Монархиялық мемлекет Республика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 11:00, курсовая работа

Описание

Жұмыстың көкейтестілігі. Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалім шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері: Мұғалімге қойылатын талаптар, міндеттер және құқықтарын талқылау, мұғалім мамандығының ерекшеліктерін және оқыту үрдісінде мұғалімнің шығармашылық еңбегінің сипаттарын көрсету.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3
І. Мұғалім тұлғасының қалыптасуы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар,
міндеттері мен құқықтары........................................................................4
1.2 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері.........................................8
ІІ. Мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру
2.1 Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты........................................12
2.2 Мұғалімнің теориялық дайындығы ......................................................14
2.3 Мұғалімінің пратикалық дайындығы....................................................16
2.4 Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу жұмыстары. Тақырыптық жəне жеке
сабақтардың жоспары..............................................................................19
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатыOffice Word (2).docx

— 53.71 Кб (Скачать документ)

Мұғалім мамандығы қарым-қатынас  жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа  мамандықтарға қарағанда мұғалім  мамандығы қарым-қатынас жасау  іскерлігін жоғары деңгейде игеруді  талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің  қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты  қаруы.

Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа  да ие. Мұғалім өзінің тек беретін  білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне  әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына  ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім  әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін,  терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.

Педагогикалық мамандықтың негізгі  мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен  тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа  беруге бағытталады, оларды қоғамдағы  белгілі бір әлеуметтік рольдерді  меңгеруге дайындайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Тарау бойынша тұжырым:

 

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалім мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау. 

Педагог қызметкердің міндеттері мен  құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде  қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында  көрсетілген.

Мұғалім мамандығы бір уақытта  жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі  оны басқарушы мамандық болып  табылады. Оның басты мақстатарының  бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.

Мұғалім мамандығының ерекшеліктері: гуманистік, ұжымдық, шығармашылық, мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру

              2.1 Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты 

     Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру жағдайында, адам факторын жандандыру және ізгілікті демократиялық жан-жақты дамыған жеке адамын қалыптастыруда мұғалімнің алатын рөлін көрсету. Педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сипаттама беру, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды түсіндіру. Мұғалімнің мәртебесі шәкірттер үшін өте жоғары. Өйткені оқушыны алғаш мектебін ашқанда қабылдайтын да, алғашқы әріп пен есепті үйрететін де, соңғы мектеппен қоштасарда да шығарып салатын да осы қарастырайын деп отырған тақырыптағы мұғалім болып табылады.

Жалпы білім  беру ісін қайта құру сонымен бірге  оқу тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру  мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндетін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі – жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – баларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адамдықты талап етеді» Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген атаулы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыға орай мұғалім – тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген. Сонымен, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан, қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан, қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа айналуда.

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым  беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып отыр:

- білім  берудің статистикалық моделінен  оқушылардың ақыл-ой әрекетінің  көп сырлы құрылымын қалыптастыруға  көшу;

- оқытуда  оқушылардың танымдық іс-әрекеттер  құралын белсенді меңгеруге бағыттау;

- оқыту  процесін жеке тұлғаның мүдесі  мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта  өзгермелі қазіргі замандағы  қоғамға толық мүмкіндігінше  өзін-өзі жүзеге асыру.

Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге  ие мамандықтың бір түрі болып  табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-әрекетіне  деген шығармашылық қатынас деңгейі  арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды  шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану  деңгейі арқылы анықталады. Сондықтан  мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мысалы, басқа да мамандық иелері (ғылым, техника, өнер т.б.) шығармашылық сипатқа  ие болғанымен, олар жаңалық ашуға  бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады.

Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі  жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық  және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады.

Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі  жағдайларда педагогикалық міндеттерді  шеше алу процесін атауға болады.

Шығармашыл тұлғаның ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын  қасиеттерін креативтілік деп атаймыз.

Зерттеушілер Е.С.Громов және В.А.Мояко  креативті іскерліктің мынадай  белгілерін көрсетеді: ерекшелілік, эвристикалық, фантазия, белсенділік, анықтылық-нақтылық, сезімталдық және т.б.

Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген  құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді  қажет етеді.

 

          2.2 Мұғалімнің теориялық дайындығы 

Мұғалімнің теориялық дайындығы  педагогикалық ойлау іскерлігі  түрінде көрінеді.

Педагогтың теориялық дайындығына:

-  Аналитикалық іскерлік;

-  Болжау іскерлігі;

-  Жобалау іскерлігі;

-  Рефлексивті іскерліктер кіреді.

Аналитикалық іскерлік мұғалімнің педагогикалық процесті талдауға бағытталған  іскерлік түрі.

Аналитикалық іскерлік төмендегі  іскерліктерден құралады:

-  Педагогикалық құбылыстарды талдай алу;

-  Зерттейтін құбылыстарға сәйкес пед.теорияларды, заңдылықтарды анықтау;

-  Педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;

-  Негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;

-  Міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау

Болжау іскерлігі білім беру процесін басқарумен байланысты және ол басқару субъектісі мен күтілетін  нәтижеге бағытталады.

