Конфедерацияның түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 08:44, реферат

Описание

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.

Содержание

іріспе......................................................................................................................3

1. Конфедерацияның түсінігі және түрлері
1.1 Конфедерация – мемлекеттік құрылым нысаны ретінде...............................5
1.2 Конфедерацияның түрлері................................................................................6

2. Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері (салыстырмалы негізі)
2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі...........8
2.2 Мемлекеттердің қызметтері...........................................................................12

3. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері....................18

Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27

Работа состоит из  1 файл

конфедерация.doc

— 184.00 Кб (Скачать документ)

Сыртқы:

Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.

Өзін-өзі билеу, егемендігін  сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты  орнату, олармен бірге алынған  міндеттердің екі жаққа бірдейлігін  қамтамасыз ету.

Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.

Жалпы азаматтық, аймақтық саяси  негізде интеграциялық процестерді  дамыту.

Қорытындылай келе, мемлекеттің  ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттің түрлері

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу  тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы

бар:

Басқару түрі.

Саяси тәртібі.

Мемлекеттік құрылысы.

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін  көрсетеді.

Монархия деп  – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.

Конституциялық  монархияда монархтың билігі белгілі  дәрежеде заң шығаратын билік  парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған.

Республика  деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір  уақытқа сайланатын немесе өкілдік  мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік  басқарудың түрін айтады.

Республика  президенттік және парламенттік болып бөлінеді.

Президенттік  басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің  де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция  бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады.

Парламенттік  тәртіпте елдің жоғарғы басшысы  парламентке бағынады. Мұнда заң  шығарушы билік те, атқарушы билік  те парламентке тәуелді. Ол салықты  белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с.

Парламент екі  палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін.

Бірпартиялық  парламент кішкентай елдерде  кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған  елдерде екіпартиялық парламент  жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық  және демократиялық партиялардан тұрады.

Әр елде парламентті әр түрлі атайды:

АҚШ, Филиппинде – конгресс;

Польша, Финляндияда  – Сейлі; Иран, Түркияда – Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда  – Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.

Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық  болып бөлінеді.

Унитарлық –  құрылыста саяси билік бір  орталыққа бағынады, мемлекеттің  ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға  жол бермейді. Оның жері, конституциясы  бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с.

Федерация –  деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың  бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік  конституция барлық міндеттерді  реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу  органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с.

Конфедерация  – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін  үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды  жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ  заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған[23].

Азаматтық қоғам  туралы елеулі еңбек қалдырып, үлес қосқандар: Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Гоббс, Т.Пейн.

Азаматтық қоғам  деп мемлекеттік құрылымнан тыс  қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.

Азаматтық қоғамға  отбасы, кооперациялар, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, т.с.с. бірлестіктер жатады. Мұнда әрбір адамға саяси, экономикалық, рухани өмірінің түрін еркін таңдауына кепілдік береді. Адамның құқықтары қорғалады.

Азаматтық қоғамда  әр адамның өз еркімен әр түрлі  меншік түрі таңдауына, белсенді еңбек  етуіне жол ашылады.

Саяси салада да төмендегідей құқықтар негізге алынады:

Ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;

Жеке-тұлға мен  азаматтық абыройы болып саналатын  үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін таңдау, телефон-хаттағы  сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз, т.с.с. заң жүзінде сенімді қорғалады;

Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

Азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар  тарапынан толық қорғалады.

Азаматтық қоғам  материалдық, мәдени жоғары дамыған  кезде құқықтық мемлекетке айналады.

Құқықтық мемлекет деп – демократиялық жолмен қабылданған  заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.

Заңдар халықтың еркіндігін білдіреді. Мұнда мемлекет те халық та екі жақты өзара  жауаптылықта болады. Мұнда қысым  мүлде болмайды, оларға жол берілмейді. Адам құқығы билік дәрежеде сақталады.

 Құқықтық  мемлекет белгілері:

Үкіметті заң  шығарушы, атқарушы, сот жүйесі арқылы жіктеу;

Мемлекеттің өзі  және органдары заңға байланысты;

Мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызметтері мен өкіметтігін шектеу;

Заңның қоғам  өмірінің барлық саласында жоғары тұруы;

Заңдылықты  сақтауды қадағалау мен бақылаудың тиімді формаларының болуы;

Мемлекет пен  жеке адамның өзара қатар жауапкершілігінің  болуы.

1991 жылы 1 желтоқсанда  жалпыхалықтық дауыс беру арқылы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан ССР-і атының өзгеруі туралы» заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» атанды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстанның Егемендігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекітті. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы өзгертіліп, қайта қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері

 

Президент –  бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.  
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Конституциялық  – құқықтық институттар дегеніміз  қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.  
Президенттік институт, екі палаталых Парламентпен, Мемлекетпен және Конституциялық кеңеспен іске асырылады. Осы мемлекеттік модельде, қазір бейбітті және аман-есен қазақстандықтар, Коституцияда бекітілгедей мемлекетімізде өмір сүруде.

Қазақстан қоғамының  барлық күштерін республиканың басына түскен экономикалық және әлеуметтік дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында, елдің күллі халқының сенім мандатын алу, бастаған реформаларды жедел әрі табанды жалғастыру үшін Мемлекет басшысы Қазақстан Президентін жалпыхалықтық сайлау өткізу жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабылдады.

