Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 23:22, история болезни
Фирманың өзінің сатушылары,тіпті бәсекелес фирманың сатушылары да ақпараттың өте бағалы көздері болып табылады. Бірақ оларға өздерінің мүдделерін түсіндіріп және ақпарат іздеп табуға ынталандырып отыру керек. Коммерциялық ақпаратқа келсек, оларды жиірек берудің маңызы зор.
Кіріспе
1. Басқару – кәсіпорын ақпараттарының негізі
2. Кәсіпорындағы ақпараттар
3. Ұйым қызметінің нәтижелерін сипаттайтын кешенді ақпарат көзі - қаржылық есептілік
3.1 Бухгалтерлік баланс
3.2 Пайда және зиян жөніндегі есептілік
3.3 Ақша қозғалысы жөніндегі есептілік
3.4 Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі есептілік
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Өнім шығару туралы қысқа
мерзімді оңтайлы шешім қабылдау
үшін мынаны білу қажет: өткізу бағасын
түсіру мен көп сату табысқа қалай
ықпал етеді, кәсіпорынды ұлғайтып
отырумен және т.б. байланысты қосымша
тұрақты шығындардың орнын
Жалпылама ақпараттық есеп екіге бөлінеді: есептік және есептік емес. Есептік ақпараттың құжаттық негізділік принципі басқару есебінде ескерілмеуі мүмкін, сондықтан нақты және болжамдық бағалар да қолданылады.
Шұғыл басқару шешімдерін қабылдау
үшін зертеу объектісі туралы толық және
толық емес ақпаратты қолдануға болады.
Сонымен қатар кәсіпорындағы ақпараттар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы ақпараттар – ұйымнан, яғни белгілі бір кәсіпорыннан тыс сырттан келетін ақпараттар болса, ал ішкі ақпараттар – кәсіпорыннның өз ішінде жиналатын ақпараттар.
3.Ұйым қызметінің нәтижелерін сипаттайтын кешенді ақпарат көзі - қаржылық есептілік
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Есептеу мен үздiксiздiк қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады. Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып табылады.
Активтер, мiндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептiлiк элементтерi болып табылады. Активтер - дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар. Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.
Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады. Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады. Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау - аталған элементтер бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiкте танылатын және тiркелетiн ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. Қаржылық есептiлiк элементтерiн есепке алу әдiстерi және тану тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi. Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.
Мемлекеттiк мекемелердiң
қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық
есептiлiк мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5) түсiндiрме жазба.
Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және
оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық
стандарттарға және Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе,
мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiк
көлемiн, оны жасау нысандары мен тәртiбiн
уәкiлеттi орган белгiлейдi .
Қаржылық есептiлiктi жасауды ұйымдар Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады. Еншiлес ұйымдары бар ұйымдар негiзгi ұйымның қызметi жөнiндегi қаржылық есептiлiктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға және ұсынуға мiндеттi.
3.1 Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.
Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері
кәсіпорының капиталын
1997 жылға дейін бухгалтерлік
баланс екі бөліктен: актив және
пассивтен тұратын кесте
Көрініп отырғанымыздай, бухгалтерлік
баланс және оның элементтері туралы
бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік
есеп теориясы бойынша оқулықтармызда
берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды
жасаушылар негіз ретінде батыс
ғалымдарының еңбегін алып отыр. «Қаржылық
есептің, субъектінің қаржылық жағдайы
бағалауымен байланысқан
Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.
Міндеттеме – бұл тұлғаның белгілі бір әрекеті басқа бір тұлғаның пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.
Меншіктік капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері»
Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықттамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің «бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтады, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе ттікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табылады.
Баланс активі мен пассивін
құру принциптері бұрынғы қалпында
қалып отыр, яғни активтер олардың
өтімділік деңгейіне
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.
3.2 Пайда және зиян жөніндегі есептілік
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын пайда және зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оның ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.
Информация о работе Басқарудағы талдаудың ақпараттық көздері