Қордардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:17, реферат

Описание

Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4
1. Қорларды жіктеу және бағалау -------------------------------------------------------6
1.1 Қорлар жайлы түсінік ----------------------------------------------------------------
1.2 Қорлардың жіктелуі -------------------------------------------------------------------8
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ------------------13
1.4 Қорларды бағалау әдістері ---------------------------------------------------------18
2. Қорлардың есебі -----------------------------------------------------------------------21
2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------21
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ------------------------------------ 27
2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ---------------------------------------30
2.4 Материалдық қорларды түгендеу ------------------------------------------------33
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау -----------------38
Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49

Работа состоит из  1 файл

baskarushylyk_esep_buhgalterlik_esep_zhuyesinin_elementi_retinde.doc

— 457.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, кәсіпорындар мен  ұйымдардың қызметі барысында өздерінің  өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып  алған бірақ әзір ұйымға келіп  түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған  есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс  сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала тиісті түрде  жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек; материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Еңбек заттары бір  тектес емес.  Олардың бір-бірінен  өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық  қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады.

 Материалдар есебін  дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың  номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.

Материалдардың номенклатурасы  деп өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың  аты, сапасы, мөлшері және т.б. көрсеткіштері  бойынша жасалған жіктеу тізімін  айтады.

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады: арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі, орташа өзіндік құнын есептеу әдісі, ФИФО әдісі, ЛИФО әдісі.

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын  қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.

Материалдардың бухгалтерияда  аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді.

Өндірістік қорларды кіріске алу және шығысқа шығарудың  бастапқы құжаттары материалдар  есебін ұйымдастыруға, өндірістік қорларға аудит жүргізуге негіз болатын есептік көрсеткішті жинақтауда маңызды рөл атқарады. Тікелей бастапқы құжаттары аралық материалдар ресурстарының қозғалысына, сақталуына, тиімді пайдалануына алдын ала, ағымдағы және күнделікті бақылауды жүзеге асырады.

Шаруашылық жүргізуші  шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының «Материалдар»  бөлімшесінің синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкциялардың, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектредің, құрылыс материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырырлуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылыған тексеруден бастаудың  маңызы зор.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Абдиманапов  А.А., Юсупжанова А.К. Организация учета том 3. // Бухгалтерский учет и аудит: - 2006 год. № 2. – стр. 44-54.

2. Әбдіманапов  Ә.Ә. Есеп көрсеткіштерін өзара  салыстру мен талдау принциптері. // Бухгалтерлік есеп және аудит.  – 2006 жыл.

3. Әбдіманапов  Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп счеттарының  жаңа типтік жоспарымен қалай  жұмыс істеу керек. // Бухгалтерлік  есеп және аудит. – 2007 жыл.

4. Әбдіманапов Ә.Ә. Қаржылық қорытынды есеп терминдері мен элементтерін тану. // Бухгалтерлік есеп және аудит. – 2007 жыл.

5. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы. // Бухгалтерліқ есеп және аудит. – 2006 жыл.

6. Әбдіманапов Ә.Ә. Есеп саясатының концептуалды негіздері мен қалыптасуы. // Бухгалтерліқ есеп және аудит. – 2007 жыл

7.    №2 Халықаралық қаржылық есеп стандарты. www.google.kz

8. "Бухгалтерлік есеп  және қаржылық есеп беру туралы" заң 02.09.2009 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2006 жылдың 31 желтоқсанға қосымша

 

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ тобының ҚЕХС-ға сәйкес әзірленген

2008 жылдың  аралығындағы  пайда мен залал туралы біріктірілген  есеп беруі

 

КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ АТАУЫ

Жолдар коды

Түзетуден кейін

1

2

5

Өнімді сату мен қызмет     ұсынудан түскен табыс

010

139 648 580

Топ ішіндегі өнімді сату мен  қызмет ұсынудан түскен табыс

020

 

Жалпы табыс

030

139 648 580

Сатылған өнім мен  ұсынылған қызметтердің өзіндік  құны

040

78 517 428

Топ ішіндегі сатылған өнім мен ұсынылған қызметтердің өзіндік  құны

050

 

Жалпы табыс

060

61 131 152

Кезең шығындары

070

1 478 265

Салық салуға дейінгі  пайда (залал)

080

32 969 256

Корпоративтік табыс  салығы бойынша шығындар

090

65 938

Салық салуға кейін пайда (залал)

