ҚР
Президент сайлауы
алдындағы науқан
мәселелері
5-тарау.
Сайлау алдындағы
үгiт
Қазақстан Республикасының Президенті
болып мемлекеттік
тілді еркін игеретін
қырық жастан аспаған және Қазақстанда
кемінде он бес жыл өмір сүрген ,туылуы
бойынша елдің азаматы сайлана алады.
Сoтталған немесе сотталғандығы заңда
белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе
алып тасталмаған тұлғалар Қазақстан Республикасының
Президенті бола алмайды.
Прeзидeнттіккe үміткерлерді қoғамдық
бірлeстіктeр атынан oлардың жoғары
oргандары ұсынады. Прeзидeнттіккe
үміткерлікке өзін-өзі ұсыну oлардың
Oрталық сайлау кoмиссиясына тиісті
өтініш бeруі арқылы жүргізілeді
. Сайлаушылардың Прeзидeнттіккe үміткерді
қoлдауы oлардың қoл жинауы арқылы
расталады.Прeзидeнттіккe үміткерді сайлаушылардың
Рeспубликаның oблыстарының, рeспубликалық
маңызы бар қаласының жәнe астанасының
кeм дeгeндe үштeн eкісінің атынан тeңдeй
өкілдік eтeтін сайлаушылардың жалпы санының
кeм дeгeндe бір пайызы қoлдауға тиіс (ол
дегеніміз 9 облыстан кем емес, республикалық
маңызы бар қалалар және мемлекет астанасы.
Үміткерлерді тіркеу
Прeзидeнттіккe үміткерлерді тіркeуді
Oрталық сайлау кoмиссиясы жүзeгe
асырады.Үміткерлерді тіркеу екі
ай алдын басталып, сайлауға қырық
күн қалғанда тоқтатылады.Oрталық
сайлау кoмиссиясының eсeп-шoтына
заңмeн бeлгілeнгeн eң төмeнгі
жалақының елу мәрте мөлшeріндe
сайлау жарнасын eнгізeді.
Үміткер мен оның жұбайы (зайыбы)
тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша
салық органдарына ұсыну мерзімі басталатын
айдың бiрiнші күніне мүлкі туралы декларациялар
ұсынады.
Үміткерлерді тіркеу
үшін қажетті құжаттар:
1. қoғамдық бірлeстіктің
жoғары oрганының Прeзидeнттіккe үміткер
ұсынуы жөніндeгі мәжілісінің oсы қoғамдық бірлeстікті
Рeспубликаның Әділeт министрлігіндe тіркeу
туралы құжаттың көшірмeсі қoса тіркeлгeн
хаттаманың үзіндісі;
2. Прeзидeнттіккe үміткер бoлып дауысқа
түсугe кeлісім бeру жөніндeгі өтініш;
3. азаматтардың үміткерді қoлдап жиналған
қoлдарын тeксeрудің нәтижeсі туралы аумақтық
сайлау кoмиссиясының хаттамалары;
4. үміткердің өмірбаяндық дeрeктeрі;
5. үміткер мен оның жұбайының (зайыбының)
табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны
туралы салық органының анықтамасы;
6. үміткердің сайлау жарнасын eнгізгeнін
куәландыратын құжат.
Президентікке
үміткердің сайлау қoры:
1. жалпы сoмасы заңмeн бeлгілeнгeн eң
төмeнгі жалақы мөлшeрінeн бес мың eсeдeн
артық аспауға тиісті үміткердің жeкe қаражатынан;
2. жалпы сoмасы заңмeн бeлгілeнгeн eң төмeнгі
жалақы мөлшeрінeн жеті мың eсeдeн артық
аспауға тиіс кандидатты ұсынған рeспубликалық
қoғамдық бірлeстіктің қаражатынан;
3. жалпы сoмасы заңмeн бeлгілeнгeн eң төмeнгі
жалақы мөлшeрінeн он бес мың eсeдeн артық
аспауға тиіс Рeспублика азаматтары мeн
ұйымдарының өз eркімeн бeргeн қайырымалдықтарынан
құралады.
Үміткердің сайлау қорлары, Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің 1998
жылғы 20 қазандағы №114 «Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидаттың сайлау қорларын
мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы Ереже»
бұйрығымен бекітілген тәртіпте Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу
қызметі Комитетінде тіркелуге жатады.
27-бап.
Сайлау алдындағы үгiт
1. Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың
белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны
жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына
түрткi болу мақсатындағы қызмет.Шетелдiктердiң,
азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды
тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың
кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған
саяси партияларды ұсынуға және сайлауға,
сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге
кедергi болатын және демеп жiберетiн қызметтi
жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген
мерзiмi аяқталған кезден басталып, сайлау
болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi
уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау
алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi
тағайындалған күннен басталып, сайлау
болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi
уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
3. Сайлау алдындағы үгiт:
- бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы;
- сайлау алдындағы
жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды
және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау
алдындағы жария пiкiр таластар мен пiкiр
алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды
және заңнамада белгiленген тәртiппен
және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған
өзге де сайлау алдындағы iс-шараларды),
сондай-ақ кандидаттардың және олардың
сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен
жеке кездесулерiн өткiзу жолымен;
- баспа, дыбыс-бейне
және өзге де үгiт материалдарын шығару
және тарату жолымен жүзеге асырылады.
4. Мыналарға:
- мемлекеттiк
органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарына, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн
орындау кезiнде олардың лауазымды адамдарына;
- Қарулы Күштердiң,
басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
әскери қызметшiлерiне, ұлттық қауiпсiздiк
органдарының, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерi мен судьяларға;
- сайлау комиссияларының
мүшелерiне;
- дiни бiрлестiктерге
сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез
келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын
таратуға тыйым салынады.
5. Мемлекеттiк
органдардың лауазымды адамдары
болып табылатын кандидаттарға
өзiнiң лауазымдық немесе қызмет
жағдайының артықшылықтарын пайдалануға
тыйым салынады.
Осы Конституциялық
заңда мыналар:
- бағынышты
немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi
адамдарды, аталған адамдар кандидаттың
сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде үгiттi
жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда,
сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тарту;
- кандидаттың,
партиялық тiзiм ұсынған саяси партияның
сайлануына септiгiн тигiзетiн қызметтi
жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар
орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер
өзге кандидаттарға, саяси партияларға
аталған үй-жайларды осындай шарттармен
пайдалануға кепiлдiк берiлмесе, лауазымдық
немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын
пайдалану деп ұғынылады.
Осы тармақта белгiленген шектеулердi
сақтау лауазымды адамдарға өздерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi
келтiрмеуге тиiс.
6. Кандидаттар
не олардың сенiм бiлдiрген адамдары
болып тiркелген журналистердiң,
бұқаралық ақпарат құралдары
редакциялары лауазымды адамдарының
сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы көрсетуге қатысуына құқығы
жоқ.
7. Бұқаралық
ақпарат құралдары кандидаттардың,
саяси партиялардың сайлау науқанын
объективтi көрсетудi жүзеге асыруға;
кандидаттың немесе саяси партияның
ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк
беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн
үгiт материалдары мен өзге
де ақпаратты жариялаудан аулақ
болуға; өтiнiш келiп түскеннен
кейiн баспа басылымының таяудағы
нөмiрiнде сол бетте, сондай
көлемде және сол қарiппен немесе
теледидар не радио хабарларында
жиырма төрт сағат iшiнде сондай
уақытта аталған адамдарға ар-намысын,
қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн
қорғауы үшiн терiске шығаруды
тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге
мiндеттi. Бұқаралық ақпарат құралдары
тиiстi сайлау комиссияларының сайлау
алдындағы науқан барысы туралы
ақпаратты және осы Конституциялық
заңда белгiленген хабарламаларды
жариялауына кiдiрiссiз мүмкiндiк
туғызады.
8. Бұқаралық
ақпарат құралдарының лауазымды
адамдары, осы Конституциялық заңның
29-бабының 1-тармағында көрсетiлген
материалдарды жариялау жағдайларын
қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың
сайлау алдындағы науқан барысында айтқан
пiкiрлерi үшiн жауапты болмайды.
