Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 20:25, научная работа
Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше үйлесімге келуге мемлекетердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.
Кіріспе
1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және мазмұны
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының шетелдерде қолдану тәжірибесі.
2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ерекшеліктері
2.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау негіздері мен шарттары.
2.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды атқару тәртібі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Біріккен Ұлттар Ұйымымен де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру мен өмір бойына түрмеге қамау жазаларын орындауды ұйымдастыруға қатысты бірқатар маңызды құжаттар қабылданған. Олардың біреуі белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандармен айналысудың халықаралық стандарттарын белгілеген, қамалғандармен айналысудың минималды стандарттық ережелері. Алайда, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін адамдар бұл құжаттың авторларының назарынан тыс қалған [30].
Ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру мен өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданумен байланысты мәселелер алғашқы рет қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылармен айналысу бойынша БҰҰ IV Конресінде мәлімденді (Каракос, 1980 жыл, тамыз-қыркүйек). Атап айтқанда, жаза мақсаттарына жету үшін ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыруды және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоғамдағы өмірге қайта оралту үшін тиімді шараларды қабылдау қажеттілігі белгіленген [31, 3 б.].
Біріккен Ұлттар Ұйымымен жүргізілген зерттеулер негізінде өмір бойы бас бостандығынан айыруға қатысты ұсыныстар дайындалды. Бұл құжаттың авторлары өмір бойы бас бостандығынан айыруды тек аса ауыр қылмыстар үшін қолдануды ұсынады. Өз алдына қылмыстық жаза саласында қылмыстық саясатты анықтауда босатылуға ешбір үміті жоқ адамды түрмеге қамау бас бостандығынан айыру жазасы қойған мақсаттарға жетпеуі былай тұрсын, онымен қоса салық төлеушілерге қаржылық мәселені тудырады. Осыған байланысты мемлекеттердің қылмыстық заңнамасында мұндай адамдар үшін жазаны өтеуден босату мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, босату туралы мәселені шешуде жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігін, жәбірленушілердің және олардың туыстарының мүдделерін ескеру қажет. Бостандыққа шыққаннан соң сотталған адамға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ полициялық және соттық бақылауды жүзеге асыру қажет [32, 21-23 бб.].
Барлық шет мемлекеттердің
заңнамасында өмір бойы бас бостандығынан
айыру жазасын қолдану
Америка Құрама Штаттарының федералды заңнамасына сәйкес, өмір бойы бас бостандығынан айыру өлім жазасына да және мерзімді бас бостандығынан айыру жазасына да болама ретінде тағайындалуы мүмкін.
Көптеген штаттарының
заңнамасы бойынша өмір бойы бас
бостандығынан айыру сот
1994 жылы қылмыскерлікпен
күресу шараларын күшейту
Толық көлемді қамауды қамтамасыз ететін елдердің ішінде АҚШ атауға болады.
Ауыр қылмыстар үшін АҚШ-да толық өмір бойына бас бостандығынан айыру – америка саясатының салдары болып табылады. 2003 жылдан бастап АҚШ-ның 38 штатының 35-і өлім жазасын қолданумен қоса, өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданады. Өлім жазасы қолданылмайтын 12 штатында, Алясканы қоспағанда, босатылу құқығынсыз қамау енгізілген.
АҚШ федералды жүйесінде 25552 адам босатылу құқығынсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеген, оған қоса 80220 адам өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын және шамамен 120 000 адам 20 жылдық мерзімге қамауды өтеген. Бұл шамамен түрменің жалпы халқының 6%. Бұл әлемдегі ең үлкен түрме халқы. Әлемнің түрме контингентінің 25%, жер шарының жалпы халқының 4% [34, 26 б.].
Сотталғандардың жалпы санының ішінде өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдардың саны әлемнің жекелеген елдерінде әр түрлі: Солтүстік Ирландияда 20%-дан, Исландияда 0%-ға, дейін. Басқа мемлекеттердегі көрсеткіш мынадай: Шотландия – 11,2%; Англия және Уэльс – 7,5%; Италия – 3,0%; Австрия – 2,9%; Финляндия – 2,2%; Түркия – 4,4%; Швеция – 2,0%; Венгрия – 1,9%; Франция – 1,6% [32, 20 б.].
Канадада өмір бойы бас бостандығынан айыру міндетті түрде қасақана адам өлтіру үшін тағайындалады. Бірінші дәрежелі кісі өлтіру – аса ауыр қылмыс (адамға қызметтік борышын орындау барысында қаза келтіру немесе нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану немесе адамды ұрлау барысында кісі өлтіру), жасаған жағдайда мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі 25 жылды өтегеннен кейін туындайды.
