Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 19:26, курсовая работа
Саяси тәртіпті демократиялық тәртіпке жатқызу үшін басшылыққа алынатын негізгі белгілердің қатарында тұрғандардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етілуі көрсетіледі. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілеттіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады.
Кіріспе...........................................................................................................
5
1 Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде...........................................................................................................
1.1 Референдумның түрлері және мақсаттары..........................................
1.2 Референдумды өткізудің өзекті мәселелері.........................................
8
8
11
2 Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің сипаттамасы..................................................................................................
2.1 Сайлау жүйесінің мазмұны және азаматтардың сайлауға қатысу принциптері..................................................................................................
2.2 Сайлау өткізу тәртібі және сайлау алдындағы үгіт ережелері .........
2.3 Сайлау бостандығының кепілдіктері және дауыс беру тәртібі.........
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары............................................................
14
14
18
19
29
33
33
35
38
41
41
46
57
3.1 Қазақстан республикасындағы сайлау органдарының жалпы сипаттамасы.................................................................................................
3.2 Орталық сайлау комиссиясы................................................................
3.3 Аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссиялары................
3.4. Сайлау комиссиясы мүшелерінің құқықтық мәртебесі....................
4 Сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері..................................................
4.1 Сайлау жүйесіндегі өзгерістердің жалпы сипаттамасы.....................
4.2 Электронды дауыс беру жаңа сайлау жүйесі ретінде.......................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........……………….………...................
62
Есептен
шығару куәлiгi бiр елдi
Дауыс берудi
осы баптың 6-тармағына сәйкес ұйымдастырып,
өткiзу азаматтардың сайлау құқықтарын
бұзу, дауыс беру құпиясын бұзу немесе
сайлаушының ерiк бiлдiруiн бұрмалау мүмкiндiгiн
болдырмауға тиiс.
«1. Дауыс берушiлер сайлау
бюллетеньдерiн жасырын дауыс
беруге арналған кабиналарда
толтырады. Оларды толтыру
- сайлау комиссиясының мүшесi;
- жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
- кандидаттың сенiм бiлдiрген адамы;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист;
- тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы. Сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады. Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзi жақтап дауыс беретiн саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгi қояды.
Сайлаушы мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелерiн сайлаған кезде өзi дауыс беретiн кандидаттар тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады [1].
Бюллетеньге қарындашпен
белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын
түзету енгiзуге жол берiлмейдi. Толтырылған
бюллетеньдердi сайлаушы (таңдаушы) дауыс
беруге арналған жәшiкке салады (алып тасталды)
Президенттi, партиялық тiзiмдер бойынша
сайланатын Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары
мен мәслихаттар депутаттарын, өзге де
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн
сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде
дауыстарды санау, егер сол учаскеде осы
Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен
дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса,
жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада басталады.
Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды
санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады.
«Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының
мүшелерi дауыс беру қорытындысы анықталғанға
дейiн үзiлiссiз жүргiзедi, қорытындылар
осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды
санау кезiнде қатысатын адамдардың назарына
жеткiзiлуге тиiс. Сайлау учаскесiнде дауыстарды
санау уақыты санау басталған кезден бастап
он екi сағаттан аспауға тиiс. Дауыс беруге
арналған үй-жайдағы дауыстарды санау
жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау
комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы
қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы
қамтамасыз етiлетiндей етiп орналастырылады.
Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм
бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды
санауды бюллетеньдердегi белгiлердiң
көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық
пен жағдайда байқап тұрады.Сайлау бюллетеньдерiн
санау кезiнде комиссия төрағасы немесе
комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға
сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының
ерiк бiлдiруiн жариялайды. Бұл ретте бюллетеньдер
әрбiр кандидат, партиялық тiзiмiн ұсынған
саяси партия бойынша және жарамсыз бюллетеньдер
бойынша жеке-жеке қатталып жиналады [12].
Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан
халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент
Мәжiлiсi депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды
санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз
басталады. Дауыстарды санау әрбiр
кандидат, әрбiр саяси партия бойынша жеке-жеке
жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi
төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы
хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы
ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн
жәшiктердi ашуға тыйым салынады. Дауыс
беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған
жәшiктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау
комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша
бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн
жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды.
Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы
не оның орнындағы комиссия мүшесi санау
нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс
беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.
Бiрiншi болып тасымалданатын
сайлау жәшiктерi кезегiмен ашылады. Тасымалданатын
сайлау жәшiгiндегi бюллетеньдердiң саны
дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде
дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша
өтiнiштердiң санына сәйкес келуге тиiс.
Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде
белгiленген үлгiдегi сайлау бюллетеньдерiнiң
саны жазбаша өтiнiштердiң тиiстi санынан
артық болып шықса, онда бұл жәшiктегi барлық
сайлау бюллетеньдерi жарамсыз деп танылады.
Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшiгiнен
алынған барлық сайлау бюллетеньдерiнiң
жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады,
онда сонымен бiрге осы тасымалданатын
жәшiктiң көмегiмен дауыс беруге арналған
үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген
комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң
аты көрсетiледi. Дауыс беруге арналған
тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн
тұрақты жәшiктер ашылады.
Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi тиiстi сайлау комиссиясы санайды және жояды. Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша:
- учаскедегi (дауыс беру пунктiндегi) сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
- бюллетеньдер алған сайлаушылар (таңдаушылар) санын;
- комиссияның әрбiр мүшесi берген
бюллетеньдер санын анықтайды.
Жәшiктердi ашқаннан кейiн сайлау комиссиясы
бюллетеньдердiң саны бойынша:
а) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;
ә) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар санын;
б) жарамсыз деп танылған бюллетеньдер санын;
в) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;
г) жойылған бюллетеньдер санын
анықтайды.
Дауыс беруге арналған
жәшiктерден алынған бюллетеньдердiң саны
сайлаушылар тiзiмдерiнiң және дауыс беруге
арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру
туралы өтiнiштердiң негiзiнде берiлген
бюллетеньдер санынан асып кеткен жағдайда,
сайлау комиссиясының әрбiр мүшесi берген
бюллетеньдер саны анықталады.
Мынадай бюллетеньдер:
- белгiленбеген үлгiдегi;
- тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
- мәслихаттардан басқа,өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс берудi қоспағанда, бiр кандидаттан артық, бiр саяси партиядан артық белгiленген;
- белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.
Дауыстарды тiкелей санау
Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда
мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру
жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия
мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан
астамы даусымен қабылданады.
Учаскелiк сайлау комиссиясы (Сенат
депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы
сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарының
сайлауы кезiнде аймақтық сайлау комиссиясы)
сенiм бiлдiрiлген адамның талабы бойынша
дауыстарды қайта санауды белгiленген
мерзiмде бiр рет қана жүргiзедi.
Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк
сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға
түсiредi, оларға сайлау комиссиясының
төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау
комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда
оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау
комиссиясы төрағасының орынбасары немесе
хатшысы қол қояды.Дауыс беру нәтижелерi
туралы хаттамаларды қарындашпен және
әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ
оларға қандай да бiр түзетулер енгiзуге
жол берiлмейдi. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерiнiң
сандық мәнi сөзбен жазылып қайталануы
тиiс. Хаттаманың көшiрмесi жалпы жұрттың
танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы
арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi
және үй-жайда екi күн бойы тұрады. Дауыстарды
санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi
бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының
қолдары қойылып, сайлау комиссиясының
мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi
берiледi.
Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi
округтiк сайлау комиссиясының отырысында
анықталады, ол отырыс орны мен уақыты
туралы мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялана отырып, округтiк сайлау комиссиясы
дауыс берiлетiн күннен кемiнде он күн бұрын
айқындаған сайлау учаскелерiнiң бiрiнде
өткiзiледi. Нәтижелер осы учаскеге жеткiзiлетiн
учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары
негiзiнде анықталады.
Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi
туралы хаттаманың көшiрмесi жалпы жұрттың
танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында
iлiнедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.
Дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның
тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы
мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау
комиссиясының мөрiмен куәландырылған
хаттаманың көшiрмесi берiледi [21].
Округтiк сайлау комиссиясы дауыс
беру күнiнен бастап бес күннен кешiктiрмей
сайлау учаскелерiндегi дауыстарды санаудың
нәтижелерi туралы алдын ала жиынтық тiзiмдеме
жасайды және оны жалпы жұрттың танысуы
үшiн өз отырысы өткен сайлау учаскесiнiң
үй-жайында iледi.
Ресми жиынтық тiзiмдеме учаскелiк сайлау
комиссияларының дауыстарды санаудың
нәтижелерi туралы алынған хаттамаларының
негiзiнде жасалады, оған округтiк сайлау
комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол
қояды және ол жалпы жұрттың танысуы үшiн
iлiнедi.
Тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы
учаскелiк сайлау комиссияларының (Сенат
депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы
сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын
сайлаған кезде аумақтық сайлау комиссияларының)
хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi
анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудiң
дұрыстығына күмәнданатын болса, ол комиссия
тиiстi учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясы
сайлаушыларының дауысын қайта санау
туралы шешiм қабылдауға хақылы. Сайлаушылардың
дауысын қайта санау жоғары тұрған сайлау
комиссиясы мүшесiнiң және дауыстардың
дұрыс саналмағандығы фактiлерiн табыс
еткен өтiнiш берушiлердiң қатысуымен жүргiзiледi.
Сайлау комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргiзiлуге тиiс.
2.4 Мемлекеттік сайлау органдары
Қазақстан Республикасында сайлауға
әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік
сайлау органдары ұйымдастырады.
Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Қазақстан
Республикасында сайлауды әзiрлеу мен
өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау
органдары сайлау комиссиялары болып
табылады.
Сайлау комиссияларының
бiртұтас жүйесiн мыналар құрады;
а) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
ә ) аумақтық сайлау комиссиялары;
б) округтiк сайлау комиссиялары;
в) учаскелiк сайлау комиссиялары.
