Саясаттану пәні бойынша дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:28, лекция

Описание

Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері

1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
2.Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.
3.Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы.

Содержание

Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
6 Әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

саясаттану дарис.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

УМКД 042-14-5-08.01.20.05/03- 2011

 № 1 басылым 02.09.2011

30 беттің -сі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

 

 

УМКД 042-14-5-08.01.20.05/03- 2011

ОӘК

Оқытушыға арналған “Саясаттану” пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы

 

 № 1 басылым

02.09.2011


 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ  ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Саясаттану»

Барлық  мамандыққа арналған

 

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2011 

1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: _____________  «01» 09  2011 жыл

Екібаев Р.Ж., Философия кафедрасының оқытушысы

 

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы  Семей мемлекеттік университетінің  Философия кафедрасының мәжілісінде  қаралды.

Хаттама № 1 «04» 09 2011 жыл.

 

Кафедра меңгерушісі:  ______________ /ф.ғ.к.  Мұқатаева А.А./

 

 

2.2. Гуманитарлық  факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1  «11» 09  2009 жыл.

 

Төрағасы: ________________ /ф.ғ.к. Колмогорова Г.Б./

 

3. БЕКІТІЛДІ:

 

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің  оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде  қолдау алды және басып шығаруға ұсынылды.

 

Хаттама №  _1_ «30» 09 2011 жыл.

 

ОӘК төрағасы, бірінші  проректор: ____________ /т.ғ.д. Рскелдиев Б.А./

 

4. АЛҒАШ  РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Мазмұны

 

  1 Глоссарий

  2 Дәрістер

  3 Практикалық  және лабораториялық сабақтар

  4 Курстық  және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын  дайындау

  5 Студенттің  өздік жұмысы

  6 Әдебиеттер

 

 

 ГЛОССАРИЙ

          Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

          Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

          Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

          Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

          Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

          Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

          Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

          Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

         Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

         Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

        Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

        Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

        Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

        Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

        Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

        Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

        Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

       Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

      Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

      Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

      Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

      Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

     Инновация-жаңалық енгізу

     Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

     Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

     Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

     Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

     Коалиция  -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен  қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

     Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

     Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

     Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

     Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

     Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

     Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

     Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

      Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

      Саясаттану  зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық  тұтас жүйе ретінде қарастырады.

      Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

      Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

      Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

      Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары  ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

      Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.

     Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..

      Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

     Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

     Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

     Саяси- әлеуметтік қауымдастық  – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

     Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

     Саяси  прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

     Саяси -әлеуметтік  төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары     прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

     Саяси-  әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың   даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси  құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

     Саяси-  әлеуметтік институттар  – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

     Саяси- әлеуметтік  коммуникация  – тікелей және қарым-қатынастар мен  әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет  актісі мен процесі.

     Саяси-  әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің  біртіндеп жақындасуы.

     Саяси-  леуметтік   қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

     Саяси-  әлеуметтік  мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің  әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

   

     Әлеуметтік-саяси  элита-  қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

     Саяси  теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

     Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.   

     Урбанизация  –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

 

 

 

  2. Дәрістер

              1.Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері

       

1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.

2.Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.

3.Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы.

 

Жоғарғы оқу  орындарында студенттердің саясаттануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт  болды. Саясаттану  пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны  оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны Жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді.

    Саясаттанудың   қарастыратын мәселелерін анықтау  үшін алдымен «әлеуметтік» сөзінің  анықтамасы грек-латын тілдерінен  «socitias» және «logos»  яғни қоғам  туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз.

     Саясаттанудың   басқа қоғамдық  ғылымдар арасында  өз алдына бөлек ғылым екені   мынадан көрінеді.Адамзат тарихында  саясат негізі  қоғамды, оның  өмір сүруі мен дамуын саяси-  әлеуметтік құбылыстар, саяси процесстер  менсаяси ішкі, сыртқы, халықаралық мемлекеттік т.б. қатынастар тұрғысынан қарастырады.

      Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың  зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің  ерекше зертеу обьектісін таңдап  алады. Мысалы тарих ғылымының  зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады.

      Демек саясаттану пәні  қоғамды  тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның  саяси әлеуметтік өмірін  ғана  зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың  кең қауымдастықтары арасындағы  саяси  әлеуметтік  қатынастарды  қарастырады. 

     Саяси  - әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саяси-мәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады.

     Қоғамның  саяси  құрылысы өмір сүруі  мен дамуының жалпы және ерекше  әлеуметтік заңдылықтары жайлы  адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. 

Информация о работе Саясаттану пәні бойынша дәрістер жинағы