Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:26, курсовая работа

Описание

Саяси тәртіпті демократиялық тәртіпке жатқызу үшін басшылыққа алынатын негізгі белгілердің қатарында тұрғандардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етілуі көрсетіледі. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілеттіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................


8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................

14
14
18
19
29

33
33
35
38

41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62

Работа состоит из  1 файл

Для Фарида.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

- тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;

- сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиiстi сайлау комиссиясының құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы

- күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы; 
      - өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға; 
      - өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерiнiң төрттен үшiнiң даусымен расталған уәкiлеттiгi бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы; 
      - Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;

       - өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi; 
      - азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi; 
      - өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:

- мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;

- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;

- тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;

- соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

- оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;

- қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады [13].

Аумақтық, округтiк  және учаскелiк сайлау комиссиясының  мүшесi өзiн ұсынған саяси партия қызметiн тоқтатқан жағдайда өз мiндеттерiнен  босатылады. 
        Саяси партияны тарату туралы шешiмнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылдануы ол ұсынған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиялары мүшесiнiң мiндетiнен босатылуына негiз болады.

 - Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бiрнеше мәрте бұзған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады; 
       - Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгiленген тәртiппен сайлау комиссиясының мүшесiн сайлағанға дейiн шығып қалған комиссия мүшесiнiң орнына сайлау комиссиясының мүшесiн тағайындайды; 
        - Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс; 
      - Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.

 

 

 

    4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері

 

4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы

 

 

Елімізде адам құқығы мен сайлау науқанын демократияландыруды дамыту жолында тағы бір игілікті қадам  жасалып, Президент «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Конституциялық заңға қол қойып, ол күшіне енді. Бұл заңды бұрынғымен салыстыратын болсақ, ұзын саны 40-тан астам тармақ өзгертіліп, 10-нан астам тармақ жаңадан қосылды және 4-5 тармақ алынып тасталды. Өзгертілген баптардың бәрі де сайланбалы қызметтерге тұрғысы келетіндерге жеңілдетілген мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, кандидаттардың құқықтары кеңейтіліп, оларға жаңа кепілдіктер берілген. Солай бола тұра, еліміздегі сайлау процесі туралы халық арасында әртүрлі пікірлер айтылып қалады.  2000 жылдың қыркүйегінен бастап 2004 жылдың 15 - наурызына дейін сайлау туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бағытталған. Заң жобасын дайындауды Парламент депутаттары емес, Үкімет өз қолына алды. Бұл — депутаттардың белсенділігінің төмендегінің көрінісі ме, әлде атқарушы биліктің айласының асып кеткендегі ме, ол жағын білмеймін, алайда өкілдік билікті сайлауға  арналғaн заңньң атқарушы биліктің қолынан шыққаны - ақылға сыймайтын мәселе.

  Үстіміздегі жылдың 15 сәуір  күні еліміздің Президенті кол  койған “Қазақстан Республикасының  Сайлау туралы” заңына бір  жақты баға беру өте қиын. Сондықтан  жақсы жақтары мен біздің көңілімізден  шықпайтын жерлерін жеке көрсетіп, бағасын беруді оқырмандардың өзіме қалдырғым келеді [19].

