Президент сайлауы алдындағы науқан мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2010 в 12:44, реферат

Описание

Сайлау алдындағы үгiт. Республика Президентi сайлауын жариялау. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау .

Работа состоит из  1 файл

реферат саясаттану.docx

— 35.27 Кб (Скачать документ)

4. Сайлау  комиссияларының өтiнiмi бойынша  жергiлiктi мемлекеттiк басқару және  өзiн-өзi басқару органдары кандидаттарға  сайлаушылармен кездесуi үшiн  шарттық негiзде үй-жай бередi. Сайлау комиссиялары бөлiнген  үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен  кездесуiнiң кестесiн жасайды және  оны бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялайды. Үй-жай беру шарты  барлық кандидаттар үшiн бiрдей  болуға тиiс. 

5. Тиiстi сайлау комиссиялары партиялық  тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн  кандидаттардан басқа кандидаттарға  плакаттар, листовкалар, ұрандар  мен өзге де үгiттiк баспа  материалдарын басып шығару үшiн  бiрдей мөлшерде ақша бөледi. Барлық  үгiттiк баспа материалдарында  сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай  қаражаттан төленгендiгi туралы  мәлiметтер болуға тиiс. Yгiттiк  баспа материалдарын Қазақстан  Республикасының аумағынан тысқары  жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт  материалдарын таратуға тыйым  салынады.

6. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау  комиссияларымен бiрлесiп барлық  кандидаттар үшiн үгiттiк баспа  материалдарын орналастыру үшiн  орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастырылады.

Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.

Үгiт  материалдарын ескерткiштерге, ескерткiш  тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк  құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iлiп қоюға тыйым салынады.

Сайлау  комиссиясының үй-жайы мен дауыс  беруге арналған үй-жайда кандидаттың  фотосуретiмен және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мәлiметтердiң  стандартты жиынтығымен, бiр нысанда  кандидаттар туралы ақпарат орналастырылады.

7. Президенттiкке,  Парламент және мәслихат депутаттығына  кандидаттар өз сайлау қорларының  қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат  құралдарына шығуға, сайлау алдындағы  жария iс-шараларды өткiзуге, қосымша  үгiт материалдарын шығаруға байланысты  шығындарды төлеуге, сондай-ақ  көлiк және iссапар шығыстарының  орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа  кез келген басқа көздерден  өзге ақша тартуға, сайлау науқаны  барысында кандидаттар пайдаланатын, кандидаттардың сайлау қорлары  қаражатынан ақысы төленбеген  жеке және заңды тұлғалардың  кез келген тауарын, жұмысы  мен қызметiн қабылдауға, аталған  жеке және заңды тұлғаларға  осы қызметтердiң көрсетiлгенi үшiн  кандидат тарапынан жәрдемнiң  кез келген түрiне тыйым салынады.

Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы  үгiттi жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн  жеке және заңды тұлғаларда олардың  осы қызметтердi қабылдауға жазбаша  келiсiмi болуға тиiс. Жазбаша келiсiмi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауапты болады.

8. Орталық  және жергiлiктi атқарушы органдардың  мерзiмдi баспа басылымдары сайлау  комиссияларының хабарламаларын, сайлауға  қатысатын кандидаттар туралы  деректердi Орталық сайлау комиссиясы  белгiлеген тәртiппен және көлемде  жариялауға мiндеттi.

9. Сайлаумен  байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау  caлу нәтижелерiн жариялаған кезде  бұқаралық ақпарат құралдары  сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргiзуге тапсырыс  берген және оның ақшасын төлеген  адамдарды, сұрау салу жүргiзiлген  уақытты, ақпарат жинау әдiсiн,  сұрау салудың нақты тұжырымын,  сұралғандардың саны мен сұрау  салу нәтижесiнiң қателiк коэффициентiн  көрсетуге мiндеттi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пiкiрге  сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң  болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетiн күн  алдындағы бес күн iшiнде және дауыс берiлетiн күнi жариялауға жол  берiлмейдi.

   Сайлау күнi дауыс берiлетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.

    29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы

бағдарламасы 

Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының  мүшелiгiне кандидат, партиялық тiзiмiн  ұсынған саяси партия өзiнiң болашақ  қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын  баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын  күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк  пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға  тиiс.

Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси  партияның партиялық тiзiмiн тiркеуден  бас тартуға, ал кандидат немесе саяси  партия мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға  құқылы.

   31-бап. Сенiм бiлдiрген адамдар

1. Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси  партиялардың өздерiне сайлау  науқанын жүргiзуге көмектесетiн,  сайлау алдындағы үгiттi жүргiзетiн,  кандидаттар, саяси партиялар  мүдделерiн бiлдiретiн сенiм бiлдiрiлген  адамдары болуына құқылы.

