Мұсылман құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Мұсылман құқығы – бұл діни түрде көрсетілген және мұсылман діні – исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың адамға тарихтың бір айқын кезінде жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Мұсылман құқығы
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері................................5
ІІ тарау. Мұсылман құқығының бастаулары...........................................9
2.1.Құран.........................................................................................................15
2.2.Сұнна............................................................................................................15
2.3.Иджма........................................................................................................16
2.4.Кияс ..........................................................................................................17
2.5.Фирман, Канун..........................................................................................17
ІІІ тарау. Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
3.1 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері 18
3.2 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу ... 23
3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі 25
3.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы 26
Қорытынды..........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер 31

Работа состоит из  1 файл

Если бы я был презедентом России Word (Автосохраненный).docx

— 14.46 Кб (Скачать документ)

Некенің түрлері. Сунниттерде  тек бір неке. Ол мәңгілік және мерзімсіз. Шейіттер тағы уақытша неке қосады, бір жұбайының жақындығынан бастап ондаған жылдарға дейінгі аралықта. Бұл некеден туған балалардың өз мәртебесі бар. Бұл неке мұрагерлік алуға құқық бермейді.

Құран қандас туысқандардың  некесіне тыйым салады. Туысқандарға жататындар: ана, әпкелер, екі жақтың апайлары, ағалары мен қарындастарының  қыздары, асыраушысы, емшектес қарындастары, әйелінің анасы, яғни енесі, өгей қызы, өз баласының әйелдері, яғни, келіндері. Апалы-сіңлілерді бірден әйелдікке  алуға болмайды. Құран еркек пен  әкенің толық басшылығын қолдайды. Еркек әйелдерден жоғары тұрады. Себебі құдай дүниені оған бұрын берді. Сондықтан олар өз дүниесін әйелдер  үшін жұмсайды.

Құран төрт әйел алуға дейін  рұқсат етеді. Ері әйелін азық-түлікпен, баспанамен, киімдермен қамтамасыз етуге  міндетті. Әйел дүниесінің жағдайы  талапқа сай келуі және ерінің әйелмен бірдей қарым-қатынаста  болуы талап етіледі.

Еркектерге үйінен басқа  жерде тұруына да рұқсат берілген. Ал әйелі өзінің ар, ұят тазалығы мен еріне сенімділігін таза ұстауы керек. Неке заттық келісімге ұқсайды, әйел қандай да бір зат ретінде алынады. Ажырасу жағдайында кезектегі уақыт белгіленеді. Некелескен адамдардың ажырасу құқығы бүтіндей еркектің қолында.

Тек "Құранның" бір жерінде  сатып алған қалыңмалын қайтарған  жағдайда әйелге ажырасуға рұқсат етілетіні айтылған. Еркек үшін ажырасуға әйелінің кішігірім кінәсі де себеп бола алады. Ажырасу еш сылтаусыз болуы да мүмкін. Ажырасу жағдайында тек тиісті салт жорасын өткізсе болды. Бірақ ажырасқан әйел үш ай ерінің үйінде қала алады. Өйткені балалар ерінің қамқорлығында қалады. Құран бойынша ажырасудың үш түрі бар:

Талақ. Егер жұбайлар иддат кезінде бір-бірімен жанаспаса, ал оның бітуінен кейін үш ай ері әйеліне қайтармайды. Талақтың тұрақты қағидасы: "Сен аластатылдың! Сен кесілдің! Сен жабылдың! Тізгінің өз мойныңда! Өзіңнің руыңа барып қосыл! Сен айырылдың! Мен сені төркініңе қайтарамын! Мен сені жіберемін! Өз ісің өз қолыңда! Сен боссың! Төсекті босат! Таза бол! Кет, жоғал! Баста! Кет! Тұр! Жолдасыңды ізде!".

Иддат біткеннен кейін  әйел үйден кетеді. Ері иддат ажырасуы бітіп, келесі некесінен кейін қайтарып ала алады.

Талақ-иддат біткеннен  кейін салыстыру басталады.

Ажырасудың екінші түрі - Зихар (зихр-бел). Өзінің әйелін өз жотасы деп атай отырып, ері некені бұзады. Бұл ажырасу аяқталмаған, сатып алуынан кейін жоққа шығарылғанмен бірдей болуы мүмкін.

Ажырасудың үшінші түрі - айман. Еркек әйелімен жұбайлық қатынасқа түспеуге ант береді. Бұл аяқталған ажырасу.

Шариғат бойынша тағы екі  ажырасудың түрі бар: олар ила және хульча. Ила-уәде, төрт ай ұстағаннан кейін, аяқталған ажырасу болады. Хульча - екеуінің ажырасуға келісуі, әйелдің сатып алынғандағы ақшасын төлеуге келісу жайындағы ажырасу.

