Саясаттану пәні бойынша дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:28, лекция

Описание

Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері

1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
2.Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.
3.Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы.

Содержание

Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
6 Әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

саясаттану дарис.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

2.Әлеуметтік  әдіс-құралдар-үстемдік етіп отырған  билік өзіне қолдау іздейді.

3.Күш жұмсау құралдары- мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді.

4.Ақпарат құралдары-қоғамдық  пікір тудырып, саяси өмірге  ықпал ету жағынан оны 4-ші  билік деп атайды.

5.Информациялық  қор- білім мен ғылыми мағлұматтарды тарату т.б.

       Биліктің қызметтері: қоғамның саяси  жүйесін қалыптастыру,  саяси  өмірін  ұйымдастыру, мемлекеттің  істерін басқару,  саяси және  саяси емес процестерге  басшылық  жасау. 

       Биліктің субьектісіне жеке адам  немесе партиялар, ұйымдастыру т.б. жатады.  Демократиялық саяси  жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы  үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.  Олардың  өзіндік атқарар қызметі мен әрекеттері бар.

        Билік екіге бөлінеді. Саяси билік жіне мемлекеттік билік. Саяси билік-таптық, топтық жеке адамның саясатта  тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін береді.  Ал мемлекеттік билік- адамдарға міндетті заңдарды шығару мен  ұйымдарды сақтау.

       Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік деп-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Саяси билікте бұлармен бірге оның принциптері болады. Олар: легитимдік принцип, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі.

        Биліктің түрлері: 1). Басқару түріне  қарай монархия және республика  болып екіге бөлінеді. Монархия  өзі 2-ге: абсолюттік және конституциялық. Олардың өзіндік ерекшеліктері  бар.  Республика 3-ке бөлінеді. Президенттік, парламенттік және аралас. Мемлекеттік құрылысына қарай мынадай болады.1.Унитарлық, 2.Федерация, 3.Конфедерация.  Мемлекеттерді басқару түрі өзіндік құрылысымен  ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді.

         Саяси тәртіп деп-саяси билік,  қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.  Саяси тәртіп екіге бөлінедң. Демократиялық және  антидемократиялық.

         Демократиялық: а).адал, шынайы сайыс  арқылы түрде өткізілетін сайлау; ә).үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі; б). Жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды.

         Антидемократиялық: а).тоталитарлық  –бақылауға алынған мемлекеттік-саяси  құрыым, авторитарлық- күштеуге, жеке  адамның билігіне негізделген  мемлекеттік-саяси құрылыс.

 

Пысықтауға  арналған сұрақтар:

1.Қоғам биліксіз  өмір сүре алама?

2.Билік анықтамасы  мен оның түрлерін ата.

3.Билік қорына  не жатады?

4.Саяси билік  пен мемлекеттік биліктің айырмасы  неде?

5.Қазіргі Қазақстандағы  билік легитимдігінің түрі қандай?

 

4.Мемлекет оның  белгілері туралы

1.Мемлекеттің пайда болуы мен оның белгілері. 

2.Тарихи дамуы: монархия, республика, конституциялық монархия, демократия, тоталитаризм.

3.Мемлекет функциялары.Құрылымы.

 

       Мемлекет ұғымы кең және тар мағынада қолданады.  Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, негізгі ұйымы. Арнаулы күштерді пайдалана тоырып, өз аумағындағы азаматтардың мүддесін қорғайды.  Алғашқы қауымда болған жоқ. Құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Ол туралы мынадай пікірлер бар.

1.Теологиялық –құдайдың күшімен пайда болды.

2.Патриархтық-  тайпа-рулардың қауымдастығы арқылы

3.Қоғамдық келісімі- адамдар мен мемлекеттің арасындағы  өзара келісім арқылы пайда  болды.

4.Зорлық жасау  -басып алу арқылы

5.Географиялық  –мемлекеттің орналасуы арқылы пайда болды.

6.Психологиялық-  бағыну мен құлшылық ету арқылы  пайда болды.  т.б.

       

  Мемлекеттің негізгі белгілері:

         1.Аумақтық (территориялық) бөлінуі,

         2.Ерекше өкімет аппараты (жариялы  билік)

         3.Мемлекеттің егемендігі

         4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру.

         5.Салық салу.

         6.Мемлекет азаматының болуы. 

         Мемлекеттің қызметтері: ішкі және  сыртқы.

Ішкі  қызметтеріне: экономика, салық, несие, экономикалық бағдарламалар, әлеуметтік өмірді ұйымдастыру, заңдылықты қамтамасыз ету, мәдени-тәрбиелік салада мемлкет халыққа білім беру, ғылыммен әдебиет өнерге қамқорлық жасау.

Сыртқы қызметтеріне: мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігі, өзін-өзі билеу, басқа елдермен қарым-қатынастары. 

       Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар.  Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.  Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.  Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика.  Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады.  Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.

         Құқықтық мемлекет деп-демократиялық  жолмен қабылданған заң үстемдік  ететін, оның алдында бәрі де  тең саналатын, жеке адамның  құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін  мемлекеттік құрылысты айтамыз. 

        Құқықтық мемлекет- жоғары өкіметтің қаулы-қараларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

 

Пысықтауға  арналған сұрақтар:

1.Мемлекеттің  пайда болуы туралы пікірлер  туралы не білесіз?

2.Мемлекеттің  саяси ұйымдардан айырмасы қандай?

3.Мемлекеттің  белгілері  мен қызметтері  қандай?

4.Азаматтық  қоғам дегеніміз не?

5.Құқықтық мемлекет  деген не?

 

5.Саяси партиялар  мен қоғамдық –саяси қозғалыстар

 

1.Саяси партиялардың пайда болуы мен қалыптасуы. Олардың атқарар қызметі.

2.Партияларды танудағы аспектілер: әлеуметтік құрылымы, саяси платформасы мен идеологиялық бағыттары.

3.Партия типтері. Мемлекеттік саяси жүйедегі партия ролі

4. ҚР қоғамдық-саяси қозғалыстар және олардың саяси белсенділігі.

 

Саяси жүйеге мемлекетпен  бірге саяси партияларда кіреді. «Партия» сөзі латын тілінен аударғанда «бөлу», «бөлшек» дегенді білдіреді.  Алғаш Ежелгі Грецияда пайда боды.  Қазіргі саяси партиялар ХІХғ. 2-ші жартысында Еуропада пайда болған.  Оған ықпал еткен буржуазиялық революциялар болды.  Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі-парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді.  Алғашында көпшілік партия болмады.

         Бірінші көпшілік партия болып  1861 жылы Англияда пайда болды.  Соңынан мұндай партиялар қаптап  кетті.  Саяси партия тапты  немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады.

         Қазіргі демократиялық қоғамдағы  партияның маңызды міндеті-азаматтық  қоғам мен мемлекеттің арасындағы  байланысты баянды ету. Партиялар  арқылы әлеуметтік топтар өздерінің  саяси талаптарын мәлімдейді.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүрсе  сол партияның әлеуметтік негізін құрайды. Демек, солардың мүддесін қорғайды. Және де саяси өмір мәселесіне баса назар аударады.

         Саяси жүйедегі рөлі мен іштей  ұйымдасуына байланысты 4 түрге бөлінеді.

1.Авангардтық  партия

2.Сайлаушылар  партиясы

3.Парламенттік  партия

4.Қауымдстық партия     

          Саяси идеологиясына қарай 5 түрге  бөлінеді:

1.Коммунистік партия.

2.Социал-демократиялық партия,

3.Буржуазиялық-демократиялық  партия.

4.Консервативтік партия

5.Фашистік партия.      

         Бұл аталған партиялардың өзіндік  идеологиялық бағытына және саяси     тәртіпті қолдауларына қарай  өзіндік әрекеттері бар.  Саяси өмірдегі алатын орны мен билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және  оппозициялық деп бөлінеді.  Олардың жұмысын әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі.  Бұл жағдай қазір Қазақстанда да көп партиялы жүйемен реттелуде.  Және де қоғамның саяси өмірі қоғамдық-саяси қозғалыстарменде толығуда. Бұл саяси өмірдің мәселелсін реттеуші күштердің болуы демократиялық кезеңнің орнығуымен сәйкес келеді.

 

Пысықтауға  арналған сұрақтар:

1.Саяси партия  дегеніміз не?

2.Қоғамдық-саяси  ұйымдардың партиялардан айырмашылығы неде?

3.Партияның  негізгі қызметтері.

4.Қазақстандағы  көппартиялылық туралы не білесіз? 