Жаңа заң (толықтырулар мен өзгертулер енгізілген бұрынғы заңды түсініктірек болу үшін осылай атап отырмын) бойынша caйлау комиссияларын жасақтау мәслихаттардың қолына берілді. Оны да толықтай жергілікті депутаттар шешпейді. Комиссияның жеті мүшесіне бүгінгі күні Қазақстанда тіркеуден өткен он партия өз өкілдерін ұсынады. Егер өкілдердің саны комиссия мүшелерінің санынан артық болса, мәслихат депутаттары дауыс беріп, ең аз дауыс алған партияның өкілдері сайлау комисиясына кірмей қалады. Біздер осы мәселені (жеті орын - он партия) жеребе тастау арқылы шешуді ұсынылды, өкінішке орай, ол ұсыныс өтпей қалды. Ал мәслихаттардың басым көпшілігі билікті қолдайтын «Отан», «Азаматтық» сияқты партиялардың өкілдерінен тұратынын ескерсек, дауыс беру кезінде «Ақ жол» мен коммунистердің өтпей қалуы ешкімді де таңдандырмайтыны анық. ІІІешімінің нәтижесі алдын-ала белгілі болып отырғанда сайлау комиссияларын жасақтау үшін мәслихаттардың дауыс беруін өткізудің аса бір қажеттілігін көре алмай тұрмын. Дегенмен, сайлау комиссияларының түрлі саяси партиялардың өкілдерінен құралуы - әділ сайлауға жасалған нақты бір қадам екені сөзсіз.

Саяси партиялар  өз өкілдерін бермей немесе cайлay комиссиясының  құрамын толық жаба алмаған жағдайда қоғамдық ұйымдар өздерінің өкілдерін сайлау комиссияларына бере алатын бап та үшінші сектордың бір жеңісі деп білуіміз керек. Біздің қолымыз жеткен тағы үлкен жеңістің бірі — сайлауды бақылаушылардың, сенімді өкілдер мен БАҚ өкілдерінің құқықтарының біршама кеңейтілуі. Демократиялық сайлау жүйесінің басты шарты — қоғам тарапынан сайлауға қойылатын бақылауға барынша мүмкіндік беру және сол арқылы сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа заңның баптарына сәйкес бақылаушылар, кандидаттың сенімді өкілдері және БАҚ өкілдері сайлау комиссияларының барлық  отырысына қатыса алады, сайлау учаскесінде бақылау жүргізу барысында фото-кино-видео аппараттарын пайдалана алады, дауыс беру аяқталғаннан кейін сол учаскенің қорытынды хаттамасының расталған көшірмесін ала алады.

Алғашқыда халықтың тарапынан  түсінбеушілікке ұшыраған, кейіннен қолдау тапқан тағы бір өзгеріс — 4-баптың 4-тармағы болатын. Бұл бап  бойынша соңғы бір жылдың ішінде тәртіп бұзғандық жазаға  тартылған, әкімшілік жолымен сотталған және сотталғандығы жойылмаған жандар депутаттыққа түсе алмайтын болатын. Жаңа заңда осы үш тармақтың алдыңғы екеуі алынып тасталды. Алайда, сотталғандығы жойылмаған жандарға деген тосқауыл сол қалпында қалды. Шынын айтқанда, бұл бап Конституцияның 33-бабына қайшы келетін (33-бап бойынша тек қана түрмеде жазасын өтеп отырғандар мен сот шешімі бойынша дені сау емес деп табылғандардың ғана сайлану кұқығы шектелінген болатын). Әрине, талай азаматтардың, әсіресе, оппозиция өкілдерінің жолын кескен осы баптардың алынуы - біздер үшін үлкен жеңіс болып саналады. Ал үшінші тармақшаның өзгермей қалуы -билік орындарының әлі де болса ерікті де әділ сайлауға кұқықты емес екенін көрсетеді. Президент осы заңға қол қоярдың алдында дәл осы баптың адам құқығына қайшы келетінін не келмейтінін анықтау үшін заң Жобасын Конституциялық кеңеске де жібереді [14].

Тәуелсіз бақылаушылар қауымдастығы сайлау нәтижесінің хаттамасы қазіргі  кездегідей санмен ғана емес, жазбаша  толтырылсын деген бапты ұсынған  болатын. Бұрынғы сайлауларда кейбір сайлау учаскелерінің төрағалары жазылған сандардың алды-артына тағы бір санды қосып жазып, өздеріне қажетті нәтижені шығарып алатын (200 адамның алдына 1 санын қойса 1200 сайлаушы  болып шыға келеді). Тек үшінші оқылымның алдында ғана бұл толықтыру жобаға еніп, заңға кірді.