Екінші дәрежелі адам өлтіру ауыр қылмыс үшін сотталғандарға мұндай міндетті түрде өтелуге тиіс мерзім белгіленбеген және 10-нан 25 жылға дейінгі шекте болады – әр жағдайда да оны сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселелерін шешетін ұлттық ұйымдардың бөлімшелері анықтайды; мұнда 15 жылын өтеген сотталғандардың өздері аталған органдарға мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін бере алады [33, 506 б.]. Бұл мерзім келгенге дейін 3 жыл бұрын «өмір бойына сотталғандар түрмеден уақытша кету, туысқандары және жақындарымен кездесу, күні бойы бақылаусыз бостандықта болу құқығын алады.
Өмір бойына қамауға кісі өлтіргені үшін сотталған, 18 жастан кіші қылмыскерлер 5 жылдан 10 жылға дейінгі жаза мерзімін өтегеннен соң шартты түрде босатылуы мүмкін. Жаза мерзімінің міндетті түрде өтеу кезеңі сотпен жеке тұлғаның мінездемесі ескеріле отырып, үкімді шығару барысында анықталады.
Шартты түрде босату туралы мәселені қарауға құқық беретін жаза мерзімінің 80% уақытын түрмеде өткізе отырып жас қылмыскердің мекемеден тыс жерлерге шығуға, бір күнді туысқандарымен өткізуге рұқсат алуға мүмкіндігі бар. Бұл оларға әлеуметтік байланыстарды сақтауға және босатылғаннан соң әлеуметтік бейімдеу үрдісін жеделдетуге ықпалын тигізеді.
Канадада барлық өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде шартты түрде босатылған адамдар өмірінің соңына дейін побация қызметінің бақылауда болады. Егер қандай да болсын себептермен бақылау алынып тасталса, қылмыскер түрмеге өмір бойы қамауды өтеуді жалғастыру үшін оралады [35, 90 б.].
Германияда өмір бойы
бас бостандығынан айыру
2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ерекшеліктері
2.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау негіздері мен шарттары. Бүгінде мемлекеттің қылмыстық және қылмыстық атқару тәжірибесін бас бостандығынан айырылған адамдармен айналысудың құралдары мен әдістерін халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларына барынша сәйкестендіруге ұмтылысы байқалады.
Халықаралық пенитенциярлық
құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық
және басқа да ерекшеліктерді ескере
отырып жазаның орындалуын бірыңғай
халықаралық стандарттарға
Бүгінде өлім жазасының жалғыз баламасы болып өмір бойы бас бостандығынан айыру табылады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрін(өлім жазасын) біртіндеп алмастыруға және ығыстыруға мүмкіндік беретін жеткілікті деңгейде жоғары потенциялға ие. Заңнамаларында және іс-тәжірибеде өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айырумен алмастыра отырып, ең жоғарғы жазаны сақтап қалудан және оны қолданудан бас тартып көптеген Еуропа елдері осы бағытта келеді. 10 шілде 2009 жылы енгізілген өзгерістерден бұрын ҚР ҚК өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды Ерекше бөлімнің 17-бабымен қамтылған 18 қылмыс құрамы үшін белгілеген болатын: ауырлататын жағдайда адам өлтіру (96-баптың 2-бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүрізу (156-баптың 2-бөлігі); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-баптың 2-бөлігі); геноцид (160-бап); жалдамалылық (162-баптың 2-бөлігі); мемлекеттік опасыздық (165-бап); Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап); диверсия (171-бап); бұйрыққа бағынбай немесе оны өзгедей орындамау (367-баптың 3-бөлігі); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап); бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (369-баптың 3-бөлігі); қашқындық (373-баптың 3-бөлігі); дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (374-баптың 3-бөлігі); жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-баптың 3-бөлігі); билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-баптың 3-бөлігі); жауға соғыс жүргізудің құралдарын беру немес тастап кету (383-бап). Қазіргі уақытта өмір бойы бас бостандығынан айыру терроризм (ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігі) үшін де тағайындалуы мүмкін.
Заңшығарушының өмір бойы бас бостандығынан айыруды терроризм үшін қолдану туралы жаңалығы осы қылмыс түрі үшін жазаны қатаңдата отырып, мемлекетіміздің азаматтарын Мәскеуде, Беслонда және де Ресей Федерациясының басқа да қалаларында орын алған сұмдық оқиғалардың қайталануынан қауіпсіздендіруге деген ұмтылысы деп бағалауға болады.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының Қазақстанның қылмыстық жазалар жүйесінде пайда болуы бастапқыдан-ақ өлім жазасы бойынша үкімдерді азайтуға бағытталған болатын.