1991 жылғы 21 желтоқсанда  Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бүрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының н егізін қалаушы құжат болтан Алматы декларациясына қол қойды.

Мемлекеттік басқару  органдарын оңтайландыру елдің күш-қуат қүрылымдарын — Ішкі істер министр л ігін, ҰҚК-ін, тергеу, алдын ала тексеру жүргізу және сот органдарын, тәуелсіз Қазақстанның армия сын реформалауға ықпал етті. Қазақстанның бірқатар облыстарының тиімді түрде біріктірілуі шенеуніктер қатарын едәуір қысқартты. Салық салу және бюджетті жоспарлау, банк саласының жүйелері түбегейлі қайта қаралды және қайта қүрылды. Зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы жүргізілді, жүмыспен қамту және медициналық сақтандыру қорлары құрылды.  
Он жыл ішінде экономиканың басты басымдықтары іске асырылды: макроэкономикалық түрақтану, меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жүзеге асырылды; түтыну нарығы толықты; әлеуметтік нарықтық экономика қалыптасты; меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін нормативтік-құқықтық база қүрылды.  
Егемендік алғаннан бастап тәуелсіз Қазақстан аумағы жонінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет болды әрі осындай үлан-ғайыр аймақта экономикалық тоқыраудың өте ауыр жағдайларында басталған әлеуметтік-экономикалық реформалар ел түрғындарына ауыртпалығын түсірмей қойған жоқ. Алайда, инфляция 2000 пайызға жеткен, экономикалық байланыстар үзілген және қолма-қол ақша қаражаттарының зәрулігі сезілген ерекше қолайсыз ахуалға қарамастан, Қазақстан, Ресей секілді, қоғамды және экономиканы реформалау қарқыны жөнінен басқа барлық бүрынғы кеңестік республикаларды басып озды.

Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізуге ықпал еткен  маңызды және стратегиялық факторлардың бірі дер кезінде әзірленген ұлттық валюта — теңгенің енгізілуі болды, ол бүрынғы кеңестік кеңістікте пайда болған валюталардың ең жақсыларының және түрақтыларының бірі деп мойындалды.

Тәуелсіз мемлекеттің  қажетті нышаны болып табылатын  теңге елдің қаржы-ақша жүйесін  жүмыс істейтін жағдайға келтіруге, ақша айналысындағы қаражаттың жетіспеушілігі проблемасын шешуге ықпал етті.  
Қазақстан қазіргі уақытта бұрынғы кеңестік экономикалық және соңғы әлемдік валюта-қаржы дағдарысының зардаптарын толығымен жеңіп шықты. Елдегі макроэкономикалық ахуал түрақтанды, экономиканың дамушы салалары сауықтырылды және отандық тауар өндірушілерді дамыту мен қолдау бағыты іске асырылуда.

Республикада  құрылған нормативтік-құқықтық база адамдардың санасын өзгертуге ықпал етті әрі қоғамды жаңа болмысты қабылдауға — меншіктің барлық түрлерін мойындауға негізделген, мемлекеттің араласуынан азат еркін нарықтық экономикаға бұруға мүмкіндік туғызды.  
Қазақстан тарихи қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан қоғамындағы азаматтардың дүниетанымында терең өзгеріс болды, өндірістің социалистік тәсілінен шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтумен байланысты экономиикалық құрылыс өзгерді.

Мемлекетте  жаңа құрылыстың қалыптасуының маңызды  көрсеткіші шағын және орта кәсіпкерлердің санының өсуі болды. Осылайша, халқының саны салыстырмалы түрде көп емес (жершары түрғындары санының 0,2 пайызы), Қазақстанда, бір ғана онжылдық ішінде шағын және орта бизнестің 200 мыцдай жаңа кәсіпорындары пайда болды, 250 мыңнан астам адам еркін кәсіпкерлік қызметпен айналысады, ал аграрлық секторда 1,3 миллиондай фермерлер мен кооператорлар еңбек етеді, ал ел өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына тартылған шетелдік инвестициялар 8 миллиард АҚШ долларын қүрады.

Мемлекет тарихында, бірінші Президенттің саяси және жеке өмірбаянында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру сияқты орасан зор оқиға айрықша орын алады.

Қазақстан халқы  түңғыш рет өз тарихында ел астанасының  геосаяси және экономикалык орналасу басымдықтарын айқындады, бүл тарихи шешім Президент Н.Ә. Назарбаевтың көрегендігі мен саяси күш-жігері арқасьінда жүзеге асырылды.

Жаңарған және тәуелсіз Қазақстанның рәмізді бейнесі  деп әділ аталған, қазіргі заманғы  қала қысқа мерзім ішінде елдің нақ  жүрегінде бой көтерді; іс жүзінде  Қазақстанның барлық аймақтарындағы индустрияның дамушы салаларының өсуіне қуатты серпін берілді. Екі жылғы дайындық жұмыстарынан кейін шеткері Ақмола ару қалаға айналды.  
Мемлекеттік басқарудың орталық органдарын бұрын болып көрмеген мерзім мен қарқында жаца астанаға көшіру; қаланың атын Астана деп лайықты түрде қайта атау — ЮНЕСКО-нын "Қалалар бейбітшілік үшін" медалімен марапатталған жаңа әкімшілік, ғылыми және мәдени орталықтың пайда болуы — атқарылған істің айшықты айғағы.

Информация о работе Конфедерацияның түсінігі және түрлері