Бұрынғы заң  бойынша сайлауды қоғамдық бірлестіктердің ішінде сайлауды бақылау  құкығы тек қана қоғамдық бірлестіктерге берілетін. Біздің ұсынған бабымыз  бойынша тіркелу формасына қарамай  барлық қоғамдық бірлестіктер сайлауға бақылау қоя алатын болды.

Көп жағдайда сайлау комиссиялары бір  мектептің мұғалімдерінен жасалатыны, ал оның төрағасы - сол мектептің  директоры болатынын бәріміз  жақсы білеміз. Бұл жүйе сайлау нәтижесін  бұрмалауға үлкен мүмкіндіктер беретін. Әкімшілік тарапынан директорға нұскау берілетін де, ол өзінің, қол астындағы мұғалімдер арқылы жергілікті билік органына керек пайызды шығарып беретін. Біздің «сайлау комиссиялары бір мекеменің қызметкерлерінен тұрмауы керек» деген бабымыз да депутаттардың тарапынан қолдау тапты.

«Қосымша тізімдердің алынып тасталуы да сайлау барысын жақсартып, кейбір каңдидаттар мен билік тарапынан болатын зымиян әрекеттерді шектейтіні анық. Сонымен бірге, заңды дайындаушылар сайлаудың әділ өтуіне бөгет болумен қатар адамдардың таңдау құқығын тікелей шектейтін тағы бір мәселе - сайлаушылар тізімін жасақтауды жақсартатын ешқандай тәсіл ойлап таба алмады. Сайлаушылар тізімін жасақтау жергілікті атқару билігінің құзырында қалды, тек олардың жауаптылығы ғана біршама қатайды.

Енді біздердің тарапымыздан ұсынылған, бірақ, депутаттардан қолдау таппай жаңа заңға кірмей қалған баптарға тоқталайық. Біздің, ойымызша, қабылдана қалған уакытта бұл баптар сайлаудың әділ және жария түрде өтуіне жағдай тудыратын еді. Біріншіден, 4-баптың 4-тармағын толық алып тасталу мәселесі шешілген жоқ. Біздер бұны азаматтардың сайлану құкығының бұзылуы деп есептейміз. Екіншіден, сайлау комиссияларына партиялардың өкілдерін жеребе арқылы тағайындау да қолдау таппады. Үшіншіден, сайлау туралы заңды немесе Орталық Сайлау Комиссиясының қаулыларын бұзып, сайлау нәтижесін бұрмалауға бағытталған іс-әрекеттердің көпшілігін “адамның таңдау құқығын бұзу” деп танып, аса ауыр қылмыс есебінде әкімшілік кодексте емес, қылмыстық кодексте қарауды ұсынған болатын. Үкімет, әрине, сайлау заңы өзгертілгеннен кейін әкімшілік және қылмыстық кодекстерге толықтырулар енгізді, алайда, не қоғамдық ұйымдар, не партиялар бұл мәселені талқылауға қатыстырылмады. Төртіншіден, саяси партиялардың Парламент құрамын 150 депутатқа кеңейтіп, онын тең жартысын партиялық тізім бойынша сайлау керек деген ұсынысы да “ол үшін Конституцияны өзгерту керек” деген сылтауға тіреліп, тоқтап қалды. Қазақстан Парламентінің 1998 жылдың кыркүйегінде бір күннің ішінде Конституцияға 20-ға жуық өзгеріс енгізгенін есімізге түсірсек, бұл сылтаудың сын көтермейтіні де анық [23].

