Еңбек және зейнеткерлік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 12:31, реферат

Описание

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ресми мәлімделген Қазақстан Республикасындағы еңбек және зейнеткерлік құқықтары болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Еңбек және зейнеткерлік құқығы.docx

— 54.73 Кб (Скачать документ)

5.                  Еңбек құқығының бұзылуы тек жұмыс берушінің кесірінен ғана бола бермейді. Жиі қызметкерлер өздерінің демалысқа баруына шек қояды, науқас бола тұра жұмысқа шығады, өз бастамасы бойынша немесе қосымша ақшадан айырылмас үшін үнемі жұмыс кестесін бұзып жұмыс істейді. Сөйте тұра, сұралғандардың жартысы өз еңбек құқықтарын басты бұзушылары деп жұмыс берушілер мен оның өкілдерін (тікелей басшыларды ғана емес, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер) айтады. Екінші жағынан, еңбек құқықтарының бұзылуын болдырмауға да өз жұмыс берушілері және басшылар, сондан кейін ғана еңбек инспекциясы мен өзі жауапты дейді.   

6.                  Әйелдердің құқығы еркектерге қарағанда жиі бұзылады деген тұрақты стереотип бар. Зерттеудің нәтижесі осы қоғамдық пікірді дәлелдемеді: сұралған әйел және еркек топтарында бұзушылық санының айырмашылығы жоқ. Құқықты қорғау мәселесіндегі гендерлік аспектіге келетін болсақ, ерекшелік, ер адамдар әйелдерге қарағанда өз құқықтарын қорғау керек болса аса белсенді орын алатынын көреміз.

7.                  Еңбек саласында қалыптасқан проблемалар мен дауларды жұмысшылар «жақсы жолмен», ең бірінші басшылықпен немесе, екінші кезекте кәсіподақтармен (бар болса) шешуді қалайды. Қалған азаматтық қоғам институттары (саяси партиялар, қоғамдық, солардың ішінде құқық қорғау ұйымдары және БАҚ) азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауда ешқандай рөл ойнамайды. Мемлекеттік органдарға (арнайы еңбек инспекциялары және сот) хабарласу, еңбек құқықтарын қорғаудың кең тараған түріне жатпайды. Толықтай, жұмысшылар өз еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, артынан болатын жағымсыз тексерулерден сақтанып, мүлдем ешқайда хабарласпауды таңдайды. Тәжірибе көрсеткендей, егер хабарласатын болсаң, онда жалғыз емес көпшілікпен бару қажет, өйткені көпшіліктің пікірі жұмыс берушіге қарағанда үнемі басым болады. Сонымен қатар, «бейресми» қорғаныс әдістерін пайдаланусыз болмайды – бәсекелесіне кетіп қалу, жұмыс берушіге «басым» жасауға мүмкіндігі бар таныстар табу және т.б.

8.                  Кәсіподақтардың болуы кәсіпорынның көлеміне тәуелдігі барынан, ірі кәсіпорындардың (коммерциялық және бюджеттік саладағы) қызметкерлерінің, шағын ұйымдардың қызметкерлеріне қарағанда еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қолдау сұрап хабарласу мүмкіндіктері жоғаны екенін білуге болады.

9.                  Кейбір ұйымдарда қызметкерлермен ресми еңбек шарттарын жасаспау проблемасымен қатар, жұмыс істейтін азаматтардың өздерінің еңбек шарттарын жасауға жеңіл және жауапкершіліксісз қарайтын жасырын проблема бар. Болашақта бұл лайықты қарттықты қамтамасыз ететін зейнетақы жинағын жинай алмау мүмкіндігін тудырады.

10.              Азаматтардың жартысы еңбек құқықтарын іске асырудың қолданыстағы жүйесі тиімсіз және жетілдіруді талап етеді деп санайды. Осындай тиімсіздікті туындайтын негізгі себеп – азаматтардың сәйкес қорғау органдарына (әділдікке сенбей) хабарласудан қорқатындықтары (қажет етпеу), жұмысшылардың құқықтық сауаттылықтары деңгейінің төмендігі, қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігі, құқықты бұзған тұлғалардың жауапсыз қалуы, және азаматтардың өз құқықтарының бұзылуына салғырттықпен қарауы.  

3.2. Зейнетақы жүйесі 

1.                  Қазақстан азаматтарының көпшілгі бар зейнетақы жүйесіне сенімсіз қарайды және болашақта өз зейнетақы жинақтарына ғана сенбейді. Халықтың жартысынан көбі мемлекеттік зейнетақыға және үштен бір бөлігі балалары тарапынан көмекке сенеді. 

2.                  Қолданыстағы зейнетақы жүйесі көптеген азаматтар үшін аудару механизмдері жағынан, және де құқықтық қорғау жағынан және болашақтағы зейнетақымен қамтамасыз етуі түсініксіз болып отыр. Азаматтардың көпшілігі жоғары деңгейлі зейнетақы алуды күтеді, сөйте тұра, осы «тілек» болашақтағы жинақтау жүйесі бойынша төлемдердің сомасы және тәртібін түсінігінің анық еместігіне байланысты ештеңемен бекітілмеген. Сөйтіп, қазіргі уақытта жұмысшылар өзінің болашақтағы зейнетақысына жауапкешілікті жұмыс берушіне аударуға тырысады. Проблеманың «түбі» зейнетақы жүйесінің құрылымдық элементтерінде, сондай-ақ осы жүйені пайдаланушылардың сауаттылық деңгейінде бірдей жатыр - өз құқықтарын және оларды қорғау әдістерін толық деңгейде білмейтін салымшылар.

3.                  Қазіргі сәтте зейнетақы қорын таңдау ұғынушылықпен жүзеге асырылады, алайда көптеген азаматтар үшін таңдау критерилері «бәрі қайда барса мен сонда» қағидаты бойынша құрылады. Осындай жағдай жұмысшы зейнетақы қоры қызметінің (қоғаммен қабылданған) ресми бағалау көрсеткіштерімен ғана негізге алған кезде туындайды. Салымшылардың саны және табыстықпен қатар, қызмет көрсету сапасы, инвестициялық портфель, қордың тұрақтылығы, бір қалыптылығы және т.б. туралы ақпарат басты орын алады.

4.                  Ынтымақтастықтан жинақтау жүйесіне ауысу азаматтардың ақылына біраз түсінбеушілікті әкелді. Сөйтіп, еңбектік қызметі соңғы онжылдықты қосатын жас адамдардың көбі оларға жаңа зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі таралғанына қарамастан, мемлекеттік зейнетақы алуға үміттенеді.   

5.                  Респонденттердің көпшілігі зейнетақы жүйесі туралы жеткілікті ақпараттанғандары туралы белгілегендеріне қарамастан, өз еркімен және міндетті зейнетақы салымдары түрлерінен ешқандай айырмашылық көрмейтін үлесі жоғары. Сұралғандардың үштен бір бөлігі инфляцияны ескерумен индекстелген зейнетақы жинақтарының механизмі туралы, индекстеудің бұл түрі тәжірибеде қолданбаған кезде, жалпы түсінігі бар деп ойлайтындары қызық жәйт. Осылайша, қазіргі сәтте Қазақстан азаматтарының қолданыстағы зейнетақы жүйесі туралы түсініктері шала, салымшылар оның тәжірибелі механизмдерінде жетерліктей жақсы бағытталмаған.

 
 

[1] Әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі (ҚР ЕК 1-б).

Информация о работе Еңбек және зейнеткерлік құқығы