Кластерлік модельдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 19:33, курсовая работа

Описание

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері...............................................................................................5
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы........................................................................................................................10
1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі....................................................................................................................
2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.................................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары.....................................................................................................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері...............................................................
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
ҚОСЫМША............................................................

Работа состоит из  1 файл

кластер.doc

— 927.50 Кб (Скачать документ)

     2.1. Сүт кластерін құрудың даму тенденцияларын талдау 

     Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында мал шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығына орай оның өзектілігі анықталады.

     Қазақстандағы сүт өндірісінің өнімі бірінші  кезекте өз жағдайын ішкі нарықта  жасау керек. Әлемдік сапа үлгілерімен  сәйкестендіріп, бағаға арақатынасын түзеу керек.

     Қазақстанда бұл қызмет түрін жүргізуге жағдай жасалған – сүт өнімдерін шығару, бірақ оның даму темпі төмен, әсіресе дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында.

     Қазіргі экономикадағы маңызды мәселелердің кластертүзілудің теориялық негіздерін зерттеу арқылы сүт өнеркәсібіндегі  кластерді дамытудың бағдарламаларын  жетілдіру және оның субьектілерінің бәсекеқабілеттілігін арттыру болып табылады.

     Қазақстанның  сүт өнеркәсібінде кластертүзілу  процесін жеделдету жөніндегі ұсыныстарды  жасап оның бәсекеқабілеттілігін арттыруға  бағытталған, яғни келесі ғылыми нәтижелер  алынған:

     - кластер және аймақтық-өндірістік кешен ұғымдары арасындағы методологиялық айырмашылықтар анықталған;

     - әлемдік экономикада сүт кластерінің  атқару ерекшеліктері айқындалады.

     Отандық сүт өндірісінің субьектілерінің  бәсекеқабілеттілігінің болуы сыртқы нарықтағы бәсекелестермен салыстырғанда айқын болған емес.

     Бәсекеқабілеттілік  категориясы соңғы 20 жыл ішінде әлемдік  шаруашылықта жаңа мемлекеттер санының  көбеюімен олардың бәсекеқабілеттілігі  күшейген кезде белең алды. Қазіргі уақытта әр елдің ғалымдары ұсынған 37 мойындалған теория бар.

     Дүниежүзілік  сауда ұйымына кіру алдында кластерлік даму үлгісіне орай мемлекеттік қаржыландыру рационализациясы қажет. Ол үшін, дамыған  елдің тәжірибесі көрсеткендей шаруашылық  және ауылшаруашылық саласында ірі  кооперативтік серіктестерге сүйенген формаға өзгерту енгізу керек.

     Сүт өндірісінде сүттің көп бөлігін  фермерлік шаруашылықтар шығарады. Олар негізгі өндірушілер, қайтадаярлаушылар, даярлаушылар.

     Қазақстандағы сүт өнімдерін шығаратын сала белсенді өсу кезеңінде. Жылдық өсу  темпі 13,1 % құрады.

     Сүт өндірісінің дамуында негізгі шектеу өндірістің 50%-ында 5-7 жыл қызмет еткен технология ғана емес, негізгі шикізат – шикі сүттің жетіспеушілігі.

     Қазақстандағы сүт кластерлерінің құрылымын белсендендіру  факторларына тоқталсақ:

     1) жергілікті қаржыландыру – жергілікті деңгейде қаржыландыру көздерімен шығындарын жоспарлау. Ауылшаруашылығын тұрақты дамытуда жүзеге асыру шаралары;

     2) шаруашылықтың индустриалды формасына  көшуін қамтамасыз ету: 

     -    ауылшаруашылығын индустриалды  дамыту негізінде шаруашылықтың  ірі және орта формасына өту;

     - жергілікті деңгейде қаржылық  механизмді активизациялау негізінде  ынталандыру: малдарды сатып алукезіндегі  субсидия, жем-шөп сатып алудағы  субсидия.

     3) мамандарды даярлау:

     - мемлекеттік тапсырыс берушілердіңталабына  сай мамандарға және арнайы программаларға келістіру;

     - материалды-техникалық базаны жаңарту;

     - жұмыс берушілердің әлеуметтік  серіктестердің және білім мекемелерінің  спектрін кеңейту, кәсіпорында  оқытушылардың тәжірибесі, жұмысберушілердің  аттестация орталықтарының қызметінде, жұмысшыларды сертификациялауға қатысуы.

      4) өндіріс сүтінің шикізат базасын  күшейту:

     - құрылыс орталықтарын қаржыландыру, шығындарды қайтақаржыландыру, жергілікті  атқарушы органдардың және бәсекелестік  орта ұйымдарымен ветеринарлық  қызмет орындарының ветеринарлық іс-шараларды өткізуін шектеу;

     - шаруашылық серіктестіктерді біріктіру  үшін сүт жинау жобаларын несиелеуде  жеңілдік беру.

     5)  әлеуметтік инфрақұрылымды ауылдық  орналастыруды қамтамасыз ету  деңгейін арттыру:

     - халықты сапалы сумен, энергиямен, автожолдармен, автобустармен қамтамасыз етуде нормативке қол жеткізу;

     - білім және медициналық қызметке  қол жеткізу.

     Сүт кластерін құрып сапалық, техникалық, эстетикалық жағын арттырудың отандық өндірушілер кешенін дамытуда және ішкі рынок тұтынушыларының барлық топтарын жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде, сыртқы экономикалық байланысты кеңейтуде тәжірибелік мәні зор. Осы мәселені шешу ел экономикасын дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту, олардың өмір сүру деңгейін арттыру, ғылым мен техникалық прогресс жетістіктерін ендіру, ұлттық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті кәсіпорын мен аймақтарды жетілдіруге байланысты кешенді сипат алады.

     Сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі  оның көптеген тұтынушылық қасиеттерімен  анықталады. Осыған байланысты, сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі – бәсеке жағдайында тағамдық құндылығы, табиғилығы, дәмі, майлылығы, бағасы, сақталу мерзімі, санитарлық-гигиеналық жайы, сыртқы орамасының тартымдылығымен тұтынушылардың қажеттілігі мен талғамын және өткізу жағдайымен қанағаттандыратын экономикалық түсінік. Оған өнім сапасы, бағасы, тұтынушы талғамы және жаңашылдық факторлары әсер етеді. Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын параметрлерді сандық және экономикалық деп (сату бағасын қалыптастыратын) бөлуге болады. Сатып алушының тауарды сатып алудағы алғашқы қадамы өнімнің сапасын бағалаудан, сондай-ақ оның бағасына мән беруден басталады.Сүт және сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің бірі. Шет елдерде сүт өнімдерінің бір жылдағы тұтыну нормасы 185 – 477 кг аралығында өзгереді.

     Сүт одағының мәліметтері бойынша, қазіргі таңда отандық сүт және сүт өнімдері халықты сапалы өнімдермен толық қамтамасыз ете алмайды. Өндірілген шикізаттың тек 1\3 бөлігі өнеркәсіптік қайта өңдеуден өткізіледі. Отандық кәсіпорындар оралған сүт өнімдерімен тұтынушылардың қажеттіліктерінің тек 27% қамтамасыз етеді.

     Статистикалық мәліметтер мен кәсіпорынның есептік  көрсеткіштерін талдау барысында сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етіп отырған мәселелер анықталды, олар: жем-шөп базасының әлсіздігі, ұсақ тауарөндірушілер (сүттің 90%-ы үй шаруашылықтарында өндіріледі) және орта және ірі арнайы шаруашылықтар дамымағандығы, үй шаруашылықтарында өндірілетін сүт үлесінің басымдығы өнім, сапасының төмендігі, жергілікті  жүйелі ұйымдастырылған сүт жинау орнының болмауы, арнайы ұйымдастырылған  өндіріс жүйесінің қуатының жеткіліксіздігі, өндіріс саласына сәйкессіздігі, өндіріліп отырған өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы.

     Сүт және сүт өнімдерінң бәсекеге қабілеттілігі  оны өндіруге кеткен шығындарға тәуелді.

     1- суретте көрсетілгендей, сүттің өзіндік құнының 43,4% жем-шөп шығындарынан, 23,8% еңбек ақы қорынан, 12,9% – басқа да өндірістік шығындардан, 5,9% – қосымша бөлшектерден, жөндеу және құрылыс материалдарынан, 5,6% – отыннан, 3,8% – электр энергиясынан, 2,8% – амортизациядан, 1,6% – қызметтер мен жұмыстарға төленетін ақыдан, 0,3% –суға төленетін шығындарынан тұрады. Осы мәліметтер бойынша, кәсіпорынның өзіндік құнында жем-шөпке кететін шығындар басым болып тұр.

     Мамандандырылған  жем өндірісін қолға алмай  бұл мәселені шешу мүмкін емес. Өндірілген жемді тиімді қолданудың өзі бірнеше  факторлаға  байланысты: шикізаттың сапасы, құрамдас жем түрін дайындайтын мамандардың кәсіби біліктілігі, компьютерлік бағдарламалар мен  жемдеу нормаларын және дайын жемді тарату технологиясы.

     Өзіндік құнда сүт өндірудегі еңбек ақы қорының үлесі де жоғары. Еңбек өнімділігін арттыру шикізат көлемін жорғарылату себептерінің бірі. Өндірісті жаңа техникамен негізгі құралдармен жабдықтау өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.  

