Мұсылман құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Мұсылман құқығы – бұл діни түрде көрсетілген және мұсылман діні – исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың адамға тарихтың бір айқын кезінде жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Мұсылман құқығы
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері................................5
ІІ тарау. Мұсылман құқығының бастаулары...........................................9
2.1.Құран.........................................................................................................15
2.2.Сұнна............................................................................................................15
2.3.Иджма........................................................................................................16
2.4.Кияс ..........................................................................................................17
2.5.Фирман, Канун..........................................................................................17
ІІІ тарау. Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
3.1 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері 18
3.2 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу ... 23
3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі 25
3.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы 26
Қорытынды..........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер 31

Работа состоит из  1 файл

Если бы я был презедентом России Word (Автосохраненный).docx

— 14.46 Кб (Скачать документ)

Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса маңызды болып есептелді.

Мұсылман құқығы - дін  мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір  ғана жағы. Бұл дін мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар осы ұғымға сенуі  керек: шариғат-адамгершілік жолы.

Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде түзілген. Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам  әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды  ірі теократиялық қоғамның тұжырымдамасына  жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.

Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.

Мұсылман құқығы ғылымының  екі тарауы бар: шариғатты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық  мұсылман құқығының нормасына жататын  шешімдер.

Мұсылман құқығының қайнар көздері:

1). Құран-ислам дінінің  бас кітабы.

2). Сунна-құдайға байланысты  дәстүрлер.

3). Иджма-мұсылман қоғамының  біртұтас келісімі.

4). Қияс-аналогиялық пікірлер.

Құран - Алланың соңғы  Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті кітабы. Бірақ ол құқық кітабы немесе кодекс емес.

Сунна - Пайғамбардың тұрмыс-тіршілігі  жөнінде діни нанымдағылардың қалай  басқару керектігі туралы әңгімелейді. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жинағы. Бұл Мұхаммедтің қағидаларының  бір тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып  есептеледі.

Иджма - докторлардың өзара  келісімінен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды.

Мұндай күрделі жағдайда (қандай да бір сұраққа жауап жоқ кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен мұсылман қоғамының тұтастығы мысал ретінде ұсынылады.

1). Адат менің қоғамым  қате шешімді ешқашан қабылдамайды;

2). 115 қатар 4 өлеңнен тұрады "кімде-кім наным жолына жатпайтын басқа жол іздесе, ол тозаққа тап болады"1. Иджма Еуропа салтына жатпайды. Ол жалпы мойындауды да талап етпейді. Талап ететіндер барша ілімді жетік білетін адамдар тобы. Олардың рөлі құқық белгілеуден тұрады. Оқымыстылар-пайғамбардың мұрагерлері. Құқық докторларының бір қалыппен ойлауы - исламның қағидаларының кең қанат жаюымен түсіндіріледі. Құранның практикалық мағынасы - сунна мен иджма. Мұсылман құқығының үш қайнар көзі, міне, осылар. Құран мен сунна негізгісі. Бірақ бүгінде бұл тек құқық ілімінің тарихи қайнар көздері, оларды қалай болса солай пайдаланбауы керек. Тек құқық кітаптары ғана иджманы мақұлдаған. Біздің жағдайымызда мұсылман құқығын оқу үшін пайдалану керек.

Мұсылман құқығы догма негізінде біздің дәуіріміздің X ғасырында өзгермейтіндей болып белгіленген. Ислам діні өкімет құқығының өзгерістерін мойындамайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі үкімет басындағылар құқық қызметін заңды жолмен құра алмайды. Олар тек заң актілерін мұсылман құқығы рұқсат еткен мөлшерге дейін бере алады. Қияс - аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады. Құқық сенімдегілері діни істерге байланысты жүргізуі керек. Ол ақиқаттың айнасы деңгейіне көтерілуі шарт емес.

Әрине, құқық жүйесінде  Құран негізгі орын алады. Ол мұсылмандар  үшін қастерлі. Бұл қасиетті кітап  барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді: адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдау жасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.

Құранда соңғы жағынан  қысқартылған 90 меккелік, 24 мединалық  сүре бар. Олар шабытты жазылған. Айқын  ырғақпен ұйқастырылған сөйлемдер тыңдаушыға әсер етіп, ислам құдіретін сездіреді.

"Алладан басқа құдай  жоқ, Мұхаммед - оның Пайғамбары" - деген исламның негізгі қағидасы. Мұсылмандықтың негізгі өзегін фатализм құрайды. "Сіздерге берілген уәдені сіз әлсірете алмайсыз". Құран бастаған істі аяқтауды уағыздайды: пітір төлеу, бес мезгіл намаз оқу, ораза ұстау сияқты мұсылманның бес парызын қатаң сақтау керек.

Әдебиеттерде Құранға әртүрлі баға беріледі. Құран заңның бастапқы көрінісі. Құранда қоғамдық-бұқаралық жеке бас құқықтық нормалары ещқандай бағынушылықсыз қолданылған: догмалармен суарылған мұсылман құқығының жасанды болуы мүмкін емес. Мұсылман түсінігіндегі ойлы бағыт ешқашан қатаң тәртіп алдында бас июге әкелмеді. Мұсылмандар әлемдегі жаңа көзқарастарға сақтықпен қарайды: "Біз іздейтін жұртпыз, бірақ ойдан шығармаймыз!" дейді олар өздері жөнінде.

Дінге байланысты кейін пайда болған тұжырымдаманы негізге алды. Басқа жағынан алғанда, араб мұсылман империясының жеңімпаздарын өз жүйесімен, тәртібімен өсіруге мәжбүр болды. Жаулап алынған елдердегі өмір құбылыстарынан тәлім ала отырып, өмір сүрді. Ал иудейдің христиандыққа өту кезеңіне қарағанда ислам догмасы әлдеқайда дәлелденген болып табылады.

Араб жаулап алу жылдарында (639-750) жаулап алушылар қабілетті болып шықты: олар дамыған мәдениеттің жетістігін алып, шын көңілмен пайдаланды, жаңа үлгідегі мұсылмандар ислам дініне өздерінің ойлары мен тәсілдерін әкелді. Бағынышты болған халықтармен ақыл-ойлылық, мазмұндылықпен, шыдамды түрде араласа білді.

Арабтардың бақытына қарай олар әртүрлі облыстардың жақсы мәдениетін қабылдап, осының арқасында мұсылман құқығының негізін жасауға мүмкіншілік алды.

"Діни тарихтардан бізге  жақсы белгілі, - деп жазады көрнекті кеңестік ислам зерттеушісі Е.Н. Беляев.'2 - Бұрын болып кеткен оның оқуын және әсер етуін сынамаған, бұған жатпайтын. Мұндай идеологиялық жүйелер мүлде жоқ. Мұсылман құқығы мен ислам дінінің өзіндік ерекшелігі мынада: олар қоғамдық болмыста қандай да бір кезеңде қандай да бір аумақта көп мәдениет қоныстанған халықтармен бірге дамытты. Олардың экономикалық және мәдени арақатынасы және мәдениеттің болып өткен әсерлері орта ғасырлардағы араб мәдениетінің жарыққа шығуы болды және адамзаттың мәдени даму тарихындағы оның орны ерекше еді. Құран - бұл исламның "Библиясы". Бұны бір жағынан күрделі, қарама-қарсы мағынадағы ережелердің жинағы деуге келеді. Ал екінші жағынан-күрделі варварлық әдет-ғұрыпқа қарсы реакция байқалады. Ол араб тілін, шығыс христиандығын, еврей әдет-ғұрыптарын және басқа да тәуір үлгілерді өзіне қабылдады.

Құранды түсіну үшін ислам  діні туралы әртүрлі көзқарастар болған Француз ислам зерттеушісі А. Массэнің айтқандарынан мысал келтіреміз: "Мұхаммедтің діни және саяси данышпандығына орай, әдіс-тәсілмен жұртты біріктірген арабтар өздерін тани отырып, өз орнын тарих дамуынан мәңгілікке орын алу үшін, мәдениетсіздіктен және анархиядан шыға отырып мынаған дайын болды: "Ол Мұхаммедті Меккенің буржуасы ретінде анықтайды. Ол араб жаулап алушыларын ислам империализмінің пайда болуы деп санайды".

Мұсылман құқығында істің  бес түрлі категориясы бар: міндетті, айтылған, бейтарап, ұрысқан, жабылып тасталған.

