Кластерлік модельдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 19:33, курсовая работа

Описание

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері...............................................................................................5
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы........................................................................................................................10
1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі....................................................................................................................
2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.................................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары.....................................................................................................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері...............................................................
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
ҚОСЫМША............................................................

Работа состоит из  1 файл

кластер.doc

— 927.50 Кб (Скачать документ)

     Қазақстандық  мұнайгаз және машинажасау кластерінің  жұмысы да күмәнді. Өйткені мұнайдың әлемдік бағасының ауытқуына тәуелді, әлемдік баға құлдыраған сайын сол кластерге деген инвестиция азаяды немесе мүлдем инвестициялау тоқтайды. Бұл кластердің пайда болуы Қазақстандық экономиканың әлемдік коньюктураға тәуелдігінен құтыла алмайды және индустриалды – инновациялық даму стратегиясының мақсатына жетуіне жақындатпайды. Сыртқы нарықтың “тар” болуына байланысты өндіріс масштабының әсеріне сүйене алмайды, өйткені аз аз әсерлі болып табылады. Бұл кластер экономиканың өсуіне септігін тигізе алмайды, ЖІӨ-нің машина жасау 0,6-0,9%-ын ғана құрайды. Кластерді құрылыс материалдары құру тиімсіз, өйткені мұнда тек жеткізуші ғана. Қажетті ресурстар елдің әртүрлі аймағында бөліп таратылған, өндіріске минералды ресурсы орналасқан жерде орналасса тиімді. Көбінде құрал – жабдық  өндірушілерден басқа салмақты жеткізушілер, жақын салалары жоқ, ал құрал – жабдық шығаратындар Қазақстандықтар емес.

     Құрылыс материалдарының өндірісінің кластері өндірістік және әсіресе тұрғын – ұй құрылысымен бірге ұйымдасуы мүмкін. Мұндай кластерді ұйымдастыру ресурстың және дайын өнімнің бөліп таратылуна байланысты мүмкін емес. Құрылыс материалдарының әртүрі бойынша бәсекелес өндірісті ұйымдастыру нұсқалары аз. Бұл сектордың кластерінің экономикаға аз әсері бар.

     Ал  көлік пен логистикалық қызмет кластерін дамыту шешімі де сәтті бола ламайды. Көлік пен логистикалық қызмет – кластер қолданатын бұл инфрақұрылымның обьектісі. Оларды дамыту, кластер қатысушыларына үлкен жетістікке жетіп, нарықта бәсекеқабілетті болуға кедергі боп жүрген ортақ мәселені шешу.

     Азық  –түлік өндірісі, метеллургия және туризм – кластерлік дамудың барлық талаптарына жауап беретін, дайындығы  жақсы обьектілер. Олардың әрқайсында маманданған жеткізушілердің және әртүрлі ұйымдардың өндірушілерінің  бірнеше аумақтық кешені құрылған. Олар бір – бірімен технологиялық тізбектелген және барлық кластер мүшелері үлкен жетістікке жету үшін күш біріктіруге қызығады.  Олар бірге ЖІӨ-нің 10%-ын құрап отыр. олардың сәтті дамуы үшін қатал ресурстық шектеу жоқ, даму үшін потенциал жоғары, экономикаға деген ықпал перспективті өсіп отырады. Тек үкімет өз назарын кластерлік саясатқа, осы кластерге ғана аударса, экономиканың басқа салаларына зиян келеді. “ Егер басқа секторларға серпінді дамуға мүмкіндік беретін бірыңғай экономикалық стратегия жоқ болсажиынтық экономикалық әсер тиімсіз болады ” – деді К. Кетелс. Кластердің, сондай-ақ жалпы экономиканың дамуына қауіп төнеді: біріншіден, ғылыми – техникалық потенциал төмен, болғандары қолданып қойылды, ал жаңаларын ойлап табу үшін жылдар қажет. Жүйелі түрде мақсатқа бағытты, жауапты түрде алға ұмтылғанның орнына, әрекетсіздігіміз кері әсерін береді; екіншіден, шикізаттық емес сектор саласында шығындары көбейтетін теңгенің долларға ауысу курсын нақты бекіту. Әсіресе азық – түлік өндірісі, тігін, машина жасау, тоқыма т.с.с Мұнай әрқашанда қазылып экспортқа шығарылуы өсіп отыратындықтан және мұнайға деген әлемдік баға уақыт өткен сайын өсіп отырса мұндай болашақ нақты бола алады. Бұл Қазақстандық тауар модернизациясын және өндірістің кластерлік дамуына барлық бәсекелестік басымдықты ұсынады.         

