Саясаттану пәні бойынша дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:28, лекция

Описание

Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері

1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
2.Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.
3.Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы.

Содержание

Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
6 Әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

саясаттану дарис.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

       Саяси ғылымда негізгі орын  алатын және мәні бар мәселелердің  бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды.

       АҚШ-тың «Тәуелсіздік Декларациясында»  көрсетілгендей, негізгі баптар  конституциялық түрде   және  Францияның «Адам және азаматтар  Декларациясында» бекітілді.  Олармен  салыстырғанда қазіргі кездегі  жеке адамның құқығы туралы  ұғым анағұрлым ауқымды. 

       Адам құқығының іске асып орындалуының зор маңызы бар.  Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субьектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды.

Пысықтауға  арналған сұрақтар:

1.«Саясат субьектісі»,  «саясат обьектісі» деген не?

2.Тұлға дегеніміз  кім?

3.Тұлғаның қоғамдық-саяси  өмірге белсене араласуының маңызы  неде?

4.Жеке адамның  құқықтары қалай жіктеледі?

5.Қазақстан  Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік  жағдайының ерекшеліктері қандай?

 

8.Әлеуметтік  топтар мен этникалық бірлестіктер.

 

1.Қоғамның  әлеуметтік-саяси этникалық топтары.

2.Этностардың даму теориялары. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттар орны.

3.Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселелері: ұлттық мәдениет, тіл саясаты.

 

    Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білген дұрыс. Себебі қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтрадан, ал олар қандай жай-күй жағдайда  тұратындығын білуі керек.

       Адамның қоғамдағы орны әлеуметтік  белгілермен белгіленеді. Бірнеше немесе бір әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ деп атаймыз.  Саяси процестерде адамдар қоғамдық өмірдің саяси процестің басты субьектісі болады.  Адамдардың қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілріне қарай қоғам құрылымының негізгі түрлерін атауға болады. Олар әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-кәсіптік т.б. елді мекендік құрылымдар жатады.

        Әлеуметтік құрылымды және оның  жіктелуін ХХ ғасырда әлеуметтік  стратификациялану деп атайды. Бұдан  қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің болатындығын байқаймыз.

       Әлеуметтік жіктелуге қоғамның  құрамына кіретін белгілі бір  топтрдың жиінтіғі жатады. Әлеуметтік  жіктелу теориясы адамды қызметкер  ретінде де, тұтынушы ретінде  де қарастырады. Ол билік жүйесіндегі  барлық жағдайын, басқара алатын обьектісінің  қоғамнан алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін қамтиды.

          ХХ ғасыр ғажайып жағдайларға  толы. Соның бірі-этникалық жаңару, қайта өркендеу мәселесі. Әлеуметтік  бірлестіктер жүйесінде ұлттың  және ұлттық саясаттың алатын орны ерекше. Ұлттық саясат дегеніміз- адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтамыз. Бұған негізінен зерттеулер жүргізу керек.

         Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты сипаттар белгілі. Бұл сөздердің анықтамасын  «глосарийден» табасыз.

         Қазіргі кезде мемлекетаралық  және мемлекет ішіндегі  қатынастардың демократияланып, адамгершілік көзқарастарын басшылыққа алған шақта ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығы берілген.

         Бұл мәселелер Қазақстан өз  алдына егемендігін алғаннан  кейін өзгере бастады. Тілге  мемлекеттік мәртебе беріліп,  өренді өзгерістер жүруде.  Көп ұлтты Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты.  Халық осы тұрған жері мен заңын, саяси өміріне жауаптылықпен қарауы да заңдлықтарда айтылған.

       Қоғамның саяси өмірінде орын  алатын мәселенің бірі-дін. Мысалы  АҚШ-тағы ұлт-азаттық күрес кезінде  діни қайраткерлердің көбі реолюцияға  қатысып,  түрлі азаматтық құқық  жағдайлары жөнінде болды.  Мұсылман  елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарн сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатты.

       Қазақстан Республикасында заң  баптарына сай әркімнің ар-ождан  бостандығына құқығы бар. Мұның  бәрі елімізде дінге деген  көзқарастар түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі-дінімен қайта қауышуда.

 

Пысықтауға  арналған сұрақтар:

1.Қоғамның әлеуметтік  құрылымы деген не?

2.Қоғамның әлеуметтік  құрылымы қалай жіктеледі?

3.Республикамыздағы  әлеуметтік құрылымның даму үрдісін қалай түсінесіз?

4.Ұлттық аясат  деген не?

5.Қоғамның саяси  өміріндегі діннің орны қандай?

 

9. Саяси идеология

1. Саяси сана және саяси идеология

2. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары

3. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену

 

Саяси идеология саяси санамен тығыз байланысты. Саяси сана деп-өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін адамдардың бұл саладаағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтамыз. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен дүниеге келді.  Саяси сананың негізгі қызметі-мемлекеттік билік. Және оның қызметі.

       Саяси сана қарапайым  саяси  сана және теориялық саяси  сана саяси  психология және  саяси идеологиялардан тұрады.  Оларға тоқталсақ: 1.Қарапайым сана- күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрыптар болса, 2.Теориялық сана- теориялық тұрғыдан жинақталған жағдайлардан пайда болады.

