Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:52, реферат
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Мәдени-тарихи түрлер бір-бірімен және сыртқы әлеммен үздіксіз күресте, бұл жағдайда қалыптасу, ер жету, қартаю және құлдырау сияқты табиғи дәуірлерді басынан кешіреді. Н.Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар 10 өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік иде¬алды, үлгіні қалыптастырады. Мінеки, осылай дүниежүзілік тарих өркениеттер мен оларға сәйкес саяси ережелердің кезекпен ауысып отыруынан тұрады.
XX ғ. өркениеттік тәсіл неміс философы О.Шпенглер (1880-1936) мен ағылшын саясаттанушысы А.Тойнби (1889-1975) еңбектерімен әрі қарай дамытылды. О.Шпенглер өзіне тән саяси ұйымдары бар 9 жергілікті мәдениетті көрсетеді. Ал, А.Тойнби 21 кейінірек, 13 аймақтық мәдениетті көрсетеді. Өркениеттік тәсілдің негізгі элементтері неміс ғалымы К.Ясперс еңбектерінде де көрініс тапқан. Өркениеттік тәсілді қолдаушы зерттеушілердің пікірінше, әр жергілікті өркениет өз дамуында пайда болу, өсу, құлдырау және ыдырау, жойылу сияқты дәуірлерді басынан кешіруіне байланысты келесі бір өркениетке орын береді.
Қазіргі заманда өркениеттік тәсілді "өркениеттер қақтығысы" теориясының авторы американдық зерттеуші С.Хантингтон қолдайды. Оның пікірінше, қарама-қайшылықтар өркениеттік сипат алады. Ол ірі сегіз өркениеттің өзара қарым-қатынасы туралы айтады. Олар: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, үнділік, латын американдық, африкандық және православ-славяндық. Хантингтон өркениеттер арасында маңызды дау-жанжалдар тудыруы мүмкін бес себепті көрсетеді:
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.
Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегщщ
ейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы
билік қорлары үшін бәсекелестікті,
әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді
шешу саяси ағзаның өзін-өзі
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.
"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен,
қызметімен, құрылысымен байланыста өмір
сүрудің айрықща аспектісін білдіреді.
Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп
өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең
ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың
мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын
сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші
функциясы. Саясаттың осы функциясы оған
жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат
береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік
әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның
барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін
бақылауға және бағыт беруге міндетті.
Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны
бойынша өте кең мағынаға ие.
Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат"
термині төмендегідей түсінік береді:
Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың
үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік,
этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік
және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі
мемлекеттік билік органдарының қызметін
көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін
ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау
мен түйістірумен және оны билік құралдарын
пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты.
Еуропалық қоғамдастықтың
дамуы мен саяси ойларының отаны болған
ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді.
Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп
өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік
(байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже
мен кәсіптер), өзара әрекет алмасудың
қажеттілігі және осы орайда қандай да
бір нормалардың сақталу кажеттілігі
мемлекет пен саясатты, мемлекет пен қоғам
істерін басқаруға алып келеді. Саяси
ойлардың негізін салушылар Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат
адамдарды басқару ретінде анықталынады.
Осыған байланысты олардың еңбектерінде
мемлекеттік басқарудың формаларына талдау
жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп,
оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп,
ежелгігректік полистің (қала-мемлекеттер)
саяси өмірінің және осы полистің азаматтары
— ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы
саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі
аспектілері қарастырылған.
Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік
биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының
және мемлекеттік кұрылыс пен қоғамды
басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың
тиімді әдістері мен амалдарын білуге,
оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын
мойындауға қатысуын көрсетеді. Сондықтан,
азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы
мен қызмет атқару процесінде осы билікті
өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында
қолдануы саясаттың, саяси іс-әрекеттің
ядросы болып табылады. Демек саясаттың
ықпалды, белсенді бастапқы элементі —
саясатта тек өз мүддесін ғана емес, сонымен
қатар өзінің жасампаздық потенциалы
мен еркін жүзеге асырушы субъекті. Саясатта
өз қажеттіліктері мен мүдделері бар нақты
өмір сүріп отырған адамдар өздерінің
іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Яғни, саясаттың
белгілі бір субъектілігін айтуға болады,
өйткені ол адам әрекетінің нәтижесі.