Мұсылман құқығы ғылыми орта ғасырларда терең қалыптасты, сондықтан көптеген нормалар архаистік сипатқа ие болды, бұл жүйелендірілмеген казуистика болып табылады. Бірақ мұнда бастысы мұсылман құқығының өз табиғаты түпнұсқалық өзгеше орында.

Исламның бір бөлігі - мешіт құқығы. Кім оның талабына бағынбаса, сол кәпір деп саналып, ол мұсылмандар қоғамынан қудаланады. Әкімшілік тәртіппен, өздерінің келісімімен оны жаңа заманға бейімдейтін мұсылман құқығы өзгеріссіз, бірақ үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Дүние жүзінде мұсылман құқығы төрт мағынада өмір сүреді:

1)  Ханифиттік (Иран, Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет);

2)  Малакиттік (Солтүстік және Батыс Африка);

3) Шафегиттік (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка);

4) Ханбалиттік (Аравия).

 

 

 

 

2.1.Құран.

Шариғаттың бастауы мұсылмандардың киелі кітабы – Құран, ( араб тілінен  аударғанда, ал-құран-“дауыстап оқу”, “ілім”). Ол 610 және 632 ж ж аралығында Мұхаммед қалдырған хадистерден, үгіт-насихаттардан  тұрады. Зерттеушілер Құраннан ерте Шығыстың құқықтық ережелерін және Исламға дейінгі  Аравияның салт-дәстүрлеріне ұқсас  жақтарын тапты.

Алғашқыда пайғамбар хадистері  ауызба–ауыз беріліп отырды. Олардың  көбісін дінге сенушілер жазып  алып отырды, кейіннен Мединада Мұхаммед пайхамбардың бұйрығы бойынша олар жүйелі түрде жазылып алынып отырды. Құран мазмұнын заңдастыру және оны  басып шығару Олиф халиф (644-656жж) тұсында  болды. Құран арабтарға “әкелер  дәстүрін” тастап, Ислам орнатқан ережелерді ұстануға шақырады. Оның құқықтық маңызы жөнінде Құранның өзінде былай  делінген: “Сонымен, біз оны арабтардың құқықтық жинағы ретінде жібердік”.

Құран 6219 аятқа бөлінген, 14 сүреден  тұрады. Аяттардың көп бөлігі аңыз тұрінде, тек 500 аяты ғана мұсылмандардың өзін-өзі ұстау ережелерінен тұрады. Соның ішінде оның 80 көбін ғана құқықтық ережелерге (бұл ережелердің басым  көпшілігі отбасы мен жанұяға  арналған), қалған бөлігі діни міндеттер  мен дәстүрлерге арналған. Құранның басым бөлігі кездейсоқтық сипатта  және Пайғамбардың басынан өткен  жағдайларды талқылайды. Бірақ көпшілік ережелердің мағынасы анық емес және жағдайға байланысты оны әр-түрлі  талқылауға болады. Көпшілік діни соттарда және құқықтық доктринада олар әр-түрлі  талқыланып отырды, кейде мүлде қарама-қайшы  сипатқа ие болды.

 

 

2.2.Сұнна.

Мұсылмандарға міндетті тағы бір құқықтық ереже, Мұхаммедтің  іс-әрекеті мен ой-пікірлерінен (хадис) тұратын –Сұнна. Хадистерде де араб қоғамының әлеуметтік дамуын көрсететін құқықтық ережелерді көруге болады.  Хадистерді соңғы басып шығару 9 ғасырда жүзеге асты, ол кезеңде  сұннаның жинақтарыда шығарылды, ол әсіресе Бұхарада мәлім болды. Сұннадан неке және мұра,сот құқығы, құл туралы ережелер т.б. алуға болады. Сұнна  хадистері, талқылаудан өткеніне қарамастан көптеген қарама-қайшы ережелерден  тұрды және оның ішіндегі ең нақты  делінгендердің өзі діни көсемдер мен  соттардың еркімен бұрмаланып отырды. Мұхаммедтің шәкірттері айтқан хадистер ғана заңды күшке ие деп саналды, ал сүннитерге қарағанда шейттар  халиф Али мен оның жақтастарын  мақтаған хадистерді ғана мойындады. Сонымен, “Сұнна Алла елшісі” (Сұннаның толық  аты) – Мұхаммедтің өмірін, оның сөзі мен ісін баяндаған мәтін  жиынтығы, ал толық қарастырсақ - Құранды  толықтыратын және онымен бірге киелі  саналатын, діни ережелер жиынтығы. Сұннаны  оқыту- діни білім мен тәрбиенің  ең маңызды бөлігі, ал Сұннаны білу және оны ұстану- дін жолындағы  адамның ең алғашқы бастаушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Иджма

