Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 08:44, реферат
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
іріспе......................................................................................................................3
1. Конфедерацияның түсінігі және түрлері
1.1 Конфедерация – мемлекеттік құрылым нысаны ретінде...............................5
1.2 Конфедерацияның түрлері................................................................................6
2. Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері (салыстырмалы негізі)
2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі...........8
2.2 Мемлекеттердің қызметтері...........................................................................12
3. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері....................18
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27
Осы жерде 1367 - 1669 жж аралығында өмір сүрген Ганзей лигасы туралы айта кеткен жөн. Оны көбінесе конфедерацияға жатқызады [15, с 3]. Кейбір авторлар мұндай пікірмен келіспейді. Г.Еллинек оны ортағасырлық қалалардың одағы деп бағаласа [16, с 566], ал А.А. Жилин болса, Ганзей мемлекетаралық емес, аймақтық деңгейдегі одақ болып табылды деп санайды[17, с 130-131].
Қазіргі кезеңдегі Герман федеративтік республикасының федерация субъектісі болып табылатын екі қаласы - Гамбург пен Бремен бүгінде "Ганзейлік" қалалар деп ресми түрде аталады.
Конфедеративтік мемлекеттің кең тараған үлгісі әдебиеттерде кеңінен айтылып жүрген Швейцария болып табылады. Швейцарияда конфедеративтік мемлекет 1291 жылғы үш кантонның, яғни Ури, Швица және Унтервальденнің арасындағы одақ құру жөніндегі шарттың негізінде қалыптасқан деп саналады. Кейбір авторлар Швейцариядағы конфедерацияның құрылуын 1315 жыл деп санайды, яғни Моргартенде Австриялық әскерді кантондардың жеңуімен байланыстырады[18, с102]. Немесе 1648 жылғы халықаралық мойындаудан Швейцария конфедерациясы бастау алатындығын да қолдайтын авторлар бар. XI ғасырдың аяғы мен XII ғасырдың басында Швейцария аумағындағы ең ірі феодалдық герцогтерге Церинген, Кибургтер, Савойскилер, Габсбургтердің иеліктері жатқан болатын. Габсбургтер Ури, Швица және Унтервальдердің орман кантондарын өзіне бағындыруға тырысты. XIII ғасырдың ортасындағы Габсбургтермен арадағы күрестің нәтижесінде А.Н. Чистозвоновтың айтуы бойынша мынандай келісім жасалды: "лесные кантоны заключили между собой в августе 1291 года "вечный союз", заложивший основы Швейцарского Союза (Швейцарской Конфедерации) как фактически самостоятельного государства в рамках "Священной ; Римской империи". [19, с 25] Қазіргі кезде 1 тамыз Швейцарияда конфедерацияның құрылған күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі.
Императорлар өздерінің кантондарының империяға тәуелділігін сақтай отыра, Габсбургтердің билігінен 1291, 1297, 1309 жылдардағы граматолар арқылы арылған болатын. Габсбургтің ормандық 1 кантондарды бағындыруға деген әрекеттері 1315 жылғы Моргартендегі соғыстың нәтижесінде I сәтсіздікке ұшырады.
ХІҮ - ХҮ ғасырларда Швейцария Одағы аумақтық және әскери-саяси тұрғыдан күшейе түсті. Швейцария Одағының құрамына Габсбургтер билігіндегі Люцерн 1332 жылы кірсе, 1351 жылы I Цюрих, 1352 жылы Гларус пен Цуг, 1353 Берн кірген болатын. Швейцария Одағының одан ары дамуы Р.В. Поповтың айтуы бойынша былай өрбіді: "Конфедерация формировалась в постоянных войнах с Габсбургами, стремившимися вновь подчинить освободившиеся земли. В 1386 г. Союзники разгромили войска Габсбургов при Земнахе, в 1388 г. при Нфельсе. Габсбурги вынуждены были признать существование Конфедерации 8 кантонов (1389 г.). в 1481 г. к Союзу присоединились Фрибур (Фрибург) и Золотурп. Так называемая Швейцарская или Швабская война 1499 г. закончилась установлением фактической независимости Швейцарии от империй. В 1501 г. в Союз были приняты на*правах кантонов Базель и Шафхаузен, в1513 г. - Аппенцелль, таким образом, образовалась Конфедерация 13 кантонов (просуществовавшая до 1798 г) . [20, с 18]" Швейцария конфедерациясының құрамына өздерінің сыртқы және ішкі саясатын шешуде дербестігі бар кангондармен қатар одақтық жерлер (Санкт-Галлен, Граубюнден, Женева т.б.) енді.
