Мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының тақырыбы үлкен маңызы бар өзекті мәселе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:05, реферат

Описание

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................................
І МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік басқару нысанының түсінігі.................................................
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны..........................................................................
1.3 Мемлекеттік басқарудың атқаратын қызметі..............................................

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ,
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
2.1 Мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесі мен құрылымы............................
2.2 Мемлекет басқару жүйесінің жетілдіру жолдары................................
2.3 Мемлекеттік басқарудың түрлері.....................................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

Работа состоит из  1 файл

,baskaru nysany.docx

— 67.46 Кб (Скачать документ)

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................................

 

І МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік басқару нысанының  түсінігі.................................................

1.2 Мемлекеттің басқару  нысаны..........................................................................

1.3 Мемлекеттік басқарудың атқаратын  қызметі..............................................

 

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ,

ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

2.1 Мемлекеттік басқарудың қазіргі  жүйесі мен құрылымы............................

2.2 Мемлекет басқару жүйесінің жетілдіру  жолдары................................

2.3 Мемлекеттік басқарудың түрлері.....................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының тақырыбы үлкен маңызы бар өзекті мәселе.

Мемлекет деген ойдан туған  абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз монархия.

Өзіміздің мемлекетіміздің  де шаңырағын көтеріп,  ел болғалы 15- жылдық  уақыт  өтсе де, үлкен  жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің  демократиялық принциптегі қоғамға  айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық  бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты,  Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі  тең мүше болуымен  көрінеді.

Курстық жұмыс  кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында  нормативтік актілер мен отандық  және шет елдік авторлардың еңбектері  қолданылды.

 Курстық жұмыстың мақсаты:  мемлекеттік басқару нысанына  жан-жақты тоқталып оның маңызын ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін  мемлекеттік басқару  нысанының мәнін, атқаратын қызметін, жүйесі мен құрылымын зерттеп  оны жетілдіру жолдарын қарастыру  курстық жұмыстың міндеті болып  табылады.

 

І Мемлекеттік басқарудың теориялық  негіздері

1.1 Мемлекеттік басқарудың  түсінігі

Президент Нұрсұлтан  Назарбаевтың бастамасымен Ата Заңымызға енгізілген айтулы өзгерістер елімізде президенттік басқару формасының орнына жаңа, яғни «президенттік-парламенттік» деп атауға болатын жүйенің негізін қалап берді. Осылайша, жас мемлекетіміздің тарихында Қазақ-станның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа биігі деуге болатын кезең басталды. Бұл-еліміздің жүйелі және сындарлы дамуының заңды нәтижесі.     

Мемлекеттік қызметтің жалпы түсінігі ретінде  мемлекеттік саясатты әзірлеуді, оны  орындау мен зерделеуді айтуға болады. Сондықтан ол мемлекеттік басқарумен қатар бір уақытта пайда болғандықтан, оларды бір-бірімен тығыз байланыста қарастырамыз.     

Біздің дәуірімізге  дейінгі төртінші ғасырдың тарихынан  мысал келтіріп өтейін. Сол кезде  үнді ойшылы әрі Каутилия әкімгері өмір сүрген. Ол өзінің «Артхашастра»  атты классикалық еңбегінде мемлекеттік  басқарумен байланысты экономика және саясат қағидаттарын баяндап берген. Бұл еңбекте басқарудың мақсатын мынадай қарапайым түсінікпен анықтап  береді.   

«Патша бақыты – өз халқының бақытты болуында, патша игілігі – өз халқының игілігінде. Патша өзіне ұнаған нәрсені ғана емес, халқына ұнағанды қажет санауы тиіс».    

Бірақ осындай  ойды дамытқан жалғыз ол ғана емес. Біздің дәуіріміздің он бірінші ғасырында  «Саясат-намэ» еңбегін жазған, Сұлтан Әліп Арслан Салық әулетінің бас  министрі Низам Әл-Мүлк өмір сүрген. Ол еңбекте Сұлтанның халық алдындағы  борышы құдайдың бұйрығы бойынша  былайша белгіленген: халық әрқашан  қауіпсіздікте өмір сүруі үшін сыбайлас жемқорлыққа, хаос пен тәртіпсіздікке жол берілмеуі керек.     

