Мұсылман құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Мұсылман құқығы – бұл діни түрде көрсетілген және мұсылман діні – исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары Мұхамед арқылы Алланың адамға тарихтың бір айқын кезінде жеткізуінен шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және сонымен қатар кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті, сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті.

Содержание

Кіріспе 3
І тарау. Мұсылман құқығы
1.1.Мұсылман құқығы жүйесінің негізгі ерекшеліктері................................5
ІІ тарау. Мұсылман құқығының бастаулары...........................................9
2.1.Құран.........................................................................................................15
2.2.Сұнна............................................................................................................15
2.3.Иджма........................................................................................................16
2.4.Кияс ..........................................................................................................17
2.5.Фирман, Канун..........................................................................................17
ІІІ тарау. Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
3.1 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері 18
3.2 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу ... 23
3.3 Қылмыс, жаза, сот ісі 25
3.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы 26
Қорытынды..........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер 31

Работа состоит из  1 файл

Если бы я был презедентом России Word (Автосохраненный).docx

— 14.46 Кб (Скачать документ)

Құқықтық доктринаның  дамуы жағдайында зекетті төлемеу, жеңіл дене зақымдануы, қорлау, бұзақылық, алааяқтық, парақорлық, құмар ойындар  ойнау т.б. қылмыс түріне жатқызылды. Ол әрқашанда меншік иелерінің мүддесіне  сай қаралды.

Бірінші және екінші топтағы  қылмыстар қатаң жазаланды. Үшінші топтағы қылмыстар өте жұмсақ болды. Жалпы жаза түрлері: өлімге кесу, денесін бөлшектеу, дарға асу, масқаралау.  Бостандығынан айыруға қамау  және мешітке орналастыру жатты. Мүліктік санкциялар болды: тәркілеу-конфискация, айып салу т.б.

Сот ісін жүргізу мұсылман құқығы бойынша айыптау сипатында  болды. Істі қозғау мемлекеттік органдар мен мүдделі жақтар ұсынысы бойынша  жүзеге асты. Қылмыстық және азаматтық  істер мәні жағынан ажыратылмады. Сот ісі жария түрде қаралды. Тараптар істі өздері жүргізді және адвокат  көмегіне сүйенді.

Істі жүргізу ауызша болды. Айыптау дәлеліне тараптардың мойындауы, куәлар жауабы, ант беру жатты. Істі қарау бір отырыста шешілді, кейінге  қалтырылмады. Істі қарауда тараптардың  сословиелік жағдайы оның барысына ықпал етті. Сот шешімі түпкілікті және даусыз деп танылмады. Жаңа фактілер бойынша сот шешімі өзгеруі мүмкін болды. Дәлелдерді бағалауда формализм  сақталды. Әйелдің жауабы жартылай дәлел ретінде қаралды. Айыпталушының  мойындауы дәлел ретінде қаралып, шешім шығаруда пайдаланылды.

3.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы

Мұсылман құқығы осы күнге  дейін әлемдегі ықпалды жүйелердің бірі болып отыр және ол миллиардқа жақын мұсылманның өзара қатынастарын реттейді. Мұсылман халқы қоныстанған  көптеген мемлекеттер ислам дінінің  принциптеріне адал екендігін жариялайды. Бұл жариялылық Марокко, Египет, Индонезия  мемлекеттерінің конституцияларында бекітілген.

Мұсылман құқығы өзгеріссіз. Бірақ оның қолданылу мүмкіндігі өте кең. Себебі, ол өмір талаптарына  байланысты икемделе алады. Құқықты  өзгертпей, қарама-қарсы жақтардың  келісуі арқылы, әдет-ғұрыптың жаңғыруына, қоғамның дамуына әсер ететін жағдайларды кіргізуге мүмкіндіктер табылады.

Қазіргі кезде діни факторлардың әсер етуі едәуір күшейіп, ол ислам  дінінің ер елдерінде қоғамдық дамудың  дәстүрлі кезеңі ретінде қалай таралса, әлемдік саясатта да сондай жағдайда. Ислам факторы Иран төңкерісінің бірінші кезеңінде шахқа қарсы  және империализмге қарсы бағыттың күшеюіне мүмкіндік туғызды.

1979 жылдың басында Зия-уль-Хактың  жар салуымен Пәкістандағы қоғамдық-саяси  және экономикалық құрылысты  исламдық негізде ұйымдастыру  - буржуазиялық саяси билеуші  одақтың мақсатына қызмет етті. Исламды президент А. Садат қолданды, исламды социализм жүйесіне де қарсы қолданғаны мәлім. Ислам дінінің қолдануы қазіргі заманда жан-жақты.

Бүгінгі таңда мұсылмандар жер жүзі бойынша бір миллиардқа жақын адамға жуық деп есептеледі. 35 елдің негізгі тұрғындары мұсылмандар, ал 18 елде олардың ықпалы аз. Ислам бірсыпыра елде мемлекеттік дін ретінде жарияланған.

