Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:17, реферат
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------------4
1. Қорларды жіктеу және бағалау -------------------------------------------------------6
1.1 Қорлар жайлы түсінік ----------------------------------------------------------------
1.2 Қорлардың жіктелуі -------------------------------------------------------------------8
1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау ------------------13
1.4 Қорларды бағалау әдістері ---------------------------------------------------------18
2. Қорлардың есебі -----------------------------------------------------------------------21
2.1 Қорлар және №2 ХҚЕС -------------------------------------------------------------21
2.2 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ------------------------------------ 27
2.3 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ---------------------------------------30
2.4 Материалдық қорларды түгендеу ------------------------------------------------33
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау -----------------38
Қорытынды --------------------------------------------------------------------------------47
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------------------49
МАЗМҰНЫ
1. Өндіріс процесінде қажетті бірден-бір жағдай жұмысшылардың еңбек құралы мен еңбек затын қолдана отырып, жаңа өнім, дайын өнім шығару болып табылады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін көптеген еңбек заттары, қосалқы қорлар қажет.
Кәсіпорында
тауарлы-материалдық қорлардың
Тауарлы-материалдық қорлар келесі актив түрлерінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдық қорларды есепке алу үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттер бар:
¨ материалдық құндылықтардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау;
¨ материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша операцияларды толық және уақытында құжаттау;
¨ көліктік дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтары мен өзіндік құнын уақытында анықтау;
¨ ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық құндылықтарды тауып сату;
¨ сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Өндіріс барысындағы қызметтік ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгілер- дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар. Мысалы, ұн, ағаш. Көмекші материалдар өндіретін өнімнің өзіндік құнына кіргенмен, бірақ негізгі материалдар сияқты оның заттық негізін құрамайды. Мысалы, сыр, желім, лак.
Материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу 1310 “Шикізат және материал” баланстық, активті шотында жүзеге асады
2. Материалдық ққорлардың қозғалысының есебін жүргізу үшін типтік мекеме аралық құжаттар жасалынған. Олардың уақытында толтырылуы және дұрыс жасалуы материалдық қорларының тиісті есебі мен бақылауы ұйымдастыруға, олардың сақталуы мен орынды пайдалана мүлік жасайды.
Материалдық босалқының қозғалысына байланысты барлық операциялар бойынша құжаттар дайындалып, аз данамен шығарылады. Материалдық босалқының жар жабдықтау бөліміне тексеруге және төлеуге қабылдануға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға (ү.М-№1) тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай –ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе төлеуден бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.
Материалдық қозғалысты есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланады.
Сенімхат (ү.М-№2а) материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғалардың, субъектілердің, сенімді өнімдерінің құқысы бар адамға сенімхат рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушылардың қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді.
Берілген сенімхаттарды есепке алу журналы (ү.М-№3). Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданады.
Кіріс ордері (ү.М-№4) жабдықтаушылардан немесе өңделгеннен кейін субъектілерге келіп түсетін материалдық босалқыларды есепке алу барысында қолданады.
Материалдардың қабылданғаны туралы акт(ү.М-№7) жабдықтаушылардың жолдама құжаттардағы мәліметтерден сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Сондай-ақ, құжатсыз түскен материалдарды қабылданғанда толтырылады.
Материалдық құндылықтардың өндірісте дайындалу, сақталу процесі де жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі акт (ү.М-№7а) табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларының дайындалу, сақталу немесе өндіру процесінде жағалғаны анықталған кезде қолданылады. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. 2 данасы толтырылып, комиссия мүшелерімен кінәлі адамдар қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал 2-сі бөлімшеде қалады.
Табиғи
шығын нормаларына сәйкес матер
Материалдардың бүлінуі, сынуы, қиралуы туралы акт (ү.№М-7в) кәсіпорында бүліну, сыну, қирау нәтижесінде арзандатуға және шығартуға тиіс қорларының есебін алу үшін қолданылады.
Лимидтік жинақтама картасы (ү.М-№8) өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне қажет құндылықтарды босатудың белгіленген лимидтерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылау, есептен шығару үшін негіз бола алатын құжат.
Материалдарды айырбастауға арналған талап актісі (ү.М-№10). Бұл құжат қорларының белгіленген лимидтен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданады.
Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы (ү.М-№15). Босалқыларының субъектілерінің өз ішіндегі қозғалысын және оларды кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылығына, сондай-ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдаланылады.
Үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынғанматериалдық құндылықтарды кіріске алу туралы акт (ү.М-№35). Үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынған, жұмыстарды жүргізуде пайдалануға жарамды материалды кіріске алуда қолданылатын құжат.
3. Қоймалардағы материалдық қорларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен есепшілер материалды есепке алу карточкаларында (ү.М-№17). Материалдардың әрбір номеріне жеке карточкалары ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі. Алған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады.
Егер
қоймадағы материалдық
Бухгалтерия
белгіленген мерзімдерде
Материалдық қорлардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды, бухгалтер қоймада құжаттарды өткізу тізімін ( ү.М-№18а) толтыру арқылы қабылдайды.
Жетіспеушіліктер мен материалдық жағынан жаупты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылар бас бухгалтерге ескертіліп отырылуы қажет.
Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдық қалдықтарын есепке алу кітабын береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарды көшіріп жазады. Содан кейін толтырылған қоймашы кітабын бухгалтерияға тапсырады.
Материалдық бұйымдарды бухгалтерияда есепке алу сальдалық әдіспен жүргізіледі. Сальдалық әдіске тән сипаттар: қорлардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі; бухгалтерияда құндылықтар сомалық сипатта есепке алынады.
Қоймадан түскен құжаттар жинақталып, жөнелту қағаздармен жабдықталып, содан соң олардың мәліметтерін бухгалтериядағы мәліметтермен салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал 2-ші данасы материалдар сақталатын орындарда қалады. Салыстырудан кейін құжат деректері материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастырылады.
Материал
құндылықтардың кітабы 1 ай бойы бухгалтерияда
сақталады. Айдың аяғында кітап
бухгалтериядан қоймаға беріледі. Онда
қойма меңгерушісі есепті айдың
аяғындағы материалдық
Бухгалтерияда материалдық анықтама есебінің жинақтаушы тізімдемесі негізінде немесе материалдарды жауапты адамдардың материалдық қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп беру негізінде «материалдардың ақша түріндегі қозғалысы” тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдеме 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлімде,
кәсіпорынға нақты өзіндік
2-бөлімде,
құндылықтардың есептік бағасы
мен нақтылы өзіндік құны
Ағымдық есеп деректерінің негізінде цехтар (учаскелер) бухгалтерияға материалдардың өндірісте пайдаланылуы туралы және үнемнің немесе артық жасаудың себептерін көрсете отырып, нормадан ауытқушылар туралы рапорттар мен есеп береді. Материалдар қозғалысын есепке алу жөніндегі шоттар корреспонденциясы төмендегінше:
1. Дт 1310-
Кт 3310- өнім жеткізушілерден келіп
түскен материалдық
2. Дт 1420-
Кт 3310- жабдықтаушылардың шот
3. Дт 1310- Кт 6210- негізгі құралдарды жоюдан кіріске алынған материалдарға;
4. Дт 8010,
8030- Кт 1310- негізгі және көмекші
өндіріске босатылған
5.Дт 7210- Кт 1310- үй жайларды, ғимараттарды жөндеуге, жалпы шаруашылықтың және басқару мақсатындағы жабдықтауға жұмсалған материал құнына.
4. а) Дайын өнімді есепке алу үшін 1320 “Дайын өнім” активтік, мүліктік шоты қолданылады.
Дайын өнім- негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімінің өндірісте жасалғаны, стандартқа сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілерден қабылдап алғаны, міндетті түрде актімен қапталуы керек.
Дайын өнімді қабылдау- тапсыру накладной бойынша немесе өнім шығару мәліметі бойынша қоймадан кіріске алынады. Қабылдау- тапсыру накладнойы цехта 2 дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін накладнойдың бір данасы қоймада, 2-ші данасы цехта қалады.
Қабылдау-тапсыру құжаты (ү.ПГ-34) аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарда, жаппай және сериалық өндіріс сипаты бар басқа өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстары бойынша жасалу әдісінде қолданылады. Бұл құжатта өнім шығару көрсеткіштерімен қатар өнім өткізудің жедел есебі көрсеткіштері де келтіріледі.
Өндірістік тапсырмаларының орындалуын байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімінің құнын есептеп отыру үшін өнеркәсіптін барлық салаларында “өнім шығару мәліметі” құжаты (ү.ПГ-№138) қолданылады. Қоймаларда дайын өнім есебін қойма есебі карточкаларда жүргізеді. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімдерімен бірге бухгалтерияға түседі. Осы деректер бойынша дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомостысы толтырылады. Дайын өнім шығарылған кезде Дт 1320- Кт 8010,8020,8030 проводкасы беріледі.
Кәсіпорындар өнімді жасасқан шарттарға сәйкес өткізеді. Тауарды сату кезінде келесідей мәмiлелер жасалуы мүмкін:
¨ өндіріске босатылған тауардың кешігетіні туралы мәміле;
¨ өнімнің сатылуын кейінге қалдырылуы туралы мәміле;
¨ тауар құнына енетін қызмет шығындары туралы мәміле.
Дайын өнімді сату бойынша төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалады:
б) Алынған тауарлардың есебі үшін 1330 “Тауарлар” шоты қолданылады. Бұл мүліктік-активті шот. 1330-шотты сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату, делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланылады. Бұл шотта көтерме және бөлшек сауда кәсіпорынның қоймаларындағы тауар запастарының нақтысы және қозғалысы, тауарлы және бос ыдыстарының нақтысы және қозғалысы есепке алынады. Олар тауар жеткізушілерге не ыдыс жинайтын кәсіпорынға қайтарылуы мүмкін. Қоймадағы ыдыстар мен тауарлардың есебі материалдар есебінің карточкаларында жүргізіледі. Материалдың жауапты адамы карточкадағы және бастапқы құжаттардағы жазбалар негізінде “тауардың нақтысы және қозғалысы туралы есеп” жазады, олар құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырылады.