Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2011 в 15:43, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.
Кіріспе ................................................................................................................... 3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі….. 4
1.1 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі.................................................................... 4
1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері................................................... 7
1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы..................................................... 12
2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау............................................... 13
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы......................................... 13
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы........................... 17
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру............. 24
3 «АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары....................................................................................... 28
3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары........................... 28
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары............................ 29
Қорытынды........................................................................................................... 32
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................... 33
Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:
Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар айналыммен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:
Сөйтіп,
кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы
– халық шаруашылығындағы ақшалай
табыстарды, жинақтарды және
қорларды жасауға, бөлуге және
пайдалануға байланысты туындайтын
экономикалық қатынастар.
1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері
Кез-келген
бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың
бар болуы мен олардың
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚҚЖ) – айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.
Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде талқыланады:
• қаржылық тұрақтылық – бұл қызмет үрдісінің жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуі;
• қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорын шоттарының оның төлем қабілеттілігіне үнемі кепілдік беретіндей етіп орналасуы;
• қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін, әрі тиімді пайдалана отырып, өндіріс пен сату үрдістерін, сонымен бірге үдемелі ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі.
Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты жэне абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.
Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т.б.
Каржы
тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері
- тауарлы-материалдық
Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма.к.). Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (¥а) айырмасы ретінде анықталады: Ма.к.=Мк-¥а
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл субъектінің өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:
Сыртқы факторлар:
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ең соңғы кезеңі. Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.
Ішкі қаржылық талдау – бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау – инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау – кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:
Міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиялық міндеті –меншікті капиталды көбейту мен кәсіпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент пен аудиттің негізгі элементі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, капитал түсімдерін жоғарлату үшін қаржылық есеп беру негізі болып табылады. Несие алушы және инвесторлар қаржылық есеп беруді өздерінің қарыз алуы және салымдар бойынша өз тәуекелдерін минимумға жеткізуге талдау жүргізеді. Қаржылық талдау тәсілдемесі бір-біріне байланысты 3 блокты қосады.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты болып көп мөлшердегі емес ақпаратты параметрлерді алу.Талдаудың мақсаты аналитикалық есептің бір-біріне байланыстылығын анықтауда талданады. Аналитикалық есеп бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық есебі мен ақпараттық техникалық және әдістемелік мүмкіншілігін талдауын жүргізу үшін анализдеуді нақтылау болып табылады.Кәсіпорынның қажеттілігіне байәланысты сұрақтарын шешу үшін олар өндіріс, қамту қаржылық, инвестициялау және жаңадан енгізулер бойынша ақпараттың болуын бағалау және талдау үшін нәтижесі болып табылады. Қаржылық талдау ол кәсіпорынның басқару структурасының жоғары звеносы болып табылады. Қаржылық анализ ол кәсіпорынның басқару жүйесінде экономикалық процестерінде өзіне икемдеу тәсілі ретінде маңызды болып табылады.
Қаржылық талдаудың нәтижесі ол кәсіпорынның және басқада экономикалық ақпаратпен қызығушыларының администраторлық ақпараттың өсуіне әсерін тигізеді.
Қаржылық талдау процесінде келесі қайнар көздерінен ақпарат алынады.
А) пресса
Б) басқарушы ұйымның сұрауы.
В) экспериметтік ақпарат.
Кәсіпорын бір – бірімен байланысатын параметрлерден тұрады. Партнерлерды негізгі және негізгі емес.
Негізгі партнерлық топ - ол кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің салымдарын салған және өздерінің қатысуымен қызығушылығына байланысты кәсіпкерлік қызметтің талдауы кезінде өзінің компенсациясына талап етілуіне қатысушылар, яғни негізгі партнерлік топтар, олар кәсіпорнның қаржы жағынан да олардың пайда түсіру, табыстық жағынан да өз мүмкіндігінше көмек беруіне ынталы болып келеді.
Негізгі емес партнерлік топтар:
Партнерлік топтың салық жарналары.
Талап етушілерден компенсация түрі:
Дивиденд,пайыз, окладтан жоғары пайда мөлшері мен еңбекақы төлеу, персоналға еңбекақы, премиялар, әлеуметтік жағынан көмек, келісім бағасы, сатып алушылар арасындағы келісім бағасы, мерзімді толығыменалуды төлеу.
Қаржылық талдау кезінде жүргізілетін мақсат:
Қаржылық талдау - шаруашылық қызметтің толық және жалпы талдауының бөлігі яғни, екеуі бір- біріне байланысты бөлімнен тұрады.