Алғашқы қаржылық құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2012 в 19:04, реферат

Описание

Қаржылық менеджмент әр түрлі коммерциялық ұйымдардағы қаржы жұмысында қолданылатын құралдар жиынына ие. Қаржылық менеджменттің ұйымдағы тиімділігі қаржы жұмыскерлерінің кәсібилігіне байланысты. Осы қолданылатын әдістер, құралдар, басқару әдістемелері мен технологиялары кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін тигізеді. Кәсіпорындағы қаржы жұмыстары барлық мүмкіндіктерді қолдануға бағытталуы тиіс. Кәсіпорынды қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ететін бағыттардың бірі – бағалы қағаздармен жұмыс болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

6.doc

— 164.50 Кб (Скачать документ)

1. Алғашқы қаржылық құралдар.

Қаржылық менеджмент әр түрлі коммерциялық ұйымдардағы  қаржы жұмысында қолданылатын құралдар жиынына ие. Қаржылық менеджменттің ұйымдағы тиімділігі қаржы жұмыскерлерінің кәсібилігіне байланысты. Осы қолданылатын әдістер, құралдар, басқару әдістемелері мен технологиялары кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін тигізеді. Кәсіпорындағы қаржы жұмыстары барлық мүмкіндіктерді қолдануға бағытталуы тиіс. Кәсіпорынды қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ететін бағыттардың бірі – бағалы қағаздармен жұмыс болып табылады.

Қаржылық құралдар – бұл кәсіпорынның бір мезгілде қаржылық активтері мен міндеттемелері борыштық немесе үлестік мінезді ұлғаюы туралы кез келген шарт.

Бағалы қағаздар –  мүлікті құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Капитал ақшалай, өнімді, тауарлы формада болады.

Акция – дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай да бір акқионерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағлы қағаз.

Облигация – оның иесінің  ақша салғандығын куәландыратын  және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы құнына белгіленген пайызды төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз.

Вексель – белгілі  бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде  төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша  қарыздық міндеттемесін білдіреді.

Чек – ағымдағы щот  иесінің чекті ұстаушыға белгілі  бір ақшалай соманы төлеу туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі  мерзім өткен соң, тиісті қаражатты  және оған есептелетін пайызды алуға  құқық беретін және оның шотындағы  ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын  банк-эмитенттің жазбаша куәлігі. Дипозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысуы қызметін атқара алады. Осы қаржылық құралдардың өнімді қолданылуы кәсіпорынның қаржылық жұмысының деңгейіне тәелді.

 

2. Қаржылық талдау.

Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарасы – оның қаржылық жағдайын талдау.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуы үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады.

Аналитикалық жұмыс  – кәсіпорынның негізгі ақпараттық жүйелерінің бірі.

Қаржылық талдау –  тиімді дамуды қамтамасыз нтуге және оның нарықтық құнын көтеруге мақсатында кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелерін  және қаржылық жағдайын зерттеу процесі.

 

Қаржылық талдау пәні – кәсіпорынның ағымдағы қаржы көрсеткіштерінде болған өзгерістерді бағалауға мүмкіндік  беретін кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдай - Қаржылық ресурстарды бөлу, орналастыру және қолдануды сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.

Қаржылық талдаудың  мақсаты – кәсіпорын жағдайының есеп беруін құрастыру күні мен болжамы  туралы нақты ақпарат алу.

Қаржылық талдау процесінде белгіленген мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу қажет:

Кәсіпорынның нақты шартындағы қаржылық оқиғалар мен процестердің тенденцияларының заңдылықтарын белгілеу.

Ағымдағы және келешектегі  жоспарларды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Басқарушылық шешімдер мен жоспарлардың орындалуын бақылау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қорытындысын бағалау.

Қаржылық талдаудың  принциптері:

  • Объективтілік
  • Ғылымилық
  • Кешенділік
  • Жүйелілік
  • Өтімділік
  • Тиімділік
  • Мемлекет ықпалының қажеттігі
  • Жоспарлық
  • Жеделдік

Қаржылық менеджментте кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 2 кезенде жүргізіледі.

Қаржылық жағдайды алдын ала бағалау. Осы кезенде есеп берудің негізгі көрсеткіштері бойымен абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларды анықтау мақсатымен 2 соңғы жылдарға салыстырмалы кестелер жасалады. Мұндай экспресс талдаудың негізгі мақсаты – маңызды көрсеткіштердің салыстырмалы есептеулерінің біраз бөлігін таңдап алу.

 

 

3. Бағалы қағаздар мәне және белгілері.

Бағалы қағаздар –  мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір  ақша сомасын алуға құқық беретін  құжат.

Бағалы қағаздардың  белгілері:

Нарықтағы айналымдылығы  – бұл бағалы қағаздарды нарықта  сату және сатып алу қабілеттілігі, сонымен қатар басқа тауарлардың  айналымының дербес төлем құралы ретіндеболуы.

Стандарттылық – бағалы қағаздың стандартты мазмұны болуы  тиіс (құқықтардың стандарттылығы, қатысушылардың стандарттылығы, бағалы қағаздың стандарттылығы).

Азаматтық айналым үшін қол жетімділік, яғни бағалы қағаздардың  сатылу қабілеттілігі ғана емес, сонымен  қатар, келісімдерді қоса алғанда, басқада  азаматтық қатынастардың объектісі  болу.

Сериялық – бағалы қағаздарды бірыңғай сериямен шығару мүмкіндігі.

Құжаттылық – бағалы қағаз нақтылы құжаттар сияқты заңмен ескерілген реквезиті болуы керек.

Мемлекеттік мойындау және реттеу – жақсы реттелуі мен сенімді  қамтамасыз етілуі үшін, бағалы қағаз  ретінде құжаттар мемлекет тарапынан мойындалуы керек.

Өтімділік – бағалы қағаздардың  тез сатылуы және ақша қаражатына айналуы.

Тәуекел – бағалы қағаздардың  инвестициямен байланысты жоғалу мүмкіндігі.

Міндеттерді орындау  – бағалы қағаздарда көрсетілген  міндеттерді орындамауға рұқсат берілмейді.

Акциялар мен облигациялардың  шығарылуы құнды қағаздар нарығын  қалыптастырады. Осы нарыққа қатысушылар  инвесторлар, эмитенттер, инвестициялық  институттар.

 

 

4. Акция және оның түрлері.

Акция – бұл акционерлік  қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Акциялар келесі белгелер бойынша бөлінеді:

Тіркеу ерекшеліктеріне  қарай:атаулы акциялар

Басқаруға қатысу құқығына сәйкес: жай, артықшылығы бар акциялар.

Аймақтық тиістілігіне қарай: отандық эмитенттер акциялары, шет елдік эмитенттер акциялары.

Жай акциялардың артықшылықтары:оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі, қоғамды  басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді, бір жай акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады, нарықта өтімділігі жоғары.

Жай акцияның кемшіліктері: табыстың тұрақсыздығы, акционерлік  қоғамның тиімсіз қызметі әсерінен дивидендтер төленбеуі мүмкін, акционерлік қоғам банкроттық жағдайға ұшырағанда жай акция иеленушілер инвестицияланған акциялар бөлігінен айырылуы мүмкін.

Артықшылығы бар акциялар артықшылықтары: иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкундік береді, тәуекелден толықтай қорғалған.

Артықшылығы бар акциялардың  кемшіліктері: басқару ісіне араласуға  немесе акционерлер жиналысына қатысуға мүмкіндік бермейді, өтімділігі аз, акционерлік қоғамның тиімділігінің қызметінде дивидендтер бойынша төлемдер деңгейі төмен.

Акцияны сатып алудың 3 негізгі мақсаты:

  • Ұдайы дивиденд алу үшін
  • Ұзақ мерзімді инвестицияларды жүргізу үшін.
  • Табыс табу.

 

 

5.Ақша ағымы және  оған әсер етуші факторлар.

Ақша ағымы – қаржылар жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының  арасындағы айырма болып табылады. Ақшалай ағымның бағалану көрінісі ең қолайлы немесе тиімді талдаудың инвестициялық жобасында жүреді. Көптеген ақшалай ағымдар 2 элементтен тұрады. Ақша ағымы қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шығындарымен байланысты.

Ақша қаражаттары бұл  тауарлар мен қызметтерді алуға  әрдайым пайдаланылатын активтердің  жиынтығы. Олар кәсіпорын үшін жоспарлау есеп және бақылау, сыртқы ортаман байланыс құралы ретінде көрінеді.

«Кәсіпорынның ақша ағымы» түсінігі біріктіріліп, жалпыланан, оның құрамына шаруашылық қызметті қамтамасыз ететін әр түрлі ақша ағымдары енеді.

Ақшалай активтерді басқару үрдісінде қаржылық менеджменттің маңызды мәселесі болып уақытша бос ақша қаражаттарын және олардың инвестициялыққалдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасызету табылады.

Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарға негізделген:

Ақпараттық нақтылық ұстанымы: ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.

Теңгерімділік тұжырымдамасы. Басқарудың біртұтас мақсаты мен  тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге және басқада сипаттамаларына қарай теңгерімділігін қамтамасыз ету.

Тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы.

Өтімділікті қамтамасыз ету ұстанымы.

Ақша ағымын басқарудың негізгі мақсаты: кәсіпорынның дамуы  барысында ақша қаражатының түсімі мен шығынын теңгерілуін және олардың уақыт аралығында синхронизациялануын жүзеге асыра отырып қаржылық тепе-теңдікті сақтау. Ақша ағымының қозғалысын талдау есеп беру кезеңінің мәліметтері бойынша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ағымдағы іс-әрекет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, ақша қаражатымен байланысты өзге де операциялар.

Ақша ағымын болжау дегеніміз  – ақша қаражатының қозғалысын талдау схемасы бойынша, бірақ болжап отырған  кезеңде ғана, ақша қаражатының мүмкін болатын түсімін есептеу.

 

6. Ақша ағымының кіріс пен шығыс көздері.

Кәсіпорынның белгілі  бір к\уақыт кезеңіне ақша ағымының кірісі мен шығыс жиынтығын құрайды. Ақшаның осы кезеңге кірісі мен төлемі (шығысы) және ақша ағымын көрсетеді.

Ақша түсімі мен кіріс  жиынтығы – қаржылық құралдар ағымының тиімді жағы. Әлемдік практикада ақша ағымын «кеш фло» (cash flow) деп атайды, ағылшын тілінен аударғанда қолма қол ақшаның ағымы деген мағына береді. Бұл пайда, рентабельділік сияқты кәсіпорынқаржылық көрсеткіштері болып табылады. Тиімді ақша ағымы, тиімді кэш фло қаржылық ресурстарды көбейтеді, ал керісінше тиімсіз кэш фло дифицит, яғни аз болады. Уақытша баға қаржылық құралдардың қазіргі және болашақтағы ағымын анықтайды. Осыған байланысты келтірілген ақша ағымы – кэш фло (discounted cash flow немесе present value cash flow) деп аталады. Дисконт сөзі «жеңілдік», ал «дисконттау, яғни келешек ақшалай ағымдарды қазіргі уақытқа салыстарған түрде келтіру». Жүйелі және дискретті ақша қаражаттарының ағымының түсінігі бар. Жүйелі ағым белгілі бір уақыт кезеңінде, дискретті-белгілі бір кезеңдегі жеке түсулер мен ақшаның жұмсалуы. Дискретті-ұза мерзімді несие алу, ірі вексельді төлеуден түсім, лицензия сатып алу және т.б.

 

7. Несие

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың  ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несие – бұл пайыз  төлеу және қайтару шартында уақытша  пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Жеделдік қағидасы –  бұл несиенің белгілі бір мерзімге берілгендігі және қарыз алушының несие шартын сақтауы.

Қамтамасыздық қағидасы – қарыз  алушы қарыз берушіге несие келісіміндегі  шарттарды орындауы туралы кепілдік. Кепілдік ретінде белгілі-бір мүлік  кепіл бола алады.

Ақылық қағидасының мәні қарыз алушы белгілі бір көлемде ақша сомасын қайтаруымен қатар қарыз берушіге пайыз мөлшерін төлейді.

Жеделдік қағидасы бойынша  несие қысқа мерзімді, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерз – 1 жылға, орта – 3 жыл, ұзақ -  3 жылдан жоғары. Кредитор тек қана банктер емес, ақшалай займдар беретін несиелік одақтар, қаржылық ұйымдар болуы мүмкін.

Қамтамасыздық қағидасы бойынша несие қамтамасыздандырылған  және қамтамасыздандырылмаған болып  бөлінеді.  Қамтамасыздандырылған  несиеде кепілдік ретінде белгілі бір мүлік немесе 3 жақ кепіл бола алады. Камтамасыздандырылмаған несие  мұндай шартқа ие емес, несенің де көлемі аз.

Несиені мақсаттық тағайындауы қарай береді. Мыс, көлік сатып алу, мүлік, техника, демалысқа несие, білім алу жіне т.б. Сонымен қатар, несиені мақсатсыз түрде келешек мұқтаждықтарға алуға болады.

Несиелер кез-келген нысанда  беріледі: шетелдік немесе ұлттық валютада, тауар түрінде, қолма-қол, кредиттік  карта түрінде.

Информация о работе Алғашқы қаржылық құралдар