Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының Қазақстандағы белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 20:25, научная работа

Описание

Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше үйлесімге келуге мемлекетердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.

Содержание

Кіріспе

1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және мазмұны

Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының шетелдерде қолдану тәжірибесі.


2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ерекшеліктері

2.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау негіздері мен шарттары.
2.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды атқару тәртібі.


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми жұмыс.doc

— 156.50 Кб (Скачать документ)

 

 

Мазмұны

Кіріспе

 

1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және мазмұны

 

    1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні.
    2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының шетелдерде қолдану тәжірибесі.

 

 

2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ерекшеліктері

 

2.1   Өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау негіздері мен шарттары.

2.2   Өмір бойы  бас бостандығынан айыруды атқару тәртібі.

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу  жұмысының  өзектілігі. Қазақстан  Республикасында жүргізіліп отырған құқықтық реформа елімізде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған, бұл өз кезегінде біздің негізгі заңымыз Конституцияға сәйкес келеді. Алғашқы  рет, атап айтқанда қылмыстық іс жүргізуде адам мен азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету – біздің мемлекетіміздің  басым бағыты болды.

Бүгінде халықаралық  құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары  және нормаларымен бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше үйлесімге келуге мемлекетердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.

Алға қойған міндеттерді  орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен қабылданған Кұқықтық саясат Тұжырымдамасы қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік  қызметті одан әрі ізгілендіруге бағытталған кешенді  заңдық  шараларды қабылдау қажеттілігін белгілейді. Мысалы, Тұжырымдамада өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту бағытын жалғастыруға бағытталған ереже белгіленген [1, 19 б.].

Қазақстан Республикасының  құқықтық саясат Тұжырымдамасына сәйкес, қылмыстық саясат екі векторлы бағытта  болу қажет: бір жағынан – қоғам  мен мемлекет үшін аса ауыр қылмыстар  жасағаны үшін жауаптылықты қатаңдату және екінші вектор – бұл жеңілдету, қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстар үшін жазаны ізгілендіру, ауыр емес қылмыс жасаған адамдарға ізгілікпен қарау.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге  арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлы қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс делінген. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады. Тиісінше, мемлекеттің құқықтық саясаты өлім жазасын қолдану аясын кезең-кезеңмен тарылту бағытын жалғастыруға бағытталуға тиіс [2, 2 б.].

Қазақстан пенитенциарлық жүйені реформалауда  айтарлықтай  табыстарға қол жеткізді. Еліміздің  Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  еліне «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Жолдауында қылмыстық құқық аясын одан әрі ізгілендіру қажеттілігіне көңіл аударады.  

 Елбасының алға  қойған маңызды міндеттерінің  біріне өлім жазасын қолдануға  мораторий енгізу үшін ұйымдық,  материалдық және заңнамалық  шарттарды жасауды жатқызуға  болады [3, 2 б.]. Президентпен қойылған міндеттерді орындау біздің елімізге Еуропа қауымдастығына толыққұқылы мүше ретінде кіруге мүмкіндік береді, өйткені өлім жазасын қолданудан бас тарту, осы беделді ұйымға қабылдаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осыған орай, Елбасының 2003 жылғы 17 №1251 Жарлығымен Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізілді [4, 1 б.].  Осы жарлықтың негізінде Қылмыстық кодекстің уақытша тоқтатылып келген өмір бойы бас бостандығынан айыру жөніндегі қағидалары 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәжірибеге енгізілді. Осы жаза ғана өлім жазасына нақты балама ретінде танылды. Осыған деген сенімділік сот тәжірибесінің материалдарына да негізделген. Қылмыстық Кодексте қасақана адам өлтіру үшін екі жоғары жаза мөлшері 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал қылмыстардың жиынтығы бойынша – 25 жылға дейін көбейгеннен бері, өлім жазасы бойынша үкімдер екі есеге азайған Соттар ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасының қолданылуына басымдылық берді. Осыдан келіп, өмір бойы бас бостандығанан айыру институтының пайда болуы өлім жазасы туралы үкімдерді шығару жағдайларын азайтып,  одан толық бас тарту үшін алғы шарттарды жасайды деуге негіз бар.

Өмір бойы бас бостандығынан  айыру жазаның ерекше түрін (өлім жазасын) біртіндеп ығыстыруға және алмастыруға  қабілеті бар қорқытудың жеткілікті деңгейде жоғары потенциалына ие. Еуропаның барлық мемлекеттері өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыруға алмастыра отырып, заңнамада және іс тәжірибеде жазаның жоғарғы түрінің сақталуы мен қоданылуынан бас тартып, осы жолмен келеді.

