Экономикалық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:35, реферат

Описание

Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Работа состоит из  1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 57.48 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Экономикалық  талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне  қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Шаруашылық  субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік  ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның  қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем  қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару  шешімдерін  қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.

Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді  зерттеуді талдаусыз жүргізу  мүмкін емес. «Талдау» терминінің өзі  гректің «analyzis» деген сөзінен шыққан, аудармасында «бөлшектерге бөлемін» дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.

           Мысалы, өнімнің өзіндік құнының  мәнін ұғу үшін оның тек  қандай элементтерден құралатынын  ғана емес, сондай-ақ әр шығын бабы мөлшерінің неге байланыстылығын білу керек. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы  мен оған әсер ететін факторлар дәлірек қарастырылған сайын, біз бұл экономикалық құбылыс жайында көбірек білетін боламыз және өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын анағұрлым жақсы басқара аламыз.

          Сонымен қатар, қоршаған ортаның  көптеген құбылыстары мен процестері  тек анализ көмегімен ғана  таныла алады деп айта алмаймыз. Кей  кездерде адамның ойлау  қабілеттілігіне сай келетін  басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі  туындайды. Бұл мағынада талдауға  зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері  арасындағы байланысты табатын  синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.

          Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шаруашылық субъектісінің жағдайын талдау тәсілі мен мазмұны

 

Талдау  жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу  және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін  есте сақтау керек. Ал меншікті капитал  мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.                                                                                                                        

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен  жүзеге асырылады. Тек ол капитал  жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан  тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік  аса маңызды орын алады, бірақ  онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан  да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін  өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен жабылады.                                                                                                            

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде  меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өз-геру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капи-талға  басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.                                      

Меншікті  капиталдың көлемін ғана анықтап  қоймай, сонымен бірге капитал-дың  жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш  арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен  берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке  қарап кәсіпорын сырттан тартылған  қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін  және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік  коэффициентін меншікті капиталды  барлық авансталған капиталға бөлумен  анықтайды:

Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;                                                                        

Мк - меншікті капитал;                                                                                                                       

Ак - авансталған  капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың  жалпы сомасы).                                                                                                               

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың  азаятындығын көр-сетеді.                                                                                                                            

Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп  санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік  береді. Инвесторлар, несие берушілер  дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің  міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп  болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.                                                                                                

Қаржылық  талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен не-сие  берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасы-на қатынасының  ең аз мәні 0,6 болып табылады деп  есептейді.                        

А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова  және тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін өз қаражатымен  жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі  көрсеткіш бола алады деп санайды.                                                                                            

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің  жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.                                                                                                            

Жабдықтаушылар  мен сатып алушылар арасындағы келісімшарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән  берілген нарықтық экономикасы дамыған  елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда  оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).                                                                                                                   

Жоғарыда  келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау,  қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан  талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік  беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен  жүзеге асырылады.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер  капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі  қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының  құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын  қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің  төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын  көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды  жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың  үлесі басқа факторлардың несие  үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер  әсерінен болуы мүмкін. Егер несие  үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген  дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған  дұрыс.

Әрине, авансталған  капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған  жағдайларға тәуелді болады.                                                                                                             

Каржылық  есеп берудің активтерінің қалыптасу  көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау 5-кестесі құрылады.

 

Кесте-13. Кәсіпорынның авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)

 

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал

           

Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0

 

Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0

 

Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0

 

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0

 

Қысқы мерзімді міндеттемелер

           

Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

  2,57


 

13-кестеден  кәсіпорынның есеп беру жылындағы  активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені  көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның  қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                           

Қк -   қатыстырылған капитал;                                                                                              

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

Ктс- тәуелсіздік  коэффициенті.                                                                                           

Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы  сомасындағы қарыздың

үлесін  сипаттайды.                                                                                                                               

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі  жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда  оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

 Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  сипаттайтын меншікті ка-питалдың  қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;                                                                 

Мк - меншікті капитал;                                                                                                              

Қк - қатыстырылған  капитал.                                                                                           

Бұл коэффициент  жоғары болған сайын, соғұрлым банктер  мен инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

Информация о работе Экономикалық талдау