Әйел шариғат соты арқылы ажырасуды талап ете алады. Бұл  ажырасу аяқталған, қадидің араласуы кезінде егер еркек адам өзінің жұбайлық міндеттерін орындамаса, тиісті өтеуін төлемейді, өзара "келіспейтін жағдайда" ақшасын ұстауға бермейді3. Туысқандарының жұбайларды татуластыруға құқы бар, бірақ ажырасу мүліктік қарым-қатынастарға тәртіпсіздік енгізеді. Ажырасу кезінде мүліктердің бөлінуінің де құқықтық негізі бар. Құран еркекке, әйелі жоғына мүліктің көп мөлшерін беруді қостайды.

Мынадай жағдайда, егер өлшемі "некенің өтеуінде туысқандары  мен оның әкесінің үлкендігі мен  бағалығы тізімде тұратын болса, сол сияқты әйелінің жасы, әдемілігі, байлығы, ақылы, тұрғылықты жері мен ар тазалығы некелік шартта анықталған болса, ол мехр" беруге міндетті.

Егер мехр төленсе, онда оны қайтаруға мәжбүр етпейді. Шариғат сол сияқты еркектің әйелге ажырасу кезінде сыйлық беруін қостайды (киім немесе сәнді заттар). Бұл тартулар оның тұрмыстық жағдайына көмек беру үшін беріледі. Әйел көшеде бетін жауып жүрсін деген сөз "Құранда" анық айтылмаған. Олар ерінің рұқсатынсыз үйінен шыға алмады, ешкіммен таныса алмады.

Баланы адам ету ата-ананың борышы. Балалардың мынадай екі түрі әкесінің қарауына жатпайды:

1) Нәресте заңды некеден кейін туылғанымен, әкесі оны өзімдікі емес деп жариялаған жағдайда (дәлелсіз кезде);

2) Некесіз бала (Әкесімін деп мойындаған адамның заңды балам деп айтуға құқы бар).

Әке отбасын асырауға міндетті. Әйелінен ажырасып, анасы асырай алса да, әкесі ұлын 9 жасқа дейін, қызын 11 жасқа дейін асырауы керек.

Мұрагерлік құқық.

Өсиет-васипа. Мүліктің 1/3 бөлігі кімге тиесілі болса, өсиетте соның атына қалады. Бірақ 2/3-і міндетгі түрде заң негізінде туысқандарына таратылады. Мұнымен мұрагерлік заттарға бөтен біреулердің көздеу мақсатына кедергі жасайды және оны отбасы үшін жүзеге асырады. Тек мұсылмандарға ғана емес, сол сияқты мұсылман еместерге де өсиет қалдыруға болады.

Заңды мұрагерлер. Бұл Құранның ең күрделі бөлімі. Әйелдердің үлесі еркектердің 1/2 үлесімен тең. Ирс-қайтыс болғандардан қалған мүлікке құқық пен міндеттіліктің жинағы.

Мұрагерлік келесі түрде таратылады:

1). Көмгендігі үшін ұстап қалу;

2). Қарыздарын төлеу;

3). Өсиеттің 1/3 өлшемде болуы;

4). Заңды мұрагерлердің арасында бөлінетін қалған мүліктер.

Мұрагерлер мыналарға бөлінеді:

1). Фарди ер екіден бірі, егер әйелде мұрагер болмаса, егер бар болса, төрттен бірі.

Әйел немесе әйелдері, егер мұрагер болмаса 1/4, егер бар болса, сегізден бірі.

Әкесі-алтыдан бірі, егер әкесі болмаса, онда нақ осы үлес атасына тиесілі. Анасы-алтыдан бірі, әкелері бірге болса, алтыдан  бірі.

Балалар барлығын алады. Әрі  қарай әйелдің үлесі еркектің үлесінің жартысына тең.

2). Асаба-мұрагерлердің екінші категориясы. Бұған еркектің туыстары қатысады.

3). Зуль-ахрам-қайтыс болған  адамның мұрагері болмайтын және мұрагерлікке құқы жоқ адамдар. Егер фарди (1) және асаба (2) жоқ болса, онда мыналар мұрагер бола алады (әкесі және анасының әкесі, ағасының қыздары, қарындастарының балалары, шешесінің ағасының балалары, немере қарындастары, әкесінің қарындастары, аналары, ағасының бауырлары)

Мұрагерлік құқын жоғалтатындар: кісі өлтірген мұрагерлер, дінге сенбейтін адам, құлдыққа түсіп қалғаңдар, т. б.

