Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 11:00, курсовая работа
Жұмыстың көкейтестілігі. Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалім шығармашылық тұлғасын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері: Мұғалімге қойылатын талаптар, міндеттер және құқықтарын талқылау, мұғалім мамандығының ерекшеліктерін және оқыту үрдісінде мұғалімнің шығармашылық еңбегінің сипаттарын көрсету.
Кіріспе.............................................................................................................3
І. Мұғалім тұлғасының қалыптасуы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар,
міндеттері мен құқықтары........................................................................4
1.2 Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері.........................................8
ІІ. Мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру
2.1 Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты........................................12
2.2 Мұғалімнің теориялық дайындығы ......................................................14
2.3 Мұғалімінің пратикалық дайындығы....................................................16
2.4 Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу жұмыстары. Тақырыптық жəне жеке
сабақтардың жоспары..............................................................................19
Қорытынды...................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................26
Ол төмендегі іскерлік пен дағдылардан құралады:
• Дұрыс жұмыс стилін таңдау;
• Оқушылардың зейінін басқару;
• Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін дамыту;
• Мұғалімнің өз денесін басқаруы;
• Психологиялық жағдайды реттеу;
• Әр түрлі сезімдерді білдіру техникасын білдіру;
• Ақпаратты бейнелі жеткізе алу
2.4 Мұғалiмнiң сабаққа дайындалу жұмыстары.
Тақырыптық жəне жеке сабақтардың жоспары
Мектептiң аса жауапты мiндетi – оқушыларды ғылым негiздерiмен терең жəне берiк қаруландыру, табанды жəне жемiстi бiлiм алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерiнiң алған бiлiмдерiн практикада қолдана бiлуге үйрету жəне дағдыландыру болса, осы орайда мұғалiмнiң жауапкершiлiгi, оның сабақтар жүйесiне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшiн аса зор мəнi бар. Жақсы жоспарланған, мұғалiмнiң нəтижелi даярлығын бейнелейтiн сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткiзудiң ең жақсы кепiлi болады. Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру əдiстемесiн ойластыру жұмысын əрбiр мұғалiм өзiмнiң ең басты мiндетiм деп сезiнуi тиiс. Егер сабақ көңiлсiз өтсе, мұғалiмдер сабақты босаң жəне енжарлықпен өткiзсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалiм-дердiң сабаққа дайындалу iсiне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлiнген 45 минут уақытты толық əрi жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендiгiнде деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалiм болып iстесең де 45 минут сабағыңа əзiрленудi ұмыта!).
Мұғалiмнiң сабаққа дайындалуы – аса жауапты iс. Мұғалiм өзi оқытатын пəндi қанша жақсы бiлгенiмен, егер ол сабақтар жүйесi жөнiнде тыңғылықты жұмыс iстемесе жəне əр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында iрi кемшiлiктерi болмақ. Бұл – педагогтiк стажы бар көп мұғалiмдерге де қатысты.
Əрбiр мұғалiмнiң сабаққа дайындалуы жөнiндегi талап, педагогикалық процестiң күрделiгiнен туады. Соған сəйкес мұғалiмнiң сабаққа əзiрленуi барысында төмендегiдей сұраққа жауап беруi керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар
қандай жаңа бiлiмдер алуы
3. Сабақта
айтылатын ойдың бастысы
4. Бұл
ойлар қандай жүйемен
5. Олар қандай жолмен негiзделмек?
6. Қандай қорытындылар керек?
7. Сабақта қандай əдiстер жəне көрнектi құралдар пайдаланылмақ?
8. Оқушылардың
бiлiмiн тексеру үшiн оларға
қандай бақылау сұрақтарын
9. Оқушылар
алған бiлiмдерiн пысықтау
10.Үй
тапсырмасына ненi беруге
Озық тəжiрбелi мұғалiмдер сабаққа белгiлi бiр тиянақты жүйемен даярланады дедiк. Ол төмендегiдей кезеңдерден құралады:
а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау.
б) өтiлген сабақтың табыстары мен кемшiлiктерiн есепке ала отырып, келесi тақырыпты белгiлеу.
в) Кезектi сабақтың жоспарын жасау.
Мұғалiм жұмысындағы мұндай жүйелiк оқу процесiн үздiксiз жетiлдiре беруге, əрбiр жеке алынған сабақты сабақтар жүйесiндегi буын ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi.
Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу - сыныпта оқу материалын өтудiң бiрiздiлiгi жөнiнде айқын да анық түсiнiк құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалiмнiң оқу бағдарламасымен жүргiзетiн жұмысы оларға оқу тоқсанына белгiленген материалдың өтiлуiн қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға əр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберiнде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
Мектепе оқу материалы əрбiр жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрiн күнтiзбелiк (календарный) жоспар деп атайды. Күнтiзбелiк жоспар жүйесiне белгiлi бiр тоқсан iшiнде өтетiн тақырыптар енгiзiледi.
Тақырыптық жоспарлау - белгiлi бiр пəнге қатысты оқытудың барлық формасының бiрлiгi мен байланысының көрiнiсi. Ол мұғалiмге бiр сабақтан келесi сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттардыанықтауда бiрiздiлiк пен жүйелiлiктi анықтауға септiгiн тигiзедi, оқу материалы-ның мазмұнындағы негiзгi ойды бөлiп қарауға, оқушылар мен мұғалiмдердiң негiзгi оқу əрекеттерiн белгiлеуге, пəнара- лық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайда-ланылатын көрнекi жəне техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бiрге нақтылы тақырыптарды оқыту нəтижелерiн алдын ала болжауға мүмкiндiк бередi.