100

32 903 318

Кезең ішіндегі жиынтық  пайда (жиынтық залал)

110

30 092 541


 

 

                                                  Қосымша 2

Қазақстан еспубликасы

Қаржы министрінің 2006 жылдың 31 желтоқсанға қосымша

 

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ тобының ҚЕХС-ға сәйкес әзірленген

2008 жылға қатысты негізгі  кәсіпорын

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ

АКТИВТЕР

Жолдар коды

Есептік кезең ішіндегі

І.ҚЫСҚАМЕЗІМДІ АКТИВТЕР:

   

Ақшалай қаражаттар

010

22 573 424

Қысқамерзімді қаржылық инвестициялар

011

2 869 086

Қысқамерзімді дебиторлық берешек

012

1 045 665

Қорлар

013

3 265 760

Топ ішіндегі қорлар

014

10 222 410

Ағымдағы салықтық активтер

015

4 738 283

Өзге түрдег қысқамерзімді  активтер

016

4 602 532

Қысқамерзімді активтердің  жиыны

100

49 317 160

ІІ. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

   

Ұзақмерзімді дебиторлық берешек

020

99 920

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынып отыратын инвестициялар

021

3 656 562

Негізгі құралдар

022

 

Материалдық емес активтер

023

 

Өзге түрдегі ұзақмерзімді активтер

024

209 435 532

Ұзақмерзімді активтердің  жиыны

200

225 494 585

Баланс (100-жол + 200-жол)

 

274 811 745

МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН КАПИТАЛ

   

ІІІ. ҚЫСҚАМЕЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

030

 

Қысқамерзімді қаржылық міндеттемелер

031

2 449 276

Салықтар бойынша міндеттемелер

032

1 205 903

Топ ішіндегі бойынша  міндеттемелер

033

256 148

Қысқамерзімді несиегерлік  берешек

034

7 673 838

Қысқамерзімді бағалау міндеттемелері

035

1 667 194

Өзге түрдегі қысқамерзімді  міндеттемелер

036

13 999 116

Қысқамерзімді міндеттемелердің жиыны

300

27 251 475

ІV.ҰЗАҚМЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

   

Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелер

040

48 984 283

Ұзақмерзімді несиегерлік берешек

041

427 728

Ұзақмерзімді баға беру міндеттемелері

042

14 477 507

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны

400

63 889 518

V. КАПИТАЛ

   

Капитал

050

32 916 055

Резервтер

051

75 560 190

Үлестірілмеген пайда 

052

75 194 507

Азшылықтың үлесі

053

 

КАПИТАЛДЫҢ ЖИЫНЫ

500

183 670 752

Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)

 

274 811 745

     



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорлар – бұл әдеттегі қызмет барысында сатуға арналған, осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегілер немесе қызмет көрсетудегі қолданылатын шикізат пен материалдар түріндегі активтер.  
Қор – бұл: 
1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.  
2) аяқталмаған өндіріс. 
3) субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер. 
ХҚЕС 2 анықтайтын тәртібі:  
- Бухгалтерлік есептілікте қорларды актив ретінде бейнелеу; 
- Қорлардың өзіндік құнын есептеу. 
Осы стандарт келесі операциялардың есептелуін реттейді: 
- Әрі қарай өңдеу үшін материалдар мен шикізатты алу; 
- Дайын өнім мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын бағалау; 
- Жұмсалған материалдар және шикізаттармен қоса, аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын бағалау.; 
- Тауарларды сатып алу және сату кезіндегі олардың өзіндік құнын анықтау (соның ішінде автокөліктер, үйлер және учаскелері сияқты арнайы тауарларды қоса алғанда).  
ХҚЕС 2 келесі жағдайлармен байланысты операцияларды реттемейді: 
- Құрылыс келісім-шарты бойынша аяқталмаған өндірістің шығындарын есептеумен  
- Қаржылық активтерді сатып алумен (акциялар, облигациялар, вексельдер және өзге де қаржылық құралдар) 
- Ауыл-шаруашылық қызметінде пайда болатын қорларды есептеумен  
- Алыпсатарлық мақсатта сатып алған қорлар есебі, яғни нарықта бағалардың өзгеруіне байланысты қысқамерзімде пайда табу. 
Берілген курстық жұмыста қарастырылатын мәселелер ХҚЕС 2 стандартына сәйкес қорларды есептеу және бағалауды жүргізу, оларды құжаттық рәсімдеу және есебін жүргізу болып табылады.  
Курстық жұмыс мақсаты - ХҚЕС 2 стандартына сәйкес қорларды есептеу және бағалауды , оларды құжаттық рәсімдеу және есебін жүргізуді үйрену, зертеу арқылы алынған білімдерді тәжіриибеде қолдану болып табылады. Стандарт қорлардың өзіндік құнын анықтауда әр түрлі әдістерді қолдану, оларды, қолдану нәтижелерін өзіндік құнның мәнін жуықтап көрсету.  
зертеу арқылы алынған білімдерді тәжіриибеде қолдану болып табылады. Стандарт қорлардың өзіндік құнын анықтауда әр түрлі әдістерді қолдану, оларды, қолдану нәтижелерін өзіндік құнның мәнін жуықтап көрсету. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қорлар қозғалысы үрдістерінің басқару стратегиясын ғылыми – теориялық негіздерін жан-жақты зерттеу негізінде құру.  
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі – өндірістік қорлар бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары. Сондықтан да өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қорлардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есбін жүргізіп, оларды түгендеуді қазіргі заманға сай орындай білу. Экономика тұрғысында зерттеу кәзіргі уақытта өзінің даму қадамының бастапқы сатысында тұр және көбінесе өзекті проблемаларды анықтауға бағытталған, сонымен қатар и оларды шешудің нұсқалары, әдістері және жолдары ғылыми жұмыстарда әзірге көп орын ала қойған жоқ. Қазақстанның одан әрі даму перспективалары және экономикалық дамуының тұрақтылығы мемлекеттің даму жолына түсуімен анықталады. Бұл курстық жұмыста арастырылатын тақырыптың өзектілігі барлық өндірістік кәсіпорындардағы қаржылық есептіліктің дұрыс рәсімделуі, оның ішінде қорлардың бағалау және бірнеше әдіс бойынша дұрыс есебін жүргізу болып табылады. Кәсіпорындағы үрдістердің басқару стратегиясына белсенділікті, факторларды және кәсіпорындар жағынан қозғалыс күштерін зерттеу негізінде құру және нәтижелеу арқылы жетуге болады.  
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қорлардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есбін жүргізіп, оларды түгендеуді қазіргі заманға сай орындай білуболғандықтан үрдістерді басқару стратегиясын қалыптастыру, болжау және экономиканы мемлекеттік реттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын белсендіру саласындағы қазіргі заманғы отандық және шетел ғалым – экономистерінің еңбектері алынды. Зерттеудің стратегиялық мақсатын нәтижелеу үшін бірін – бірі толықтыратын әр – түрлі методологиялық әдістер қолданылды. Жұмыста логикалық, статистикалық талдау, экономико – математикалық моделдеу, кестелік және графикалық интерпретациялау әдістері қолданылды.  
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп, отандық және шетел ғалым ғалымдарының зерттеулерінің материалдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамалары мен бағдарламалық материалдары және экономикалық зерттеулерді жүргізудің жалпы экономикалық ұстанымдары, ғылыми – практикалық конференциялар материалдары, интернет – қор және Халықаралық қаржылық есеп стандарты (IAS) 2 Қорлар, Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері, қосымша анықтамалық оқу құралдары, зерттеу материалдары пайдаланылды. 

 

Тауарлы-материалдық  қорлар есебі

 