3.2 Меншік қатынастарын құқықтық  реттеу

 

Шариат бойынша құқық  салалары бөлінбегенімен, азаматтық-құқықтық  қатынастар, соның ішінде меншік құқығы, келісім шарт және деликт құқығы жақсы  даму алаған.

«Жеке мәртебе құқығына»  шариғат ерекше мән берді. Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінде, сонымен  қатар Араб халифатында жекелеген  сословиелік топтар иерархиясы қалыптаспадымұсылман құқығы бойынша жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі. Оның діни ұстамына қарай  анықталды. Толыққұқылы жеке мәртебені  тек мұсылмандар ғана иеленді. Христиандық  немесе иудаизмді ұстайтындар төмендеу сатыда тұрды және өте ауыр мемлекеттік  салық «джизьяны» төлеуге міндетті болды. Оларға қатысты шариғат нормалары  мына жағдайларда қолданылды:

    • мұсылмандармен шарттар жасалғанда;
    • қылмыс жасалған жағдайда.

Әлеуметтік қатынастардың  дамуы тек құлдар жағдайына әсер етті. Құлдар құқық субъектілері қатарына жатпады, бірақ қожайыны атынан сауда  операцияларын және мүлікті сатып  алуға байланысты әрекеттерді жүзеге асырды. Мұсылман дініндегі құлдардға  бостандық беру құдайдың ниеті деп  саналды. Жеке тұлғаға байланысты шариғат  бойынша құқықтық мәртебеде әйел мен ер адам теңсіздігі өзіндік ерекшелікке  ие болды.

Шариғаттың діни талаптары  бойынша құқық субъектісі тек  Алла болып табылады, ал мұсылмандар  құдай бекіткен міндеттерді орындаушылар. Мұсылманның діни парыздарын қалай  өтеуі оның құқықтық мәртебесі жоғарылай  түсуіне ықпал етті. Сондықтан  мұсылман құқықтанушылары құқыққабілеттігі мен әрекетқабілеттілігі мәселесіне көп көңіл бөлді. Азаматтық әрекетқабілеттілігі  меншік құқығына ие болудың негізгі  шарты болды. Толық көлемде әрекетқабілеттігі  кәмелетке толғаннан және ақыл-есі  дұрыс жағдайда берілді. Кәмелетке  жету фактісін төрелер (судья) өз қалауынша  бекітті. Жасөспірімдерге байланысты  шектеулі әрекетқабілеттілігі түсінігі мастық, ақыл-есі кемдік т.б. жағдайларда қолданылғаны туралы мысалдар бар.

Мүліктік қатынастарын реттеуші мұсылман доктринасы маңызды орын алады. Заттық құқық объектісі ретінде  мүлік құқығы анықталды. Ерекше заттар санатын құрайтындарға мыналар  жатты: ауа, теңіз, шөл жерлер, мешіт, су жолдары және т.б. «Таза емес заттар», яғни шарап, шошқа еті, ислам талаптарына  қайшы келетін кітаптар т.б. мұсылман меншігіне жатқызылмады. Осы заттар араб жаулап алулары кезінде көбінесе жойылып отырылды.

Мұсылман құқығы бойынша  заттар мынадай негіздерде топталды:

    • жылжымалы және жылжымайтын;
    • ауысатын және ауыспайтын;
    • жеке белгілерімен сипатталатын немесе сипатталмайтын т.б.

Жер мүліктері мұсылман құқығы бойынша ерекше топтауға түсті. Ерекше топтарға мемлекеттік мүліктер, жерлер, бос жерлер, жеке меншік жерлері, т.б  бөлінді.

Шариғат бойынша меншік құқығына ие болу жолдары нақты анықталды. Арабтардың жаулап алу жорықтары  кезінде түскен олжаларға меншік иесі болуы мәселесі көтерілді. Басып  алынған жерлер мемлекет меншігі  болып саналды және халифтар мен  әмірлер қол астына өтті. Басқа  заттардың құқықтық мәртебесі оның күштеп алуы немесе күш қолданбай  алынуына байланысты болды. Күшпен тартып алынған мүліктер бірнеше бөлікке  бөлінді. Оның бір бөлігі олжа иесіне, екіншісі мемлекетке, ал үшінші бөлігі мешітке және т.б. жағдайларға жұмсалды.

Шариғат бойынша меншік иесі болудың мынадай жолдары белгілі: мұрагерлік, шарт, затты тауып алу. Мысалы соңғы жағдайға байланысты басқа  біреудің затын өз территориясында  тауып алған адам оған меншік құқығына ие болды.