Мұндай қадам әлемдік  тенденцияларға толық сәйкес келеді, бірақ өмір бойы бас бостандығынан  айыру біздің республикамызда салыстырмалы түрде жаңа қылмысытық-құқықтық институт және құқыққолдану тәжірибесінде әзірге жүзеге асырылмаған.

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасының пенитенциарлық жүйесі өмір бойы бас бостандығынан айыруды  орындаумен, сондай-ақ ұзақ мерзімге сотталғандармен  айналысуға байланысты бірқатар мәселелерге  тап болып отыр. Әдеттегідей, ұзақ мерзімге (мерзімсіз) бас бостандығынан айыруға сотталғандарға ұзақ уақыт бойы жалғыз қамалуына әкелетін ұстаудың қатаң жағдайларын тағайындауды (10 жыл) (ҚР ҚАК 123-бабы), бұл БҰҰ Нұсқауларына сәйкес келмейді. Сотталғандарды ұзақ уақыт бойы жеке ұстау қылмыскердің жеке тұлғасының кері кетуіне (деградациясына) әкеп соқтырады, бұл қылмыстық саясаттың ізгілікті үрдісіне және түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелеу процесіне сәйкес келмейді. Сол себептен бүгінгі таңда талқылауды қажет ететін маңызды мынадай мәселелер бар: заңдық базаны дайындау, бұл жаза түріне сотталған адамдармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері, өмір бойы бас бостандығынан айыруда қылмыстық жазаның мақсаттарына етуге әсер ететін факторларды қарастыру.

Сонымен қатар, аталған институт кешенді әлеуметтік-құқықтық мәселе екендігін және оны шешуде өмір бойы бас бостандығынан айыру саяси-әлеуметтік, экономикалық, психологиялық-педагогикалық және құқықтық категория екендігін естен шығармау керек.

Аталған мән-жайлар диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеудің  жұмысының  мақсаты – Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық аспектілеріне кешенді талдау жасай отырып, отандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеу  барысында мынадай міндеттер  қойылды:

– өмір бойы бас бостандығынан айырудың ұғымы мен мәнін, сондай-ақ оның қылмыстық жазалар жүйесіндегі орнын анықтау;

– жекелеген шет мемлекеттерде өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау мен орындаудың құқықтық реттелуіне талдау жасау;

– өмір бойы бас бостандығынан  айыруды тағайындау мен атқаруды реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамаларының, халықаралық-құқықтық актілердің нормаларын зерттеп, отандық заңнамадағы олқылықтарды анықтау;

– өмір бойы бас бостандығынан  айыруды орындаудың өзекті мәселелері мен ерекшеліктерін талдау: ұстау  режимін, әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысы, мерзімінен бұрын-шартты түрде босату;

– өмір бойы бас бостандығынан  айыруды қолдану бойынша отандық  заңнаманы жетілдіру бойынша  ұсыныстар енгізу.

Ұсынылатын  негізгі тұжырымдар:

1. Өмір бойы бас  бостандығынан айыру өзінің Қазақстан  Республикасының қылмыстық жазалар  жүйесінде орын алуымен екі қарама-қайшы тенденцияны алға тартады – жазаны ізгілендіру және мемлекеттің жазалау саясатын күшейту: адамның өмірін сақтай отырып, қылмыстық жазаның ең қатаң шарасы болып табылады.

2. Өмір бойы бас  бостандығынан айыру белгілі  бір мерзімге бас бостандығынан айырудың бір түрі болып табылады. Осыған байланысты ҚР ҚК 39-бабы 1-бөлігінің «и» тармағына «белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру» деген толықтырулар енгізіп, ҚР ҚК 49-бабына тиісті толықтырулар енгізу мақсатқа сәйкес деп білеміз.

3. Өмір бойы бас  бостандығынан айыру – «Адамның  өміріне қол сұғатын ерекше  ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ  соғыс кезінде адамдардың өлімімен  ұштасқан террористік қылмыстар  жасағаны үшін кінәлі деп танылған  адамға заңмен анықталмаған мерзімге тағайындалатын, және сотталушыны айрықша режимдегі колонияға отырғызу жолымен оқшаулаудан тұратын жаза түрі». 

