Жапония мемлекеттік баскару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:01, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік шешімдер кез-келген мемлекеттің қызметінде маңызды орынды алады. Мемлекеттік шешімдер бұл мемлекеттің мақсатын көрсететін шаралардың бірі. Шешім қабылдағанда мемлекет өз тұрғандарының мүддесін қарастыру керек. Мемлекеттің басты байлығы бұл – халық. Мемлекеттің шешімдердің барлығы сол халықтың мұқтаждықтарын, мүддесін қарастыру үшін шығарылуы керек.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................3-4
1. Жапонияның мемлекеттік құрылымы
1.1 Жапонояның саяси жүйесі.................................................................5-7
1.2 Жапониядағы монархтың рөлі..........................................................7-8
2. Жапониядағы мемлекеттік шешімдерді қабылдауда мемлекеттік басқару аппараттарының рөлі
2.1 Жапония Үкіметі...............................................................................9-14
2.2 Жапония Парламенті......................................................................15-17
2.3 Жергілікті өзін-өзі басқару органдары.........................................18-20
2.4 Қазақстанның басқару жүйесін және экономикалық даму деңгейін Жапония тәжериебесімен салыстыру...........................................21-24
3. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси және экономикалық мәселелері, оның шешу жолдары
3.1 Қазіргі кездегі Жапонияның саяси-экономикалық проблемалары..................................................................................25-28


Қорытынды............................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................30

Работа состоит из  1 файл

ЖАПОНИЯ мем баскару.docx

— 131.01 Кб (Скачать документ)

       Жергілікті  жиналыстар және администрация басшылары (губернаторлар және мэрлер) 4 жылға  сайланады. Оларды сайлауға сол жерде 3 айдан аса тұрған, жасы 20-дан  асқан тұрғыны дауыс бере алады.    Жергілікті жиналыстарға кандидаттыққа 25 жастан асқан азамат, губернаторлыққа, мэр және старосталыққа – 35 жастан асқан азамат сайлана алады. Губернатор премьер-министрдің шешімімен жұмысынан  босауы мүмкін, ал мэр және староста губернатордың шешімімен босатылуы  мүмкін.

       Тұрғындар өз тарапынан депутаттардың шақырылуын, жергілікті жиналыстың таратылуын, жиналыстан қандай да бір жарлықтың бекітілуін, жергілікті органдардың қаржылық-бюджеттік  операцияларына бақылау жасауды  талап етуге құқылы.

       Жергілікті  жиналыс органдары жергілікті жерде  күші бар заңдарды қабылдау, салық  мөлшерін бекіту, бюджетті қарастырумен айналысады.  Оларға жергілікті администрация  органдарына бақылау жасау құзіреті де берілген.

       Жергілікті  жиналыс жергілікті атқарушы органның шығарған шешімдерін кері қаутаруға  және қарастыруға құқылы. Жіне ол атқарушы органдарға сенімсіздік танытуы  мүмкін. Бұл жағдайда жергілікті атқарушы орган басшысы қызметінен босатылуы  мүмкін немесе жергілікті органдарды таратып оның жаңа құрамын қайта  сайлануын талап етеді. Ал егер жаңа жиналыс оған тағы да сенімсіздік  танытса, ол шешім нақты бекітіледі және басшы өз қызметінен кетеді.

       Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарына  сол аймақтың дамуына байланысты шешім қабылдауға бостандықтар берілген. Олар өз аймақтарының дамуына жоспар жасау, сол аймақтық инфрақұрылымның  тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы  болуы үшін дамыту(жолдар, өзендер  және тұрғын үй құрылысы, қалалық шаруашылықтар,  қоршаған ортаны қорғау және т.б.), орта және бастауыш білім берумен айналысу, денсаулықсақтау, жергілікті кәсіпкерлерге  көмектесу (ең алдымен кіші және орта бизнеске), ауылшаруашылығының өндірісіне қолдау, еңбек қатынастарын реттеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың меншігін сақтау.

        Бұл қызметтердің көбісін қалалар және поселкалар мен ауылдар іске асырады. Префектуралар  биліктің жоғарғы органы ретінде  муниципалиттердің жұмысын ұйымдастырады  және реттейді. Ірі қалалар көбінесе үкімет тарапынан префектураға жақын статус алуы мүмкін (ондай 12 қала бар). Астнаға қарастырсақ, ол да префектуралық жиналыспен және губернатормен басқарылады, бірақ Токионың өзінің ішінде ерекше өзін-өзі басқару органдары бар – астаналық аудандар, оларда да жергілікті тұрғындар сайлау арқылы жиналыс басшыларын таңдайды. Өзінің статусы бойынша астаналық аудандар қалалармен теңестіріледі.  