            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі  кластерін құру мен жетілдіру  жолдары

     3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы  кластерлерді құрудың ұйымдық  және қаржылық аспектілері 

     Қазақстанның  агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы екі  негізгі міндетті шешуге бағытталған. Оның біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету, екіншісі – экспортқа  бағдарланған өндірісті дамыту және экспортты әртараптандыру.

     Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауында «Ауылды көтерудің негізгі  факторларының бірі агроөнеркәсіп  кешенінің тұрақты және динамикалық  түрде дамуы» деп ерекше көңіл  бөлінген болатын.

     Экономиканың  дамуы барысында әрдайым жоғары сұранысқа ие, мемлекеттің экономикалық тұрғыда, экспорт және импорт алмасу үрдісінің дамуына негізгі әсер етуші фактордың бірі мал шаруашылығы, соның ішінде сүт және сүт өнімдері болып табылды.

     Бірақ, сүт және сүт өнімдерінің кластерін  құрып бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары  теориялық тұрғыда жете зерттелмеген және ғылыми тұрғыда терең негізделуді талап етеді. Осыған байланысты зерттеуді мақсаты мен міндеттері айқындалды.

     Сүт кластерін құрудағы негізгі мақсат  – сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылату бойынша ғылыми-әдістемелік тұжырымдалған, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

     - экономикалық категория ретіндегі бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызын, оны қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету;

     - Шығыс Қазақстан облысындағы сүт өндірісінің қазіргі жағдайын талдап, даму беталысын айқындау;

     - сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды талдап, бағалау жүргізу;

     - тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерге талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап жүргізу;

     Шығыс Қазақстан облысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорынның өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығын қарастыру.

     Шығыс қазақстан облысындағы сүт және сүт өнімдерін өндірумен 42 шаруашылық субьект айналысады, оның ішіндегі 23 цехының қуаттылығы аз. Қайта өңдейтін кәсіпорындардың бекітілген қуаттылығы тәулігіне 420 т. Өндірістік қайта өңдеуге 66 мың т немесе 9,5% өндіріс сүті түседі. Сүт өндірісінің жылдық көлемінде сұйық және кілегей 10-11 мың.т, ірімшік 444-809 мың.т, йогурт 4,8-6,2 мың.т

     Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі  кәсіпорындардың бірі болып табылатын «ШЫҒЫС-СҮТ» компаниясы сүт кластерін құра отырып сүт және сүт өнімдерінің сапасын, бәсекеге қабілеттілігі арттырудың негізгі жолдарын қарастырып, аймақтық нарықтарда сүт өнімдерін өткізу көлемін арттыру және нарық үлесін жоғарылатуға бағытталған өнімді өткізуді ұйымдастыру жолдары қарастырылған:

  • сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторларды бағалау арқылы оны жоғарылатудың негізгі жолдары анықталған.

      

 

 

 

 

 
 
 

 
 
 
 
 
 
 

Сурет 8.  «ШЫҒЫС - СҮТ» кәсіпорнының сүт кластері

     «ШЫҒЫС - СҮТ» кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысында өндірілетін сүт өнірісінде дайын өнімнің жалпы көлемінің 60%-ы өндіреді, құрылымы тігінен біріктірілген «ШЫҒЫС - СҮТ» кәсіпорыны аймақтық сүт кластерінің үйлестіруші орталығы бола алады. Бірақ облыста басқа да ірі сүт өндірушілер болғандықтан, облыстың сүт нарығының алдыңғы операторларының басшылар құрамында сүт кластерлерінің кеңесін құру мақсатқа бағытталған болар еді.   