Педагогикалық болжау педагогикалық  процестің логикасы мен мәні туралы нақты білімге негізделеді.

Болжау іскерлігі құралады:

-  Білім берудің мақасаты мен міндеттерін анықтау;

-  Оларға жету үшін әдістерді таңдау;

-  Мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;

-  Білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін шығынадарды болжау;

-  Білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау

Болжау  іскерлігі болжау объектісіне байланысты үш топқа бөлінеді:

- ұжым дамуын болжау;

- тұлға дамуын болжау;

- педагогикалық процесті болжау

Жобалау іскерлігі бұл педагогикалық  процестің жобаларын, жоспарларын  құрастыру түрінде жүзеге асады.

Жобалау іскерлігі құралады:

- Оқыту және тәрбие жолдарын  нақтылау;

- Оларды кезеңдер бойынша негіздеу;

-  Іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау;

-  Білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;

- Оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау;

-  Ата-аналармен, қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау.

Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне  бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады. Рефлексия - өзімізді, әрекеттерімізді талдауға бағытталған теориялық іс-әрекеттің  ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге  қайта оралу дегенді білдіреді.

Рефлексивті іскерлік құралады:

- Берілген үлгілер бойынша жеткен  нәтижені сәйкестендіру негізінде  бақылау;

- Ойша күтілетін әрекеттер нәтижесі  негізінде бақылау;

- Нақты орындалған әрекеттерді  талдау негізінде бақылау 

 

2.3 Мұғалімінің пратикалық дайындығы

 

Мұғалімнің практикалық дайындығы  оның сыртқы іскерліктері арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық  және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралатынын 6-сызбадан көріп отырмыз.

 

Ұйымдастырушылық іскерліктің  түрлері

 

  


 

 

  

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің мобилизациялық іскерлігі  бағытталады:

- Оқушылардың оқуға деген зейінін  аудару және тұрақты қызығушылығын  дамыту;

- Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми 

ұйымдастыру тәсілдерін үйрету;

- Оқушылардың белсенділігін, шығармашылықтарын  қалыптастыру;

- Ынталандыру және жазалау әдістерін  тиімді қолдану. 

Ақпараттық  іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен  байланысты қолданылады.

- Ақпараттық іскерлікті қолдану  барысныда ақпарат көздері білім  беру процесінің мақсаты мен  міндеттеріне сәйкес өңделеді.

- Ақпараттық іскерлік төмендегі  қабілеттерде көрінеді:

- Пәннің ерекшелігіне, оқушылардың  дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жас  ерекшеліктерін ескере отырып  оқу материалын түсіндіруде;

- Әр түрлі әдістерді қолдана  отырып, оқу ақпаратын беру процесін  дұрыс ұйымдастыруда;

- Сұрақтарды қысқа әрі ұғынықты  құрастыруда;

- Көрнекі құралдарды тиімді  қолдануда;

- Оқушылардың оқу материалын  меңгеру деңгейі мен сипатын  оперативті болжауда қолданылады.

Дамытушы  іскерлік құралады:

- Оқушының жақын даму аймақтарын  анықтау;

- Оқушылардың таным процесін, сезімдерін, еріктерін дамыту үшін проблемалық  ситуациялар құрастыру;

- Танымдық дербестікті, шығармашылықты  ынталандыру;

- Жекелеген қабілеттерді дамытуға  жағдай жасау.

Бағыттаушы  іскерлігі –  тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықты ұстанымдарын және дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып, оқу іс-әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырудан құралады.

Ал практикалық  дайындықтың келесі іскерлігі коммуникативті іскерлік.

 

 

 

 

Мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің түрлері.

 

  


 

 

  

 

 

  

 

 

   

 

Перцептивті іскерлік – қарым-қатынастың басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс  табады. Ол үшін басқа адамдардың құндылық бағдарын білу керек. Перцептивті іскерлік арқылы алынған ақпарат педагогикалық  қарым-қатынастың тиімді өтуіне ықпал  жасайды.

В.А.Сластенин  перцептивті іскерлік төмендегілерден  тұрады дейді:

•  Бірлескен іс-әрекетте серіктестің белгілері туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, қабылдау;

•  Басқа адамдардың тұлғалық мәніне терең ену;

•  Адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;

•  Адамның қандай типке, темпераментке жататынын анықтау;

•  Адамның сыртқы сипаты мен өзін-өзі ұстауы бойынша адамның ішкі әлемі, болашақ іс-әрекетін және бағытын анықтау;

•  Адамның көңіл-күйін, жағдайын, белгілі бір оқиғаға деген қатынасын анықтау;

•  Адамның құндылық бағдарын көре білу.

Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігі: Коммуникативті шабуыл, яғни сөйлесуді жүзеге асыру түрінде көрініс табады.

Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара  алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен  құралады. Педагогикалық техника  мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны  мен сыртқы көрінісінің үйлесімді  жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Информация о работе Монархиялық мемлекет Республика