Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:52, реферат
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.
Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Республика азаматтарының өзінің сайлау құқығын ерікті жүзеге асыруына зорлық-зомбылық, алдау, қоқан-лоқы көрсету, пара беру арқылы немесе басқа да бір тәсілмен кедергі келтірген тұлғалар заңмен көзделген жпуапкершілік тартады.