Он тоғызыншы  ғасырда Вена профессоры Лоренц вон  Штэйн мемлекеттік қызметтің  түрлі нысаны бар және ол теория мен практика арасындағы өзара іс-әрекет үшін форум болып табылады дейді. Жиырмасыншы ғасырда философияны жақтаушылар мемлекеттік қызметтің мақсаты – Үкіметтің ақша мен күшті аз жұмсау арқылы қажетті, табысты әрі тиімді тәсілмен не жасай алатындығын нақтылау дейді.      

Бүгінде мемлекеттік  басқару мен оның дамуы арасындағы байланыс бар екендігі белгілі. Бүгінгі  күні қаржы ресурстарын жинауды  және оның шығындарын анықтайтын тек  мемлекет қана болғандықтан, экономикалық өсу мен ел дамуындағы орталық  қызметті атқаратын мемлекеттік  басқару жөніндегі мәліметтер саны жеткілікті. Бұндағы басқару барлық азаматтар мүдделері үшін мемлекеттік  саясатты тиімді жүргізу мен оны  орындауға арналады.   

Тек соңғы  он жыл ішінде дамудың халықаралық  теориясы дамуды тек жоба, бағдарлама деп қана емес, қандай саясатты жүргізу  керектігін және елдегі саяси өмірдің  жай-күйі қандай екендігін мойындай бастады. Сонымен қатар  дамуды адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту туралы шешімдерінің нәтижесі ретінде және сол адамдар дамудың басты қозғаушы күші екендігін түсіне бастады. Халық өз талаптары мен қажеттіліктерін орындай алатын институттар құру үшін саяси және экономикалық мүмкіндіктерге ие болуы керек. Бұндай даму Үкіметтің өз халқы үшін ғана емес, халықтың өз-өзіне жағдай жасауын білдіреді. Біздің елдегі мемлекеттік қызметтің негізгі түсінігі Ата Заңда баяндалған. Онда өзінің мемлекеттік саясаттың мақсаты анықталған, яғни азаматтарды төменде айтылғандармен қамтамасыз етілуі атап көрсетілген: 

Әділдік –  әлеуметтік, экономикалық және саяси;

Ой, сөйлеу, сенім  және дін тұту еркіндігі;

Мәртебе (статус) және мүмкіндік теңдігі;

Ұлт бірлігін қамтамасыз ететін бауырластық.  

Біздің мемлекет осы мақсаттарға қол жеткізу  үшін көп жұмыстар істеуде. Елдегі мемлекеттік  қызмет пен мемлекеттік саясат қажетті  нәтижелер бере алатын құрылымдар мен  тетіктер құруға бағытталды.   

Қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың  жекелеген сипатына қарамастан, түбегейлі  жаңа Конституцияның  дүниеге келгенін толық сеніммен айтуға болады. Еліміздің  Конституциясы – орнықты даму мәселелерін табысты шешудің  жарқын үлгісі. Оған сәйкес, жалпыға  бірдей мойындалған демократиялық  қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғары құндылықтар деп бекітілді. Сондықтан бұл оқиға дәуірлік сипат алып, шын мәнінде тарихи  мәнге ие болды.

