Еңбек және зейнеткерлік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 12:31, реферат

Описание

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ресми мәлімделген Қазақстан Республикасындағы еңбек және зейнеткерлік құқықтары болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Еңбек және зейнеткерлік құқығы.docx

— 54.73 Кб (Скачать документ)
  

 

1. Зерттеу туралы

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ресми мәлімделген Қазақстан Республикасындағы еңбек және зейнеткерлік құқықтары болып келеді.

Зерттеу мақсаты – азаматтардың еңбек және зейнеткерлік саласындағы өз құқықтары туралы ақпараттану деңгейін бағалау, еңбек және зейнеткерлік жүйесінің тиімділігі, еңбек және зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзудың басты проблемалары мен жағдайлары, қазіргі қолданыстағы  құқық қорғау формаларының тиімділігі, азаматтардың құқығын қорғаудағы кәсіподақтардың, ҮЕҰ және мемлекеттік инспекторлардың орны.  

Сауалға барлығы 1400 респондент қатысты. Респонденттер 18-ден 65 жас аралығындағы жұмыс істейтін азаматтар, анығырақ айтқанда болашақта лайықты зейнетақы жинауға және алуға, өз тағдырын және кәсіби дамуын жоспарлау жөнінде өз еркімен шешім қабылдай алатын халық болды.

Зерттеудің географиялық қамтуы – Қазақстан Республикасы (бүкіл республика аумағындағы 9 облыстық орталық, республикалық маңызы бар қалалар – Астана және Алматы).

Сауалнама жүргізу үшін халықтың географиялық, этникалық, жыныстық жас ерекшеліктерін ескере отырып, пропорционалдық стратифицирленген сұрыптама жасалды, аталып өткен сипатталық белгілер негізінде Қазақстан халықының нақты бөлігіне пропорционал құрылуда. 

Зерттеу сауалнама бланкілерін пайдалана отырып алынған жүйеленген сұқбат түрінде жүргізілді.

Сауалнамаларды өңдеу SPSS статистикалық мәліметтер массивтерін өңдеу бағдарламасында жүргізілді.

Зерттеу «ЗУБР» ӘКҚ Еуропалық Кеңестің қолдауымен іске асырылған «Бүгінгі еңбек нарығындағы құқықтық қорғанушылық – ертеңгі лайықты қарттық» жобасының аясында жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде бірінші рет Қазақстан халқының бүгінгі еңбек және зейнеткерлік құқықтары саласында туындайтын жағдайларға көзқарасын анықтауға, азаматтардың жұмыс істеуге және өзіне лайықты зейнетақы дайындау мүмкіндігіне қатысты әлеуметтік-экономикалық болжамдарын бағалауға, Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы және қорғаныс көзқарасы бойынша толықтыруды қажет ететін «проблемаларды» көруге мүмкіндік беретін кешенді тәуелсіз мәліметтер алынды.

Осы кезеңде  зерттеудің нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізілді, кейін Қазақстан азаматтарының еңбек және зейнеткерлік құқықтарын іске асырудың тиімділігі және айқындығын арттыру бойынша бірлескен тәжірибелік ұсыныстарды өндіріп шығару үшін пайдаланатын әр түрлі қоғамдық секторлар өкілдерінен пікірлер алынды.

Жұмыстың маңыздылығы  тікелей еңбек және зейнеткерлік құқықтардың қозғалысы мен қорғанысында еңбек ететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ зейнетақы қорлары мен жұмыс берушілердің жүйелі жұмысын оңтайландыру үшін әр түрлі еңбекші халық категориясының пікірін пайдалану мүмкіншілігімен анықталады.   

2. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛІК  ҚАТЫНАСТАР

Еңбектік өзара  қарым-қатынастар әр азаматтың тіршілік әрекетінің ажырамас және өте маңызды бөлігі болып келеді. Орта есеппен 30% жуық уақытын адам күнделікті әріптестерімен, басшыларымен және/немесе қол астындағы жұмысшылармен өзара әрекеттесумен, өз лауазымдық міндеттерін атқарумен, одан басқа, өз еңбек ұжымының «бейресми» өміріне жиі қатысумен жұмыста өткізеді. Осының бәрі және басқалары еңбек қатынастарының бөлігі болып табылады.

Еңбек қатынастары  өте күрделі және көп қырлы ұғым. Жалпы және толықтай, еңбек қатынастары - бұл еңбек қызметін жүзеге асыру процесінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында қалыптасатын қатынас.   

«Еңбек қатынастары» ұғымы: құқықтық (еңбек заңнамасы, еңбек  және ұжымдық келісім); әлеуметтік (жұмысшыға ұсынылатын әлеуметтік жинақ, кәсіподақтардың қызметі); қаржылық (жұмысшының еңбегін төлеу); кәсіптік (біліктікті арттыру, қызметкерді оқыту); психологиялық (ұжымдағы психологиялық климат, қызметкердің еңбекке дәлелі) және т.б. сияқты көптеген аспектілерден құралады. Аталған аспектілердің барлығы өзара тығыз байланысқан және өзара тәуелді, бір де біреуі бір- бірінсіз күн көрмейді. Басқаша айтқанда, өзара еңбек қарым-қатынасы – бұл жұмысшы, жұмыс беруші және мемлекет арасындағы серіктестік.

Қазіргі заманғы  кәсіпорындарда серіктестіктің орнына жиі патернализм – өзара байланыс және нормативтік- құқықтық әрекеттеріне негізделген ресми қатынастарды бейресми, жеке және байланыстық қатынастарға өзара тиімділікке ауыстыру қолданылады. Қажетті құжаттар жинағын (мысалы, санитарлық кітапшсын) ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамды жұмысқа алу, онымен қоса ол адаммен еңбек келісіміне отырмау және еңбек кітапшасына жазбау, еңбекке қолайсыз жағдайдағы жұмыс, қызметкерге «қара кассаға» өткізуге қажетті «сыйақы» төлеу мысал бола алады. Мұнда жұмысшының жоғары, алайда бейресми (жұмыс беруші салық төлемейтін) еңбекақыға келісетін жағдайын жатқызуға болады.

Алғашқы көзқараста, бұл екі жаққа да тиімді. Мүмкін, мұндай істің жағдайы барлық еңбек қатынастарының мәселелерін шешудің үйлесімді шешімі болар ма еді, алайда бір «БІРАҚ» бар.  Қазақстан Республикасы ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтау зейнетақы жүйесіне ауысумен жеке мұқтаждық қарттықты қамтамасыз ету жауапкершілігі  азаматтардың өздеріне жүктелді. Және адам өз еңбек өтілінің ары қарайғы құжаттамалық дәлелінің болуы туралы қаншалықты қам жесе, тұрақты зейнетақы бөлінуі көбінесе оның қарттықта қамтамасыз ететін өмір деңгейіне тәуелді. 

Мәселен, қазір еңбек күшінің үлкен бөлігі адамдардың барлық проблемаларын мемлекет шешетін, оған жұмыс орнын, еңбекақысын, кейіннен зейнетақысын кепілдейтін кеңес өкіметі кезінде тәрбиеленген адамдар болуында. Бұндай адамдардың менталитеті және қалыптасқан мінез-құлқы, олардың бүгінгі күнмен өмір сүретінін, қазір өз құқықтарын бұзудың болашақтағы салдарын бағалай алмайтындықтарын сипаттайды.

«ЗУБР» ӘКҚ  жүргізген зерттеудің мақсаты Қазақстан  азаматтарының бүгінгі күні еңбек  және зейнеткерлік құқығы саласындағы қалыптасқан жағдайларға қатынасы, осы саладағы ақпараттарға қызығушылық деңгейін, сондай-ақ азаматтардың осы құқықтарды іске асыру кезінде соқтығысатын проблемалар мен қиындықтарды анықтау болды.

