Президент сайлауы алдындағы науқан мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2010 в 12:44, реферат

Описание

Сайлау алдындағы үгiт. Республика Президентi сайлауын жариялау. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау .

Работа состоит из  1 файл

реферат саясаттану.docx

— 35.27 Кб (Скачать документ)

59-бап.  Республика Президенттiгiне  кандидаттарды тiркеу   
1. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.  
2. Президенттiкке кандидат тiркелгенге дейiн және оның конституция мен осы конституциялық заң талаптарына сәйкес келуi тексеруден өткеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдарды тексергеннен кейiн орталық сайлау комиссиясының есеп-шотына заңмен белгiленген ең төменгi жалақының елу мәрте мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша республика президенті болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.  
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін қазақстан республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.  
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.  
Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде беруге міндетті.  
3. Президенттiкке кандидаттар нешеу болса да тiркеуге ұсынылады.  
4. Президенттiкке кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда аяқталады.

5. Қоғамдық  ұйымнан президенттiкке кандидаттарды  тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:

1) Қоғамдық  бiрлестiктiң жоғары органының  президенттiкке кандидат ұсыну  жөнiндегi мәжiлiсiнiң осы қоғамдық  бiрлестiктi республиканың әдiлет  министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың  көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың  үзiндiсi;  
2) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiш;  
3) Азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;  
4) Кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;  
4-1) (алып тасталды)  
4-2) Кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;  
5) Кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.  
6. Президенттiкке кандидат өзiн өзi ұсынған жағдайда оны тiркеу мына  
Құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады:  
1) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсу ниетi жөнiндегi өтiнiшi;  
2) Аумақтық сайлау комиссиясының азаматтардың президенттiкке кандидатты қолдап жиналған қолдарды тексеру нәтижелерi жөнiндегi хаттамасы;  
3) Кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;  
3-1) (алып тасталды)  
3-2) Кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;  
4) Кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжат.  
7. Орталық сайлау комиссиясы:  
1) Президенттiкке кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды;  
2) Тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;  
3) Мынадай жағдайда:  
Кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген;  
Кандидат конституцияда және осы конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;  
Кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;  
Кандидат өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзген;  
Сот кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетіне нұқсан келтiретін, оның iскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;  
Сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;  
Осы конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;  
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.  
Тіркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.  
Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.  
8. Орталық сайлау комиссиясының президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөнiндегi шешiмнiң күшiн жоюына кандидаттың жеке өзi не оны ұсынған қоғамдық бiрлестiк он күн iшiнде жоғарғы сотқа шағым беруi мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiм iшiнде қарайды. жоғарғы соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

60-бап.  Кандидатурасын алып  тастау, кандидат  ұсыну туралы шешiмнiң  күшiн жою  
 
1. Президенттiкке кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кез келген уақытта Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып өз кандидатурасын алып тастай алады.  
2. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн кез келген уақытта тиiсiнше орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.  
3. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.  
4. Егер кандидатураны алу немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.  
 
61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну  
 
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Президенттікке екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлауды екi айдан аспайтын мерзімге ұзартады.  
2. Мұндай жағдайда Президенттiкке кандидаттар ү_сыну осы конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.  
 
62-бап. Республика Президентiн сайлау кезiндегi дауыстарды санау  
 
1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде белгiленедi және хаттамаға енгiзiледi, оған комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қойып, екi күн мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жолданады.  
2. Дауыстарды санау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

63-бап.  Қайта дауыс беру   
 
1. Егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiрде-бiреуi сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша Президент сайлауы жөнiнде қайта дауыс беру тағайындайды. Кандидаттардың біреуі шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгізіледi.  
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.  
3. (алынып тасталды) 
 
64-бап. Қайта сайлау  
 
1. Президент сайлауы жарамсыз деп танылса, не қайта дауыс беру сайланған Президент анықтауға мүмкiндiк бермесе, Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын қайта тағайындайды.  
2. Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. дауыс беру бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiм бойынша және сол сайлау учаскелерiнде өткiзiледi.  
3. Сайлау комиссияларын құру, Президенттiкке кандидаттар ұсыну мен тiркеу басқа да сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. бұл ретте сайлау шаралары мерзiмiнiң қысқартылуын орталық сайлау комиссиясы анықтайды.  
4. Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.  
 
65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау  
 
1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.  
2. Республика президентi болып:  
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;  
2) қайта дауыс беру кезiнде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған.  
3) (алып тасталды)  
3. Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi  
 
66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу

1. Орталық  сайлау комиссиясы аумақтық сайлау  комиссияларының хаттамалары негiзiнде  сайлау өткiзген күннен бастап  жетi күн мерзiм iшiнде сайланған  Республика Президентiн тiркейдi.

2. Егер  учаскелердiң немесе әкiмшiлiк  бөлiнiстердiң жалпы санының кемiнде төрттен бiр бөлiгiнде:

1) сайлау жарамсыз деп танылса;

2) не  оның барысында немесе дауысты  санау не дауыс беру нәтижелерiн  анықтау кезiнде осы Конституциялық  заңды бұзу орын алса, Орталық  сайлау комиссиясы тиiстi сайлау  комиссияларының ұсынысы, азаматтардың  арыздары бойынша сайланған Президенттi тiркеуден бас тартуы мүмкiн.

3. Осы  баптың 2-тармағында көрсетiлген  ретпен қабылданған Орталық сайлау  комиссиясының шешiмiне Президенттiкке  кандидат оның қабылданған күнiнен  бастап он күн iшiнде Жоғарғы  сотқа шағым бере алады, ол  он күн мерзiм iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды.  
 
 
 
 

Информация о работе Президент сайлауы алдындағы науқан мәселелері