«Мемлекеттік  басқару» ұғымы отандық және шетелдік ғылыми әдебиеті мен заңнамалық кесімдерінде кеңінен қолданады. Аристотель мемлекеттік  басқару доктринасы бойынша қоғамның өмір сүруі мен өміршеңдігі саяси  өмір шеңберіне алынып, мемлекетке қызмет ету және: «...мемлекет туралы ғылым басқа ғылымдар секілді  құралдармен пайдаланатындықтан, және бұдан тыс нені жасау және нені жасамауды заң тұрғысында айқындайтындықтан, оның мақсаты тиісінше, басқа ғылымдардың  да мақсаты және бұл мақсат адамдардың ең жоғары әл-ауқаты» - деп жазды. Әлеуметтік әлем туралы мәліметтердің тереңдеуі  мен кеңуі нәтижесінде ғылыми ілімнің тармақтануына алып келді. XVIII ғасырдың орта тұсында философия  бірқатар арнайы пәндерге бөліске түсті. «Әлеуметтік» моральдық ілімдер  Огюста Конт пен Анри Сен-Симонның пәлсапалық ізденістерінің ықпалымен жасалды. Вильсон Томас Вудро өзінің «Әкімшіліктендіруді  зерттеу» еңбегінде мемлекеттік  басқарудың мәселелерін теориялық  әзірлеудің негізін құрады. Вильсонның зертеуінде, «әкімшіліктендіру ғылымы - үкіметтің қызметін жақсарту жолдарын іздейтін болады, оның жұмысы көп уақыт  алдырмай және еңбек күшін азайтады, басқаруды ұйымдастырудың тәртібін жолға қояды». Оның ойынша әкімшілік  етуші аппараттың қызметіне саяси  жетекшіні алмастырғанда әсері  тимеуі тиіс. Яғни мемлекеттік әкімшіліктің міндеті түрлі саяси топтар мен  көсемдерінің шешімдерін шұғыл және құзырлы түрде өмірдің қолданысына  енгізу. Өзінің «әкімшілік тиімділігінде» Вильсон мемлекеттік басқаруда  бизнесті ұйымдастыру мен басқарудың әдістерін қолдануды, ал мемлекеттік  қызметкерлерді олардың кәсіби біліктілігі мен білімдеріне қарай жұмысқа қабылдауды ұсынады. В.Вильсонның ойын америкалық мемлекеттік басқарудың жүйесін айтарлықтай зерттеуді орындаған америка саясат зертеушісі Фрэнк Дж.Гуднау бөліседі. Ол екеуі демократиялық қоғамда бюрократтық үлгісін жасауға талпынады. Ғалымдардың теориялық тұжырымдамалары саясат зерттеушілерге кәсіби азаматтық қызметтің демократиялық идеалын алуға көмектесті. Заңды орындайтын әкімшілік пен заңдарды шығарушы билік қатынасы В.Вильсон бойынша «үкіметтік жүйенің ең басты мәнін құрайды».

Қазіргі Қазақстан  Республикасында да орын алып отырған  биліктің бөліну жүйесі, атқарушы биліктің басым түсуі мен президенттік институттың күштілігі бүгінгі  саяси ахуалға жауап беретін  жүйе деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар, мына бір мәселенің  басын ашқымыз келеді. Қандай да болсын, құрылымның дұрыстығын дәлелдейтін - одан шықкан нәтиже болып есептеледі. Бүгінгі Қазақстан шындығына  келсек, мемлекет топтаса және жұмыла білетін атқарушы билікті күшейту  арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған күрделі экономикалық реформаларды жүзеге асыра алды. Бұл  ақиқат. Билік тұтқаларын бір қолға  жинамай, реформаларды орталықтандырып, нәтижелі жүзеге асыру мүмкін емес. Бұған басқа да Азия елдерінің  тәжірибесі куә.

Дей тұра, экономикалық жетістіктер көзге көріне бастаған кезде-ақ, саяси сұраныстар да арта түсетіні анық. Бұны да бүгінгі Қазақстан  өмірінен байқауға болады. Еңсесін  көтерген ел саяси ахуалына жете көңіл  аудара бастайды. Демократия бар не жоқ - деген проблемалардың бәрі дәл  осы жерден бастап бұқаралық деңгейде туындай бастайды. Мемлекет пен қоғам  дамуының нәтижелілігі мен келешегі де осындай шешуші кезеңдерде анықталады. Нақты айтқанда, елде орын алып отырған  саяси мұқтаждықтарға дер кезінде  жауап беріп, қажетті өзгерістер мен реформаларды жүргізіп отыру - нағыз  демократия. Демократия дегенді халық  басқаруы деп түсінсек, онда оның мұң-мұқтажын аңғарып, мүдделерін жүзеге асыру сол демократияның түпкі белгісі.