       Жапонияның  өзін-өзі басқару органдары ерекше тіртіптілікпен, жоғары органдардың  қатаң қадағалануында болуымен ерекшеленеді. Бұл кей уақытта үлкен талқылауға ұшырады. Елдің өзін-өзі басқару  органдарына бостандық беру керек  деген теориялар да болды. Бірақ  бұл жүйе әлі күнге дейін өзгермеді, және тиімді жұмыс істеп келеді.  
 
 
 
 
 
 

       
    1.   Қазақстанның басқару  жүйесінің және экономикалық даму деңгейін Жапония тәжериебесімен салыстыру
 

       Мемлекеттік басқару жүйесі сапасының жоғары болуы – басты төрт элементтің оптималды деңгейі, ол элементтер: ұйымдастырушылық құрылымы; коммуникация мен өзара  байланыстың барлық жүйесі; пайдаланылған  ақпараттар; жан-жақты дайындалған  басқару кадрлары.

       Қазақстандағы нарықтық экономика мен әкімшілік  реформаны жүргізу жағдайында, экономиканың басты элементі – бәсеке мен бәсекелестік - тек қана әлемдік, өңірлік нарық  пен шикізат көздері (ресурстар) үшін жанжал мен күрес емес, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қалай  болғанда да, бәсекеге түсіп отырған  қарсылас субъектіні жою үшін болатын қатал күрес екендігін әрдайым есте сақтауымыз керек. Бұл күрес өндірістер мен кәсіпорындар арасында ғана емес, мемлекеттердің арасында да жүріп отырады (м Жапония экономикалық «таңғажайыбын» зерттеушілер Шығыс елінің өнеркәсіп яғни индустриялық саясатының басты төрт кезеңін атап көрсетуде.

       1950 жылдары Жапонияда басты мақсат ішкі өндірісті қайта қалпына келтіру болды. Мемлекет электроэнергетиканы, көмір мен темір балқыту өндірістеріне қолдау көрсетті. Осал салалар жоғарғы тариф арқылы қорғалды.

       1960 жылдары бұрынғы мақсат дереу өзгертіліп, экспортты жылдам көбейту мақсаты алға қойылды. Мемлекет ірі кәсіпорындардың қалыптасуын жан-жақты қолдай бастады.

       1970 жылдары басты мақсат шет елдің озық технологиялары мен басқару әдістерін сырттан жаппай әкеліп, жоғарғы технологиялық өндірістерді дамыту болды. Үкімет жеке компаниялардың несие алу мүмкіндіктерін оңтайландырды. Антимонополиялық реттеуді күшейтіп, шағын және орташа кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсете бастады.

       1980 жылдары инновациялық даму деңгейіне көшті. Егер 1950 жылы Жапонияның жан басына шаққандағы ЖІӨ АҚШ небары 20% құраса, 25 жыл өткесін АҚШ көрсеткішінің 66% жетті.

       Осындай бағытпен Оң.Корея мен Тайвань, соғыстан кейінгі Испания мен Франция жылжыған. Осы елдерде қолданылған жаңару (модернизациялау) стратегиясы негізгі төрт сатымен жүргізілген.

       Ресей ғалымдары В.Попов пен В.Полтерович халықаралық тәжірибені жан-жақты  зерттеп, әсіресе Жапонияға аса  ден қойып, экономикалық дамудың  ең басты төрт сатысын анықтаған: 1) жаңарудың яғни модернизацияның бастапқы сатысы (индустриализацияның басы); 2) экспортқа бағытталған экономикалық өсуді бастап, жүргізу; 3) үдемелі дамуды ынталандыру сатысы және 4) дамыған рынок сатысы.

       Жаңарудың яғни модернизацияның бастапқы сатысы (индустриализацияның басы) бойынша көбінесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын ел ішкі өндірісін қайта қалпына келтіреді немесе жаңадан құра бастайды. Ол елдің машина жасау саласы болмайды. Станоктар мен құрал-жабдықтарды сырт елдерден әкеледі. Өңдеу өнеркәсібін құрып, нығайту үшін, тиісті білімдер мен тәжірибені игеру үшін импорттың ықпалы жоғары болады.  

       Осы сатыда мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясаты инвестициялық тауарларды елге енгізуді жаппай ынталандырып, импортқа деген тарифтер төменге түсіріліп, импортшыларға құрал-жабдықтар әкелуге  субсидия беріп, сырт елден қарыз  алуға жағдай жасап, жалпы құрал-жабдықтар  мен технологияны импорттайтын субъектілерді  қолдау мақсатында валюта бағамының  жоғарғы деңгейі ұстанылады. Осы  кезеңде отандық кәсіпорындар саны молаяды. Осы тұста дайын өндірістік тауарлардың импортына шектеулер  қойылады.

       Келесі  сатыда яғни экспортқа  бағытталған экономикалық өсуді бастап, жүргізуде басты міндет сыртқы рынокқа жаппай шығу болып табылады.

       Экспорттаушы  отандық фирмалар дамыған елдердің өндірушілерімен бәсекеге түсуге мәжбүр. Ол үшін отандық фирмалар жаңа технологиялар мен басқару әдістерін енгізіп, сапаның жоғарғы стандарттарын жасап, маркетингке үйренулері қажет.

       Осы тұста Үкімет шағын фирмалардың  несие алуына толық жағдай жасап, антимонополиялық реттеуді күшейтіп, шағын және орташа кәсіпорындарға қолдау көрсетеді.

       Аталған сатының басты ерекшеліктері  мыналар: нарықтық инфрақұрылымның  нашарлығы; адам капиталы мен технологиялық  дамудың төменгі деңгейде қалуы; т.б. 

       Егер  осы саты барысында немесе аяқталу  кезеңінде уақытында дәл қажетті  шаралар мен шешімдер қабылданбаса, сол ел ұзақ мерзімді тығырыққа тіреледі.

       Осы сатыдан толығымен өткен мемлекеттер  экспортты ынталандыру және импортты шектеу мақсатында өнеркәсіп (индустриялық) саясатының сұрыпталған (селективный) және сұрыпталмаған (неселективный) құралдарын (инструменттер) тиімді пайдалана білген.

       Пайдаланған құралдар мен тәсілдерге мемлекеттік  секторды дамыту, ірі кәсіпорындарға қолдау көрсету, техникалық қайта өзгерту  мен қайта құрудың мемлекеттік  бағдарламалары, индикативтік жоспарлау, алтынвалюта резервтерін жинау  арқылы валюта бағамын түсіру, жеңілдетілген  несиелер, тікелей субсидиялар, рынокты  қатау реттеулер тәрізді т.б. жатады.

       Сондай-ақ, осы сатының барысында нарықтық инфрақұрылымдарды жасап, экономиканы  міндетті түрде орталықсыздандыру  керек. 

       Үдемелі дамуды ынталандыру  сатысына сәйкес мемлекеттің экономикаға тікелей араласуы азайып,  өнеркәсіп (индустриялық) саясатының сұрыптау (селективный) құралдары сұрыпталмаған (неселективный) құралдармен (инструменттер) ауыстырылады.

       Импорт  пен экспортқа қатысты әралуан  кедергілер біртіндеп алынып тасталынады. Шағын кәсіпорындарға қолдау көрсетіліп, капитал рыногын реттеуден бас  тартып (дерегулирование), инвестицияны тартуға ерекше мән беріледі.

       Соңғысы, дамыған рынок  сатысында өнеркәсіп (индустриялық) саясатының сұрыптау (селективный) құралдары өз мағынасын жоғалтып, тек аса қажетті жағдайларда қолданылады. Осы саты барысында дамыған елдердің үкіметтері «контрциклдік» қағидатты қатаң ұстанып, тек экономикалық құлдырау кезінде тікелей араласып, экономикалық өсу кезінде аса кіріспейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       
  1. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси және экономикалық мәселелері және оның шешу жолдары
    1. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси-экономикалық проблемалары.

       Қазір кез-келген Жапон азаматынан олардың  елде қиындықтар мен шешуді талап  ететін мәселе бар ма деп сұрасаңыз, онда ол азамат сізге өте көптеген ел ішіндегі біз біле бермейтін мәселелері тізіп береді. Мысалы, елдің экономикасы  құлдырауға кетіп бара жатқанын, халық  мекен етіп жатқан аралдар бүгін-ертен  суға кететінін айтуы мүмкін. Бұл  айтылғандардың бәрі жапондықтардың санасында  ғана қалыптасқан проблемалар деп  те айтуға болады. Бірақ солардың арасында маңызды қарастыратын да мәселелер  бар. Енді соларға тоқталып өтсек.

       Жапондық  экономика мен жапондық тауарларға бәсекелес болу бүгінгі күні өте  қиын нәрсе. Сондықтан көптеген елдер  жапондық экономикаға қарсы қорғаныс реакциясын қосады. Америка Құрама Штаттары қазірдің өзінде автомобиль, станок, мотоцикл, болат, түрлі-түсті  теледидар нарығында Жапонияға  қарсы протекционистік шараларын  іске асыруда. Әр ай сайын ішкі сауда  туралы мәліметтер жариланғанда АҚШ  конгресі және Еуропа елдерінің администрациялары  «жауапты қорғаныс шараларын» қолданумен қорқытады. Егер осындай шаралар  көлемі өсе берсе бұл Жапонияға  кері әсер етуі мүмкін. Жапония ЖІӨ-нің 16 пайызы ғана тауарлар мен қызметтерге  тәуелді болып келеді. Бұл ГФР, Франция, Англия және Италияға (оларда 25-30 пайыз) қарағанда төмен. Жалпы  экономиканың құлдырауына алып келмесе  де, қандай да бір мөлшерде зиянын тигізуі  мүмкін. Бірақ та Жапонияның экспорттық саласы күшті және тиімді болып келеді, сондықтан экспорттың төмендеуі  өндіріс көлеміне, экономикалық өсуге  әсер етеді және Жапонияның экономикалық Көшбасшы атына күмән келтіруі мүмкін. Жапондық фирмалар қауіп барын жақсы  түсінеді және соған төтет беру үшін  бар мүмкіндіктерін қолданады. Көптеген фирмалар басқа елдерде де бейімделуге  тырысуда, сол елдерде өздерінің  филиалдарын ашуда, ал өз елдерінде  өндіріс көлемін одан сайын арттыруға  бар күштерін салады.

       Жапондық  экономиканың дамуының басты мүмкіндіктерінің бірі – бұл елде саудаға қатысты  тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою болды. Бұны істеу қиын болды, себебі АҚШ-та да,  Жапонияда да саясаи фракциялар мен бюрократия өте күшті.

       Жапондық  бизнес лидерлерінің айтуынша оларға қауіп АҚШ-тан қарағанда, Оңтүстік Корея және Тайвань тарапынан  көбірек. Олардың қауіптенуі де тегін  емес. Себебі, Азтялық жаңа индустриялық елдер (Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур) автомобиль, компьютер және аяқ киім, текстиль бұйымдары нарығында  әлемдік масштабта экспорттау бойынша  күшті бәсекелес бола алады. 

       Жапондық  өндірістің кейбір салалары синтетикалық талшық өндірісі және қара металлургия  сияқты салалары көбірек ғылыми бағытқа  қарай ауысып қымбат өнім өндіруге қолданылуда. Мысалы, биотехнология , нанотехнология сияқты ғылымдарға көбірек бағытталуда.

       Үнемі бәсекелестік бағытта жүру Жапоияға әрқашан жақсы дайындық жағдайында жүруге мүмкіндік береді. Бұл бір  жағынан жақсы қасиет болып табылады.

       Жапонияда әлі күнге дейін тиімсіз экономикалық салалар бар және олар өндіріс  көлеміне кері әсер етеді. Құрама Штаттардағы  сияқты Жапонияда да тиімді сала болып  өңдеу өндірісі саналады. Бірақ та, экономикалық жағдайды тиімді өсіру  үшін елде ауылшаруашылық секторына  көп көңіл бөлінуі керек. Мемлекет ауыл шаруашылығында, транспортта, сауда  саласында еңбек өнімділігін  арттырмайынша бұл салалар экономиканы  төменге тартуын жалғастыра береді.

       Жапон елінің тұрғындары әлемнің басқа  елдеріне қарағанда 2 есе тез қартайып келеді. Бұл жағдай болашақта еңбек  өнімділгіне кері әсерін тигізеді. Әлемде Германиядан кейін Жапония  қарт тұрғындарымен екінші орынды алады. Бұл жағдай болашақта елдің экономикалық потенциялына кері әсер етуі мүмкін.

       Қазір елде фирмалар тұрғындардың қартаюын ескере отырып, олардың зейнеткерлікке шығу уақыттарын, әлеуметтік қамсыздандыруын  қарастырып барлығын өздерінің қызметтерінде  пайланады. Елде бұндай жағдайдың болуы  ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Халықаралық қаржылық бақылау ұйымдарының  есептеуінше 2025 жылға қарай жапондықтар  өз қарттықтарын қамтамасыз етумен ғана шұғылданатын болады және ел бюджетінің көп бөлігі жинақтау мен зейнетақыға  ғана жұмсалатын болады. Егер Жапония  жақын уақыттарда өзін-өзі жаңарту  жолдарын таппаса, онда «кәрі ұлт» қалпында қалып, жойылып кетуі де мүмкін.

Информация о работе Жапония мемлекеттік баскару