Қабылдауды ыңғайлы  ету үшін алынған нәтижелердің барлығы келесі санаттар бойынша құрамдалған болатын: халықтың еңбек және зейнеткерлік саласындағы құқықтық сауаттылығы, азаматтардың еңбек құқығын бұзу, азаматтардың құқығын қорғау, зейнетақы жүйесі.  

2.1. Халықтың еңбек және зейнеткерлік саласындағы құқықтық сауаттылығы

Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында сұралғандардың жартысы - 46,9% - жұмысшының еңбек құқықтарымен өте жақсы таныс екендерін және қалған 43,1% - ол туралы жалпы көрініс бар екендігі туралы сендірді (1 кесте). Сөйтіп, Қазақстан халқының 90% (!) мәселе олардың өз еңбек құқықтарына келгенде өздерін сауатсыз емес деп санайды. Сұралғандардың 89,4% азаматтар ортақ дәрежеде жұмысшының еңбек міндеттерімен де таныс деп санайтындарын атай кету керек, бұл жұмысшылардың ұстанымы жұмыс берушілерге және олардың алдындағы жауапкершіліктерге қатысты «көрпені өзіне қарай тарту» ғана болып келмейтінін дәлелдейді. Сөйте тұра, өз құқықтары туралы білу, оны қорғай білу болып келмейді! Ал өз еңбек құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы азаматтар біраз аздау біледі (82,9%). Мөлшермен халықтың осындай пайызы жұмыс берушінің құқығы туралы және оның жұмысшыға қатысты міндеттері туралы қандай да болмасын дәрежеде ақпараттанған (82,7% және 83,1% сәйкесінше). Сөйте тұра, құқықтық ақпараттану деңгейі 30-39 жас аралығындағы аса экономикалық белсенді халықтың арасында жоғары екендігін айта кету керек.

1 кесте

Азаматтардың ақпараттану деңгейі (еңбек құқықтарын іске асыру жүйесі)

  Жақсы білемін  Жалпы білетінім бар Мүлдем            ештеңе білмеймін   Жауап беруге қиналамын
Жұмысшының еңбек құқықтары туралы 46,9% 43,1% 4,0% 6,0%
Жұмысшының  еңбек құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы 33,6% 49,3% 9,0% 8,1%
Жұмысшының  еңбектік міндеттері туралы 53,4% 36,0% 5,3% 5,4%
Жұмыс берушінің құқықтары туралы 36,7% 46,0% 9,8% 7,5%
Жұмыс берушінің жұмысшыға қатысты міндеттері туралы 34,9% 48,2% 8,3% 8,6%
Жұмыс берушінің мемлекетке қатысты міндеттері туралы 23,5% 46,5% 15,0% 15,0%

Қазақстанның  зейнетақы жүйесі туралы және азаматтардың осы саладағы құқықтары туралы ақпараттану деңгейі төменде берілген (2 кесте). Азаматтардың 70% жуығы өздерін толық жүйе туралы, одан аздауы  (67%) - өз зейнетақы жинақтары сақтығының кепілдігі туралы ақпараттанғанбыз деп санайды, одан да азы (шамамен 60%) зейнетақы жинағын сақтандыру жүйесі туралы біледі. Біздің азаматтарымыз ең аз құнсыздануды ескерумен зейнетақы жинағын индекстеу тетігі туралы ақпараттанған – барлығы 42,3%. Сөйте тұра, азаматтар жиі «Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес азамат зейнеткерлікке шықанда және жасы бойынша бірінші зейнетақысын алған кезде бір рет жүргізілетін, жыл сайынғы мемлекеттік өтемақыдан зейнетақы қорлары өздері жүргізуге қажетті индекстеумен шатастырады. Қызығы, еңбек құқығына қарағанда зейнетақы жүйесі мәселесінде ақпараттану үстіртін – «Жалпы білетінім бар». Бұл жерде респонденттердің анық көрсетілген жасқа тәуелділігі жоқ. Зейнетақы жүйесінде бір жағынан 30-49 жастағы белсенді, жұмыс істейтін халық, екінші жағынан өз тәжірибесінде зейнетақы есебі және алумен соқтығысқан, жұмыс істейтін зейнеткерлер жақсы бағдарланған.