Тауарлы-материалдық  қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс  процесінде тұтынылып, өзінің құнын  өндірілетін өнімге толығымен аударады. 
Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады: 
• Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мн тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қотлар; 
• Аяқталмаған өндіріс; 
• Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар. 
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішсімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс. 
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7)сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді. 
7 БЕС 4 т. Сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. 
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі. 
Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.  
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады.  
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.  
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, АЭСА мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді. 
Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде АЭСА мекемесі өзі жасайды. 
Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады. 
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі. 
БЕС – 7-нің 6 т. Сәйкес «Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді». 
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «Тауарлы материалдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін: 
• Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген. 
• ФИФО – есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады. 
Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу. 
Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді. 
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.  
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды. 
Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады.  
Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.  
Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі. 
АЭСА мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады. 
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар)) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді. 
«Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі» атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер кіретін, материалдық қорларды алу мен дайцындауға жұмсалған шығындар ескерілген түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлік тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады. 
Ауытқулар сомасы дегеніміз – осы көрсеткіштер арасындағы айырмашылық, ауытқулар проценті – ауытқулар сомасының материалдардың есептік құнына қатынасы. Ауытқу «+» немесе «-» белгісімен болуы мүмкін. 
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды, газды және т.б. босатушы) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. 
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың ұйыммен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады. 
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір фактура-шоты бойынша және әрбәр жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке береді. 
Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық фактура-шотының нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесін қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші ұйымның банкке арнайы бланкте рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басақа ұйым шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты үш немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады. 
АЭСА мекемесі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады. 
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын 671 «төлеу шоты» кредит шоты бойынша №6 журнал-ордердегі сәйкесетін шоттардың шоты қоса көрсетіліп жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады. 
Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады. 
Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақтылы анықтауға саяды.  
АЭСА мекемесінде түгендеу материалдарға жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды жауапты айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды. 
Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген түгендеуден кейін оларға кіруге болмайтындай жабылып, мөрленеді. Егер түгендеуді өткізу кезінде тауарлы-материалдық қорлар түссе, онда оларда материалдарға жауапты адам түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім немесе материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай-күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде түскен тауарлық-материалдық қорлар» атты арнайы тізімдеме (опись) жасалады. Түгендеу негізінде, аса қажет болған жағдайда тек қана АЭСА мекемесінің басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен тауарлық-материалдық қорлар басталады, ол түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойған «Түгендеу кезінде босатылған тауарлық-материалдық қорлар» жеке тізілімдемесіне өткізіледі. 
АЭСА мекемесінде меншікті тауарлық-материалдық қорлармен бірге басқа ұйымдарға тиісті және жауапты сақтауға қабылдауды растайтын құжаттар сілтемесі бар жеке тізімдемелерге кіргізілетін қорлар да тексеріледі. 
Басқа ұйымдарда сақталып тұрған тауарлы-материалдық қорлар оларды жауапты сақтауға тапсыруды растайтын құжаттар негізінде түгендеу тізімдемелеріне жазылады. 
Басқа ұйымдарда қайта өңделу үшін тұрған тауарлық-материалдық қорлар бойынша негізіне сүйеніп, қайта өңдеуге берілген құжаттарға сілтеме жасалып, жеке тізімдеме жасалады. 
Жолдағы, бірақ сатып алушылар мерзімінде төлемеген тауарлы-материалдық қорлар да жеке түгендеу тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі бір шоттарда есептелетін соманың негізділігін тексеруге тиіс. Шоттарда тиісті рәсімделген құжаттармен: жолдағысы – жабдықтаушылардың есеп құжаттарымен; тиелгендері – сатып алушылардың ұсынған құжат көшірмелерімен; төлем мерзімі өткен құжаттар бойынша – банк мекемесінің міндетті түрде растауымен; басқа ұйымның қоймаларында тұрғандары бойынша түгендеу, өткізілген күнге таяу ай-күнмен қайта рәсімделген, сақталған қолхатпен расталған сомалар ғана қалады. 
АЭСА мекемесінде пайдаланылып жүрген тауарлы-материалдық қорлар – тұрған орны мен материалға жауапты адамдар бойынша; ұйым қызметкерлерінің жеке қолданылуына берілгендері – тізімдемеде қолхаттары бар, ашылған жеке карточкаларда жазылған жауапты адамдар бойынша түгенделеді. 
Аяқталмаған өндірісті түгендеудің мақсаты – оның нақты бағасы мен көлемін анықтау, босалқы дайындама (заттың, шикізаттың өндіріс қажетінен артық жиналып қалуы) нақты (бөлшектердің, дәнекерлердің, агрегаттардың), өндірісте тұрған бұйымдарды дайындау мен құрастырып жинауы әлі бітпегендердін, сондай-ақ толық құрастырылмаған және қоймаға тапсырылмаған дайын бұйымдардың бар-жоғын, ескерілмеген ақауды анықтау; аяқталмаған өндірістің нақты құрастырылып жинақталуын, жинау жұмыстарының детальмен қамтамасыз етілуін, жойылған тапсырыстар, сондай-ақ орындауы тоқтатылған тапсырыстар бойынша бітпеген өндіріс қалдығын айқындау. 
Түгендеу нәтижелері түгендеу жүзеге асырылған айдың есебінде, ал жылдық түгендеу – бір жылдағы қаржылық есеп беруде көрініс табуы керек.

Информация о работе Қордардың есебі