Түріктердің мифологиясындағы «Тәңір» ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курсовая работа

Описание

Дүниетаным - қоршаған ортаға қатынастар мен осы әлемдегі адамның орны мен мақсатына сипаттама беретін тұрақты көзқарастар, принциптер мен түсініктер жүйесінің жиынтығын құрайтын негізгі философиялық ұғымдардың бірі. Ол қоғамдық болмыс пен әлеуметтік шарттар ерекшеліктерімен айқындалады [1].

Работа состоит из  1 файл

СРС1.docx

— 55.40 Кб (Скачать документ)

Осы алты мифологиялық сюжеттің әр қайсысында «Жерұйық» ұғымыының негізі жатқандығына көз жеткізуге болады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы «көпірдің» орналасқан жері – «жердің кіндігі – Жерұйықта» дүниеге келген. Осы символдық бейнелеулер түркілік космологияның да негізгі ұстындары болып табылады. Негізінен, ескі түркі космологиясы «Жерұйық» ұғымы негізінде қалыптасқан. Түркі мемлекеті, түркі ордасы дүниенің төрт бұрышының түйіскен жерінде, яғни дәл орталығында, әлемнің кіндігінде орналасқан. Әлемнің кіндігі – Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни адамның жаратылыс негізі болғандықтан да киелі. Көктеме, жайлау, қыстау, күзеу – бұлар көшпелі қоғамның мемлекеттік шекарасы қызметін атқарады. Бұл кеңістіктер Тәңір тарапынан аталарына берілген мирас болғандықтан да қасиетті, киелі отан болып табылады. Өйткені, бұл кеңістіктер түп аталарының сүйегі жерленген – Жерұйық [14].

Бұл туралы Орхон стеллалары, Енисей қырғыздарының  жазбалары, көне ұйғыр руникалық  және курсивті мәтіндері, қимақ, қыпшақ, ғұз, қарлұқтар туралы мұсылман авторларының және Ұлы қорғанның солтүстігінде  тұратын тайпалар туралы қытай деректеріндегі хабарламалардан да білуге болады.

Дүниетанымды  табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастық көзқарас тұрғысынан әлемді рухани түсіну, тану деп білсек, әр алуан  маңызы бар адам бойындағы наным-сенім, сезім, көңіл-күй, талап дүниетанымға бірігіп, адамдардың әлемді түсіну, сол арқылы өзін түсіну, өзін қоршаған әлемде жайлы сезінудің біртұтас түсінігін қалыптастырады. ХХІ ғасырда қазақ халқының Жерұйығы – Тәуелсіз Қазақстан. «Тәуелсіз Қазақстан – Жерұйық Қазақстан» ұғымының бірлігі дұрыс екендігіне де толыққанды көз жеткіздік. Өйткені аталмыш ұғым түркі әлем бірлігі мен бүгінгі қоғамдық тұтастықты көрсетеді. «Жерұйық» ұғымының тарихи, мифологиялық, философиялық мазмұны ұлттық рухымыздың түп-тамырынан сыр шертетіндігі, дүниетанымдық ерекшелігі – көне түркі мифологиялық бастауларынан қайнар алатындығы бүгінгі ізденісімізде толыққанды негізделді. Жаһандану заманында Қазақстан азаматы өзін ғылымға, саясатқа, мемлекеттік өмірге жеке қатыстымын сезіндіруге мүмкіндік беретін тәуелсіздікпен орныққан, ұлттар мен ұлыстардың қасиетті, құтты мекеніне айналған «Қазақстан – Жерұйық» ұлттық идеясының концептуалды мазмұнын түйіндейтін болсақ, «Жерұйық» ұғымының тұғырнамасы түркі дүниетанымында көрініс тапқан. Негізгі мағынасы тәуелсіздік құндылығын ұлықтанған, ұлттар мен ұлыстар үшін құтты мекен саналатын қоныс.

 «Жерұйық» ұғымы – елдің ұлттық дүниетанымын, халқымыздың дара болмысын, этномәдени кеңістігін сипаттайтын, біртұтас этнотарихи жадында жалпытүркілік суперэтностың қыл өтпес тұтастығын және ұлттық идеяға ақпараттық негіз болар феномен.

 

Қорытынды

Ежелгі  түркілер уақытты ұрпақтардың ауысуы ретінде қабылдады. Əрбір адам үшін өз шежіресін білу маңызды болды. Көбінесе олар мəдени кейіпкерді, тарихи тұлғаны, көк бөріні арғы тегі ретінде  санады. Мысалы, Күлтегіннің шежіресі əлемнің жаратылу кезеңінен басталады. Көне түркі түркі адамы өзін осы  əлемге кездейсоқ келген деп санамайды, ол өз руының арғы тегін жалғастырушысы болып табылады жəне осы ұрпақта  өз жалғасын табуы маңызды болып  есептеледі. Көне түркілердің дүниетанымы  осындай мифологиялық түсінікке  сай қалыптасты жəне этникалық санадағы бұл басымдылық түркілік дүниетанымның  құндылықтық бағдарын құрады.