2. Кандидаттар,  партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси  партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын  өздерiнiң қалаулары бойынша тиiстi сайлау округiндегi әр сайлау учаскесiне  үш адамнан аспайтын санда  анықтайды және оларды тiркеу  үшiн тиiстi сайлау комиссиясына  хабарлайды.

Сенат депутаттығына кандидаттың әрбiр  ауданда, қалада, қаладағы ауданда бiр-бiрден сенiм бiлдiрiлген адамдары болуына  құқығы бар.

Кандидат, саяси партия сенiм бiлдiрiлген адамдар  ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм  бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтiнiшiн табыс етедi.

3. Сайлау  комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды  тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.

4. Сенiм  бiлдiрiлген адам Қазақстан Республикасының  азаматы болуға тиiс, ол Сенат  депутатын сайлау кезiнде мәслихат  депутаты, қандай да бiр сайлау  комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк  қызметшi лауазымындағы адам болмауға  тиiс. 

5. Сенiм  бiлдiрiлген адамдар кандидаттың,  партиялық тiзiмiн ұсынған саяси  партияның өздерiне жазбаша түрде  берген өкiлеттiгi шегiнде әрекет  етедi.

6. Сенiм  бiлдiрiлген адамдар сайлау науқаны  аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен,  кандидаттың және партиялық тiзiмiн  ұсынған саяси партияның шешiмiмен,  сондай-ақ кандидатты, партиялық  тiзiмдi тiркеудiң күшi жойылған  жағдайда өз мәртебесiнен айырылады. 

   32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату

1. Сайлау  болатын күнi және оның қарсаңындағы  күнi кез келген үгiтке тыйым  салынады.

2. Сайлау  комиссияларының үй-жайларынан және  дауыс беруге арналған үй-жайлардан  тыс жерлерде бұрыннан iлулi тұрған  баспа үгiт материалдарын сол  орындарында қалдыруға болады.  
 
 
 

53-бап.  Республика Президентi  сайлауын жариялау 

1.Президенттiң  кезектi сайлауын Парламент Мәжiлiсi  қыркүйектің екінші жексенбiсiнен  кешiктiрмей жариялайды.

 3.Бiр адам қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана алмайды. бұл шектеу Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қолданылмайды.  
54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар  
1. Президент болып сайлану үшiн азамат конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2, 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.  
2. Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес күн iшiнде орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. бұл ретте президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн игергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беруi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.

55-бап.  Республика Президенттiгiне  кандидаттар ұсыну 
1. Президенттiкке кандидаттар ұсынуға құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарға құқық беріледі.

2. Президенттiкке  кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған  күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады.  
3. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидаттыққа ұсынуға хақылы. қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi:  
1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;

2) Президенттiкке  кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм  беруi туралы өтiнiшiмен қоса орталық  сайлау комиссиясына тапсырылады.

4. Президенттiкке  кандидаттыққа өзiн-өзi ұсыну олардың  орталық сайлау комиссиясына  тиiстi өтiнiш беруi арқылы жүргiзiледi.  
5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады. 
 
56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау  
1. Сайлаушылардың президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.

2. Президенттiкке  кандидатты сайлаушылардың Республиканың  облыстарының, Республикалық маңызы  бар қаласының және астанасының  кем дегенде үштен екiсiнiң атынан  теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың  жалпы санының кем дегенде  бiр процентi қолдауға тиiс.  
3. Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың конституциямен және осы Конституциялық заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруден кейiн бес күннен кем емес мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-бабының 3 және 4-тармақтарында белгiленген оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.  
4. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:  
1) Тегi, аты және әкесiнiң аты;  
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;  
3) Туған күнi, айы мен жылы;  
4) Тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;  
5) Жеке қолы.  
5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.  
6. Орталық сайлау комиссиясы:  
1) Қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;  
2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.  
7. Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөнiндегi толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол он күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны орталық сайлау комиссиясына жолдайды.  
8. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру, осы баптың 2-тармағына сәйкес, президенттікке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi.

58-бап.  Республика Президенттiгiне  кандидаттың сайлау  қорының мөлшерi  
 
Кандидаттың сайлау қоры:

1) жалпы  сомасы заңмен белгiленген ең  төменгi жалақы мөлшерiнен бес  мың еседен артық аспауға тиiстi кандидаттың жеке қаражатынан;  
2) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен жетi мың еседен артық аспауға тиiс кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiктiң қаражатынан;  
3) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспауға тиiс республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркiмен берген қайырмалдықтарынан құралады.

Информация о работе Президент сайлауы алдындағы науқан мәселелері