Меншік құқығына байланысты қасиетті шығу тегі бар заттар анықталды. Мекке және оның төңірегіндегі жерлер айрықша мәртебеге ие болды. Осы жерлерге тек мұсылмандар ғана қоныстана алды, онда ағаштарды кесуге, аң аулауға және т.б. тиым салынды. Жаулап алынған жерлердің тұрғындары өздерінің жеке құқықтарынан айырылды.

Араб халифатындағы феодалдық  жеке меншік құқығы (мүлік) мемлекеттік  меншікке қарағанда төменгі даму сатысында болды. Мемлекеттік жер  қорының ұлғаюына байланысты және феодалдық  қатынастардың дамуы жағдайында жер иеленудің шартты нысандары  кең етек жайды. Басып алынған  жерлердің бір бөлігі жоғарғы  федалдық топқа немесе мемлекеттік  қызметке (Иқта) берілді. Осындар жер  үлесінің иесі  сол территориядағы тұрғындардан алымдар жинай алды. Олар уақыт өте жерлерді мұраға қалдыра  алды. Ауыз су ошақтары Құран бойынша  бастапқыда  жалпы игілікке жатты. Бірақ кейін құдықтар, ұсақ өзендер  жер иелері меншігіне айналды.

Шариғаттағы зат құқығы ішінде вакуф ерекшеленеді. Ол әдетте діни мекемеге берілген жылжымайтын мүлік  болды. Вакуф алып-сатуға жатпады, кепілге  берілмеді. Бірақ арендаға берілді  және оған тең жағдайда алмастырылатын болды. Вакуф мемлекеттік салымдардан  босатылды.

Шариғат бойынша міндеттеме, түрлері: тегін және тегін емес, екі  жақты және бір жақты, тез және ұзақ мерзімді.

Шарт жасау мұсылман құқығы бойынша формальді сипат алды. Шарт жағдайлары құжатта, ресми емес хатта және ауысша жасалынды. Шартты орындау Құран бойынша қасиетті міндет деп танылды. Шарт түрлеріне  алып-сату, заем, сыйға тарту, жалдау, ссуда, сақтау, серіктестік, одақ т.б. сауданың жақсы дамуына байланысты алып-сату шарттары жиі қолданылды. Ол туралы Құранда «екі жақты келісім» туралы жазылған. Алып–сату шарты реалды жағдайларда ғана заңды болып  табылды. Егер көрінбейтін жақтары  анықталса (мысалы, құлдың, жануардың  ауру екендігі) шарт бұзылуға жатты.

Шариатта өсімқорлық түрі шартты түрінде көрінді. Құранда  саудаға жол берілгенімен өсімқорлыққа тиым салынған, бірақ бұл жағдай көп реттерде бұзылып отырды. Қарыздарды құлға айналдыруға тиым салынғанымен оның  кредитор пайдасына жұмыс істеуіне жол берілді.

Жерді жалға алу мұсылман құқығында кең түрде таралды. Жер иесі мүддесіне қатысты аренда мөлшеріне көп көңіл бөлінді. Одақтар мен серіктестіктер шартары  кең таралды. Осы құқықтық нысан  жерді суландыруда және сауда  керуендерін құруда кеңінен қолданылды.

3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі

Қылмыстық құқық нормалары  Шариғатта аз қаралаған. Ол заң техникасының төменгі деңгейімен ерекшеленеді. Қылмыстың  жалпыға тән анықтамасы болмады. Қастандық, қылмысқа қатысу, жеңілдетуші  және ауырлатушы институттары  т.б. аз зерттелді.

Ортағасырлық мұсылман құқықтанушылары  қылмыстарды үш топқа жіктеді:

1. Мұхаммед пайғамбардың  өсиеті бойынша «Алла құқығына»  қарсы тұру және ол кешірілмейтін  күнә саналды. Оған ең алдымен  исламнан бас тарту жатты, ол  үшін өлім жазасы кесілді. Басқару  тәртібіне қарсы тұру, қарсылық  көрсету қатаң жазаланды. Осы  топқа ұрлық-қарлық, спирт ішімдіктерін  пайдалану т.б. жатты.

2. Мұсылман қауымына және  жеке адамға қарсы қылмыстар.  Оны реттеуші нормалар ру-тайпалық  әдет-ғұрып ережелерін қолданып, сол  бойынша жазаланды. Қанды  кек орын алды. Ол құн төлеумен  алмастырылуы мүмкін еді. Дене  мүшелеріне зақым келтіру жазалары  да қолданылды.

3. Халифат қалыптасуы  кезінде әрекет еткен қылмыстар  жазалануға жатпады. 

Информация о работе Мұсылман құқығы