Заңмен өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданудың келесідей шарттары белгіленген: қылмыскер аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар (ҚР ҚК 49-бабының 1-бөлігі) үшін сотталады; егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса (ҚР ҚК 69-бабның 5-бөлігі); егер сот өлім жазасы тағайындалған адамға ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса (ҚР ҚК 75-бабының 4-бөлігі); өлім жазасына сотталған адамға кешірім жасаған жағдайда (ҚР ҚК 49-бабының 5-бөлігі).
Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. (ҚР ҚК 48-бабының 4-бөлігі).
2.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды атқару тәртібі. Жоғарыда айтылғандай, өмір бойы бас бостандығынан айыру сотпен ҚР ҚК 48-бабының 4-бөлігінде көзделген тәртіппен немесе ҚР ҚК 49-бабының 5-бөлігіне сәйкес өлім жазасына сотталған адамдарды кешірім жасау тәртібімен тағайындалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады (ҚР ҚАК 2-бабы). Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібі (режимі), тәрбие жұмысы, қоғамдық-пайдалы еңбек,бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім алу, кәсіптік даярлық пен қоғамдық ықпал ету болып табылады (ҚР ҚАК 7-бабы).
ҚР ҚАК 77-бабында режимге келесідей анықтама берілген: түзеу мекемелеріндегі режим – сотталғандарды күзету мен оқшаулауды қамтамасыз ететін заңды және заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жазаны атқару мен өтеу тәртібі; оларды ұдайы қадағалау; өздеріне жүктелген міндеттерді атқару; олардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру; сотталғандар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі; сотталғандардың түрлі санаттарын бөлек ұстау; сот тағайындаған түзеу мекемесінің түріне қарай ұстаудың түрлі жағдайлары; жазаны өтеу шарттарын өзгерту.
Жазаны өтеу және атқару кезінде сотталғандарға түрлі құқықтық шектеулер белгілей отырып режим қылмыстық жазаның жазалаушылық мәнін анық айқындайды. Алайда жазалау функциясынан басқа режим басқа да бірқатар функцияларды жүзеге асырады.
Режимнің тәрбиелік функциясы бірнеше әдіспен жүзеге асады. Біріншіден, жазалауды жүзеге асыра отырып, өйткені мәжбүрлеу адамды тәрбиелейді,оны тәртіпке жазаны өтеу ережелерін сақтауға бейімдейді. Ұстау режимі сотталғандарды қоғамдық-пайдалы мінез-құлыққа, құқық бұзбаушылыққа мәжбүрлейді. Екіншіден, тәрбиелеу функциясы өзінің табиғаты бойынша жазалаушы болып табылмайтын мінез-құлық ережелерін іске асыруды белгілеу арқылы жүзеге асырылады (мүлікке жанашырлықпен қарау, өзара сыпайы болу жеке гигиена ережелерін сақтау және т.б). Үшіншіден, тәрбиелеу функциясы түзеу шараларын ұтымды қолдануға ықпал ететін қажетті құқықтық құалдарды жасау арқылы жүзеге асады [71, 112 б.].
ҚР ҚАК 12, 13 тарауларында (77-98 баптары) режимді қамтамасыз ету құралдары,түзеу мекемелерінің барлық түрлері үшін жалпы режимдік талаптар және жазаны өтеу жағдайлары белгіленген. Әсіресе Кодекстің 122, 123 баптары өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеуші сотталғандарға арналған ерекше режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыруды өтеудің тәртібі мен жағдайларының ерекшеліктерін реттейді.
1. Колонияға келісімен олар карантин бөлімшесіне жіберіліп, ондағы жеке камераларда бір тәулік бойы ұсталады. Сотталған адамның жеке тұлғасын тереңінен зерттеу қажеттілігі немесе қосымша медициналық тексеру қажет болған жағдайда бастықтың қаулысымен карантин бір тәулікке ұзартылуы мүмкін. Карантиннен соң сотталғандар камераларға ауыстырылады.
2. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, камераларда екі адамнан артық орналастырылмайды.
3. Сотталғандардың өтінішімен және өзге де қажетті жағдайларда түзеу колониясының бастығының қаулысы бойынша сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда олар жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкін. Аталған сотталғандардың еңбегі сотталғандарды камераларда ұстаудың талаптары ескеріле отырып ұйымдастырылады.
Камераларға бөлу арнайы комиссиямен жүргізіледі, онда сотталғандардың психологиялық үйлесімділігі және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі ескеріледі.
Камераларда қатаң тәртіп орнатылады. Бір күн бойы сотталғандар демалу уақыты мен демалыс күндерді есептемегенде,кереуеттерді пайдалана алмайды,әр кезде камерадан шығу барысында тінтіледі,камералар жүйелі түрде күнделікті тексеріліп тінтіледі, камерадан тыс жерлерде тек кісен арқылы жүргізіледі.
Информация о работе Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының Қазақстандағы белгілері