Саясаттың күрделілігі мен қайшылығы
— оның ашықтығы мен екіжүзділігі, моральдығы
мен биморальдығы, адамгершілігі мен қатыгездігі,
күші, мақсаттылығы мен әлсіздігі, шарасыздығы
— осынау сипаттардың бәрі саясат субъектісі
ретіндегі адамға тән және барлық адамдар
қоғамдастығының әлеуметтік-мәдени даму
деңгейін көрсетеді.
Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси
катынастардың баска да субъектілерінің
акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әр
түрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен
бағалау және оларға ықпал ету мақсатында
оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік
биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық
үйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған
барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан,
олар да саяси шынайылықтың, саясаттың
элементтері болып табылады.
Төртіншіден, басқару өнерін, керекті
нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті
ресурстарды (материалдық-заттай және
рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік
өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды
кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін
іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен
әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін
көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық
ұйымдар мен қозғалыстар тарапынан биліктің
саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу
мақсатында оған қысым жасау өнерін және
қажетті жағдайда билікті алмастыруды
білдіреді.
Шынайы саяси тәжірибе айлакерлік, ептілік, өз мақсатын
жасыра білу, моральдық релятивизм, өз
әрекетін қажетінше ақтай алу секілді
белгілі бір моральдық аспектілерді де
қамтиды және түптеп келгенде осының бәрі
"саясат" ұғымына енеді. Саясаттың
бұл аспектілері адамдар санасында "Саясат
— лас тірлік" деген формуладан көрініс
табады.
Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез
— құлқы мен әрекеттеріне ықпал ететін
және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету
мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар,
көзқарастар, принциптер, бағдарлар мен
коммуникациялар әлемі. Билік — саясаттың
негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің
арқасында ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі
ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке
айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның
саяси сферасындағы саясат субъектілерінің
іс-әрекетін де қамтиды.
Саясат субъектілері болып мыналар табылады:
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну
үшін индивид әлеуметтік белсенділік
пен бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге
ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке
өз субъектілігін танытуға мүмкіндік
береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің
арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды
саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси
белсенді субъектіге айналады, ал бостандығы
оның әрекетіне дербестік береді.
2. Әлеуметтік топтар
— адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары,
саяси қатынастардың ең тиімді әрекет
етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне
қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың
тұрақтылығы мен ұзақтылығы, ТОП элементтері
арасындағы байланыстың қарқындылығы
мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және
т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады.
Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға
болады: таптар; дәрежелік, жыныстық
және жас ерекшеліктік, этникалық, кәсіби
және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты
пайда болатын тұрақты және уақытша ассоциациялар.
Бірақ әлеуметтік топтар — біршама аморфты
құрылым. Ұйым оның әрекетіне бірізділік
пен тиімділік береді және осының арқасында
әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне
айналады.
3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған
басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл
субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік
басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп,
әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін
бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың
қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап,
оны адамдар өміріне ендіреді және оның
орындалуын бақылай отырып осы істерге
қажетті мәжбүр ету функциясына иелік
етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз
ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне
мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен
қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат
субъектілерінің мемлекеттік билікке
өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың
мәнді аспектісі.
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді
бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке
өздерін кәсіби түрде бағыштаған және
осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым
бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік
саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі
әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді
өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны
өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі,
саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма,
әдістер, құралдардың барлық ресурстарын
қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды
түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады.
Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске
асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер
қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі.
Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне
көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа
әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның
билік жолындағы күресінің құралдары
болып табылады.
Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде,
сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да
болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде
және іске асыруда); өздерінің жеке және
аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері;
мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын
өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын
өзекті, өмірлік маңызды мәселені
қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды
ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді.
Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер
әлемі.
Саясаттың осындай ерекшеліктерін ескере
отырып, М. Вебер былай деп жазады: "...саясат
ұғымы кең мағыналы және дербес басшылық
әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды".
Бұл фразадағы "...дербес басшылық әрекеттердің
барлық түрлерін қамтиды" деген соңғы
сөйлемге аса назар аударар болсақ, М.
Вебердің пікірі бойынша саясаттың мәні
дербес басшылық, дербес басқару дегенге
саяды. Осы "дербестік" саясат субъектісіне
тән ерекшелік, себебі субъект өз саясатын
өзі жасақтайды және оны жүзеге асыру
мақсатында басшылық жасайды.
Саясаттың өзіне тән басты ерекшелігі
— оның субъектілігі және оның субъектіге
тәуелділігі мен онымен анықталынуы. Субъектілік
— саясаттың шынайы факторы. Ол саяси
процестер мен жағдайларға көпварианттылық,
субъективті өзіндік сипат береді, олардың
субъектінің жасампаздық әлеуетіне, оған
тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік
белсенділігіне және әлеуметтік жауапкершілік
дәрежесіне тәуелділігін сипаттайды.
Сондықтан, субъектілік әлеуметтік оқиғалардың,
әлеуметтік уақыттың тарихи аралығының,
жеке әрекеттердің, өмірлік мағынаға ие
шешімдердің, олардың қорытындыларын,
нәтижелерін және т.б белгілеуде қолданылады.
Саясаттың маңызды екінші компоненті
адамзаттың саяси тәжірибесі болып табылады.
Өркениеттің дамуымен саяси сахна едәуір
кеңейіп, саяси тенденциялар көп бейнелі
болып, рөлдер күрделене бастады. Осының
нәтижесінде адамзат аса мол саяси тәжірибе
жинақтады. Осы тәжірибе өзінің барлық
құрылымдық элементтерімен бірге адамзаттың
саяси мәдениетінде, ұрпақтан-ұрпақка
мұраға беріліп отыратын, бір елден екінші
елге таралатын саяси институттарда, идеяларда,
акцияларда, әрекеттерде жинақталып қорытылған
және көрініс тапқан. Саяси тәжірибенің
кристаллизациялануы саясаттың барлық
негізгі компоненттерінің пайда болуына
және дамуына алып келді.
Біз жоғарыда саясаттың басты, әрекетшіл
компоненті оны жасаушы субъектінің мәнін
қарастырдық. Дегенмен, субъект оған интериоризациялау
(лат. interior — ішкі), яғни адамзаттың тарихи
қалыптасқан саяси тәжірибесі, оны игеру,
оның элементтерін қазіргі ұрпақтардың,
казіргі әлеуметтік топтардың саяси тәжірибелерінің
мәселелеріне сәйкес жаңашаландыру, тәжірибені
олардың саяси іс-әрекетіне қажетті психикалық
қабылдау, саяси приоритет, дағды элементіне
айналдыру негізінде ғана айналады. Саяси
тәжірибені игеру мен пайдаланудың негізгі
мәселесі — оның уақыт пен кеңістіктегі
субъектіден субъектіге берілуі. Саяси
идеяларды, теорияларды, көзқарастарды,
принциптерді құратын, тәжірибені сөздер,
ұғымдар мен терминдер көмегімен адамзат
санасына сіңіретін саяси ой саяси тәжірибенің
трансляциялық формасы. Саяси идеялар
саяси ойдың орталық элементтері болып
табылады.
Саяси идея — шоғырланған (концентрацияланған)
саяси ой. Ол, сонымен қатар практикада
базалық саяси элемент ретінде іске асуыменде
мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені идеяда
ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс табады
деп Гегель жайдан-жай айтпаса
керек. Міне, осы саяси нақтылықпен байланыс
саяси идеяны саяси тәжірибенің шығармашылық
элементі ететіндіктен саяси ойды саясаттың
шығармашылық элементі деп есептеуге
болады. Саяси идеяның саясат субъектілерінің
өте кажетті мүдделерімен байланысы, сондай-ақ
осы процесте идеяларды саяси іске асыру
және реттеу процесі саяси идеяға күш,
өміршеңдік, динамика береді.
Саяси идеяларды жүйелі түрде жасақтау
саяси практиканың концептуалды негізін
анықтауға мүмкіндік беретін, стратегиялық
мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын
түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар
есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар,
теориялар, концепциялар саясат субъектілері
ретіндегі адамдар санасын жандандырады
және жеткілікті деңгейде олардың саяси
жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси көзқарастарының
мәнді компоненттері ретінде көрінеді. К. Маркс айтқандай: "...теория
бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық
күшке айналады".
Саяси идеялар, теориялар, концепциялар
саясат құрылымы мен саяси практиканың
рационалды аспектілері болып саналады.
Бұл рационалды аспект ғылыми білімдер
жүйесі түрінде танылып көрінуі мүмкін.
Осы білімдер негізінде бүкіл саясатты,
оның барлық құрылымдық элементтерін,
саясат субъектілерінің саяси мәдениетін
көтеруде, олардың саяси жүріс-тұрысына
саналы түрде ықпал етуде, қызмет атқарып
отырған саяси мәдениетті демократияландыруда,
демократияны кең көлемде институциаландыруды
іске асыруда, институттардың, формалардың,
жүріс- тұрыс акцияларының идеалды моделдерін
анықтауда ұтымды пайдалануға болады
және оларды саяси сфераға енгізу негізінде
саясатты және оның құрылымдық элементтерін
жетілдіре түсуге болады.