Көне  түркілер дүниетанымындағы елдік санасын  білдіретін құндылықтар жаңа қазақстандық патриотизмін көрсететін құндылықтармен етене жақын. Жаңа патриотизмінің құрамдас бөлігі болып табылатын Отанға деген  құрмет, мемлекеттік рəміздерге деген  сүйіспеншілік жəне Елбасыға деген  құрмет сонау көне түркілер заманында философиялық мағынаға айналған. Бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қазақстандық өркениеттің негізгі арнасына айналып отырған Қазақстан Республикасындағы «ұлтаралық келісім», «əлеуметтік келісім», «мемлекеттік тұрақтылық» жəне «этносаралық келісім» принциптері көне түркі заманында ұлттық менталитетте қалыптасқан ашық-жарқын мінез-құлықтың мəдени антропологиялық сипаты болып табылады. Өткен өркениет пен бүгінгі қоғамның мəдени бірлігін, ғасырлық үндестігін танытады. Көне түркілердің қуатты мемлекет екендігін мəдени антропологиялық тұрғыдан түсіндіру – жаһандану заманында өзектілігін жоймақ емес.

ХХІ ғасырдағы  қазақ халқының Жерұйығы – Тəуелсіз Қазақстан. «Тəуелсіз Қазақстан  – Жерұйық Қазақстан» ұғымының бірлігі дұрыс екендігіне де толыққанды көз жеткіздік. Өйткені аталмыш ұғым түркі əлем бірлігі мен бүгінгі қоғамдық тұтастықты көрсетеді. «Жерұйық» ұғымыының тарихи, мифологиялық, философиялық мазмұны ұлттық рухымыздың түп-тамырынан сыр шертетіндігі, дүниетанымдық ерекшелігі – көне түркі мифологиялық бастауларынан қайнар алатындығын көрдік.

Қанша дегенмен алып батырлар мен жиһаргер билеушiлер заманы келмеске өттi. Түркiлер бүкiл әлемге тарап, жаңа мемлекеттер құрды. Түрлi құдайларға құлшылық еттi. Бiрақ ата-баба әдет-ғұрпы, салты ұмытылған жоқ. Баласын әлдилеген ана Ұмай анадан желеп-жебеуiн тiлейдi. Көк аспанға көз тiккен ер-азамат Тәңiрiден қолдау күтедi. Асуға шыққанда, шынар ағашқа шүберек байлап, жетi бабасының атын атайды. Жадымыз өшкен жоқ. Өткен замандарда ұлы құдайлар мен ата-бабалар мынандай өсиет қалдырды:

Көкте Түркi Тәңiрiсi

Түркiнiң  қасиеттi Жер-Суы

Былай дедi:

«Түркi халқы  жойылмасын» дейдi, –

«Ел болсын», – дейдi.

Ұрпағы  ата-бабасын еске алып тұрғанда, құдайларын, әдет-ғұрпын ұмытпай тұрғанда, бiз тәуелсіз ел атана беремiз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Философиялық сөздік.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. - 142 - 143бб.
  2. Кенжетай Д.Т. Қ.А.Ясауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны. Алматы: Арыс, 2007. - 9б.
  3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна” ЖШС, 2010. -322б.
  4. Төреғұл Дәулетов, медицина ғылымдарының кандидаты. Алматы. 27 қазан 2010ж. "Егемен Қазақстан" газетінен.
  5. Бисенбаев А.К. Көне түркілердің мифтері. Алматы, «Ан-Арыс», 2008 - 120б.
  6. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы.: Атамұра, 1999. 92 б.
  7. Ахмет Ташағыл. Түрік қағанатындағы адами құндылықтар // Тарих – Адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: Фолиант, 2006. -  Т.10: Түркі халықтарының тарихи ойы. – 369 б.
  8. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М., 1964. 103-114 бб.
  9. Симокатта Фиофилакт. История. М., 1957. 161б.
  10. Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. Алматы.: Арыс., 2008.-207б.
  11. Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках // Памятники древнетюркской письменности и этнокультурная история Центральной Азии. М., 2006. 402б.
  12. Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. Алматы.: Арыс., 2008.-31б.
  13. Потапов Л.П. «Йер суб» в орхонских надписях // СТ. 1979. №6. 71-77 бб.
  14. Исаева М.Ү. Қазақ философиясындағы кеңістік пен уақыт мәселесі. Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2009, 61 б.

 

 


Информация о работе Түріктердің мифологиясындағы «Тәңір» ұғымы