     

       

     

     

       

      Өндірістік қызмет

     

       

     

     

     

       

     

       
 

     

     

«Восток-Молоко» ЖШС

     

     

     

       

       
 

     

     

     

       
 

     Сурет 9. «ШЫҒЫС - СҮТ» кәсіпорнының сыртқы және аудандық кластері

     Шығыс Қазақстан облысындағы сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың көбі, қазіргі уақытта, тек өнімнің бір ғана түрін өндіруге икемделген және шығаратын өнімдерін терең өңдеу технологиясы әлі де жолға қойылмаған. Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды мақсатында мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытында ауқымды жұмыстарды атқару керек. Қазір бұл саланың бәсекелестік қабілеті өте төмен. Бүгінде еліміздің барлық мал басының 80 пайызы бәсекеге қабілетті емес. Сол себепті асылдандыру тұқым-селекциялық жұмыстарды шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына лайық жүргізу, жергілікті ірі қара малдың өнімдік сапасын арттыру үшін шет елден әкелінген, жергілікті климатқа жерсіндірілген асыл тұқымды түрлерін пайдалану; қайта өндіріп шығаруда алғы технологияларды пайдалану; малдың өндірістік және тұқымдық сапасын арттыру жұмысында келесі тұқымдарға ең басты көңіл бөлу қажет. Мысалы: сүтті ірі қара тобында – қара-ала, қызыл, сұрғылт, сұр-ала тұқым түрлеріне, жақсартушы ретінде – голштин-фриз қара-ала, голштин-фриз қызыл-ала және америкалық швиц селекциялық тұқымдарымен будандастыру арқылы жоғары сауылымды сиыр тұқымның түрін алуға болады. Бұл сиырлардың сауылым деңгейі және сүтінің сапасы жоғары.

     Табиғи  капиталдың өсімі адамзаттың өзімшілдігімен шектеулі. Бұл әлеуметтік ауру ұзаққа созылуына қарағанда емделмейтін  ауруға ұқсайды. Экологиялық сезімнің амбиваленттілігінің дамуы ерекше қауіпті, табиғатты қолданудың тұрақты саясаты ойлап табылмаған жағдайда, табиғи ресурстарды игеру кезінде қандай концептуалды сызықты ұстану керек екені жайлы нақты шешімге келе алмайды. Негізінен абсолютті рента алу үшін табиғаттан максимум бойынша алу керек пе немесе квазирент алу үшін келесі ұрпақпен бөлісу қажет пе.

     Табиғи  капиталды экспотенцианалды өлшем  ретінде де қарастыруға болады. Табиғи  капиталдың өсімін өткен шақта, қысқа  мерзімде халықтың өскен сұранысы тұрғысынан қарауға болады. Табиғи ресурстардың потенциалын қайта туындатып үлгермейді, ал адамдардың шикізатқа деген сұранысы геометриялық прогрессия бойынша өсуде, бұл жағдайда адамды экоэгоцентрист деп қарастырамыз.

     Бұл мәселені зерттеуде Мальтус көп  жағдайда дұрыс айтты, коммунистерден әсіресе ортодоксальдар оған кінә артты. Бірақ геологиялық ғылымға сүйенсек, көміртекті ресурстарды өсіру болжанбайды. Экономикалық ойлар бойынша және тіпті үлкен тереңдіктегі көмірсутекті шикізат қоры көп болса да оны алу мүмкін емес. Бұл ғарыштан гипотетикалық ракеталардың көмегімен мұнай мен темір рудаларын тасығанмен бірдей.

     Аймақтың  табиғи ресурстарын капиталдандыруда экологиялық – экономикалық үлкен  әсерді оларды кешенді игеруде қол  жеткізуге болады. Табиғи капиталдың максималды пайда болуы квазирент алу көмегімен, кластерлеудің арқасында болады.

     Жалпы алғанда кластерлеуде өндірістік байланыс коопераиялары негізінде көлденең бойынша немесе шоғырлану процесі  бар. Жалпы айтсақ, бұл спекания табиғи ресурстарды капиталдандыру проблемасына “алыстан” қарау. Табиғи ресурстарды кластерлеу кезінде технологиялық байланыстардың тігінен тереңдетілуі, жалпы айтқанда табиғи ресурстарды капиталдандыру мәселесіне “тышқанның інінен” қараумен тең деуге де болады.

     Көлденең  бойынша өндіріс байланыстарының кооперациялары берілген кластерде квазиренттер алғанға дейін табиғи рентаның пайда болуының барлық деңгейінде табиғи капиталдың алынуын қамтамасыз етпейді. Қосылған құн дайын өнімді шығару кезеңінде жетілген технологияның көмегімен алынады.

     Арифметикалық прогрессия теңдігін қолданып ауылшаруашылығындағы табиғи капитал өсімін есептеуге болады. 

Информация о работе Кластерлік модельдер