Конфедерацияда 1798 жылға дейін орталық мемлекеттік органдар жүйесі болған жоқ, оның орнына ара-кідік жалпыодақтық Сейм - Тагзатцунги шақырылып отырған. Бұл Сеймде тек толық құқылы кантондардың ғана шешуші дауысы болды. Жалпы одақтың әкімшілік, әскер, қаржы т.б. органдары болмады. Ары қарай Швейцария конфедерациясы мына бағытта дамыған болатын: "Весной 1798 г. французские войска вступили в Швейцарию, 5 марта заняли Берн. Конфедерация 13 кантонов распалась. 12 апреля в городе Ааргау при поддержке Франции была провозглашена Гельветическая республика (в состав ее, наряду с прежними 13 кантонами, вошли Вале, Леман, Ааргау, Беллинцона, Лугано, Реция, Зарганс, Тургау и Сант - Галлен), введена конституция (составлена по образцу французской Конституции 1795 г.). Швейцария становилась централизованным унитарным государством. Одновременно в Швейцарии развертывается и борьба между унитариями и федералистами. В феврале 1802 г. была принята новая, так называемая Мальмезонская конституция (от названия города Мальмезон, где происходили переговоры унитариев с федералистами), предоставлявшая кантонам ограниченное самоуправление. 19 февраля 1803 г. Наполеон I издал "Акт о медитации", восстанавливающий (с некоторыми изменениями) существовавшее до 1798 г. государственное устройство Швейцарии. Кроме прежних 13 кантонов, в состав Союза включались Граубюндсн, Ааргау, Тургау, Санкт-Галдлен, Тичино". [21, с 102]
Кейіннен Наполеонның империясы құлай бастағанда Швейцарияның Одақтық Сеймі "Медиация туралы актіні" жойды. Швейцария 1813 жылдың 29 желтоқсанында нейтралитет (қалыс қалу) ұстайтындығын жариялады. 1815 жылғы 20 наурыздағы Декларациямен Швейцария "мәңгілік нейтралитет" ұстайтындығын негіздеді.
1815 жылғы тамыз айында мақұлданған жаңа одақ туралы шартқа сәйкес Швейцария конфедерациясының құрамындағы кантодар өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Швейцария 22 тәуелсіз кантондардың бірлестігі болып табылды. Кантондардың өздері шығаратын ақшалары, өздерінің азаматтықтары болды. Сыртқы елдермен сауда - саттық қатынастарына дербес өз аттарынан түсе алатын. Сонымен бірге, мемлекеттің ішкі құрылысын, басқару жүйесін дербес анықтай алатын еді. Бір кантонның тұрғындары араларында өзара келісім болмаса, екінші бір кантонға барып тұра алмайтын еді. Одақтық билікке негізінен саяси және әскери мәселелерді шешу берілген. Швейцария парлам Сейм өкілді орган емес, кантондардың уәкілетті жиналысы қызметін атқарды. Сеймнің сессиялары беделді үш кантон - Берн, Цюрих, Люцернде өткізілді. Конфедерацияның Үкіметі - Атқару Кеңесінің ешқандай өкілеттігі болмады. Одақтың қаржылық негізі болған жоқ. Қоғам өміріндегі экономикалық және саяси мәселелердің барлығын кантондар шешкен болатын. Сондықтан 1815 жылы Швейцарияда конфедерациялық құрылым қайтадан орнына келтірілді. Көптеген авторлар Швейцариядағы 1815 - 1848 жылдар аралығындағы құрылымды Конфедерация деп толығымен мойындайды. Швейцарияда 1291 және 1798 жылдар аралығында, 1815-1848 жылдарда конфедерациялық құрылым үстемдік құрды.
ІІІвейцариядағы экономикалық дағдарыстың өрши түсуі 1829 жылдары Жаңа Одақтық билік жүйесін қалыптастыруды алға тартты. Оның негізі болып 1787 жылғы АҚШ Конституциясындағы билік жүйесі алынды. Швейцариядағы әртүрлі саяси теке-тірестердің нәтижесінде 1848 жылы Конституция қабылданады. Оған сәйкес Швейцария мемлекеттердің одағынан (stuutenband), одақтық мемлекетке (Bundesstat) айналады. Яғни, бұл Швейцарияның федеративтік мемлекет болғандығын білдіреді. 1848 жылғы конституцияға сәйкес Швейцария біртұтас федеративтік мемлекет болды. Орталық заң шығару органы-федеративтік жиналыс құрылды. Ол екі палатадан тұрды: Ұлттық Кеңес және Кантондар Кеңесі. Атқару билігін федеративтік кеңес жүзеге асырды. Астанасы-Берн қаласы болып белгіленді. Ал 29 мамыр 1874 жылы конституция орталық билік органдарының өкілеттігін кеңейтті. Шіркеудің қызметін шектеді, федеральдық сотты құрды.
Конфедерациялық
мемлекеттер көріп отырғанымызд
2.2 Мемлекеттердің қызметтері
Билiк - қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.
Билік - көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты - қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны - үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды. Мысалы, қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б. — биліктің экономиялық ресурсы, ал әлеуметтік, әскери, т.с.с. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы демографиялық ресурс ретінде бағаланады.
Биліктің негізгі міндеті
— қоғамды басқарудың стратегиясын
айқындап, дамудың негізгі бағыттары
бойынша нақты шаралар қолдану,
әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып,
дамудың орнықтылығы мен
Мемлекет саяси
жүйенің негізгі бөлігі болып
саналады. Мемлекет алғашқы қауымда
болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық
құрылыста теңсіздік болған жоқ.
Құл иеленушілік құрылыста
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы
бар, белгілі территориясы
2. Ерекше үкімет
аппараты болады: мемлекетте әр
түрлі мәселелерді шешу үшін
қарулы әскер, шенеуліктік
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды[22].
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.
Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.
Ішкі:
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады.
Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.
Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді.
Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.