Алайда, саясаттың, саяси практиканың
"ахилл өкшесі" тәрізді осал тұстары
да бар. Ол субъектілік. Бұл субъектілік
ешқандай рационалды өлшемге сыймайды,
ол саясат пен саяси практикаға субъектілік
даралық пен ситуативтілік беретін қайталанбас
сәтке ие. Сондықтан саясат өнер деп те
есептелінеді. Өйткені саясат — жасампаздық
сферасы, онда тек білім ғана емес, сонымен
бірге қиял, субъектінің интуициясы, оның
өз бетінше шешім қабылдай алу қабілеті,
еркі, субъектінің батылдығы, төтенше
жағдайларға кіре білу ептілігі және одан
шыға білу қабілеті іске асады. Міне, осының
бәрі саяси іс-әрекетті шығармашылық процеске,
өнерге айналдырады.
Саясаттың құрылымдық элементтеріне бүкіл
мемлекеттік аппарат пен оның ұйымдарының
формалары, әрекет ету әдістері мен оған
пайдаланатын күш-құралдар кіреді. Аппарат
басқару ісін кәсіби тұрғыда жүргізуі
қажет. Баскару аппаратының маңызды мәселелері
— басқару объектісін, оның жағдайын,
даму тенденцияларын білу. Бұл билік шешімдерін
жоғары басқарушылық нәтижесіне жеткізу
үшін кажет.
Саяси билік
1. Билік ұғымы туралы түсінік
Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан,
саясатта билік теориясы үлкен орын алады.
Билік саясаттың саяси институттар
мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге
көмектеседі.
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406)
адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі
- ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран
Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия
болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым
билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт
Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша
қандай орын алса, саяси жүйеде билік те
соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар
бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік,
структуралистік, конфликтілік.
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге
әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне
ықпал етуін айтады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік
қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып
тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік
құрылыста құл иеленушілер және құлдар
пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың
екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі
туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді,
адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне
көндірген мекемелер пайда болды.
"Билік" сөзі әр мағынада қолданылады.
Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты
былай бөлуге болады:
Ата-аналар билігі.
Мемлекеттік билік.
Экономикалық билік.
Саяси билік.
Әлеуметтік билік.
Құқықтық билік.
Әскери билік.
Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси
салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси
билік биліктің ең негізгі түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда
саяси биліктің мынадай ерекшеліктері
бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның
атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби
айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы,
басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының
тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін
белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет
шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.
Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла
біреулер билеуге құқықты да, екіншілері
оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік
неден туады? Саяси биліктің қарамағында
теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары
бар.
Экономикалық қор. Қандай саяси билік
болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы:
сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады.
Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат
жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер
жеке бай адамдардың бірлестіктердің
көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты
ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және
үкімет басына келушілер өз реформаларын
ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері
Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди
"Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға
қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа
да материалдық құндылықтар, құнарлы,
шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары,
т.б. жатады.
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп
отырған билік өзін қолдайтын, оның одан
әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады.
Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі,
абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын
қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті
қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси
билікті құлатуға әрекет жасаушыларға
мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура.
т.б. жатады.
Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз,т.с.с.
ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды
ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып
жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде
сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық
партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының
маңызы арта түседі.
Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын
алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы
қатарлы орынға шығуда.
1 Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі
бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға
жету мүмкіндігі деп түсіндіреді
2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама
бойынша билік басқа адамдардың жүріс
– тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне
негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі
3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда
билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды
пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі
4 Структуралисттік анықтама - Билікті
басқарушы мен бағынушының арасындағы
қатынастың ерекше түрі деп ұғады
5 Конфликтілік анықтама - билікті дау-
жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін
мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы
деп түсіндіреді.
3. Биліктің қызметтері, жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады.
Олар:
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің
істерін басқару.
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге
басшылық жасау.
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың
түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік
құрылысты құру.
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға
шек қою және дер кезінде шешу.
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы
3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:
1.Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік
мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар
мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары
кіретін өте ірі деңгей.
2.Орта буынды аппараттар мен мекемелерді
қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық
шенбердегі жергілікті әкімшілік билік
кіретін орта деңгей.
3.Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар,
өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы
қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы
болып табылатын, саяси және қоғамдық
өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші
деңгей.,
Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай
өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік
билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы
ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз
ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен,
оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады.
Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды,
үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді,
соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді,
сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады
халықаралық келісім шарттарды қабылдайды,
саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын
анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына
арнайы органдар бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік
жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар
қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы
биліктің бақылауында болып, олардың алдында
есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп,
заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай
қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді.
Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды
бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде
зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер
қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді
жүзеге асырады.
Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды,
заң бұзушылықтан сақтайды, парламент
не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы
жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны
халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады.
Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке
тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана
басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік
органның немесе қызмет адамының шешімін
конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен
күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне
жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға
және сот үкімін бұздыру туралы шағым
арыз беруге құқығы жатады.
Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін
және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп,
топтастырудың мәні зор. Билік түрлері
өзара байланысты бірқатар белгілермен
өзгешеленеді.
1. Институционалданған (өзінің басқарушы
және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі
мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің
жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында
билеу-бағыну қатынастары орнаған) және
институционалданбаған (биресми, басқарушы
және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген)
биліктің түрі.
2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік
саяси және саяси емес болып бөлінеді.
3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері
мен саласына қарай билік мемлекеттік,
ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында,
дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың
халықаралық билігі болып жіктеледі.
4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік,
үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с.
болып топталады.
5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік,
озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру,
сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі болып
бөлінеді.
6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық,
буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді.
Сонымен қатар билікте “объект” , “субъект”
деген ұғымдар бар. “Объект”- өзгертуші,
“субъект” – іс-әрекетті жасаушы.
Биліктің объектілері:
1.Мемлекет.
2.Ел.
3.Аймақ.
4.Штат.
5.Республика.
Биліктің субъектілері:
1.Мемлекет.
2.Әлеуметтік топ, тап.
3.Әлеуметтік топтар жүйесі.
4.Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын
адамдар тобы.
4. Қоғамның әлеуметтік саласындағы билік
1.Институционалдық белгілі құқықтардың
өзгелердің сұранымына байланыссыз ықпал
жасауы.
2.Субъектінің қызметі мен қоғамдық міндеттерді
орындайтын қызмет әдістері.
3.Қоғамдық пікірлердің даму динамикасына
ықпал ету мүмкіндігі.
4.Әлеуметтік жағдайларға қол жеткізетін
басты критерийлер.
5.Белгілі әлеуметтік жағдайдың иелерін
көтермелеу.
5. Биліктің легитимділігі
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге
бөлінеді.
Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның
саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу
мүмкіндігін білдіреді.
Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға
міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы
бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін
ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси
биліктің түрі жатады.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның
легитимділігінен білінеді. Легитимдік
(латын тілінде заңдылық, шындық деген
мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың
үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,
оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік
легитимді болуы үшін мынандай екі шарт
қажет.
Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы
және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы
керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын
белгілі бір мезгілге тура немесе жанама
түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын
бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.
Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға
сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік
басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін
көрсетті:
1.Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың
санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп,
дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді.
Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.
2. Харизматикалық легитимдік – ерекше
батырлығымен, адалдығымен немесе басқа
үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен
адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан
ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.
3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі
– қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың
ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына
негізделеді.
Мемлекеттік құқықтың тәртіптің легитимдігінің
ең биік дәрежесіне Конституция жатады.
Мысалы: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық
референдумда Қазақстан Республикасының
жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы
легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын
демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның
ең қымбат қазынасы – адам және адамның
өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан
Республикасы – призиденттік басқару
нысанасындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада
мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция
мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы,
сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік
әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы,
өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес
жүзеге асырылады. Республика президенті
мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды
тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен
мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары
бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент
- заң шығару қызметін жүзеге асыратын
республиканың ең жоғарғы өкілді органы.
Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған. Конституциялық Кеңес
республиканың бүкіл аумағында Қазақстан
Республикасының Конституциясы үстінен
қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік
орган болып табылады.
