Конфедерацияның түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 08:44, реферат

Описание

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.

Содержание

іріспе......................................................................................................................3

1. Конфедерацияның түсінігі және түрлері
1.1 Конфедерация – мемлекеттік құрылым нысаны ретінде...............................5
1.2 Конфедерацияның түрлері................................................................................6

2. Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері (салыстырмалы негізі)
2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі...........8
2.2 Мемлекеттердің қызметтері...........................................................................12

3. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері....................18

Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27

Работа состоит из  1 файл

конфедерация.doc

— 184.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1. Конфедерацияның  түсінігі және түрлері

1.1 Конфедерация – мемлекеттік  құрылым нысаны ретінде...............................5

1.2 Конфедерацияның түрлері................................................................................6

 

2. Конфедеративтік  мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері  (салыстырмалы негізі)

2.1 Конфедеративтік  мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі...........8

2.2 Мемлекеттердің қызметтері...........................................................................12

 

3. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері....................18

 

Қорытынды..........................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.

Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.

Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.

Мемлекет теориясында  аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

Мемлекет мәнін  анықтайтын теориялар:

-                 элита теориясы;

-                 технократиялық теория;

-                 плюралистік демократия теориясы.

Қазіргі кезеңде  мемлекет типологиясына қатысты  мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық  көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем соғатын тұстары бар  екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.

Ғылыми  жұмыстың мақсаты. Конфедерацияның мәнін, түсінігі және түрлерін, мемлекеттік құрылым нысаны ретіндегі міндеттерін  т.б. зерттеу.

Конфедерация (кейінгі лат. conferencier - одақ, бірлестік) - мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады.

Мемлекет –  мемлекет билік органдары жүйесінің  болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.

Ғылыми  жұмыстың міндеттері:

- конфедерацияның түсінігі және түрлерін;

- конфедерация  – мемлекеттік құрылым нысаны ретіндегі орнын;

- конфедеративтік  мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктерін (салыстырмалы негізі);

- конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейін зерттеу.

Ғылыми  жұмыстың құрылымы. Кіріспе,  үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Конфедерацияның  түсінігі және түрлері

 

1.1 Конфедерация  – мемлекеттік құрылым нысаны  ретінде

 

Конфедерация (кейінгі лат. conferencier - одақ, бірлестік) - мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория, әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына мүше әрбір мемлекет өкілдері конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады. Конфедерация құру туралы келісім конфедерацияның құрылуының құқықтық негізі болып табылады.

Конфедерация қаржысы оған мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады. Конфедерация бірқатар проблемаларды шешуде оң рөл атқарады. Атап айтқанда, ажыратылған ұлттарды біріктіру процесінде (мысалы Корея Республикасы мен ҚХДР); жаһандық интеграциялық процестер шеңберінде бірнеше мемлекеттерді халықаралық құқықтық, аймақтық бірлестіктерге біріктіруде (мыс, Еуропалық одақ негізіндегі Еуропалық конфедерация) тиімді рөл атқарды немесе атқаруы мүмкін. Тарихта Рейн конфедерациясы (1254 - 1350), Еаней лигасы (1367 - 1669), Швейцария (1291 -1798 және 1816 - 1848), Нидерланд (1579 - 1795), АҚШ (1781 - 1789), Германия Конфедерациясы (1816 - 1848), Америка конфедерациялық штаттары болды. Сондай-ақ, конфедерация федеративтік мемлекеттің құрылуына алғышарттар қалыптастырады. 1918 - 1922 ж., КСРО құрылғанға дейін, ұлттық республикаларды біріктірудің бастапқы кезеңінде конфедерация және федерация элементтерінің үйлесуі орын алды. Сонымен қатар "Конфедерация" термині кейде одақ мағынасында әр түрлі ұйымдардың атауы ретінде де қолданылады (мыс, Франциядағы Жалпыға бірдей еңбек Конфедерациясы, Британия өнеркәсібінің Конфедерациясы, Италиядағы Конфиндустрия, т.б.

Тарихқа көз  жүгіртетін болсақ, өзінің егемендігін  сақтаған конфедерациялық мемлекеттік  бірлестіктердің көптеп кездесетіндігін  көре аламыз. Мұндай мемлекеттік бірлестіктер тарихи даму кезеңдерінің әрбір тұсында ұшырасып отырады. Кейіннен олар жойылып кетіп отырды немесе федеративтік мемлекеттік құрылымға ауысып отырған жағдайлар көптеп кездеседі.

 

 

 

1.2 Конфедерацияның  түрлері

 

Тарих тереңіне үңілетін болсақ, конфедеративтік құрылымдардың негізгілерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады.

Швейцария конфедерациясы (1891 - 1798 жж. және 1815 - 1848 жж.); Америка Құрама Штаттары (1781 - 1887 жж); Америка конфедерациялық штаттары (1861 - 1865 жж); Нидерланды провинцияларының біріккен Республикасы (1579 - 1795 жж).

Соңғы кезеңдерде, яғни XX ғасырларда да конфедерациялық құрылымдарды құру жалғасуда. Мұндай соңғы кезеңдегі әрекеттердің біріне, Сенегамбия, [1, 162-163 66] Гамбия және Сенегал мемлекеттерінің қосындысынан тұратын конфедерациялық құрылымды жатқызамыз. Әрине, бұл конфедерация 1981 жылдары таратылған болатын.

Одан бірнеше уақыт  бұрын, 1958 жылдың ақпан айында Египет пен Сирия конфедерациялық негізде Біріккен Араб Республикасын құрған болатын. [2, с. 3] Бұл мемлекеттердің Одағы онша көп уақыт өмір сүре қоймады. 1961 жылдың қыркүйек айында төңкерістің нәтижесінде Сирия мемлекеті өзінің конфедерация құрамынан шығатындығын және тәуелсіз Сирия Араб Республикасын құратындығын мәлімдеді. [3, с 128].

Конфедеративтік мемлекеттің кейбір элементтерін Біріккен Араб Әмірліктерінен де көруге болады. [4, с 37]. Яғни екі мемлекет - Обу Даби мен Дубай - өздерінің егемендік құқықтарын сақтаған. Оларға абсолюттік вето құқығы берілген. Олардың өзіндік әскері және ақша жүйесі бар.

Бүгінде (1980, 1995 жж) Канада провинциясы Квебекте екі рет, яғни оларға кең құқық беру жөнінде (оның ішінде Канададан бөліну құқығы) мемлекеттік референдум өткен болатын. Бірақ та, егеменді - ассоциация жобасы екі рот Квебек тұрғындары тарапынан қабылданбады. [5, с 183].

Қазіргі кезеңдерде Батыс Европаның елдері конфедерациялық құрылысқа аяқ басуда. Конфедерация классикалық түрде әлемдік тәжірибеде бүгін жоқ. Мәселен, 1999 жылы қабылданған конституциясына сәйкес Швейцарияның тікелей аты «Швейцария конфедерациясы» болып табылуына қарамастан, оның шынайы мемлекеттік құрылымы федерация болып табылады[6, с 220]. Мұндай жағдайды Канададан кездестіреміз. Ел ішінде "конфедерация" сөзі қолданғанмен, нақты іс -жүзінде федерация [7, с 12] екені белгілі.

Конфедерацияның орта ғасырда дамыған мемлекеттік құрылым болғанына қарамастан, көптеген зерттеушілер әртүрлі ежелгі дәуірлердегі мемлекеттік бірлестіктерді мысалға көбінесе алға тартады. Оның ішінде Ахейлік одақты көптеген ғалымдар конфедерацияның классикалық үлгісі деп есептейді. Мысалы, И. Маевский Ахейлік және Этомийлік одақты конфедерация ретінде таниды[8, с 6]. Ал, А.Ященко оларды федеративтік мемлекет [9, с 259], - деп санайды.

Қазір біздің ойымызша, бұл таласты мәселені шешудің тек тарихи маңызы ғана бар. Ол мемлекеттік одақтар егемендік және конституция сияқты түсініктер қалыптасқанға дейін өмір сүрген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезеңдердегі мемлекеттің құрылымның ерекшеліктерін айқындау әдістерін ежелгі одақтарға тікелей қолдану мүмкін емес.

