралы және түркі халқының қаһармандары туралы мифтер.
Информация о работе Түріктердің мифологиясындағы «Тәңір» ұғымы