Тəжiрибелi мұғалiм тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып бiледi, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргiзген сабақтардың тəжiрибесiн ескередi, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды жəне сабақта тек бiлiмдiк мiндеттердi ғана емес, сол сияқты тəрбие мiндеттерiнiң шешiлуiн де белгiлейдi. Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалiмдер оқушылардың оқу еңбегiн жақсы ұйымдастырады, əрбiр жеке оқушыға зейiн қойып, сезiмталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада бiлiм берiп, жеке басын нəтижелi тəрбиелеуге қол жеткiзедi. Себебi, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгiлi бiр оқу материалын мектепте өту үшiн жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық жəне дара жүргiзетiн оқу жұмысын, сабақ үстiнде оқушылардан сабақ сұрауды жəне артта қалушыларға көмек көрсетудi күнi бұрын ескеруге мүмкiндiк бередi.
Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақ-тардың тақырыптарын жасап болғанан кейiн, iле-шала мұғалiм алдағы əрбiр сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру əдiстемесiн толық ойластырып алады.
Жеке сабақтардың жоспары - əрбiр мұғалiмнiң жеке сабақ құжаты. Ол мұғалiмнiң тақырып жөнiнде алдын-ала қандай жұмыс жүргiзетiндiгiмен анықталады. Сондықтан тиiмдiжасалған жоспар - тиiмдi өткен сабақ болып табылады.
Қазiргi кезде мектеп тəжiрибесiнде қалыптасқан мұғалiмнiң жеке жоспарының үлгiсi төмендегiдей:
1. Оқу
бағдарламасының берiлген
2. Сабақтың тақырыбы.
3. Сабақтың мақсаты.
4. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдерi.
5. Сабақтың мазмұны.
6. Оқыту əдiс-тəсiлдерi.
7. Сабақ құралдары.
8. Үй тапсырмасы.
9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.
Сабақтың анағұрлым негiзгi бөлiгi – оның төртiншi жəне бесiншi кезеңi болып табылады.
Сабақтың əрбiр құрамды буынына немесе дидактикалық элементтерiне мұғалiмнiң жұмсайтын уақытын көрсетудiң мəнi зор. Содан кейiн барып оның қалған буын-дары мен мазмұны ашып көрсетiледi. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалiмге сабақ барысын нəтижелi ұйымдас-тыруға қолайлы жағдай туғызады. Одан əрi қарай оқушылардың тəжiрибелiк жұмыстарын ұйымдастыру тəсiлдерi қарастырылады. Оқыту əдiстерiн қолдану нақты атап көрсетiледi. Содан кейiн сабақта қолданылатын əр түрлi оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу- əдiстемелiк кiтаптары, көмекшi оқу құралдары т.б.) жəне оны пайдалану əдiстемесi көрсетiледi.
Сабақтың соңғы буыны - үй тапсырмасын беру.
Н. К. Крупская
мұғалiмдердiң назарын
Сабақ жоспарлары
мұғалiмнiң дайындығы мен
Тəжiрибелi
мұғалiмдер жоспарды жасап, сол жоспар
бойынша сабақты өткiзгеннен
ІІ Тарау бойынша тұжырым:
Мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Шығармашылық педагогқа
Мұғалімнің теориялық
Əрбiр мұғалiмнiң сабаққа дайындалуы жөнiндегi талап, педагогикалық процестiң күрделiгiнен туады. Мұғалiм жұмысындағы жоспарлау оқу процесiн үздiксiз жетiлдiре беруге, əрбiр жеке алынған сабақты сабақтар жүйесiндегi буын ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi.
Қорытынды
«Мұғалім - жаңа формацияда кәсіби жоғары білікті маман, оқушыға сапалы білім нәрін бере білетін тұлға,серіктес. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың - тағдыры ұстаздардың қолында» - деді ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, жаңа дәуірдің келелі мәселесі бұл білім беру,ғылымды дамыту тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда айта кететін жайт білім ордасы – мектеп, ал мектеп жүрегі – ұстаз екендігі баршаға мәлім. Ұстаздың қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс жасайды.
«Маған жақсы
мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім
мектептің жүрегі»- де Ы.Алтынсарин айтқандай.
Бүгінгі таңда мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық - қоғам дәуірі,технологиялық мәдениет дәуірі,кәсіби шеберлікке мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі мұғалім ана,бала бағбаны мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру үшін жұмыс бағыттары жасалуы керек. Мұғалімнің білімділігін,іскерлігін жетілдіру, оқушыны жеке бас ерекшелігіне сай оқыту, жеке тұлға ретінде қабылдау, шығармашылық қабілетін дамыту мектептегі ізденгіш, ғылыми қоғам арқылы жүзеге асады.
Мұғалімнің интеллектуалдық құндылығы бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында белгілі жұмыстар жүргізілсе жақсы нәтиже бермекші.
Мұғалімнің кәсіби дағдылары жеке педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңа формацияда ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын, сапалы білім беретін жеке тұлға, бұл мұғалім – ғасырдың көшбасшысы болып табылады.