Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:26, курсовая работа

Описание

Саяси тәртіпті демократиялық тәртіпке жатқызу үшін басшылыққа алынатын негізгі белгілердің қатарында тұрғандардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етілуі көрсетіледі. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілеттіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................


8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................

14
14
18
19
29

33
33
35
38

41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62

Работа состоит из  1 файл

Для Фарида.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Бүгіндік Қазақсганда осы пропорционалдық жүйе калылтасып отыр оны сайлауда бәсекелестікке үміткерлер саяси партиялар түседі.

Жалпы қатардағы азаматтар өзінің елінің саяси өміріне әртүрлі  жолдармен катыса алады. Бірақ өз еркін білдіру мұндай қатысудың  ең маңызды түрі болып есептеледі. Кейбір зерттеушілер мемлекеттің жоғары әpі заңдарына тұрақты еркін бәсекелестікке негізделген сайлаудың болуын демократиялық жүйені демократиялық емес жүйеден ерекшелендіретін бірден-бір маңызды белгілері ретінде көрсетеді. 

Қазіргі уақытта  әлем елдерінде сайлау жүйесінің  екі – мажоритарлық және пропорционалдық жүйесі кең тараған. Мажоритарлық сайлау жүйесі (французша – majorіtaіre – көпшілік) – дүние жүзі елдерінде ең жиі кездесетін сайлау жүйесінің түрі. Бұл жүйе бойынша сайлауға түскен үміткерлердің ішінде ең көп дауыс алғаны жеңіске жетеді. Бірақ “көпшілік” дауыс ұғымы сол елдің сайлау заңымен анықталады. Абсолютті көпшілікке округ бойынша берілген дауыстың жартысының көбін алған кандидат сайланған болып есептелсе, салыстырмалы көпшілік дауыста өз қарсыластарынан көп дауыс алған үміткер жеңіске жеткен болып саналады. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Канада сияқты дамыған елдерде сайлаудың осы жүйесі жұмыс істейді.

Пропорционалдық сайлау жүйесінде дауыс беру нәтижесі берілген дауыстың нақты пропорционалды саны бойынша анықталады. Бұл жүйе бойынша сол елдің сайлау заңында белгіленген межеден (барьерден) өткен партия депутаттық орынтаққа ие бола алады. Бұл шек Қазақстанда 7% болып белгіленген. Яғни, 7% дауыс алған партиялар заң шығарушы органға өз өкілдерін жібере алады. Бұл жүйе демократиялықтың ең жарқын үлгісі болып есептелгенмен, бұл жүйе азаматтардың бір бөлігінің сайлану құқығын шектеуі мүмкін. Өйткені, партияда жоқ азаматтар парламентке өте алмайды. Сондықтан да әлем елдерінің едәуір бөлігінде депутаттардың жартысы мажоритарлық жүйемен, ал екінші жартысы пропорционалдық жүйемен сайланады. Бұл жүйе аралас жүйе деп аталады. Аталған жүйелердің әрқайсысыда сайлау нәтижесіне ықпал ететін өзіндік ерекшеліктері бар. Батыс саясаттанушылары сайлау жүйесі мен мемлекеттік құрылымның бір-біріне жақындауының бірнеше түрін атап көрсетеді. Олар:

- Парламенттік республика және пропорционалдық өкілдік жүйесі (континенталдық еуропалық нұсқа). Ол көбінесе “байырғы демократиялық” елдерде кездеседі.

- Парламенттік республика және мажоритарлық сайлау жүйесі. Бұл нұсқа Ұлыбритания мен оның бұрынғы отарлары болған елдерде қолданылғандықтан, «британдық нұсқа» деп аталады.

- Президенттік республика және мажоритарлық сайлау жүйесі. Бұл нұсқа «америкалық» деп аталады, өйткені, ол “байырғы демократиялық” елдерден АҚШ-та және “жаңа демократиялық” елдердің кейбірінде қолданылады.

- Президенттік республика және пропорционалдық өкілдік нұсқасы. Бұл нұсқа Латын Америкасы елдерінде кең таралғандықтан, “латынамерикалық” деп аталады, өйткені, бұл елдерде АҚШ үлгісіндегі президенттік республикалық басқару үлгісі болғанмен, сайлау еуропалық сайлау жүйесі негізінде өткізіледі.

Аталған төрт түрдің ішінде демократиялық нышан кең көрініс табатыны бірінші нұсқа болып саналады, өйткені, парламенттік республика билік тармақтарының тепе-теңдігін неғұрлым әділ қамтамасыз етсе, пропорционалдық сайлау жүйесі азшылықтың құқын да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Британдық нұсқада Ұлыбританияның және Британ достастығы елдерінің дәстүрлері ескерілген және аталған елдер үшін едәуір тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Үшінші нұсқада АҚШ-тың ағылшындардан мажоритарлық сайлау жүйесін алғандығы, бірақ президенттік республиканы дұрыс санағаны көрінеді. АҚШ жағдайында саясаттанушылар жоғарыда аталған жүйелердің ең тиімдісі ретінде төртінші нұсқаны атап көрсетеді. Өйткені, президенттік басқару жағдайында пропорционалдық сайлау жүйесі тиімділік бере алмайды.