3.Саяси психология-адамдар  ұжымы мен топтар, таптардың т.б.  бірлестіктердің сезімімен мінез-ғұрыптарынан пайда болады.

4.Саяси идеология  саяси сананың саясаттағы құрамдас  ерекше бөлігі.

       Саяси идеология деп- адамдардың  үлкен әлеуметтік топтарының  іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың  мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтамыз.

        Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық  т.б. болып келеді.  Саяси идеологияға  белгілі бір адамдар тобының  қоғам құрылысы және дамуы,  ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге  қызмет ететін тұжырымдар мен пікірлердің жиынтығы жатады.

        Саяси идеология ағартушылық  дәуірде дүниеге келді.  Адамдар  өздері қойған мақсатына сәйкес  қоғамда саналы тәртіп орнату  мүмкіндігі туып, прогресс идеясы  алға тартылды.  Қоғам өмірінде идеологияның 5 қызметі бар.

1.Танымдық қызметі-  саяси жүйені, саяси өмірді суреттеу.

2.Бағдарламалық  қызмет-негізгі түсініктер мен  адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар  беру.

3.Жұмылдыру,  іске асыру қызметі-мақсат-мүдделерді  анықтап, әлеуметтік топты оны іске асыруға жұмылдыру.

4.Амортизациялық  қызметі-Саяси іс-әрекетті түсіну  мен  әлеуметтік шиеленістерді  бәсеңдету.

5.Бағалау қызметі-  қазіргі және болашақтағы   дамуға баға беру. Т.б.

        Саяси идеология теориялық тұрғыда  топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, Ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы нақтылы мақсаттардың жүзеге асырудың құралдары мен жолдары белгіленеді.  Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады.

         Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты  жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалыдқ, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық т.б. болып  бөлінеді. Саяси идеология БАҚ-де  тығыз байланысты.

         БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға жүгінеді.  Қазіргі дүниеде бақ-қа жол ашу-ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шартты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор.  Бірақ олар мақсаты пайдалануы керек.

         Қазіргі заманда  саяси идеологияның  көптеген түрлері бар. Олардың  негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық   және фашистік идеологиялар жатады. Идеологияның негізгі түрлері туралы мағлұматтарды «глосарийден» ала аласыздар.

         Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның  бұдан әрі дамуының маңызды  факторларының бірі- оны топтастыруға  қол жеткізу мүмкін емес.

 

 

Пысықтауға  арналған сұрақтар:

1.Идеология  деген не? Оның ерекше белгілері  қандай?

2.Қоғам мен  жеке адамның өмірінде идеологияның  маңызы неде?

3.Идеология  түрлерінің пайда болуы туралы  не білесіздер?

4.Қазақстандағы идеологиялық жағдай қандай деп ойлайсыз?

 

Саяси  процесс және саяси бейімделу

1. Саяси процесс туралы ұғым және оның жіктелуі.

2.Саяси процеске қатысу түрлері, жүру барысы

3.Саяси даму мен бейімделудің мәні. Бейімделудің кезеңдері және оған байланысты көзқарастар.

 

         Саяси процесс  ұғымы кең  және тар мағынасында қолданылады.  Қоғамдық өмір оның ішінде  саяси сала-өте күрделі құбылыс.  Онда өмір сүріп жатқан топтардың,  жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері  кейде қабысып, кейде келіспей жатады.  Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші қалыпты жағдайға ауысуын саяси процесс  деп атайды.

         Саяси процесстің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін  біріктіріп жинақтайтын саяси  шешім қабылдауда және оны  іске асыруда. Мұндай жағдайларға билік институттары, кәсіподақтар т.б. ұйымдар қатысады.

         Саяси процесс –күрделі құбылыс.  Ол күнделікті өзгерістерден  бастап, қоғамның саяси жүйесінің  түбегейлі өзгерісіне дейінгі  аралықты қамтиды. Саяси жүйені 4 сатыға бөлеміз.

1.Саяси жүйені  конституциялық тұрғыдан айқындау.

2.Саяси жүйенің  өзін-өзі жаңартуы

3.Саяси-басқарушылық  шешімдерді қабылдау және жүзеге  асыру.

4.Саяси жүйенің  жағдайы мен іс-әрекетін бақылау

          Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге аысрушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын білдіреді. Оны 3-ке бөлеміз.

1.Саяси тәртіптің  қайталанып жұмыс істеуі.

2.Саяси тәртіптің  дамуы

3.Саяси тұтастықтың  құлдырауы және ыдырауы

           Саяси процестің жіктелуі ішкі  және сыртқы болып келеді.     Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі.  Саяси жұмысқа тура араласпайтындар.  Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың  саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан  да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады

           Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар.  Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.  Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.  Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика.  Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады.  Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.

      Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың  зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің  ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады.

      Демек саясаттану пәні  қоғамды  тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның  саяси әлеуметтік өмірін  ғана  зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың  кең қауымдастықтары арасындағы  саяси  әлеуметтік  қатынастарды қарастырады.

     Саяси  - әлеуметтік қатынастардың бір  ерекшелігі сол, олар біртұтас  комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық  немесе тек саяси-идеологиялық, саяси-мәдени  рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы  болады.

     Қоғамның  саяси  құрылысы өмір сүруі  мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған.

Информация о работе Саясаттану пәні бойынша дәрістер жинағы