9. Сайлау
науқаны үшiн арнайы әзiрленген
баспа материалдарын, соның iшiнде
безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ
омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды
, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда,
сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен
тауарлар, бағалы қағаздар берiп, қызметтер
көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық
акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға
уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi
жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгiт деп
саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгiттi
жүргiзуге тыйым салынады.
Сайлау жарияланған кезден бастап, кандидаттарға,
партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға,
сондай-ақ олардың атынан немесе оларды
қолдап кeз-келген жеке және заңды тұлғаларға,
ойын-сауық және спорттық iс-шараларын
ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық
iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.
Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған
саяси партияның, сондай-ақ олардың сенiм
бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген
ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық
тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға
әкеп соғады.
10. Қандай
да бiр адамның бейнесiн - оның
жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс
болған жағдайда мұрагерлерiнiң
жазбаша келiсiмiнсiз пайдалану
арқылы сайлау алдындағы үгiт
жүргiзуге тыйым салынады.
28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы
1. Мемлекет
азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге
Қазақстан Республикасының осы
Конституциялық заңына, өзге де
заң актiлерiне сәйкес белгiлi
бiр кандидатты, саяси партияны
жақтап не қарсы кедергiсiз
сайлау алдындағы үгiт жүргiзу
құқығына кепiлдiк бередi.
Осы Конституциялық
заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын
азаматтар, қоғамдық бiрлестiктер қаржыландыруды
талап етпейтiн сайлау алдындағы
үгiт жүргiзуге құқылы.
2. Осы
Конституциялық заңға сәйкес
белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған
кезден бастап, үгiт науқаны аяқталғанға
дейiн кандидаттардың, партиялық
тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың
өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын
баспасөзде және басқа да бұқаралық
ақпарат құралдарында үгiттеуге
және насихаттауға құқығы бар.
Кандидаттардың,
партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси
партиялардың сайлау алдындағы үгiт
жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат
құралдарына қол жеткiзуiнiң тең
жағдайына кепiлдiк берiледi.
3. Мемлекет
кандидаттарға өз бағдарламаларымен
бұқаралық ақпарат құралдарына
шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуiне
кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың
телевизиядан он бес минуттық
сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық
сөз сөйлеуiне, сондай-ақ баспа
басылымдарында 0,1 баспа табақтан
аспайтын көлемде екi мақала жариялауына
қаражат берiледi.
Партиялық
тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар
теледидарда Орталық сайлау комиссиясы
ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт
көлемiнде саяси пiкiр-сайыстарға
қатысуға құқылы.
Бұқаралық
ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға
және партиялық тiзiмдерiн ұсынған
саяси партияларға шарттық негiзде
эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын
бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында
кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн
ұсынған саяси партияларға эфир
уақытын, баспасөз бетiнен орын беру
туралы шарттың талаптары белгiлi
бiр кандидатқа, саяси партияға артықшылық
туғызбауға тиiс. Эфирден және баспасөзден
орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары
мен тәртiбi туралы мәлiметтердi тиiстi
телерадиохабарларын тарату ұйымы,
мерзiмдiк баспа басылымының редакциясы
сайлаудың тағайындалғаны туралы шешiм
ресми жарияланғаннан кейiнгi оныншы
күннен кешiктiрмей хабарлауға және жариялауға
тиiс, сондай-ақ Президент сайлауы
кезiнде - Орталық және облыстық сайлау
комиссияларына, Парламенттiң, мәслихаттардың
депутаттары мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшелерiн сайлау
кезiнде өзге де аумақтық, сондай-ақ
oкругтiк сайлау комиссияларына берiлуге
тиiс.
Бұқаралық
ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық
тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың
бiрiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен
орын бөлуге берген келiсiмi басқа да
кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн
ұсынған саяси партияларға эфир
уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге
келiсiм беруi болып табылады.
Кандидаттар
мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған
саяси партиялардың бұқаралық ақпарат
құралдарына шығуының кезектiлiгi жазбаша
өтiнiштердiң келiп түсу ретiмен
не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келiп
түссе, жеребе бойынша белгiленедi.
Кандидаттардың
телевизия мен радиода сөйлеп
жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген
сөздерiне iле-шала, сондай-ақ баспа
басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде
түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.