Сайлау комиссияларының өкiлеттiк
мерзiмi - бес жыл.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау
комиссияларын саяси партиялардың
ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар
сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының
құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына
осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын
кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын
құру мерзiмiне дейiн бiр айдан
кем болмауға тиiс мерзiмде саяси
партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда,
мәслихаттар сайлау комиссиясын
өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және
жоғары тұрған сайлау комиссияларының
ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының
құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына
қатысуға келiсетiнi туралы өтiнiштерiн
қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы,
төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау
комиссиясының алғашқы отырысында сайланады
[1].
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын
құру сайлау комиссияларының өкiлеттiк
мерзiмi аяқталардан кемiнде екi ай
бұрын басталады және өкiлеттiк
мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде үш күн
қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар
сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi
iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге
құқылы.
Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм,
олардың құрамы мен орналасқан жерi туралы
бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң
шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы
барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың,
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының,
сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының
орындауы үшiн мiндеттi. Сайлау комиссиялары
өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде
олардың қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын
құратын органның шешiмi бойынша немесе
жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтiнiшiнiң
негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын қоспағанда, Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергiлiктi атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетiн бюджет қаражатына иелiк етудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында белгiленедi. Республикалық бюджет қаражатынан:
- сайлау комиссияларын
ұйымдастыру мен оның
- партиялық тiзiмдер бойынша
дауысқа түсетiн
- жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
- партиялық тiзiмдер бойынша
дауысқа түсетiн
- сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттiкке, Парламент Сенатының және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады [18].
Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттiк органдар, шет елдердiң заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады. Сайлау қорлары заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады. Сайлау қорлары мынадай көздерден:
- кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;
-кандидатқа
оны ұсынған Республиканың
- Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады.
Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана берiледi. Қорға келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздерi туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын партиялық тiзiм бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Парламент Сенатының депутаттарын
сайлау кезiнде - облыстық (республикалық
маңызы бар қалалардың және астананың)
сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау
кезiнде - округтiк сайлау комиссиялары
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Аталған көздерден сайлау қорларына жолдануы
мүмкiн ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi
осы Конституциялық заңның Ерекше бөлiмiнде
белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық
түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге
жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар
мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл
ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты
шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен
ұйымдар есебiнен жабылады. Керегi жоқ
қайырмалдықтар республикалық бюджет
кiрiсiне енгiзiледi [21].
Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты
кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен
кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде
ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi.
Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi
және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда
аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының
қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа
және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси
партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау
комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп
түскен қаражат және олардың жұмсалуы
туралы апта сайын есеп бередi. Тиiстi сайлау
комиссиясының сұратуы бойынша сол мәлiметтер
жиырма төрт сағаттың iшiнде берiледi. Сайлау
қорларының қаражатын жұмсау тәртiбiн
және тиiстi банк мекемесiн Орталық сайлау
комиссиясы белгiлейдi.
Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған
саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып
алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi
ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi
тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда
сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны
қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу
қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған
қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар
оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар
есебiнен жабылады.
Арнаулы уақытша шоттар бойынша
барлық қаржылық операциялар, оның iшiнде
жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар,
мiндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке
төленетiн басқа да төлемдер сайлаудың
алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.Қайта
дауыс беру өткiзiлген жағдайда кандидаттың
сайлау қорына түсiруге рұқсат берiлген
ақшаның шектi сомасы бiр жарым есе ұлғайтылады.Қайтадан
дауыс беру өткiзiлген кезде өздерiне қатысты
қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың
арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы
операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған
күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнiнiң
алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады.
Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап
түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық
заңмен белгiленген шектен acпaуғa тиiс [23,189б].
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн
бес күннен кешiктiрмей кандидат, саяси
партия тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң
сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны
жөнiнде есеп беруге мiндеттi. Сайлау қорының
сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай
қалған ақшалай қаражатының үштен екiсi
республикалық бюджетке жiберiледi, ал
үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға
қайтарылады. Кандидаттың, партиялық
тiзiмiн ұсынған саяси партияның осы баптың
1-8-тармақтарында белгiленген ережелердi,
сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген
сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртiбiн
бұзуы - кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу
туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау
өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент,
Парламент депутаты, мәслихат депутаты,
өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының
мүшесi ретiнде тiркелуiне дейiн тиiстi аумақ
немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз
деп тануға әкеп соғады.
Президенттi, Парламент, мәслихаттар
депутаттарын, сондай-ақ өзге де жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн
сайлау кезiндегi сайлау iс-шараларын қаржыландыруды
Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай
қаражатқа иелiк етедi және қаржы құжаттарының
сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi
жөнiндегi шешiмдерiне сай келуi үшiн жауап
бередi. Сайлау науқандарына республикалық
бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың
жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын
бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары
және банк мекемелерi жүзеге асырады.Тиiстi
сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша
аталған бақылауды жүргiзуге өздерiнiң
құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдардың
мамандары тартылуы мүмкiн.
Информация о работе Референдум – конституциялық–құқықтық институты ретінде