   Сурет 2. Сүт өндіруші кәсіпорынның орташа жылдық өзіндік құны 

      

     3-cуретте сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудыдың маңызды шешімі ретінде, сапалы сүтті шаруадан сатып алуды қамтамассыз ету үшін сүт және сүт өнімдерін өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарының экономикалық қарым-қатынасының үлгісі көрсетілген. 
 

 

Сурет 3. Сүт және сүт өнімдерін өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарының экономикалық қарым-қатынасының үлгісі 
 

     Сүт және сүт өндірісінің 90% үй шаруашылығында өндіріледі, сол себепті ең алдымен  өнеркәсіп кәсіпорындары шаруадан алатын шикізаттың сапасын жоғарылату үшін бағасына, тасымалдау құнына, тапсырыс уақытына келісімді алдын - ала жасасуы қажет. Сонымен қатар мал азығын өндіруші мекемелердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызып, мақсатты бағдарламалар қабылдап, мәселен олардың ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдіктермен, ұзақ мерзімге сатып алуға т.б. қолдау көрсету; мал шаруашылығы тұлғаларын лизинг негізінде жем-шөптік дақылдарды өсіріп, көбейтуге арналған арнайы құрал-жабдық алуына жағдай туғызу керек. Бұл өз кезегінде өндірген сүттің сапасын арттырады, сапалы сүттен сапалы сүт алуды қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынуы тиіс. Сүт және құрамында сүті бар өнімдерді қайта өңдеу үшін сүт-шикізаты шикі түрінде берілуі керек. Сиырды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуін қамтамассыз ету үшін сүт және сүт өнімдерін өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарының экономикалық қарым-қатынасы жүйеленуі керек. 

     2.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 

     1996 жылы Глубокое ауданындағы Ленин совхозында 3 шаруашылық құрылған, соның бірі «Кырыкбаев Т.М.», ол ең бірінші ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін меншік иелерінен жерді жалға алып отырды.

     Қазақстан Республикасының жер кодексі  қабылданғаннан кейін, 2004 жылы бұл жерде «Бобровка +» ЖШС құрылды, бұл шаруашылық серіктестігінің басшысы Кырыкбаев Т.М болды. Бұл жауапкершілік серіктестікте 115 адам жұмыс істейді, олар осы серіктестіктің жарғылық капиталына жер үлестерін қосқан даамдар.

     Бұл серіктестікті қайта құру кезінде кәсіпорындардың материалды – техникалық базасымен, мамандар құрамы сақталған. Қазіргі уақытта рентабельді, қаржылық – тұрақты шаруашылық.  Жыл сайын шаруашылықтың өндіріп шығаратын дайын өнімі 4 мыңнан асады. 

     «Бобровка +» ЖШС «Украинка» ЖШС – мен  сондай-ақ  Ұлан ауданында орналасқан «Иртыш» ЖШС – мен серіктестік орнатқан. Олардың серіктестігі екі  жаққа да  ұзақмерзімді әрі табысты болып келе жатыр. Өзінің шығаратын өнімдерін Өскемен қаласында орналасқан  «Защитинский элеватор» ЖШС мен  «Май» АҚ – да қайта өндіріп, жүзеге асырады.

     Қайта өндірілген және жеткізілген ауылшаруашылық өнімінің шикізаты ветеринарлық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

     «Бобровка +» ЖШС Глубокое ауданының салық  комитетінің салық есебінде тұр. Салық салудың арнайы режимімен жұмыс істейді.

     Қазіргі уақытта жұмыс орнында орташа тіркелген жұмысшылардың саны 22 адам.

     «Бобровка +» ЖШС – нің негізгі міндеттері келесідей:

  • серіктестіктің қатысушыларына дивидент төлеуге мүмкіндік беретін табыс алу және ауылшаруашылық өнімін шығаруды кеңейту;
  • «Восток-молоко» корпорациясында сүтті қайта дайындап шығару үшін сүт өндірісін арттыру үшін жем – шөп базасын арттыру;
  • 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы актив балансы едәуір артты, негізгі құралдар жыл сайын жаңартылуда. Негізгі құралдардың тозуы 26 % құрады;
  • дебиторлық қарызы 2009 жылы 14000 көлемінде, ал кредиторлық қарызы  7000 көлемінде болды.

      Ауылшаруашылық  өнімне нарықта орын алған жағдай және  ағымдағы жылдың астық түрлері  жеткізушілерге тауар мен қызмет үшін есеп жүргізгенде ағымдағы жылды табыспен аяқтауға көмектеседі.

Информация о работе Кластерлік модельдер