Құқықтық мемлекет мемлекеттік
Құқықтық мемлекет
басқарудағы құқықтық басымдылығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниеті емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де, ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас саласына кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынастарға әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық отыра бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айрықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын қадағалап отырады. Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бірқатар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік және қоғамдық қызметтің барлық жағынан терең жаңғыруымен бірге жүрді- мемлекеттік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамның мәртебесі айқын мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтар бірінші дәрежелі маңызға ие болды, шенеуніктердің бассыздығы азайып, олардың қызметі біртіндеп реттелген және тәртіптелген арнаға түсе бастады. Алғашқыда бытыраңқы және кейде жекелеген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізгі салушылары ретінде Дж.Локкты, И.Кантты, В.Гумбольдты, Г.Еллинекті, К.Шмитті, Г.Гроцкийды, Ш.Монтескье, Марксты және басқаларды атауға болады. Жекелеген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір бірінен ерекшелігі болғанымен, басты мәселеде – құқықтық нұсқауларды мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде және қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде - олардың ойы бір жерден шығып отырды.
Құқықтық мемлекет. Мемлекет және
қоғам
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және
қағидалары.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық
мемлекеттің қағидасы ретінде.
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
4. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
5. Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы.
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және
қағидалары. Құқықты мемлекет - бұл адам
мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының
толық түрде қамтамасыз етілуіне және
құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында
мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше
байланыстыруға жағдай жасаушы саяси
билік ұйымы.І
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда
оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы)
бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде
қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық
ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті
құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік
құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін
орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына
мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау
мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық
және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары
органымен барлық конституциялық тәртіптерді
сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық
билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі
және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық
мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан
құқық субъектілерінің заңдарды орындауына
бақылау жүргізілуі.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқыктық
мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы
алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған
болатын. Қағиданың басты талабы - саяси
бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз
ету және белгілі бір әлеуметтік топтың,
мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті
асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік
билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын
және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау
жолымен жүзеге асыруға бағытталған),
атқарушылық (биліктің өкілдік органы
тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық
қызметті жүзеге асырумен айналысатын)
және сот (бұзылған құқықтарды қалпына
келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде
жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері
деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері
дербес және бір-бірін тежей отырып, өз
функцияларын органдардың ерекше жүйесі
арқылы және арнайы нысандарда жүзеге
асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік
және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы,
сот билігінің нақты бір билік түріне
қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын
білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне
қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді
Президент иеленген, ол заң шығарушыға
қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы
билікке қатысты тежемелік сипатта болып
президент өкілеттіктерінің мерзімі,
импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы
органдардың жауапты қызметкерлеріне
заңшығару-шылық құрылымға сайлануға
тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу
табылады; сот билігі үшін конституцияда
көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар
болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы,
қорғану құқығы, азаматтардың заң мен
сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің
жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға
отвод жариялау және т.б.
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы
болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің
өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі
ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың
қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы
қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды
бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның
бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте
отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде
белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң
арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық
ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы
әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз
ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы
тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар
ондағы ерсжелерді бұза алмайды және осы
міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке
тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін
міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді
болдырмауға бағытталған кепілдіктер
жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға
Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы
жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген
деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты
бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны,
қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны
үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және
қылмыстық жауапкершілігі, импичмент
және т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың
өз міндеттерін орындауды бақылауының
нысандары болып референдумдар, депуттардың
сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б.
табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі
де дәл осы құқықтық бастамалармен негізделеді.
Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық
сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын
бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың
ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет
пен тұлғаның арасындагы қарым-қатынастар
өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге
асырылуы тиіс.
4. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы.
Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен
қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының
жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік
жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың
белгілі бір нысаны.
Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық,
егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам
мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі
екіншісіне қарағанда кең болып келеді,
себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік
емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси
қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер,
еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет
қоғамның саяси бөлігі, элементі болып
табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және
басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты
бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама
беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты
оның істерін шешу, басқару құралы рөлін
атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық
шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі
екіншісіне қарағанда ерте пайда болған
және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның
негізінде пайда болған мемлекет оған
қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті
иеленеді.
5. Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы.
«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель,
Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель,
Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған.
Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы
негізгі идея ретінде адам идеясын таниды.
Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни,
ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы
инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы,
солардың көмегімен жеке тұлғалар мен
топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар
кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық
қатынастар мен институттар (меншік, еңбек,
кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің
жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім
беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат
құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының
мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі
топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас
пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен
танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді
(мемлекеттік аппарат кезінде субординация
қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын
қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті
әлеуметтік саясаты және т.б.