Сайлаушылардың сайлауға деген қарым-қатынасы қоғамның саяси мәдениетінен, бұқараның саяси санасынан, сайлау өтетін халықтың көпшілдік дәстүрінен және сайлауды ұйымдастыру деңгейінен көрінеді.

Сайлауға деген  көзқарас оған қатысу және қатыспау түрінде  екіге бөлінеді:

- Сайлауға қатысу себептері: бағыныштылық, саяси қатысу, кездейсоқ саяси емес қатысу, басқалардың ықпалына еру (отбасы, достары, БАҚ), дәстүрлік (сайлауға дәстүр түрінде барады), жеке-материалдық (дауыстың сатып алынуы), негативті қатысу (біреуге қарсы дауыс беру үшін).

- Сайлауға қатыспау себептері: провинциализм, саясатқа немқұрайлы қарау, абсентизм (наразылығын сайлауға қатыспау түрінде білдіру), сайлаудың әділ өтетіндігіне сенбеу, саяси сананың төмендігі, өзін қоғамнан оқшау қалдым деп түсіну.

Халықтың сайлауға деген көзқарасының осындай екі түрін ескерген үміткерлер немесе саяси партиялар әрбір дауыс үшін күреседі. Олар сайлауға (дауыс беруге) қатысқысы келетіндермен де, қатысқысы келмейтіндермен де жұмыс жүргізеді, халықтың әр тобымен қалай сөйлесу керектігін, олардың неге қызығатынын ескереді, үміткерлердің жағымды имиджін қалыптастырады және сайлаушыларға жеткізеді, оның нәтижесін іске асырады.

Әрбір азаматтың саяси белсенділігін  танытып, өз көзқарасын, пікірін білдіруі, өз таңдауын жасауы — азаматтық парызы. Саяси немқұрайлық таныту, сайлаудың әділ өтетіндігіне күмән келтіру, өз наразылығын сайлауға қатыспау арқылы білдіру саяси мәдениеттілікті көрсетпейді. Әрқайсымыздың дауысымыз шешуші дауыс болуы мүмкін екендігін де ұмытпауымыз керек.

Ең бастысы, сайлаудың ашық және әділетті өтуі біздің мемлекетіміз бен мемлекеттігіміз үшін барынша маңызды. Президент: “Конституцияны сақтаудың кепілі ретінде сайлаудың әділетті өтуіне және Парламентке шын мәнінде халықтың нақты қолдауына ие партиялар өту үшін бәрін жасаймын”, деп ашық айтты. Демек, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар мен барлық сайлау комиссиялары Мемлекет басшысының беделіне нұқсан келтірмей, сайлаудың барынша әділетті өтуін қамтамасыз етеді деген ойдамыз.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Конституциялық заңы

  1. Референдум в европейских странах. М,. Издательство ВНИИСЗ 1991.
  2. Гүлшат Нұрымбетова Сайлау және Электорат. Ақиқат. 2007. №12
  3. Роберт Даль О демократии. М.: Аспект Пресс. 2000. 85-б.
  4. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты, қор 2263. Тізбе 1. 12-іс. 146-б
  5. Сообщение ЦИК РК о результатов выборов депутатов Верховного Совета РК по государственному списку Казахстанская правда. 17 марта 1994г.
  6. Сообщение ЦИК РК о результатов выборов депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан Казахстанская правда – 20 декабря 1995.       
  7. Әлисұлтан Құланбай  Кандидаттар ұсыну мерзімі аяқталды Егеменді Қазақстан, 11 тамыз, 2004ж.
  8. Дос Көшім Парламенттік Сайлау иек астында. Ақиқат. 2004. №7.
  9. Котов А.К. Конституционные основы местного государственного управлениядля унитарного Казахстана.Алматы: Жеті Жарғы,1996
  10. Cапаргалиев Г.Конституциялық құқық. Алматы: Жеті Жарғы,2002ж
  11. Cапаргалиев Г. К дальнейшей демократизации общества.Казахстанская правда. 7 октября 2003г
  12. Абильдинов А.Избирательное право. Фемида.2000 №6
  13. Сагиев Н.Ж. Выборы глазами алматинцев.Вестник Казахстана .27 апреля 1999г.
  14. Умаров Д.Ш.Новые выборы грозят расколом. Казахстанская правда. 2 июля  2003г
  15. Майкенов К.З.Выборы  дожны обеспечить правление лучших. . Ақиқат. 2003№9
  16. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын iскеасыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 9 қыркүйектегi N 1643 Жарлығы
  17. Сайлау заңдарының бұзылғандығы жөнiнде азаматтардың өтiнiштерiн сайлау комиссияларында қарау туралы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 9 шiлде
  18. Сообщение ЦИК РК о результатов выборов депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан. Казахстанская правда – 19 октября 1999.
  19. Мамонов В.В.Роль выборов в обеспечении управления. Казахстанская правда – 22 ноября 2002г.
  20. Гервер М.Л.Предлагаю изменить нашу избирательную систему.Советское государство и право.1990 №7
  21. Мулдабаев Г.К.Соблюдение законодательства овыборах, споры и их разрешение.Вестник ЦИК РК 1995№8
  22. Бородович С.М. Избирательное право. Москва.1999г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде