Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 20:25, научная работа
Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше үйлесімге келуге мемлекетердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.
Кіріспе
1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның түсінігі және мазмұны
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының шетелдерде қолдану тәжірибесі.
2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ерекшеліктері
2.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау негіздері мен шарттары.
2.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды атқару тәртібі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Алайда, сол кезде Ресейде мұндай қадам құқықтық жағынан да экономикалық тұрғыдан да есептелінбегендігін айту керек. Схема былай болды. «Өлімге кесу» үкімдеріндегі қылмыстық істер Жоғарғы Сот пен Бас прокуратураға сараптама жүргізу үшін жіберіліп тұрған. Қылмыстық-құқықтық саралау дұрыс берілген, яғни үкім заң шеңберінде шығарылған деген қорытынды берілген соң іс Президент қарамағындағы кешірім жасау бойынша комиссияға келіп түсетін. Оны жазушы Анатолий Приставкин басқарған болатын. Және де сотталған адам кешірім жасау туралы сұраныс жасаған, жасамағандығына қарамастан құжаттар мемлекет басшысына дайындалатын болған. Өзінің жарлығымен ол жазаны өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстыра алған. Басқа сөзбен айтқанда, 96-жылға дейін осының барлығы соттан тыс тәртіппен жүзеге асқан.
1996 жылы ғана Ресей
Федерациясының Қылмыстық
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде өмір бойы (мерзімсіз) бас бостандығынан айыру тәрізді жазаның жаңа түрі енгізілді. Алайда, мұндай жаза біздің қылмыстық кодексімізде жазалар жүйесіне енгізілген жоқ.
Қазақстан Республикасында қылмыстық заңшығарушы, қылмыстық жазаның бір түрі ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыруды толық ресмилендіру қағидатынан бас тарта отырып, бұл жазаны ҚК-48 бабының 4-бөлігінде бас бостандығынан айырудың бір түрі ретінде қарастырып, басқа жолмен белгіледі. Көлемі бойынша үлкен (7-бөлік) 48-бап негізінен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрін реттеуге арналған. Сондықтан өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалар жүйесінде бір-бірімен тиісінше бір бөлік және біртұтас ретінде арақатынасып мерзімді бас бостандығынан айырудың орнын басады. Сол себептен өмір бойы бас бостандығынан айыру Қылмыстық Кодекстің жеке бабымен реттелмеген. Заң шығарушының осындай логикасына сүйенсек, өмір бойы бас бостандығынан айыруды ҚК 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес «жай» бас бостандығынан айыру сияқты негізгі жазалар категориясына жатқызу қажет.
Заң шығарушы өзінің құқықтық
табиғаты және басқа да заңдық белгілері
бойынша мерзімсіз бас
Бұрынғы (ресейлік те, қазақстандық та) заңнамаға белгісіз өмір бойы бас бостандығынан айыру бұрын өлім жазасы қолданылатын қылмыстардың құрамының елеулі түрде қысқаруына байланысты, сондай-ақ ең жоғары жаза түріне балама ретінде енгізілді. Бұл жаза түрі ең ауыр жазалар қатарына жатқызылуға тиіс болса да, белгілі мағынада бұл қылмыстық жауаптылықтың ізгілік шарасы ретінде де қарастырылуға тиіс: өмір бойы бас бостандығынан айыруды енгізу өлім жазасын қолдану жағдайларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Өмір бойы бас бостандығынан айыруды реттейтін (ҚК 48-бабының 4-бөлігі) құқықтық норма тек ізгілік және әділеттілік қағидаттары ғана емес, отандық қылмыстық кодекстің тағы бір қағидасы – қылмыскерді жазалауда жазалау құралдарын үнемді пайдалану (репрессияны үнемдеу) қағидасына да толық сәйкес келеді. Бұл қағидалар ҚР жаңа Қылмыстық кодексінде тікелей белгіленбегенімен, олар оны құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығының мазмұнынан келіп шығады.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру ҚР ҚК мәтінінде жалпы өлімнің қылмыстық-құқықтық нормаларының диспозицияларында белгіленіп, Ерекше бөлімнің баптарының санкцияларында қарастырылады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру ҚР ҚК мәтінінде ҚК Жалпы бөлімі қылмыстық-құқықтық нормаларының диспозицияларында бейнеленеді: 48-баптың 4-бөлігі; 48-баптың 5-бөлігінің «г»тармағы; 49-баптың 3-бөлігі; 58-баптың 4-бөлігі; 70-баптың 5-бөлігі; 75-баптың 4-бөлігі.
ҚК 48-баптың 4-бөлігі өмір бойы бас бостандығынан айыруды өлім жазасына тек балама ретінде ғана қолдануды қарастырады.
Демек, өлім жазасы сияқты адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ ҚК 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді.
Біздің Республикамыздың Қылмыстық Кодексі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру ҚК Ерекше бөлімінің 17-бабымен қамтылған 18 қылмыс құрамы үшін тағайындалуы мүмкін: 96-баптың 2-бөлігі (адам өлтіру); 156-баптың 2-бөлігі (басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу); 159-баптың 2-бөлігі (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану); 160-бап (геноцид); 162-баптың 4-бөлігі (жалдамалылық); 165-бап (мемлекеттік опасыздық); 167-бап (Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау); 171-бап (диверсия); 233-баптың 4-бөлігі (терроризм); 340-бап (сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу); 367-баптың 3-бөлігі (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау); 368-баптың 3, 4- бөліктері (бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету); 369-баптың 3-бөлігі (бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері); 373-баптың 3, 4-бөліктері (қашқындық); 374-баптың 3, 4-бөліктері (дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтік жалтару); 375-баптың 3-бөлігі (жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу); 380-баптың 3, 4-бөліктері (билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі); 383-бап (жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету).
ҚК 48-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына
бас бостандығынан айыру
ҚР ҚК «өмір бойы бас бостандығынан айыру» терминіне анықтама берілмегендігін айту қажет. Заңшығарушы тек белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ғана анықтама берген: «Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады» (ҚР ҚК 48-бабы).
Ғылыми және заң әдебиеттерінде өмір бойына жазалаудың синонимі ретінде пайдаланылатын әр түрлі терминдерін кездестіруге болады, мысалы «өмір бойына қамау» [7, 15 б.], өмір бойына (мерзімсіз) бас бостандығынан айыру [8, 6 б.].
Бірқатар авторлардың
Кейбір авторлар өмір бойына бас бостандығынан айыру емес, өмір бойына түрмеге қамау терминін қолдануды дұрыс деп есептейді.
А.И.Траховтың пікірінше «бас бостандығынан айыру» термині өзінің мазмұнына сәйкес келмейді, яғни сөздің дәл мағынасында бас бостандығынан айыруға сай емес, және де бас бостандығынан айыру элементтері қылмыстық жазаның басқа түрлерінде де болғандықтан, бұл жазаға өзінің мазмұнына сәйкес келетіндей атау беру керек, яғни «бас бостандығынан айыру» терминін «түзеу мекемесіне қамау» терминімен ауыстыру қажет [10, 17 б.].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодекс өмір бойы бас бостандығынан
айыруды бас бостандығынан
Өзінің мазмұны бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру сотталған адамды бостандық құқығынан айырудан тұрады және де қолданылуы мерзімсіз мерзімсіз бас бостандығынан айырудың ерекше түрі болып табылады [11, 128 б.].
Мысалы, О.В.Филимонов өмір бойы бас
бостандығынан айыру туралы жазады:
«Белгілі бір мерзімге бас бостандығынан
айырудан айырмашылығы - өмір бойы бас
бостандығынан айыру алдымен, көп
жағдайларда сотталған адамды босатылу
мүмкіндігінен айыратындығында.
Бұл мәселе бойынша В. Д.Филимоновтың көзқарасын Л.К.Савюк қолдайды: «Өмір бойы бас бостандығынан айырудың белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырудан айырмашылығы, көп жағдайда сотталған адамды босатылу мүмкіндігінен толық айыратынында. Заңшығарушы өмір бойы бас бостандығынан айыруда жиырма бес жылдық мерзімді өтегеннен кейін мерзімінен бұрын босатуды қарастырғанымен, бұған барлық сотталғандар үміттен алмайды» [9, 50 б.].
Р.Р.Галиакбаров «РФ ҚК 79-бабы өмір бойы бас бостандығынан айырудан мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігін қарастырғанмен, жазаның мәнісі өзгермейді, өйткені сотталған адам жазасын одан әрі өтеуді қажет етпейді деген қорытындыға келген жағдайда ғана осылайша босатуға негіз туындайды. Оның үстіне РФ ҚК 79-бабын қолдануға құқық беретін ұзақ 25 жылдық мерзімді сотталғандардың үлкен бөлігі өтей алмайды» [13, 318 б.].
ҚР ҚК сәйкес мерзімінен бұрын шартты түрде босату «автоматты түрде» сотталғандардың қайсібір категориясына қолданылмайды, ол әрдайым белгілі шарттармен байланысты екендігін айту керек.
ҚР ҚК 70-бабының 1-бөлігіне сәйкес мерзімінен бұрын шартты түрде мерзімді босатуға ұсыну үшін заңмен белгіленген мерзімді өтеуі, сондай-ақ сотпен өзінің түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп танылған сотталған адамның мінез-құлқының болуы қажет [5, 70 б.].
Әрине, барлық өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеушілер 25 жылдық мерзімді өтегеннен соң босатылуға жатпайды, ал олардың ішінен тек түзелу жолына түскендері және қоғамға қауіптілік тудырмайтындары ғана босатылуға тиіс. «Өмір бойы жазасын өтеушілер» - аса қауіпті және қатыгез қылмыскерлердің категориясы екенін естен шығармау керек.
Қазіргі таңдағы ҚР ҚК өмір бойы бас бостандығынан айырудың заңмен реттелуі сотталған адамға тағайындалған барлық жаза түрлері (өлім жазасын қоспағанда) өмір бойы бас бостандығынан айырумен сіңірілетіндігін айту қажет. Алайда, қайта тағайындалған жазалардың сотталған адам үшін заңдық, оның ішінде алдын алушылық маңызы бар конструкция мүмкін еместігін білдірмейді, әсіресе мерзімінен бұрын шартты түрде босату келешегін анықтағанда. Оған дәлел ретінде ҚР ҚК 80-бөлігі бола алады: «Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған, жазасын өтеу кезеңінде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға мерзімінен бұрын шартты түрде босату қолданылмайды.
Сонымен қатар, ҚР ҚК 48-бабы бас бостандығынан
айыру сотталушыны колония-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-
Белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру мен өмір бойы бас бостандығынан айыруды салыстырсақ, жалғыз ғана айырмашылығы болып жазаны өтеудің белгілі бір мерзімінің болмауы табылады. Бірақ, бұл белгіні өмір бойы бас бостандығынан айыруды қылмыстық жазаның дербес түрі ретінде қарастыруға негіз бермейді. Сондықтан өмір бойы бас бостандығынан айыруды бас бостандығынан айырудың бір түрі ретінде қарастыру позициясын қолдауға болады.
1.2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының шетелдерде қолдану тәжірибесі. Өмір бойы бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның түрі ретінде біздің мемлекетімізде ұзақ уақыт болмағандығын ескерсек, онда оны қолдану тәжірибесі аталған жаза бірнеше онжылдықтар бойы қолданылып келе жатқан шет мемлекеттердің тәжірибесіне негізделуі тиіс.
ХХ ғасырдың басында көптеген шетел мемлекеттерінің қылмыстық жаза жүйесінде өмір бойына түрмеге қамау өлім жазасын біртіндеп ығыстыра бастады.
Бұл тенденция әсіресе 1949 жылы Еуропа Кеңесінің пайда болуынан және Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның қабылдануынан кейін айқындала бастады. Кешірек,1983 жылдың 24-сәуірінде Страсбургте Еуропалық Конвенцияға қосымша №6 «Өлім жазасын жоюға қатысты» Протокол қабылданды. Құжаттың 1-бабында мемлекеттердің – Еуропа Кеңесі (ЕК) мүшелерінің өлім жазасын қолданудан бас тартуы қарастырылған. Сонымен қатар, 2-бапқа сәйкес, мемлекет – ЕК мүшесі өзінің заңнамасында соғыс кезінде немесе соғыстың болмай қоймайтын қауіпінде жасалған әрекеттер үшін өлім жазасын белгілеуі мүмкін [29].
Информация о работе Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының Қазақстандағы белгілері