2 кесте

Азаматтардың ақпараттану деңгейі (зейнетақымен қамтамасыз ету)

  Жақсы білемін  Жалпы көрінісім бар Мүлдем            ештеңе білмеймін   Жауап беруге қиналамын
Зейнетақы жинақтарының сақтығын кепілдеу туралы 18,3% 48,6% 18,2% 14,9%
Зейнетақы жинағын сақтандыру жүйесі туралы 13,4% 46,4% 25,6% 14,6%
Қазақстанның  зейнетақы жүйесі туралы толықтай 13,8% 54,3% 15,9% 16,1%
Өз  еркімен зейнетақыны аудару мүмкіндігі туралы 18,8% 44,5% 19,6% 17,1%
Құнсыздануды  ескерумен зейнетақы жинағын индекстеу тетігі 7,4% 34,9% 33,9% 23,8%

Егер де халық еңбек және зейнеткерлік құқықтары туралы ақпарат алу көздерінің қайсысын таңдайтыны туралы айтатын болсақ, «көшбасында» - теледидар, баспа БАҚ, Интернет, жұмыс орны бойынша кеңес және мамандандырылған ұйымдарда жеке кеңес тұрады (3 кесте). «Көрініс» жеткілікті алдын ала болжалған және күтілген.    
 

3 кесте

Ақпарат алу көздерінің «рейтингі»  

Теледидар 52,6%
Баспа БАҚ 49,0%
Интернет (соның ішінде меморгандарының электрондық қабылдаулары арқылы) 31,9%
Жұмыс орны бойынша кеңес алу 27,0%
Мамандандырылған  ұйымдардан жеке кеңес алу 24,7%
Радио 19,5%
Осы мәселе бойынша кеңес беретін телефондық қызметтер 14,8%
Жақындардан, достардан, таныстардан 13,6%
Парақшалар, буклеттер, жаднамалар 11,0%
Осы тақырыпқа қатысты семинарлар 9,8%
Мамандандырылған  әдебиет (құқықтық әдебиет, кәсіби журналдар және т.б.) 8,0%
Пошта арқылы сұраныс 5,0%
Басқа 0,2%

Осыған орай, Қазақстанның әр түрлі аумақтарында ақпарат алудың басым көздерінде айтарлықтай анық айырмашылықтар орын алатынын айта кету қажет. Сөйтіп, Батыс Қазақстанда – мамандандырылған ұйымдарда және жұмыс орындарында жеке кеңес алу, ал Астана қ. Интернет (соның ішінде меморгандарының электрондық қабылдаулары арқылы) артық көрсе, Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс Қазақстан және Алматы қ. теледидар мен баспа БАҚ-ты таңдаған. Оңтүстік Қазақстан үшін тағы бір ерекшелік – басқа өңірлерге қарағанда БАҚ, сондай-ақ радиоға деген үлкен сұраныс.

Сонымен қатар, қазіргі сәтте теледидарда және баспа БАҚ еңбек және зейнеткерлік құқығына арналған ақпараттың көп емес екенін байқауға болады. Ерекше назарды сондай-ақ жұмыс берушілерге аудару керек – кәсіпорында жұмысшыларға осы мәселе бойынша түсініктеме немесе кеңес беруге мүмкіндігі бар қызмет немесе маман бар ма екен? 

Информация о работе Еңбек және зейнеткерлік құқығы