Ислам төңірегіне он үш ғасыр  бойы белсенді түрде үздіксіз әсер етіп келе жатыр. Ислам жай діни жүйе ғана емес, ол "өмірдің бейнесі".

Араб мәдениеті философия  ғылымына, әдебиет пен көркем өнерге зор үлес қосты. Буржуазиялық оқымыстылар ІХ-Х ғасырларда мұсылман дәуірінің өркендегенін айтады. Араб медицинасы, астрономиясы, математикасы, музыкасы, сәулет өнері жан-жақты дамыды. (Ибн-Сина, Хорезми, Бируни, Ферғани, әл-Фараби).

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен бұл жұмыста мұсылман құқығының пайда болуы мен  қалыптасуының кезеңдері қарастырылған, шариғаттың және оның негізгі бастауларының  жалпы сипаттамасы берілген, мұсылман құқығының қазіргі әлемде бейімделуіне талдау жасалынған.

Мұсылман құқығы – мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған  ережелер жүйесі.

Ислам бойынша қалыптасқан  құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан  келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.

Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1. Алланың соңғы елшісі  Мұхамедке айтқан ережелерінен  тұратын киелі кітап - Құран 

2.Мұхамедтің сөздері мен  істерін талдайтын дәстүрлі ережелер  жиынтығы - Сұнна. 

3. Құран ережелерін талдаған  ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері  – Иджма

4.Мұсылмандардың алғашқы  бастауларында көрсетілмеген өмірлік  құбылыстарын  сәйкесінше талдау  – Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық  және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының  ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып  есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып  кетті.

Мұсылман құқығының негізгі  мазмұны – дін адамының іс -әрекеті  мен ережелерді ұстанбаған кезде  қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар  әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде  құрастырылған,  мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және  неке-отбасы құқығынан  тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат  – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен  тығыз байланысты құқықтық ереже.

Ислам құқықтық ережені Алланың  заңдары мен тәртібінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға да ерекше қасиет беріледі.

Мұсылман құқығын қазіргі  қоғаммен байланыстыру үшін: келісім, заң шығару, салт-дәстүрлер қолданылады.

Мұсылман құқығы бар елде Конституция ең басты заң деп  саналмайды, бұл рөлді Құран, Сұнна, Иджма және Кияс атқарады.

Бірқатар елдерде мұсылман құқығын бір қалыпқа келтіріп оған заңдық күш беру жұмыстары жүргізілуде. Иран, Пакистан, Ливия, Суданда оның қызмет ету құқығы  қылмыстық, қаржы-экономикалық істерде және де мемлекеттік құқық  институттарында таралған. Мұндай тәжірибе, бұрынғы батыстық үлгідегі заңдарға өзгерістер енгізіп, көпшілік елдерде  мұсылман құқығы қайта қалыптаса  бастады.

Орта ғасырлар тарихы алуан  түрлі көрнекті оқиғаларға толы ұзақ дәуірді қамтиды: ол экономикалық және қоғамдық өмірдің, таптық күрестің жаңа формаларының тууы және дамуымен шиеленіскен  саяси және идеологиялық қақтығыстармен, буржуазиялық алғашқы революциялармен  әйгілі болды. Орта ғасырларда адамзат  материалдық және рухани мәдениеттің  дамуы жөнінде тарихтың одан бұрынғы  кезеңдерімен салыстырғанда едәуір ілгері басты.

Осы күндері мұсылман елдерінің  көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының  сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялық ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М. 1996.
  2. История государства и права зарубежных стран. Часть I,II. М.,1997-98.
  3. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. М.,1998.
  4. Всеобщая история государства и права. п/р. К.И. Батыра. М.,1998.
  5. Мұхтарова А.К. Шетелдер мемлекетi мен құқығы тарихы. А.,1999ж.
  6. Всеобщая история государства и права. В.Томин. Том 1,2. Москва., 2002 ж.
  7. Всемирная история  государства и права. Энциклопедический словарь. М., 2003.
  8. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Алматы, 2004.
  9. Орта ғасырлар тарихы. Алматы, 1976.
  10. История государства и права стран Азии и Африки.. М., 1981.
  11. Решетников Ф.М. Правовые системы мира. М.,1993.
  12. Колесницский Н.Ф.  Феодальное государство. (ҮI-ХҮ вв).  М., 1967.
  13. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право. М.,1986.
  14. Беляев Е.А. Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье. М., 1966.

 

 

 

1 Сюкияй

2 Беляев Е. А. Арабы, ислам и арабский халифат. "Наука", М. , 1965. С. 12.

3 Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Алматы, 2004. 112 б.

 


Информация о работе Мұсылман құқығы