Жапония мемлекеттік баскару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:01, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік шешімдер кез-келген мемлекеттің қызметінде маңызды орынды алады. Мемлекеттік шешімдер бұл мемлекеттің мақсатын көрсететін шаралардың бірі. Шешім қабылдағанда мемлекет өз тұрғандарының мүддесін қарастыру керек. Мемлекеттің басты байлығы бұл – халық. Мемлекеттің шешімдердің барлығы сол халықтың мұқтаждықтарын, мүддесін қарастыру үшін шығарылуы керек.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................3-4
1. Жапонияның мемлекеттік құрылымы
1.1 Жапонояның саяси жүйесі.................................................................5-7
1.2 Жапониядағы монархтың рөлі..........................................................7-8
2. Жапониядағы мемлекеттік шешімдерді қабылдауда мемлекеттік басқару аппараттарының рөлі
2.1 Жапония Үкіметі...............................................................................9-14
2.2 Жапония Парламенті......................................................................15-17
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқару органдары.........................................18-20
2.4 Қазақстанның басқару жүйесін және экономикалық даму деңгейін Жапония тәжериебесімен салыстыру...........................................21-24
3. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси және экономикалық мәселелері, оның шешу жолдары
3.1 Қазіргі кездегі Жапонияның саяси-экономикалық проблемалары..................................................................................25-28


Қорытынды............................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................30

Работа состоит из  1 файл

ЖАПОНИЯ мем баскару.docx

— 131.01 Кб (Скачать документ)
 

Жапония, мемлекеттік басқару [27 бет]

Кіріспе.....................................................................................3-4 
1. Жапонияның мемлекеттік құрылымы 
1.1 Жапонояның саяси жүйесі.................................................................5-7 
1.2 Жапониядағы монархтың рөлі..........................................................7-8 
2. Жапониядағы мемлекеттік шешімдерді қабылдауда мемлекеттік басқару аппараттарының рөлі 
2.1 Жапония Үкіметі...............................................................................9-14 
2.2 Жапония Парламенті......................................................................15-17 
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқару органдары.........................................18-20 
2.4 Қазақстанның басқару жүйесін және экономикалық даму деңгейін Жапония тәжериебесімен салыстыру...........................................21-24 
3. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси және экономикалық мәселелері, оның шешу жолдары 
3.1 Қазіргі кездегі Жапонияның саяси-экономикалық проблемалары..................................................................................25-28 
 
 
Қорытынды............................................................................29 
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................30
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Мемлекеттік шешімдер кез-келген мемлекеттің қызметінде маңызды орынды алады. Мемлекеттік  шешімдер бұл мемлекеттің мақсатын көрсететін шаралардың бірі. Шешім  қабылдағанда мемлекет өз тұрғандарының  мүддесін қарастыру керек. Мемлекеттің  басты байлығы бұл – халық. Мемлекеттің шешімдердің барлығы  сол халықтың мұқтаждықтарын, мүддесін қарастыру үшін шығарылуы керек.

      Бұл курстық жұмыстың тақырыбы ретінде  «Жапониядағы мемлекеттік басқару  шешімдерін қабылдаудың технологияларын  талдау» деп таңдағанымның себебі, әлемдегі екінші экономикалық держава  болып табылатын Жапония мемлекетінің мемлекеттік шешімдерін қабылдауы  мен оларды қабылдайтын органдардың, аппараттарының ерекшеліктеріне, жүйесіне талдау жасау болды.  Жапония бүкіл  әлемді өзінің аз уақытта ғана экономикалық қарқында дамуының тенденциясымен таң  қалдырып келеді. Осындай экономикалық жүйені мемлекеттік басқару аппараты реттеу ерекшеліктері және мемлекеттік  шешімдерді қабылдайтын органдардың  құрылымын қарастырамыз.

      Бірінші бөлімде, Жапония мемлекетінің құрылымын  және оның ерекшеліктеріне тоқталамыз. Жапония өзінің басқару формасы  бойынша конституциялық монархия болып  табылады. Жапония конституциясы  әлемдегі ең тұрақты конституциялардың  қатарында. Ол қабылданған уақытынан  бастап, әлі күнге дейін бір  де бір рет өзгертілмеген. Және осы  бөлімде елді басқаруда монархтың  рөліне толығымен тоқталып, оның мемлекеттік  шешімдерді қабылдауға қатысу процесіне  талдау жасаймыз.