Мұсылман құқығының үшінші сатысы иджма, мұсылман қоғамының жалпы  келісімі. Құран және Сұннамен бірге, ол шариғаттың ең беделді бастауының бірі болып табылады. Иджмада Мұхаммедтің  жақтастары немесе мұсылман діндарлары (имам, муфти) айтқан діни және құқықтық мәселелер қарастырылған. Иджма, Құран  және Сұннаның мәтіндерін түсіндіру  арқылы және де Мұхамедке қатысы жоқ, жаңа ережелер арқылы да дамып отырады. Олар, өзін ұстау ережелерін қамтып, егер мүфтилер мен муджатахидтер  қолдаса міндетті ережеге айналып  отырды.

Мұсылман құқығының мұндай жолмен дамуы “Иджитихад” деп  аталды. Шариғаттың негізгі бастауы  болған иджманың заңдылығын Мұхамедтің мына сөзінен білуге болады: “Егер  сендер өздерің білмесеңдер, білетіндерден  сұраңдар”. Шариғаттың дамуындағы иджманың үлкен рөлін мынадан көруге болады: ол Араб халифатының діни, билеушілеріне, басып алған елдердің ерекшеліктері  мен феодалдық қоғамның өзгерістеріне  сәйкес, жаңа құқықтық ережелер енгізуге мүмкіндік берді. Шариғатты толықтыратын құқықтық ереженің бастауы иджмаға, мүфтилердің жеке көзқарастары мен  шешімдері – Фетвада кіргізілді.

 

2.4.Кияс

 

Мұсылман құқығының әр бағытында көп талас тудыратын  даулы бастауы, қияс – құқықтық істерді  ұқсастығына байланысты шешеді. Қиясқа сәйкес Құранда, Сұннада немесе Иджмада  орнатылған ережелер, бұл бастауларда  тікелей көрсетілмеген істерде  де қолданылуы мүмкін. Қияс жаңа қоғамдық қатынастарды тез реттеп қана қоймай, сонымен қатар, шариғатты теологиялық  шабуылдан  қорғап қалады.

Бірақ мұсылман соттарының қолында Қияс көпшілік кездерде мықты  қаруға айналды. Мұндай әдісті әсіресе  Абу Ханиф және оның ізбасарлары  – халифаттар қолданды.

Мұсылман құқығына кірмеген, бірақ оның ережелеріне қайшы  келмейтін жергілікті дәстүрлер  де шариғатқа қосымша ретінде  қолданылады.

Соның ішінде араб қоғамында  (УРФ) орын алған, сонымен қатар арабтар  жаулап алған көпшілік халықтардың  және мұсылман  құқығының әсеріне  іліккен елдердің құқықтық дәстүрлерін  есепке алынды.

 

2.5.Фирман, Канун. 

Соңғысы шариғат туындысы, мұсылман құқығы – халифтардың жарлықтары мен бұйрықтары -  Фирман. Кейіннен, басқа мұсылман мемлекеттерінде  заң шығарушы қызметтің дамуына  байланысты, құқықтың бастауы ретінде, маңызды рөлді – Канун заңдары  алды. Фирмандар мен Канундарда шариғатқа  қайшы келмей, керісінше халықты  мемлекеттік басқару ережелері  арқылы толықтыруы тиіс.

 

 

ІІІ тарау. Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар

3.1 Отбасылық және мұрагерлік  құқық ерекшеліктері

 

Отбасылық құқық. Неке-екі  жақтың, әйел мен еркектің келісімі негізіндегі нәтиже. Некенің шарты: екі адамның келісуі, неке жөнінде  жұрт алдында және ашық түрде жариялау.

Құқықтанушылардың көпшілігі  келесі жағдай некеге тұру үшін керекті  деп есептейді: екі жақтың әлеуметтік теңдігі; мұсылман дінін тұтынуы; бостандықта, еркіндікте болуы, денсаулығы күшті, шындықты айтуы, жұбайының жұмысы бар болуы.

Молда неке қиярда кәмелетке  толған мұсылманнан екі куәгер сұрайды.

Информация о работе Мұсылман құқығы