Өкінішке  орай Қазақстанда мемлекеттік басқару  ғылымы әлі өркендеп, қанатын кең  жая қойған жоқ. Еліміздегі саяси  жүйе түбірлі өзгерістерге ұшырап,  эволюциялық дамуының кезекті белесті  кезеңі басталғанда, бұл пәннің терең  зертелуін уақыттың өзі талап  және қажет етіп отыр. Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Жанындағы  Мемлекеттiк басқару академиясының  ұжымына арнауында (26.10.2006 ж.) «...әкiмшiлiк-басқару  жүйесi кемелденбейiнше, оның экономикасы  да, мәдениетi де, саясаты да ілгерi дами алмайтыны белгiлi. Мемлекеттiк кызметкерлердiң  бiлiктiлiгi кәсiби шеберлiгi биiк болған сайын, мемлекетiмiздiң де өмiршеңдiгi, күш-қуаты арта түседі» - деген болатын.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  Республикасы Парламенті үшінші сессиясының  ашылуында сөйлеген сөзінде мемлекеттік  басқаруды «Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде жаңартуға» арнаған болатын.  
Жолдауда алға қойылған маңызды міндеттерді орындау үшін бізге іскер Үкімет қажет. “Қазақстан-2030” Стратегиясында мен дамуымыздың негізгі басымдылықтарының бірі ретінде ықшам әрі кәсіби Үкімет жасақтауды алға қойған едім. Қазір біз өтпелі кезеңді табыспен аяқтап, дамуымыздың жаңа кезеңіне қадам басқан кезде бұл міндеттің маңызы бұрынғыдан да арта түседі. Сол себепті мен әкімшілік реформа жасау жөнінде бастама көтердім. 
Осы тұрғыда біз мемлекеттік басқаруды жаңартудың нақты жолдары мен оны одан әрі дамытудың іс-шараларын жасауымыз қажет. Біз мемлекеттік қызметті тұтынушылардың мүдделері барынша ескерілетін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасайтын боламыз. Мемлекеттік аппарат корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде ең озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеуі тиістігін, сондай-ақ бұрынғы көнерген және ырыққа көнбейтiн мемлекеттiк тетiктi үздiк әлемдiк тәжiрибеге сүйене отырып, азаматтарымыз мүддесi үшiн осы заманғы қоғамдық-саяси процестердi серпiндi басқаруға қабiлеттi тетiкке айналдыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөнінде нақты шаралар қолға алынып отыр.

1920-2007 жылдар  аралығындағы Қазақстандағы мемлекеттік  билік жүйесінің тарихын кешенді  түрде зерттеп, ондағы өзгерістерге  тарихи түсінік немесе баға  беру аса қажет деп ойлаймыз. Мұның барлығы, біздің еліміздің  өткен тарихи кезеңдегі саяси  тарихын жүйелі жазып шығуға, болашағымыз үшін өткеннен нақты  сабақ алып, қорытынды шығаруға  керек. Өткен тарихи кезеңдегі  мемлекеттік билік органдарының  атқарушы жүйеден бюрократиялық  басқарушы жүйеге айналу себептерін  ашу, мемлекеттік қызметкерлер  арасын жайлаған жемқорлық пен  парақорлық, “бармақ басты, көз  қыстылық” психологияның қалыптасу  алғышарттарын тарихи тұрғыдан  анықтау бүгінгі мемлекетіміздің  болашағы үшін аса қажет. Мемлекеттік  билік жүйесінің тарихын зерттеу  барысында біз оның органдарының  құрылу алғышарттары, қалыптасуы  мен дамуы, қызметі сияқты мәселелерінің  қоғамдық қатынастар процесіндегі  даму заңдылықтарын қарастырсақ,  мемлекеттік билік жүйесінің  тарихнамасын талдау барысында  сол дамудың танымдық заңдылықтарына, яғни мемлекеттік билік жүйесінің  зерттелу тарихына, оны зерттеу  барысындағы методологиялық өзгерістерге  назар аударамыз.

 

1.2 Мемлекеттік басқарудың нысаны

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы , орталық  және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы  маңызды  элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.

Монархияда  жоғарғы билік бір адамның  қолында болады және бұл билік  мұрагерлікпен беріледі. Монархияның  белгісі: мемлекетті басқаратын адамның  билігі оған әкесінің немесе басқа  туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан  оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек  ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға  да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның  өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай жағдайларда мұрагерлік заңды  әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия).

Монархия  екіге бөлінеді: шексіз және шектелген  монархиялар. Шексіз монархия –монархтың билігін басқа мемлекеттік орган  шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері  бар. Ең бірінші шексіз монархия –Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті  экономикалық функциялары жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының тақырыбы үлкен маңызы бар өзекті мәселе