 

6.Саяси элита  және саяси жетекшілік

 

1.«Элита» термині, мазмұны мен қызметі.

2.Элитаның қалыптасуы мен жіктелуі.

3.Әлеуметтік саяси және психологиялық сапасы. Элитизм турлы  концепциялар.

4. Қоғамдағы саяси жетекшілік және оның саяси өмірдегі орны.

 

      «Элита» термині француз тілінен алынған. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады.   Бұл ілімді қалыптастырған  ХХ ғасыр басындағы италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс.

            Саяси  элитаны тудыратын факторлар:

           1.қоғамға арнайы білімі мен  тәжірибелері бар кәсіби басқарушылар.

           2.адамдардың психологиялық және  әлеуметтік теңсіздіктері

           3.қоғамда басқарушы еңбек жоғары  бағаланғандар

           4.бұқара халықтың қолдауына зор  жеңіспен ие болғандар. 

           Саяси элита маңызды мәселелерді шешуге араласады. Ондай мәселені қарастыратын ғылымды саясаттануда элитология деп атайды.  Ол элиталардың қалыптсауы мен қоғамдағы ролін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін зерттейді.

            Саяси  элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі. 1.Басқарушы элита. 2.Контрэлита.

           Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз  егемендігін алғанымен билеуші  топ онша өзгере қойған жоқ.  Олардың көбі Кеңес Одағы заманындағы  номенклатуралық қызметтер атқаруда.  Қазақстанның қазіргі элитасына Президент және басқару аппараты мен министрліктер жатады.  Аймақтық элитаға облыс әкімдері кіреді.

           Саяси топ бастаушылар әдетте  мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның  түбегейлі құнділіқтары мен әр  түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіреді.  Қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Қажетті өзгерістерді іске асырады.  Саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз етеді. Заңыдылықпен саяси тәртіпке кепіл болады.  Саяси жетекшіге қарама-қарсы саяси бастаушы немесе көмесымақтар болады.  Ол ұғым ХІХғ пайда болған.  Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып мансап құрады. 

        

Пысықтауға  арналған сұрақтар:

1.Саяси элита  дегеніміз не?

2.Қоғам дамуындағы  саяси элитаның рөлі неде?

3.Саяси лидер  және саяси элита дегендердің айырмашылығын түсіндіріңіздер?

4.Саяси элитаның  қызметі қандай?

5.Қазіргі қазақстандағы  элитаның жағдайы туралы.

 

 

7.Саясат субьектілері. Қазақстан Республикасының

саяси жүйесінің қалыптасуы.

 

1.Өтпелі кезең, саяси жүйе принциптері.

2.Саяси жүйелердің қалыптасуы. Саяси жүйенің реттеуші формалары, көзқарастар, концепциялар.

3.Қазақстандағы саяси жүйенің болашақ тұжырымдары.

 

   Саясаттың субьектісіне әлеуметік топтар, таптар, ұлттар, мемлкеттер саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Мәселе «тұлға», «субьекті» турлы болмақ.

      Тұлға деп- қоғамдық өмірдің  нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған  саналы іс-әрекет ете алатын  өз жүріс-тұрысына жауапты еңбек  етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны  танып-білуші адамды айтады.

      Субьекті деп-белсенді іс-әрекет жасаушы сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Ал обьекті деп танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса соны айтады.

      Саясаттың субьектісі дегенде  өз  мүдделеріне байланысты саяси  өмірге белсене араласатын басқалардың санасына іс-әрекетіне жағдайына ықпал ететін саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасйтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады.  Саясат субьектісінің құрамы оның түрлері мен тәсілдеріне, көздеген ақсат-мүдделеріне, қоғамның нақты тарихи жағдайымен айқындалды. Адамдарды негізінен саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп- мұқтаждық пен мүдде.

     Қандай  адам болмасын белгілі топқа,  тапқа, мемлекетке жатады. Оның  өзі де  өмір жағдайы мен  саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды.      Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене аралауының жан-жақты маңызы бар.

     Жеке  адамдардың саяси белсенділігі  мен ететін ықпалды әр түрлі.  Саясатқа қатысу шамасына қарай  олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның  қарапайым мүшесі.  Саяси жұмысқа тура араласпайтындар.  Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың  саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан  да демократиялық мемлекет  өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.

Информация о работе Саясаттану пәні бойынша дәрістер жинағы