Басқарудағы талдаудың ақпараттық көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 23:22, история болезни

Описание

Фирманың өзінің сатушылары,тіпті бәсекелес фирманың сатушылары да ақпараттың өте бағалы көздері болып табылады. Бірақ оларға өздерінің мүдделерін түсіндіріп және ақпарат іздеп табуға ынталандырып отыру керек. Коммерциялық ақпаратқа келсек, оларды жиірек берудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1. Басқару – кәсіпорын ақпараттарының негізі
2. Кәсіпорындағы ақпараттар
3. Ұйым қызметінің нәтижелерін сипаттайтын кешенді ақпарат көзі - қаржылық есептілік
3.1 Бухгалтерлік баланс
3.2 Пайда және зиян жөніндегі есептілік
3.3 Ақша қозғалысы жөніндегі есептілік
3.4 Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі есептілік
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

тап 1 Ибраева Меруерт.docx

— 58.36 Кб (Скачать документ)

Негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.

Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің  жұмысының нәтижесін көрсетуге  мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық  салынғанға дейін және салық салынғаннан  кейінгі негізгі қызметтен алынған  табысты және таза табысты көрсету  мүмкін.

Бұрынғыға қарағанда бұл  едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты  пайдалануды, бюджетке төлемді, табыс  салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу  барысындағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәтиженің қалыптасуын таза пайданы немесе зиянды ғана көрсетеді.

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын  немесе шығынын анықтау барысында  есепке алынады.

Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы» заң  күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының  қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қараша №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті  Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар - активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердың азаюын немесе кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер  тәжірибеде жалпы қабылданған болып  табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу  көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін  бағалау барысында белгілі бір  маңызға ие болады деген негізде  жүргізіледі.

 

 

        1. Ақша қозғалысы жөніндегі есептілік

№3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі  ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі  қызметтен алынатын қаражаттары  жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп  түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен  қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға  мүмкіндік береді.

Ақша  қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Операциялық қызмет деп субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы  жағдайын талдамаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен  бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері  де қолданылады.

Қаржылық есеп берудің  жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына  сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді  түрде талдауға мүмкіндік береді.

 

3.4 Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі есептілік

Кәсіпорынның меншікті капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған  қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттік қаражаттарының, материалдық  емес активтердің және басқада мүліктердің  немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Меншікті капитал жаңадан  құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады, ол құрылтайшылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын  анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қайта тіркелген  кезде қатысушылардың ақшалай салымдары  бухгалтерлік құжаттармен не болмаса  аудиторлық есеп берулерімен қуатталып  бағалануы мүмкін.

Акционерлік қоғамның жарияланған  меншікті капиталдың мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды құнына тең болады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған  жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған меншікті капиталының  минималды көлемі ашық акционерлік  қоғам үшін – бес мың минималды  есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам  үшін – жүз минималды есептік  көрсеткішін құрайды. Қоғамның төленген меншікті капиталының деңгейі шығарылатын  акцияның номиналдық құнына тең болады.

Қоғамның жарияланған  меншікті капиталы түгелдей төленіп  және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі, жарияланған  капитал мен шығарылған капиталының  арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған меншікті капиталын  ұлғайту және азайту туралы шешім  акционерлердің жалпы жиналысында  қабылданады, бірақ оларды минималды  деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Ұйымның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған ұйымның жасаған  қаражаттарының сомасы болып саналады. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғлық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды. 

Құрылтайшылардың жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын  салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша  мүліктік құқығы ақшалай нысанды  бағаланады. Осындай салымдардың  құнының сомасы жиырма мың айлық  есептік көрсеткіштен асып түсуі  керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек.  
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін –бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін –жүз мың минималды есептік көрсеткішін құрайды. 
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Капиталдың қозғалысы  бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің  маңыздылығы әрбір кәсіпорын  үшін зор болып саналады. Төменде  капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Қаржылық есептілікте сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Барлық  ұйымдар мен қызметтер өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді. Оларға жету үшін бухгалтер басқару есебі жөніндегі мамандар бухгалтер-талдаушылар ұсынатын қажетті ақпаратты білу керек. Есептің бұл түрі кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің бөлігі, ол басқаларға қарағанда жуықта пайда болуы, дәстүрлі қаржылық есеппен ортақ белгілер бар, алацда соңғысына қарағанда, міндетті болып атбылмацды. Ол жалпы қабылданған есептік принциптер маңызды емес, оның мәліметтері сыртқы пайдаланушыға емес, мүдделері жеке- жекеленгенжәне бұрыннан белгілі болуы мүмкін, ақпаратты ішкі пайдаланушылар үшін арналған. 

Нарықтық қатынастар жағдайында құжаттарға жазылған кейбір маңызды  экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің  пайдаланып кетпеуі үшін оны құпия  сақтау керек. Маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы керек.

Қаржылық есеп негізінен  өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін  және де кәсіпорын үшін инвестициялық  шешімдер мен несие беру бойынша  шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің  болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған  ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар  мен міндеттемелерді бағалау  үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын  экономикалық шешімдер субъектінің  ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін  бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру  уақытын есептеу және нәтижеге сенімді  болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару  және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен  емес, сонымен қатар барлық қажетті  ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы  бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны  қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген  ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың  көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі  тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің  қызметі жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде  қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген  бірден-бір көзіне, әр түрлі  ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің  өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті  аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 
 
1. Әбдіғали Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»  
     (халықаралық стандарт) , Алматы-2006  
 
2. С.Б. Баймұханова , Ә.Ж. Балапанов.  «Бухгалтерлік есеп» Алматы-2001  
 
3. Қ.К. Кеулімжаев , Н.А. Құдайбергенов  «Бухгалтерлік есеп теориясы және      

     негіздері» Алматы-2006  Экономика

4. «Управленческий учет» - Карпова Т.П., М.:Юнити,2002.

5. «Басқару  есебі» - Назарова В.Л.,Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова  С.Д. , Алматы, экономика 2005.

 

6. «Құрылыстағы  бухгалтерлік есеп» - Кеулімжаев Қ.К.,Алматы, экономика 2008. 

 

7. «Бухгалтерлі  есеп теориясы және негіздері» -  Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов  Н.А., Алматы, экономика 2006.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Басқарудағы талдаудың ақпараттық көздері