      Екінші  бөлімде, мемлекеттік шемідерді  қабылдайтын аппараттар мен органдардың  рөліне тоқталамыз. Конституцияны негізге  алған мемлекеттік басқаруда  мемлекеттік шешімдердің барлығы  да конституцияға негізделеді. Жапонияда  заң шығарушы орган болып Парламент  саналады. Оның қызметі мен құзіреттілігі  осы бөлімнің екінші бөлімшесінде баяндалған. Атқарушы орган – Жапония Үкіметі. Оны премьер-министр басқарады. Мемлекеттік биліктің тиімділігін  арттыру үшін жергілікті жерлерде өзіндік функциясалары белгіленген жергілікті атқарушы органдар қызмет етеді.  Осы бөлімде және де Жапонияның мемлекеттік басқару тәжериебесін Қазақстан басқару жүйесімен салыстыру, ұқсас жақтарын қарастыру, тәжериебелік ұстанымдарын қолдану сұрақтары да қарастырылады.

      Үшінші  бөлімде, қазіргі кездегі жапон  қоғамында қозғалып отырған әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелері қарастырылады. Жалпы, қалыптасқан стереотиптерге сай дамыған елдерде қиындықтар жоқ дегенге келеді. Бірақ, оларда да, өзіндік шешуді талап ететін мәселелері өте көп. Жапон халқы  ежелден өзінің еңбекқорлығымен  және іскерлігімен ерекшеленеді. Туындаған  қиындықтарды олар осы қасиеттерінің  арқасында жеңіп шығады деген  үміттеміз.

      Осы тақырыпты қарастыру кезінде  қызықты мәліметтерге толы ақпаратпен таныстым. Тақырыпты толығымен аштым  деген ойдамын.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. ЖАПОНИЯНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
      1. Жапонияның саяси жүйесі

      Екінші  дүниежүщілік соғыс кезінде елде американыдық әскери администрация  билік етті, сондықтан демократияландыру  және тәуелсіздендіру шаралары көптеп жүргізілді. Осы процестер шарасында 1946 жылы қазанда  Жапонияда жаңа конституция қабылданды.

      Ел  тарихында осы конституция алғашқы  рет  ұлттық суверенитет және негізгі  демократиялық бостандықтарды, жалпыға  сайлау құқығын қарастырды. Осы конституцияға  сәйкес мемлекеттік басқарудың негізгі концепсиясы ретінде құқықтық мемлекет және классикалық демократия принциптері, яғни, биліктің бөлу принципі: заңшығарушы, атқарушы және сот негізге алынды.

      Конституцияда ерекше қабылданған 9-бап болды. Онда елдің сыртқы сұрақтарын шешуден  соғыстан және соғыс құралдарынан толықтай бас тарту туралы жазылған.

      Жапонияның  негізіг заңының жасалуына американдық  мамандар да қатысқандықтан оған американдық  басқару нормалары, АҚШ конституциясының ұқсастықтары табылады. Сонымен қатар, жапондық басқарудың дәстүрлік ерекшеліктері  де қарастырылады. Конституция құқық  пен мемлекеттік басқару қарым-қатынастарын түбірімен өзгертті.

      Елде  бірінші рет формальді парламент  заңдарына негізделген мемлекеттік  басқару жүйесі пайда болды. Парламен «жоғары мемлекеттік билік органы»  деп жарияланды. Конституция өз тарапынан  жоғарғы өкілдік органды заңшығару  саласында нақты қызметтерін  жүктеді. Көптеген дамыған елдердегі  сияқты Жапонияда да заңдық негізде  парламент пен үкіметтің теңдігі  сақталуда.

      Елдегі  ең жоғарғы билік органы болып, конституцияға  сәйкес, парламен болып табылады. Ол екі палатадан: өкілдер палатасынан  және кеңесшілер палатасынан тұрады. Өкілдер палатасы 4 жылға сайланатын 480 депутаттан тұрады, ал кеңесшілер палатасы – 6 жылға сайланатын 252 депутаттан тұрады. Кеңесшілер палатасының жартысы 3 жылда бір рет жаңарып отырады.  Конституцияға сәйкес, парламен толығымен заңшығарушы орган деп танылады және қаржылық құралдарды жұмсауды қарастырады. Жапонияда жалпыға сайлау құқығы іске асырылады. Жасы 20-ға толған елдің азаматтары дауыс білдіруге құқылы. Екі палатаға да сайлау жасырын дауыс беру арқылы жүреді.

      Жапонияда екі негізгі партия қызмет етеді. 2009 жылы 54 жыл билік басында болып  келген консервативті либерал-демократиялық партияны басып озып, Жапонияның социал- либералды демократиялық партиясы парламетте көп орынға ие болды.

      Жоғары  атқарушы орган болып – Үкімет танылады. Оны премьер-министр басқарады. Бұл уекілеттілікті парламенттің ұсынуымен император тағайындайды. 2010 жылдың 4-ші шілдесінен бастап премьер-министр – Наото Кан.

      Жапоияның сот жүйесі романдық-германдық құқықтық модельге, негізінен Францияның, Германияның  құқықтық жүйелеріне негізделген. Мысалы, 1896 жылы жапон үкіметі Германдық  жүйеге сүйене отырып азаматтық кодекс жасады. Жаңа заң күшіне тек императордың бекітуімен ғана енеді.

      Сот жүйесі негізіг төрт деңгейден құрылған: жоғарғы сот, апелляциялық, негізгі  және тәртіптік соттардан. Жоғарғы  сот, басқа елдердегі конституциялық соттар сияқты, заңдардың конституцияға  сәйкестігін тексере алады. Жоғарғы  соттарды парламенттің ұсынуымен император  тағайындайды, ал басқа соттарды Жоғарғы  соттың ұсынуымен минстрлер кабинеті тағайындайды.

      Жапония АҚШ-пен жақын экономикалық-әсекери  қарым-қатынаста. Ол АҚШ және Жапонияның қорғаныс және бірлескен әрекет туралы келісіміне негізделген. 1956 жылдан бері БҰҰ-ға мүше, соынмен қатар БҰҰ-ның  қауіпсіздің кеңесінің мүшесі. Үлкен  сегіздік мүшесі ретінде өзінің әлемдік  қарым-қатынастарын реттеуде үлкен  мүмкіндікке ие.  

1.2 Жапониядағы монархтың рөлі 

      Жаңадан қабылданған конституция мемлекеттік  құрылымда монархтың рөлін толығымен  өзгертті. «Қасиетті және қолтигізбес» тұлғадан  ол «мемлекеттілік  және ұлт бірлігі символына» айналды.  Бірақ та, конституцияда императорлық биліктің құрылуы туралы көрсетілмеген, сондықтан дәстүр бойынша императортлық  билік әкеден балаға беріліп отырады.  Осыған байланысты жапондық және шетелдік мамандар арасында пікір-талас туындауда. Біреулері, жапонияны парламенттік монархия деп таниды, себебі император  титулымен асыл текті монарх бар. Екіншілері, жапонияда монархия жоқ, елді монархиялық атрибуттары бар  республика деп таниды.

      Конституцияда нақты ел басы туралы көрсетілмеген. Соынң салдарынан император мемлекет басшысы ма, жоқ па деген сұрақтар туындай бастады. Кейбір теорияларда  император – мемлекет басшысы, кейбірінде император делінеді.

      Кең тараған теорияға сәйкес, жапонияда  парламенттік монархия және император  мемлкет басшысы емес, ол монархия символы болып табылады.

Жапонияның  құрылыуын алып қарасақ, онда монархиялық  та, респуликалық та негіздерді көре аламыз. Конституцияға сәйкес, император  «халықтың атынан» парламентті  шақыра алады, кіші палатаны таратуы  мүмкін (парламенттің ұсынуымен ғана); жарлықтарды, заңдарды, конституциялық заңдарды бекітеді;  парламенттің ұсынуымен  премьер-министрді тағайындайды; ордендармен  марапаттайды, халықаралық дипломатия өкілдерін қабылдайды және салтанаттарды  өткізеді, салтанатты рәміздерді орындайды. Императорды берілген құзіреттермен  қамтамасыз ету формальды жүзеге асады, оның иницативасы қарастырылмайды.  