Бүгінгі күні еліміздің қоғамдық-саяси  өміріндегі негізгі мәселе Елбасы жарияланған  конституциялық реформаларды толығымен  жүзеге асыру. Оның шеңберінде өкілетті билік органдарының рөлін айтарлықтай атқару қарастырылған. Осыған сай, алдағы өтетін сайлаудың маңызы артып отыр және ол жаңа конституциялық өзгерістерге сай өткізілмек. Бұл республикамыздың саяси-партиялық кеңістіктігі субъектілері қызметінің артуына әкеледі. Алда өткен сайлаудағы электоралды науқандармен салыстырғанда, партиялар арасында ұшқыр бәсекелі күрес жүреді және ол жаңа сапалық деңгейде болмақ. Сонымен қатар сайлау науқанында партиялардың барлығы толықтай белсенділік танытуға күш жұмсап жатыр және партиялардың  көбісі бірігуге бел буды. Соңғы өзгерістер сайлау үдірісінің жаңа форматын анықтап береді және ол сайлау науқаны сипатының өзгеруіне әкеледі.

  Алдағы  сайлаудың бұрынғылардан өзгешелігі - пропорционалды  сайлау жүйесінің енгізілуінде. Бұл  партиялардың  Мәжілістегі орындарға деген таласта ашық және шынайы күресуге мүмкіндік береді.Тағы бір ескеретін мәселе, сайлауда  мақсаттары мен бағдарламалары бір біріне жақындау келетін электораттың бірігіп соның негізіне де болашақта Қазақстанның партиялық кеңестігін  негізін құрайтын 3-4 ірі электораттың партиялар қалыптасуы мүмкін. Жаңа саяси   жағдайда әрбір партияның саяси шешім қабылдауға деген мүмкіндігі артып, олардың арасында тіпті билікке жақындығына қарамастан, партиялық бәсекелестік күшейе түспек. Сонымен қатар алдағы сайлаудың сайыс партиялық саяси тұғырнамаларының әр алуандығымен ерекшеленеді, оны идея бәсекелестігінің өткірмелігін түсіндіруге болады. Партиялық кеңестік құрлымының өзгеруі, саяси тұғырнамалардың әр алуандығы мен саяси партияларлық бағыт-бағдарларының өзгешелігі электораттың сегментациялық деңгейінің артыруына әкеледі. Партиялық алаңда тек бір ғана партия елдің  жетекші саяси күші ретінде өзінің электораттық алаңын нақтылауға қатысты жұмыстар  жүргізбейді.Оған барлық партиялар   да қатысып, өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын халықтың белгілі бір тобын жүргізуге тырысатын болады. Яғни, сайлауда жаңа өзгерістерге сай саяси партиялар бар мүмкіндіктерін салып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады [1].

Жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесін дамытуға қол жеткізудің айрықша маңызы бар. Жергілікті өзін-өзі басқару- тұрғындардың өздері тікелей немесе олар құрған органдар арқылы жергілікті маңызды мәселелерді дербес шешу деген сөз. Соңғы жылдары осы мәселе төңірегінде көп пікір таластар болды,  Парламент жергілікті өзін - өзі басқару туралы заң жобаларының алуан нұсқауларын қарастырады.Соның нәтижесінде  енді мәслихаттар жергілікті міндеттерді шешу үшін тұрғындар сайлайтын өкілеті органдар ретінде еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болады, ауыл  әкімдері мемлекеттік істерді атқарумен бірге, жергілікті өзін -өзі басқару міндеттерін жариялау түрінде шешеді,  құқықтық жұмыстармен айналыспайды. Ауылдық округтердің әкімдермен кездескенімде, адамдармен жұмыс істеп жүрген бастапқы бунағы осындай көзқарас үшін олар ризашылықтарын білдірді. . Жергілікті өзін -өзі басқарудың  тағы бір жаңа құрылымын, соған қоса аппаратты жасақтаудың, шенеуніктерді көбейтудің ешқандай қажеті жоқ, деді ауыл әкімдері.                                 

Мәжілісті жасақтанудың жаңа қағидаты - Қазақстанның демократиялық дамуындағы үлкен прогресс. Әңгіме шынайы парламентаризм жөнінде болып отыр. Өйткені, жеңіске жеткен партиялар елдің заңнамалық органында халықтың басым бөлігінің мүдделерін білдіруге және тиімді қорғауға мүмкіндік алады.

Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде