АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2011 в 15:43, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................... 3

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі….. 4
1.1 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі.................................................................... 4
1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері................................................... 7
1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы..................................................... 12

2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау............................................... 13
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы......................................... 13
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы........................... 17
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру............. 24

3 «АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары....................................................................................... 28
3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары........................... 28
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары............................ 29
Қорытынды........................................................................................................... 32
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................... 33

Работа состоит из  1 файл

менеджмент.docx

— 90.77 Кб (Скачать документ)
  1. Қаржылық талдау.
  2. Өндіріс басқарушылық талдау.
 
 
 
 
 
 
 

     1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы

     Қаржылық  талдаудың нәтижелігі негізінен  оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан тәуелді. Қаржылық талдаудың негізгі ақпарат көзі – кәсіпорынның қаржылық есебі. Кәсіпорынның қаржылық есебі келесі есеп беру формаларын қамтиды:

  1. Бухгалтерлік баланс.
  2. Пайда мен зиян туралы есеп.
  3. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі.
  4. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

     Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі. Сонымен бірге, ішкі қаржылық талдау өндірістің техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдалана алады.

      Қаржылық  есеп берудің мақсаты – ақпаратты  пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесі мен есепті кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, мәнді, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

      Қаржылық  есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық  және несие беру шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз еткенімен, экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебі коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиіс қаржылық ақпарат көлемін  шектейді. Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есепті негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдауы тиіс.

     1. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңыны бейнелейді. Ол субъектінің мүліктік жағдайын көрсетеді, оның мәліметтерін ішкі және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.

      Баланс  мәліметтері негізінде сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорынмен серіктес болу не болмауды негіздейді, өз салымдарының тәуекелін анықтайды, субъектінің  құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешімдер қабылдайды. Осы себепті кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.

      Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлімнен тұрады:

  1. Қысқа мерзімді активтер.
  2. Ұзақ мерзімді активтер.
  3. Қысқа мерзімді міндеттемелер.
  4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
  5. Капитал мен резервтер.

Бухгалтерлік  баланс қаржылық есептің 3 элементін: активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді қамтиды. Қалған екі элемент табыстар мен шығындар – қаржылық есептің №2 формасында бейнеленеді.

  1. Пайда мен зиян туралы есепте кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жинақталып, жалпы пайда, жалғастырылатын қызметтен пайда, салық салғанға дейінгі пайда, қорытынды пайда,

   1 акцияға пайда түрінде бейнеленеді.

  1. Қаржылық есептің №3 «Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі» формасында белгілі кезең аралығындағы кәсіпорын қаражаттарының көздері мен осы қаражат қалай пайдаланылғаны көрсетіледі.Ол пайдаланушыларды есепті кезеңде кәсіпорынға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
  2. Қаржылық есептің №4 «Капиалдағы өзгерістер туралы есепте» жыл ішінде капитал мен резервтер сомасында болған өзгерістердің себептері келесідей бағыттар бойынша ашып көрсетеді: есеп саясатындағы өзгерістердің әсері, активтерді қайта бағалаудың әсері, жыл ішінде шеккен пайда не зиян, акциялар эмиссиясы, қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар, т.б.
 
 

       2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау 

       2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы 

      Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданының Луговое ауылында орналасқан  “ АКА ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1988 жылдың  қараша айының бесінші жұлдызында қалыптасып, өзінің қызметін 1999 жылдың 4 ақпанында бастаған. Жаукпкершілігі  шектеулі серіктестіктің  орналасқан жерінің ерекшелігі бар. Ол Республикалық маңызы бар “ Алматы-Екатеринбург ” тас жолының бойында  орналасқан. Сонымен қатар Темір жолдың бойындағы “ Тастақ ” станциясына жақын орналасқан.

      “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңға сәйкес  қалыптасқан күннен бастап  жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлғанын құрылтайшысы Ахмедин Қуанышбек Ахмединұлы серіктестікті анықталмаған мерзімге аша отырып, 103  мың  теңге  көлемінде  ақша  сомасымен жарғылық қорын құрастырған.

        1999 жылы кәсіпорын ең алғаш қызметін көктемгі егін егу науқанына дайындықпен, сонымен қатар тоқтап тұрған өніріс орындарын жандандырумен бастады. Серіктестікте егінді егу мен оны жинап алуға жететін техника мен оны өңдеуді жүзеге асыратын мүмкіншілігі бар. Кәсіпорын еншісінде бұрынғы савхозды жекешелендіруден кейінгі қалған мүлкі мен техникасы, сонымен қатар құрылтайшысының өзі қосқан (интелектуалды салымдары қоспағанда) мүлкі мен серіктестік қызметін ұйымдастыру үшін ақша қаражаты болып табылады.

     Осы жылдың көктемінде алғашқы рет жер  өңдеп егін егілді. Алғашқы жылда  атқарылған айтарлықтай жұмыстар:

  • Серіктестікте бидайды кептіретін, өндейтін, тартатын, тазартатын, сұрыптайтын  екі диірмені жұмыс істеуге дайын тұрды;
  • Ауылшаруашылық техниканын  жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін АЗС жұмысы қалыпты;
  • Көлік техникаларын жөндеудеуден өткізетін МТМ жұмысын жүйелендіру;
  • Құрылыс заттарын жасап шығаратын құрылыс алаңын қалпына келтірлді. Жаңа қалыптасып отырған  серіктестік үшін оның маңызы зор еді. Құрылыс алаңының арқасында кейінгі жылдарға деген  өндірісті ұлғайту жоспарлары қиындықсыз, қайта үлкен қарқынмен жүзеге асты;
  • Егін шаруашылығымен қоса серіктестік мал шаруашылығын да қоса дамытуды алдына мақсат қойды;
  • Сонымен қатар нан өнімдерін дайындайтын, оларды өңдейтін, пісіріп сататын нан пісіретін уйдің құрылысы осы алғашқы жылдарда атқарылған айтарлықтаз қызметтерінің қатарында болатын;

     2000 жылы кәсіпорын қызыметін бастағаннан  кейінгі екінші жыл болып табылады, бұл кәсіпорынның бірінші жылғы атқарылған қызметтінің алғаш жемісін кору деген сөз болып табылады.

     Екінші  жылдағы ең манызды шара. Ол шара жаңа, екінші жанар-жағар маймен қамтамасыз ету станциясының құрылысымен байланысты. Жаңа станцияның бұрынғыға қарағандағы  ерекшелігі оның орналасқан жерінде! Яғни Республикалық  маңызы бар “Алмата  – Екатеринбург ” тас жолының  бойында орналасуы. Осының арқасында  жанар-жағар май сатудан түсетін  пайда тұракқты және  өте жоғары болды.

     2001 жылы Луговое ауылында Кеңсе  құрылысын бастады. Кеңсе құрылысы  6 айға созылды. Жаңа евро-ремонт стандартына сәйкестендірілген кеңсе екі қабаттан тұрады. Біінші қабатында Луговое ауылды мекенінің әкімшілігі толықтай кошірілді. Екінші қабатта жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кеңсесі орналасты. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Атқарушы орган – директорының жұмыс орны осы кеңседе орналасқан. Екінші қабатта сонымен қатар есеп айырысу кассасы және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің экономикалық бөлімі, соның ішінді бухгалтериясы орналасқан.

     2002 жылдан бастап кәсіпорын льготты  салық түрін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және оларды өңдеу қызметінде пайдалануды бастады.

     2004-2006 ж.ж аралығын егіннен түсетін пайдамен байланысты. Осы жылдар аралығында серіктестіктің экономикалық бөлімі бидайдан және бидай өнімдерін сатудан түскен пайда максималды болды деген тұжырымға келген. Ол темір жол арқылы экспортқа байланысты болатын.

     2000 – 2003 ж.ж аралығында серіктестк егін шаруашылығы саласында дәнді дақылдардан тек қана  бидай өсіріп келсе. Және де бидайдың “ Астана ” деп аталатын бір сорты ғана. 2004 жылдан бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің егетін дақылдарының қатарына күнбағыс қосылды. Жоспар бойынша 2004 жылы “Май сығу” шағын зауыты жұмыс істеуге дайын болатын. Күнбағыс егумен қатар бидайдың жаңа сорты “ Светланка ” өсіру қолға алынды. Бидайдың бұл сорты жоғары сапалы болып табылады.

     2006 жылы “Тас үгіту” зауытының  құрылысы аяқталды. Жол құрылысымен  айналысатын фирмаларға  жол құрылысына арналған майда тас  сату қызыметі жүзеге асырылды. Осы жылы Тас зауытымен қатар Астана қаласында орналасқан құрылыс нысанының жұмыс аяқталды. Бұл нысан бірнеше қызмет түрлерін атқаруға мүмкіншілік берді. Ол мүмкіншілікті “Қонақ үй” қызметін жүргізу мен кеңсені жалға беруге пайдаланды. Сол жерде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас кеңсесі орналасқан. Бас кеңсе серіктестіктің  генерелды директоры, бас бухгалтері, бас экнономисінің жұмыс орны.

     Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі өте зор серіктестікке айналды.

     “ АКА ” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коммерциялық ұйым. Кез-келген коммерциялық ұйымның, кәсіпорынның  мақсаты озінің капиталының рентабелділігі, яғни пайда  табу. Серіктестік өзінің пайда табу масатында алуан түрлі шаруашылық қызмет түрлерін жүргізеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  алуан түрлі шаруашылық қызметі екіге бөлінеді:

  • негізгі шаруашылық түрлері;
  • негізгі емес шаруашлық түрлері;

     Кәсіпорын құрылғанда негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру болатын. Уақыт  өте келе өнім түрлері мен қызметтердің да саны арта түсті. Осы қызметтердің ішіндегі негізгі қызмет турлері

  • егін шаруашылығы:

     ○  бидайды өндіру, оны өңдеу;

     ○   күнбағысты өндіру, оны өңдеу;

  • мал шаруашылығы:

     ○  Мал басын кобейту мен бордақылау;

     ○  Ет өнімін сату;

     Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің айналысатын  қосымша қызмет түрлері:
  • құрылыс қызметі;
  • құрылыс материелдарын өндіру;
  • құрылыс материалдарын сату-сатып алу;
  • жол құрылыс материалдарын шығару;
  • жанар-жағар май саудасы;
  • қонақ үй, мейрамхана, кеңселерді жалға бепру қызмет көрсету саласы;
  • техникалық қызмет станциясы (СТО);
  • автоколік, техниканың қосалқы бөлшектерін өндіру, сату, атып алу,
  • кен орындарын жетілдіру, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау т.б б.т

     Кәсіпорын өндірісін жүзеге асыруды және дамытуды тек қана ішкі қаржыландыру көзімен  ғана жүзеге асырып отырған. Өнім  өндіру мен қызмет көрсету серіктестік  үшін пайда көзі болып табылады. Пайдаға жету үшін серіктестік қызыметінің  заңдылықпен тиым салынбаған келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:

  • құрылыс қызметі, құрылыс-жинақтау, жұмыстары, құрылыс учаскесін дайындау,құрылыс заттарын жасау, сатып алу, сату, автокөлік жолдарын жөндеп жасау, құрылыс-монтаждық пен жол-құрылыс жұмыстары, ғимараттарды жабдықтау, дизайні, жол-құрылыс техникасы, құрал жабдықтар, жол салу мен жол-құрылыс материалдарды шығаруға арналған агрегаттар және механизмдерді сатып алу, жеткізу және сату;
  • Ұн тартатын өндірістік, ауыл шаруашылық өнімділігінің оның ішіндегі дән және дән өнімділігін  және мал шаруашылығының барлық түрлерін жасау, өндіру және сату, дән, ұн тартатын  және нан пісіретін өндірістік, мал және мал шаруашылығының өндіру өңдеу және сату, ауыл шаруашылық техниканы, минералды тыңайтқыштар мен химикаттарды сатып алу және сату, нан-бөлкелік, кондитерлік пен макарондық өнімдерін жасап сату, жер аумақтарын жалға беру;
  • Халық тұтыну тауарлары,тамақ өнімдерің жасау,сатып алу,жеткізу және сату, осы мақсатымен дүкендер,дәмханалар,мейрамханалар,бар  қоғамдық тамақтандыру және комиссиялық сауда кәсіпорындарын ашу,халқына медициналық қызметтер көрсету, медициналық жабдықтар жеткізу, фармацевтикалық қызмет, дәріханалар ашу;
  • Әрлендіру,жарнамалық,кеңес беру жән делдалдық қызмет,басып шығару қызметі,полиграфиялық қызмет,ақпараттық  материалдарды көрсету,инвестициялық,сауда және делдалдық қызметке қатысу, маркетинтік, қаожылық және басқа қызметтерді мекемелерге, ұйымдарға,көрсету,заңгерлік қызметтерді көрсету;
  • Мекемелер,азаматтарға автокөлік қызметтерін  көрсету, теміржол тасымалдау және жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік құралдары және қосалқы бөлшектерді сатып  алу және сату, ТҚС, ЖҚС, автотұрақтар және көлік жуу нүктелерін ашу;
  • Халыққа тұрмыстық,әлеуметтік,тұрған және медициналық қызметтер көрсету,осы  мақсатта туризм объектілері мен мекемелерді, сауықтыру-спорт кешендерді, қонақ ұйлер, моншалар, сауаналар және демалыс аймақтарын ашу;
  • қағаз массасы  қағаз және қатты қағазды шығару, сатып алу және сату қағаздан жасалған  бұйымдарды, тұрмыстық химия құралдарын  және парфюмерия-сәндер бұйымдарын шығару;  
  • жиһаз, техникалық құрал-жабдық, өнеркәсіптік және құрылыс материалдарды, ағаш,м еталл,п ластик, пенополистеролды өндеуге арналған бұйымдарды, басқа да әрлеу және әрлендіру материлдарды шығару, сатып алу және сату, инновацияларды жетілдіру және ендіру, жоғары технологиялы өнімді шығару және сату;
  • сыртқы экономикалық қызмет, экспорт, импорт ғылыми зерттеу және мәдени ағартушылық қызметтерді дайындау және қайта дайындау, осы мақсатта курстар және оқу орындарды ашу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, жалға беру пайдалану жылжымайтын мүлікті тіркеу;
  • кен орындарын жетілдіру, пайдалы қазбаларды іздеу және  барлау, су көздерін пайдалану; 
  • қызметтің ҚР заңнамасымен тиым салынбаған басқа түрлері.

Информация о работе АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары