Басқарудағы талдаудың ақпараттық көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 23:22, история болезни

Описание

Фирманың өзінің сатушылары,тіпті бәсекелес фирманың сатушылары да ақпараттың өте бағалы көздері болып табылады. Бірақ оларға өздерінің мүдделерін түсіндіріп және ақпарат іздеп табуға ынталандырып отыру керек. Коммерциялық ақпаратқа келсек, оларды жиірек берудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1. Басқару – кәсіпорын ақпараттарының негізі
2. Кәсіпорындағы ақпараттар
3. Ұйым қызметінің нәтижелерін сипаттайтын кешенді ақпарат көзі - қаржылық есептілік
3.1 Бухгалтерлік баланс
3.2 Пайда және зиян жөніндегі есептілік
3.3 Ақша қозғалысы жөніндегі есептілік
3.4 Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі есептілік
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

тап 1 Ибраева Меруерт.docx

— 58.36 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы:

«Басқарудағы талдаудың ақпараттық көздері»

 

 

             Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының           

                      сырттай бөлімінің студенті

        Ибраева Меруерт

  Қабылдаған: Арыстамбаева Альмира

 

 

 

Алматы-2011

Жоспар:

 

Кіріспе

  1. Басқару – кәсіпорын ақпараттарының негізі

2. Кәсіпорындағы ақпараттар

  1. Ұйым қызметінің нәтижелерін сипаттайтын кешенді ақпарат көзі - қаржылық есептілік

3.1 Бухгалтерлік баланс

3.2 Пайда және зиян жөніндегі  есептілік

3.3 Ақша қозғалысы жөніндегі есептілік

3.4 Меншікті капитал өзгерісі  жөніндегі есептілік

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе      

 Әлемдік қоғам қазіргі уақытта нағыз ақпараттық революцияны басынан өткізуде. Ақпарат күнделікті қажеттілік болып танылады.  Бұл жерде сөз мақсаттар және оларға қол жеткізу тәсілдерін таңдау, жоспарлау, нарықтағы қимылдар, қызметті бақылау туралы бола бермек . Ақпараттандырудың жаңа заманға сай процестері, тұтынушыға ақпараттың жеткізілуін қаматамасыз ететін қоғам өмірінің маңызды факторларының біріне айналды және де қоғамдық өндірістің барлық салаларында басқарудың тиімділігін жоғарылатуға септігін тигізеді.       

 Кәсіпорынның барлық қызметтері  бақылау нәтижесін пайдаланып  отыруы керек. Сондықтан кәсіпорынға  ақпарат жүйесі қажет.

Ақпараттық жүйені жасау бірнеше  кезеңде өткізіледі.Ең алдымен кәсіпорын өзінің  дамуының әрбір сатысында қандай  ақпаратқа мұқтаж екені анықталады. Бұдан соң осы ақпараттың көздерін (клиенттер, потенциалды тұтынушылар, бәсекелестер, салалық құжаттар, мамандандырылған және экономикалық пресса); содан кейін ақпарат жинау және салыстыру, жүйелеу, талдау, жалпылау арқылы оны тексеру өткізіледі. Ақпарат барлық қабылдаушыларға жететін болуы тиіс, оны үзбей толықтырып және пайдаланып отыру міндетті.

Тіпті болмаса, егер кәсіпорынның  ақпаратты қамтамасыз етуге арнайы зертеулер және коммерцялық  іздестіру қызметі болмаса, онда  ол сауалнама,     имиджін, ынта-ықыласты зерттеу арқылы керекті ақпарат бере алатын мамандандырылған ұйымдарға тапсырыс береді. Бірақ керек ақпараттың көп бөлігі фирманың өз ішінде шоғырланған: бұған тапсырыстар туралы ақпараттар (өнімде, секторлар, тұтынушылар, сатып алушылар сегменттері жөнінде) және кейбір деңгейде коммерциялық қызметтер жөніндегі ақпараттар жатады.     

Кәсіпорын қызметкерлерінің фиманы  дұрыс басқарудағы ақпараттың  маңызына бір ауыздан сенім  білдіруі ақпараттық жүйені енгізудің  керекті шарты болып танылады.

Фирманың өзінің сатушылары,тіпті  бәсекелес фирманың сатушылары  да ақпараттың өте бағалы көздері болып табылады. Бірақ оларға өздерінің мүдделерін түсіндіріп және ақпарат іздеп табуға ынталандырып отыру керек. Коммерциялық ақпаратқа келсек, оларды жиірек берудің маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

  1. Басқару – кәсіпорын ақпараттарының негізі

Басқару ісі – кәсіпорын іс-әрекетінің негізі. Басқару психологиясы әлеуметтік функцияның қазіргі кездегі негізі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы адамдардың бір- бірімен қарым-қатынасы мәселесін зерттейді. 
           Басқару мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юриспруденция, психология, педагогика, эргономика, социология және экономика, т. б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүйесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetike - ( грек тілінде) басқару өнері. Manedgement - ( латын. Manus- қол) - ағылшын термині «басқару» терминінің синонимі.

Адам іс- әрекетінің практикасында  басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған. Ертедегі Египетте б.з.д. мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египед пирамидалары, ертедегі ацтеск қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып, Рим - католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді.

Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде XX ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі  бір нәтижеге жету жолындағы адамдардың жолын іс- әрекеті атқарылатын  жерде жүргізіледі.

Басқару дегеніміз - топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі. Басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де ақпаратты алуға, өңдеуге және беруге негізделген. Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің мәліметті алып анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.

Басқарудың әлеуметтік функциялық теориясының объектісі болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда, құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі. Басқарудың күрделі жүйесі екіге бөлінеді: басқарушы және орындаушы және оның әрқайсысы көп салалы иерархиялық құрылымнан тұрып әрбір жүйе бөлігі өзінің локальді бағытын құрайы. 
              Әлеуметтік басқару жүйесі екі индвидуалды субъектінің белсенді қарым- қатынас үрдісі болып табылады, олардың әрқайсысының реттеуші қасиеті бар.

Басқарушы мен орындаушы субъект бола тұрып мақсатқа бағытталған саналы іс- әкетет атқарады. Олардың іс-әрекетін ақпаратты өңдеудің 4 деңгейінен тұрады.

   1. Ақпаратты жинау  және бағалау (афференттік синтез). Түскен ақпараттың бағасы субъектіге тән мотивацияға, оның кәсіптік дайындығына, басқару іс- әрекетінің нәтижесіне байланысты.

2. Мақсат қою, әрекет бағдарламасын құру. Бұл кезеңде мақсаттың алдын алу қалыптасады - ол қажетті мүмкін болатын нәтиже бейнесі. 
            3. Нақты міндетті шешудегі мақсатқа жетудегі практикалық әрекеті. 
            4. Нәтиже бағасы және істі орындауды бақылау. Алынған нәтижені алға қойған мақсатпен салыстыру.

Егер алынған нәтиже мақсатпен  сай келсе онда алға қойған мақсат орындалды деуге болады. Кез келген әлеуметтік жүйенің жүйе түзуші факторы болып мотив пен мақсат есептеледі, себебі әлеуметтік бірлестіктер мен жеке тұлғалардың(басшы мен орындаушы) іс- әрекеттің бағыты мен мазмұнын көрсетеді. Басқару қатынасының әр түрлілігі ретінде тәртіп пен инициатива көрінеді. Бұл қатынас горизанталь бағытта да вертикаль бағытта да көрінеді. 
        Әлеуметтік басқару психологиясының негізгі тірегі адамдар, топтар, мекемелер арасындағы қатынастардың психологиялық аспектісі саналады. 
           Қазіргі біздің еліміздегі мемлекеттік құрылымның дамуыны нарықтық қатынастың даму кезеңінде басқару мәселесін бөліп көрсету ғылыми талдау мен іс жүзіндегі әрекеттің негізгі сферасы ретінде бөлінеді. Жоғарыда айтқандай ағылшын тіліндегі американдық термин «менеджмент» қолданылады. 
             Менеджмент басқарудың жалпы принциптерін қарастыруды мақсат етіп қояды. Басқару ғылымының негізгі мектептері. Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар.

       1.Басқарудың негізгі мектептері көзқарасы тұрғысынан. 
       2.процестік 
       3.жүйелік 
       4.ситуацялық 
         Осылардың алғашқы адамдар арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері,мінез- құлықтық пәндердің ғылыми административтік басқару мектебі. 
Басқару теориясын жалпы тұрғыдан қарау.

 Үрдістік жолы. Бұл жол административтік мектептің негізгі идеясын дамытушы, басқарудың негізгі әмбебап функцяларын басқаруды біртекті үрдісіне айналдыруға ұмтылу негізінде құрылған. А. Файоль негізгі бес басқару функцясын берді: « Басқару - дегеніміз 1.алдын ала болжау, жоспарлау; 2.ұйымдастыру, 3.шешім қабылдау 4.координация 5. бақылау.»- дейді. Кейіннен ол функциялар толықтырылып, нақтыланды.

Жүйелік жол. Басқару теориясы « жалпы жүйе теориясы үлкен әсер етті. Әрбір ұйым бұл бірнеше бір- бірімен байланысты тұтас жүйенің функциялануын қамтамасыз ететін бөліктер жиынтығынан тұрады. Басқарушы бүкіл мекемнеі тұтастай оның бөліктерін сырқы әлеммен байланыстыра көре білу керек. 
           Ситуациялық жол. Оның негізгі тезисі мекеме - ашық жүйе, ол сыртқы әлеммен үнемі қарым-қатынаста. 4 негізгі этапы бар.

1.Басшының басқарушылық компонентін қалыптастыру. 
2. Ситуацияға қатысты қандай да бір әдістердің нәтижесін алдын ала көріп, анализдеу. 
3. Ситуацияның адекваттық трактовкасы. Оның негізгі факторын анықтау. Оған әсер етушіні бағалау.

4. Оң эффектіге жету жолындағы басқару тәсілдерін нақты жағдайлармен сәйкестендіру.          

Негізгі болып 3- этап есептеледі. Басқару теориясының қазіргі жайы. 
Қазіргі дүниежүзілік менеджмент дамуына 3 жол бірге жұмылып бір- бірімен тығыз байланыста. Көптеген концепциялар, трактовка, мектеп, әдістер болуы нәтижені синтездеп, жалпылауда қиындық келтіреді.

 Басқару теориясының әрі қарай дамуы қамтамасыз ететін ситуациялық жол болып табылады. Басқару теориясының қазіргі даму сатысында төмендегідей негізгі тенденцияларды бөліп көрсетуге болады. 
1. Ұйымдастырудың материалдық технологиялық базасына көп мән беру. 
2. Басқарудың әрі қарайғы демокритизациясы. Ұйымдастыруды басқару объектісінен өзін- өзі басқару субъектісіне айналдыру. 
3. Менеджмент пен бизнес интернационолизациясы басқарудың жаңа мәселелері.

 Басқару теориясының негізгі бейнесі. Жоғарыда келтірілген тенденциялар басқарудың жаңа көзқарасы қалыптасуына әкелді.

  1. Басқарушылық рационализмнен бас тарту. Басқару білімді, сыртқы орта өзгерісіне бейімделген болу керек.

2. Басқаруда ситуациялық  тұрғыдан келу. Оның негізгі тезисі- мекеменің бүкіл ішкі ұйымдасуы сыртқы әсерге жауап беру.

3. Басқаруда жүйе теориясын қолдану.

4. Менеджменттің әлеуметтік  жауапкершілігін бүкіл қоғам  алдында әрбір жұмыс істелуі жеке тұлға алдында сезіну.

 

 

2. Кәсіпорындағы  ақпараттар

Бұрын атап көрсетілгендей, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз бетінше жоспарлар, өндірістік бағдарламалар жасайды, өндіріс пен өнімді өткізу, баға саясаты саласында стратегияны белгілейді. Көрсетілген және ұқсас міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ басшы тиімді басқару шешімдерді қабылдауы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ең анық жедел ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік басқару есебі жүйесі ұсынады және де олардың міндеттері күрделенеді.

Дамыған батыс елдерінде  басқарушылық талдау - құрамына қаржылық есеп те кіретін бухгалтерлік есептің біршама оқшауланған жүйекше (подсистема), бұған сондай-ақ қаржылық есеп те кіреді, және де олардың әрқайсының оз мақсаттары мен міндеттері бар. Еске сала кетейік, қаржылық есептің мақсаты - өз әкімшілігіне де, сыртқы пайдаланушыларға да мәліметтер беру.

Басқару есебінің мақсаты - ішкі пайдаланушыларды - кәсіпорынды  басқарудың барлық деңгейлеріндегі  басшылықты есептік ақпараттың барлық түрлерімен қамтамасыз ету.

Ақпарат - тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер жайлы мәліметтер мен байқаудың фактілері, мағлұматтары, нәтижелері яғни зерттеу объектісі туралы берілген, біздің білімімізді кеңейтетіннің бәрі 100 саны өзінен-өзі ақпарат болмайды, ал ұйымда 100 адам жұмыс істейді деп жазу ақпарат болады.

Күнделікті жұмыс процесінде ұйымда қаржылық және басқару есебінде көрсетілетін қорытынды ақпарат  үшін негізгі материалдар болып  қызмет ететін оперативті ақпараттың біразы пайда болады. Менеджерлер  үшін кез келген ақпарат ол есеп объектісі болу-болмауына, сандық бағалауға  келу - келмейтіндігіне қарамастан, маңызды. Ірі тапсырыс берушіні ұйымның  өнім сапасына көңілі толмайды және ол басқа жабдықтаушыны іздеуге  әзір деген қауесет есеп пен бақылаудың объектісі болмаса да, сандық бағалауға  келмесе де бұл өзге маңызды ақпарат. Басқару есебіне қажетті, ақпараттың басқа типті ақпараттан, оның ішінде, қаржылық есепте пайдаланылатын ақпараттан негізгі айырмашылығын анықтау  қажет.

Басқару есебінің негізгі  міндеттерінің біріне дұрыс басқару  шешімдерін кабылдау үшін кәсіпорын  басқарушылары мен жоғары басшылығына  аса қажетті ақпараттарды жинау  және қорытындылау жатады.

Басқару шешімдерін кабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды  білдіреді.

Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану  туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат  болмаса, онда олардың қызметі залал  келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша  бірлік өндіру; қанша жүмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе құрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге  де шығындар, өндіріс көлемі мен  табыс қатынасы туралы талданған  ақпарат керек.

Ұзақ мерзімді және қысқа  мерзімді шешімдердің арасындағы елеулі айырмашылық - оның біріншісін өзгерту  оңай шаруа емес, ал екіншісі жиі  өзгертіледі. Қысқа мерзімді шешімді  орындау әрекеті жиі қайталанады, ал олардың кейбіреуі кешірек  жүзеге асырылуы мүмкін. Мәселен, өткізу бағасын немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге  болады, ал капитал салудың (күрделі  қаржы жұмсалымын) бағытын өзгерту  тұратын шешімге келсек, оны қысқа  мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды (осының негізінде барлық одан арғы қорытындылар мен түйіндер қысқа  мерзімді уақытқа қатысты).

Информация о работе Басқарудағы талдаудың ақпараттық көздері