 Сонымен қатар, император мемлекеттік билікке  қатысты құзіреттіліктерді пайдалана  алмайды, мемлекет қызметіне  байланысты істерге тек министрлер кабинетінің  кеңесімен және келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Себебі, министрлер кабинеті мемлекеттік істерге өздері жауап береді.  Қазіргі Жапония  Императоры – Акихито, Императрицасы  – Митико.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Жапониядағы мемлекеттік шешімдерді шығаруда мемлекеттік  басқару аппараттарының рөлі
 
    1.   Жапония Үкіметі
 

       Биліктің  ең жоғары атқарушы органы болып үкімет танылады. Жапонияда бұл орган  министрлер кабиеті деп аталады. Оның қызметі Конституциямен және «Министрлер кабинеті туралы» (1947 ж.) заңмен, «Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы» (1948 ж.) заңмен реттеледі.

       Премьер-министр  басқаратын миинистрлер кабинеті құрамына премьердің орынбасары, министрлер (әртүрлі  министрліктердің басшылары), кабинеттің бас секретарі және заңдық бюроның  басшысы, мемлекеттік министрлер (портфельсіз  министрлер) кіреді. Азаматтық кабинет  принципі конституциямен анықталады және кабинет мүшелері азамматтығы бар  тұлғалар болу керек. Кабинетте әскери және әскери-теңіздік министрлік, сонымен  қатар ішкі істер министрлігі  қызметтері жоқ. Кабинет келесідей  құрылады. Басында парламент палаталары әртүрлі отырыста көпшіліктің дауысымен  кандидаттар премьер-министрге кандидаттар  таңдап алынады. Таңдап алынған кандидат мператордың қарауына ұсынылады  және оның қолдауымен өз қызметіне  тағайындалады. Көптеген министрлер парламент  депутаттары да болуы керек. Министр  өз қызметінде жүргенде премьер-министрдің келісімінсіз соттық жауапкершілікке  тартылмайды.

       Егер  премьер-министр өз қызметін атқармай, орнынан босап қалса, онда конституцияға  сәйкесінше онымен бірге барлық министрлер   де босатылады. Прмьер-министр уақытша  өз қызметін атқара алмайтын жағдайларда, оның орнына уақытша алдын ала  кабинет басшысы өзі белгілеп кеткен министрлердің біреуі бұл  құзіретті жүзеге асыра алады. Премьер-министр  кез-келген министрдің қызметін өз жауапкершілігіне ала алады, сәйкесінше оны кез-келген басқа министрге жүктеуі мүмкін.

       Конституцияға сәйкес, министрлер кабинеті өзіне  тән атқарушылық функцияларымен қатар, келесі қызметтерді де атқарады: мемлкеттік істерге заңдармен қызмет ету; ішкі саясатқа басшылық, келісім-шарттарға отыру (бұл кезде туындаған жағдайға қарамастан парламенттің келісімімен ғана); азаматтық қызметтерді жасау және басқару; бюджеттік жобаларды жасау және оны парламенттің қарауына ұсыну; конституцияның және заңдардың орындалуы үшін атқарушылық жарлықтар шығару; жеке және жалпы амнистияларды, жеңілдіктерді және жазалауды тоқтата тұру туралы, құқықтың қалпына келтірілуі туралы шешімдерді шығару.

       Министрлер  кабинеті, сонымен қатар, келесідей  маңызды құзіреттіліктерге ие: мемлекеттік  істерге байланысты шешім қабылдауда императорға кеңес беру, сол шешімдерге жауапкершілікте болу; Жоғарғы соттың Басты сотынан басқа соттарын, төмен инстанция соттарын тағайындайды; парламент сессиясының төтенше  шақырылуына шешім шығарады, резервтік  фондтың шығындалуына жауапкершілікте  және бюджеттік жетіспеушілікті  осы фондтан парламенттің келісімімен  жабуды қарастырады. Министрлер кабинеті жыл сайын  парламентке мемлекеттік  шығындар және кірістер туралы қорытынды  есеп беруі керек және парламент  пен халыққа мемлекеттік қаржының ағымдағы жағдайын таныстыру керек. Сонымен қатар, министрлер кабинеті заңшығарушылық иницативалық құқыққа  ие, яғни көптеген заң жобаларын  парламенттің қарауына ұсына алады.

Информация о работе Жапония мемлекеттік баскару