4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезінде жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап сотталғандар шартты-мерзімінен бұрын босатуға ұсынылмайды деген заң талабы қылмыстық-атқару заңында емес, қылмыстық заңда белгіленуге тиіс. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 170-бабының 2-бөлігін алып тастау керек. 

5. Сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген  құқық бұзбайтын мінез-құлқымен түзелгендігін дәлелдесе және кемінде жиырма жылдық жазасын өтесе, ондай адамға мерзімінен бұрын-шартты түрде босату қолданылғаны дұрыс. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 70-бабының 5-бөлігі мынадай мазмұнда ұсынылады:

5. Егер сот тағайындаған  өмір бойы бас бостандығынан  айыру жазасын өтеп жүрген  адам, құқықбұзбайтын мінез-құлқымен  өзінің түзелгендігін дәлелдесе  және кемінде жиырма жыл бас  бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға жатады.

6. Өмір бойы бас бостандығынан  айыруға сотталғандарға мерзімінен  бұрын шартты түрде босатылғаннан  кейінгі уақытқа сынақ мерзімін  белгілеу қажет. Сотталғандардың  мұндай категориялары үшін сынақ мерзімі соттылықты жою шегінде болуы мүмкін, яғни 8 жыл. Осыған байланысты ҚР ҚК 70-бабының 5-бөлігін 2-бөлікпен мынадай редакцияда толықтыруды ұсынамыз: «Өмір бойы бас бостандығынан айырудан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдар үшін сынақ мерзімі 8 жылға белгіленеді».

7. Қазақстанның қылмыстық және  қылмыстық-атқару заңнамасына өмір  бойы бас бостандығынан айыру  жазасын өтеу жағдайларын одан  әрі дифференциациялау бөлігіне  қажетті өзгерістер енгізу керек  (өмір бойы бас бостандығынан  айыруға үкімді қайта қарау және сотталғандарды басқа режим түріне ауыстыру, жазаны өтеудің басқа жағдайларына ауыстыру үшін жазаны өтеу мерзімін кеміту және мерзімінен бұрын босату).

 Бұл мақсаттарға орай өмір  бойы бас бостандығынан айыруға  сотталғандарды 5 жылдан кейін қатаң режимнен дағдылы немесе жазаны өтеудің жеңілдетілген түріне ауыстыру мүмкіндігін қарастырған жөн. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 123-бабының 3 және 4 тармақтарына  келесідей түзету енгізу қажет:

3. Түзеу колониясына келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына орналастырылады. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан жазаны өтеудің дағдылы жағдайларына көшіру жазаны өтеудің қатаң жағдайларында кемінде бес жылын өтеуі бойынша осы Кодекстің  120-бабының 5-тармағында аталған негіздер бойынша жүргізіледі.

4. Сотталғандар жазаны өтеудің  дағдылы жағдайларында кемінде  бес жылын өтеуі бойынша осы  Кодекстің 120-бабының 2-тармағында  аталған негіздер бойынша жеңілдетілген  жағдайларға көшірілуі мүмкін.

 

 

 

1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және мазмұны

1.1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні. Өмір бойы бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру тәрізді арнайы мекемеге (айрықша режимдегі түзеу колонияларына) орналастыра отырып сотталған адамды қоғамнан оқшаулау болып табылады, бірақ мерзімсіз (өмір бойына). Егер бұл жазаның пайда болу тарихы жөнінде айтар болсақ, онда өмір бойына бас бостандығынан айыру жаза туралы Жинақта белгіленген болатын және Ресейде 1917 жылға дейін қолданылған. Бұл жаза алқа билер сотымен тағайындалатын болған. Мысалы, белгілі мерзімсіз каторгаға жер аударуға және т.б. Кеңес кезеңінде өмір бойы бас бостандығынан айыру заңнамадан жойылды. Бірақ, «ату» баптары белсенді түрде қолданыла бастады. 80-жылдардың аяғында Ресей Еуропа Кеңесіне кіруге ынта жасай бастаған уақытта, онда екі миллионға жуық сотталған адамдары болған, және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы жиі қолданылған. Сол уақытта  Кеңес Ресей алдына Еуропа Конвенциясына сәйкес адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша бірнеше шарттар қойды, оның ішінде өлім жазасын жою туралы да мәселе қойылған болатын. Осыдан келіп Ресейде «өмір бойына» қамау туралы ой туындады. Бұл жағдайды бірегей деп атауға болады, өйткені сол кезде күшінде болған қылмыстық кодексте мұндай жаза түрі болмаған. 

Информация о работе Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының Қазақстандағы белгілері