Кезіндегі кеңестер одағында конфедерацияны буржуазиялық мемлекеттерге тән [10, с 120] құбылыс ретінде бағалау үстемдік құрған болатын. Бұрын теорияда орын алған көзқарастарда: "Буржуазный ученый, даже наиболее современный, берет эти различные виды государственных объединений всех исторических и даже доисторических эпох и ищет в них общие признаки, пытается свести их всех к единой абстрактной формуле. Такая работа бесплодна и нечего дать не может, кроме более или менее удачных, остроумных, даже блестящих формул без всякого содержания, [11, с 84] - деген ой үстемдік құрды. Сондықтан да, ежелгі антика дәуіріндегі конфедерацияға қатысты пікірлер негізге алынбады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Конфедеративтік  мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері  (салыстырмалы негізі)

 

2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі

Швецария - федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы - Президент, жоғарғы заң шығарушы органы - екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі - неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы - Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291).

Швейцария - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық  ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі - швейцария франкі.

ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІІ ғасырларда үш орталық Европалық конфедерациялар халықаралық деңгейде мойындалды. Олар 1648 жылғы Қасиетті Рим империясын бөлу жөніндегі Вестфаль шарты негізінде қалыптасқан болатын.

Оның біріншісі - Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы болып табылды. Кейбір авторлар Герман ұлтының Қасиетті Рим империясын өзінің нысаны бойынша мемлекеттегі "мемлекет" деп санайды. Мұндай мемлекет өзінің билігін сюзеренитетке негіздей отыра, өзінің вассалдарына билік жүргізеді. Сюзеренитет құқықтық режим ретінде XX ғасырдың басында протекторатқа эволюциялық жолмен қатысқан болатын. Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы 1806 жылға дейін өмір сүргенін біз білеміз. Неміс ғалымдары оны сондықтан да одақтас мемлекет (федерация) деп санай отыра, 1806 жылдары қайта құрылған мемлекеттердің одағы (конфедерация) деп мойындайды. Кейбір ғалымдар оны ежелгі Герман конфедерациясы деп те санайды. Ресей авторлары, оның ішінде Е.Р. Кастель Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы федеративтік құрылысқа негізделген мемлекет деп тануға ешқандай негіз жоқ деп санайды [12, с 19].

ХVIII ғасырдағы конфедерациялардың ішінде 1579 - 1795 жж. Біріккен провинциялар -Нидерландыны ерекше атап өтуге болады. Бұл конфедерация өзінің таза конфедеративтік сипаты бойынша Швейцарияға, АҚШ - қа және Герман Одағына ғана орын берді. Әдебиеттерде Нидерланды конфедерация мен федерацияның ортасындағы мемлекет немесе мемлекеттер одағы деген көзқарастар кездеседі. А.Д. Градовский Голландия Республикасын басқа да конфедерациялармен салыстыра қарай отыра, оны құру жөніндегі 29 қаңтар 1579 жылғы Утрехт унии жөніндегі шартқа сүйене келе, одақтық мемлекеттердің ерекшеліктерін табады[13, с 103].

Провинциялардан құрылған Республикалардың ерекшелігі олар мемлекет мәртебесін иеленген болатын. Жоғарыдағы айтқан 1648 жылғы Вестфаль шартының негізінде жаңа мемлекеттердің тәуелсіздігі мойындалды. Осы шарттың негізінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер (провинциялар) біріктірілді. Оны А.С. Ященко былай бағалайды: "Соединенные государство, предполагалось, не образовывало суверенитет отдельного и отвлеченного от суверенитета провинций, и оно считалось лишь потому суверенным, поскольку составляющие его провинции были суверенны". [14, с 643] Біріккен провинциялардың республикасында мемлекеттің мәртебесі Герман ұлтының Қасиетті Рим империясына қарағанда мемлекет сюзеренитеті ретіндегі феодалдық қатынастардың сарқыншағы болып табылған жоқ. Біріккен провинциялардың республикасы бірнеше коллонияларды иемденді. Осы қырынан олардың біртұтас мемлекеттік сипаты көрінетін болған.

Информация о работе Конфедерацияның түсінігі және түрлері