Монархиялық мемлекет Республика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 11:00, курсовая работа

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі. Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалім шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері: Мұғалімге қойылатын талаптар, міндеттер және құқықтарын талқылау, мұғалім мамандығының ерекшеліктерін және оқыту үрдісінде мұғалімнің шығармашылық еңбегінің сипаттарын көрсету.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3
І. Мұғалім тұлғасының қалыптасуы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар,
міндеттері мен құқықтары........................................................................4
1.2 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері.........................................8
ІІ. Мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру
2.1 Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты........................................12
2.2 Мұғалімнің теориялық дайындығы ......................................................14
2.3 Мұғалімінің пратикалық дайындығы....................................................16
2.4 Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу жұмыстары. Тақырыптық жəне жеке
сабақтардың жоспары..............................................................................19
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатыOffice Word (2).docx

— 53.71 Кб (Скачать документ)

 

                                             Жоспары

 

Кіріспе.............................................................................................................3

І. Мұғалім тұлғасының қалыптасуы

1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына  қойылатын талаптар,

     міндеттері мен құқықтары........................................................................4

1.2 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері.........................................8

 

ІІ. Мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру

2.1 Мұғалім  еңбегінің шығармашылық сипаты........................................12  2.2 Мұғалімнің теориялық дайындығы ......................................................14

2.3 Мұғалімінің  пратикалық дайындығы....................................................16

2.4 Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу  жұмыстары. Тақырыптық жəне жеке

      сабақтардың жоспары..............................................................................19

Қорытынды...................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Жұмыстың көкейтестілігі. Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,  мұғалімнің де рөлі зор.“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге  ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы –  жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты  көңіл бөлінуі қажет.

 

       Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалім шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін анықтау.

         Курстық жұмыстың міндеттері: Мұғалімге қойылатын талаптар, міндеттер және құқықтарын талқылау, мұғалім мамандығының ерекшеліктерін және оқыту үрдісінде  мұғалімнің  шығармашылық еңбегінің сипаттарын көрсету.

 

 

 

І. Мұғалім тұлғасының қалыптасуы

1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына

қойылатын талаптар, міндеттері мен құқықтары

 

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең  ауқымды болғандықтан мұғалімге  қойылатын талаптар да өте көп.

Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге  болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін  анықтайтын талаптар, пәні бойынша  білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.

Педагогикалық талаптарды анықтауда  педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. В.А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді көрсетеді. Ал зерттеуші А.И.Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады.

Мұғалім мамандығы тек әлеуеметтік  тәжірибені алмастырушы ғана мамандық  емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:

- жоғары азаматтық жауапкершілік  және әлеуеметтік белсенділік;

- балаға деген сүйіспеншілік,  оларға өз жүрек жылуын сыйлауға  деген қажеттілігі мен қабілетінің  болуы;

- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға  деген ұмтылысының және іскерлігінің  болуы;

- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық  ойлаудың инновациялық стилі,  жаңа құндылықтар тудыруға және  шығармашылық шешімдер қабылдауға  дайындық;

- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге  және өзін-өзі жетілдіруге деген  қажеттілігі мен дайындығының  болуы;

- психикалық және физикалық  денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға  қабілеттілігі және т.б.

Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда  мұғалімнің бағыттылығы да маңызды  роль атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық  бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі  педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының  және педагогикалық призваниесінің болуы. Педагогикалық призвание  негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып  табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының  қатарынан педагогикалық парыз  және жауапкершілікті ерекше атап өту  керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады.

Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар да бар. Оларға мыналар жатады:

- балаға деген сүйіспеншілік;

- эмпатия;

- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,

- ізгіліктілік;

- талап қоя алушылық;

- қайырымдылық;

- рухани байлықтың болуы;

- әділеттілік;

- өз сөзінде тұра алу және т.б. 

Педагог қызметкердің міндеттері мен  құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде  қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында  сипатталып өткен. Бұл заңның 50-бабында  педагог қызметкердiң мәртебесi туралы былайша баяндалады: «Бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi азаматтық қызметшiлер болып табылады. Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердiң ерекше мәртебесiн таниды және кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасайды». 

Ал, осы заңының 51 бабында педагог  қызметкердiң төмендегідей құқықтары, мiндеттерi мен  жауапкершiлiгi туралы баяндалған:  

1. Тиiстi бейiнi бойынша арнайы  педагогтiк немесе кәсiптiк бiлiмi  бар адамдар педагогтiк қызметпен  айналысуға жiберiледi.

2. Педагог қызметкердiң құқықтары:

1) кәсiби  қызметiне арналған жағдаймен  қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк  қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу,  тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен  айналысуға, педагогтiк практикаға  жаңа әдiстемелер мен технологияларды  енгiзуге;

3) жеке  педагогтiк қызметке;

4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк  жалпыға мiндеттi стандарт талаптары  сақталған кезде педагогтiк қызметтi  ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын  еркiн таңдауға;

5) бiлiм  беру ұйымдарын басқарудың алқалы  органдарының жұмысына қатысуға;

6) ұзақтығы  төрт айдан аспайтын, бес жылда  кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн  арттыруға; 

7) санатын  арттыру мақсатында мерзiмiнен  бұрын аттестатталуға;

8) педагогтiк  қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк  наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар  мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;  

9) өзiнiң  кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң  қорғалуына;

10) әскери  қызметке шақырылу мерзiмiнiң кейiнге  қалдырылуына;

11) ғылыми  қызметпен айналысу үшiн педагогтiк  стажы сақтала отырып, шығармашылық  демалыс алуға; 

12) бiлiм  беру ұйымы әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары  мен өкiмдерiне шағымдануға құқығы  бар.

3. Педагог қызметкердің міндеттері:

1) өзiнiң  кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге; 

2) мемлекеттiк  жалпыға мiндеттi бiлiм беру  стандарттарының талаптарына сәйкес  көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң  сапасын қамтамасыз етуге;

3) бiлiм  алушыларды жоғары имандылық,  ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға  құрмет көрсету рухында, қоршаған  дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

4) бiлiм  алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс  iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн  дамытуға;

5) өзiнiң  кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк,  шығармашылық және жалпы ғылыми  деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға; 

6) бес  жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан  өтуге; 

7) педагогтiк  әдеп нормаларын сақтауға;

8) оқушылардың,  тәрбиеленушiлердiң және олардың  ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн  құрметтеуге мiндеттi.

Мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны  үшiн педагог қызметкер Қазақстан  Республикасының заңдарында және еңбек  шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

4. Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлердi өздерiнiң  кәсiптiк мiндеттерiн орындаумен  байланысы жоқ жұмыс түрлерiне  тартуға жол берiлмейдi.

5. Бiлiм беру ұйымдарында жұмыс  iстеуге педагогтiк қызметiне сот  үкiмiмен немесе медициналық қорытындымен  тыйым салынған адамдар, сондай-ақ  заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген  немесе алынбайды.

 

1.2 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері  

 

Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда  бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын  қызметкерлерді атаймыз.

Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.

Педагогикалық мамандықтың негізгі  мақсаты – қоғамдық мақсаттарды  түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы  мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. 

 

Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:

-   гуманистік сипаты;

-   ұжымдық сипаты;

-   адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;

-   шығармашылық сипаты;

-   қарым-қатынас жүйесінде болуы;

-   мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан  гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа  ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту  барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына  дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс  жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс  жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда  оның еңбегінің нәтижесіне тек бір  өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан  мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.

Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа  ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі  ізденіс, шығармашылық үстінде болуы  тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің  ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық  міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік  жасайды.

Информация о работе Монархиялық мемлекет Республика