Иннавациялық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 12:49, курсовая работа

Описание

Қорытынды бөлімінде жалпы коммерциялық банктердің табысы мен шығынын басқару бойынша қысқаша қорытынды жазылған. Жаңағы айтылып кеткен коммерциялық банктердің табысы мен шығынының құрамы мен құрылымы, олардың қалыптасу көздері, табыс пен шығынды басқару мәселелерін өз ойыммен қорытындыладым. Бұл жалпы курстық жұмыстың түйіні деп айтуға болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. БӨЛІМ. БанкТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................6
1.1. Банк табысын қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы..............6
1.2. Банктің шығындары және олардың жұмсалу бағыттары.......................11
2. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ........................................................13
2.1. Банктің табысы мен шығысын бақылау жүйесі......................................13
2.2. Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және
ұйымдастыру жүйесі.........................................................................................15
2.3. Банктің табысы мен шығыны деңгейін бағалау мен реттеу
тәсілдері.............................................................................................................18
3. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ
МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................21
3.1. Банктің табысы мен шығындарын басқаруды жетілдіру жолдары......21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

пайдаланған әдебиеттер тізімі.....

Работа состоит из  1 файл

банктин табысы мен шыгынын баскар.doc

— 279.50 Кб (Скачать документ)
 

                                                       МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. БӨЛІМ. БанкТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

                НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................6

     1.1. Банк табысын қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы..............6

     1.2. Банктің шығындары және олардың жұмсалу бағыттары.......................11 

2. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ  

                ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛАРЫ........................................................13

     2.1. Банктің табысы мен шығысын бақылау жүйесі......................................13

     2.2. Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және

     ұйымдастыру жүйесі.........................................................................................15                                                                  

     2.3. Банктің табысы мен шығыны деңгейін бағалау мен реттеу

    тәсілдері.............................................................................................................18 

3. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ

                 МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................21 

      3.1. Банктің табысы мен шығындарын басқаруды жетілдіру жолдары......21                                                                      

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

                                                                                                        

пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................29                                                           

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

        Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызы бөлін бейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы – тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.

        Банктің басты қызметі – елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни  салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.

       Сонымен бірге банктер ел экономикасындағы  ақша айналымының барлық құралдарның негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық, мемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады. Сондықтан, банктің табысы мен шығындарын басқарудағы тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.

        Банктер   шаруашылық   өмірдің   орталығы,  барлық    экономиканың     негізгі   түйіні. Экономиканы    басқару    процесінде   банктер   негізінен   басқарудың   экономикалық   қатынастарын   көрсетеді,   ал   әр   қоғамның    экономикалық    қатынастары   ең   алдымен   мүдде   өндірістің    мақсаты,   яғни    оны    қозғаушы   фактор   болып    табылатын    әдістемелерді    пайдаланады. 

        Банктік  жүйе - нарықтық   экономиканың  ең   маңызды   және   біртұтас   құрылымдарының   бірі.   Банк   негізінен  республикада  нарықтық  қатынастың  қалыптасуына   орай   тәуекелге   бел  байлаған  белсенді  операциялар  мөлшерін  төмендету  арқылы  пассивтерді   бір   қалыпты  деңгейде   ұстап, түбінде   әрбір  кәсіпорынның ,  шаруашылықтың  тиімділігін  арттыру   бағытындағы  стратегиялық  саясат  ұстанып  отыр.  

        Банктің табыстары мен шығындарын басқару банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталады және банктік жұмыстағы ең бастысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталатын ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80%) – қоғамдікі, яғни ақша банктен тыс субъектілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаржысын сеніп тапсырған коммериялық банктердің қаржылық белсенді болуын сәйкес заңдар мен нормативті актілер арқылы қамтамасыз ететін -  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша табыстар мен шығындарды басқару мәселесінің маңыздылығының деңгейі курстық жұмысымыздың тақырыбына  бірден – бір арқау болды.

        Сонымен қатар, соңғы  жылдары елдегі коммерциядық банктердің саны 237-ден қаір 40-қа тарта қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни іщкі қаржылық басқару мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.

        Осы орайда, дәл осы процестерді ашу, банк табыстары мен шығындарының құрамын, құралу көздерін зерттеу, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жодарын іздеу курстық жұмысымыздың тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.

        Банктің қыметі ұдайы өзгеріп  отыратын жалпы экономикалық  және әлеуметтік- саяси жайлардың,  қаржылық нарықтағы жағдайлардың  өгеістерінің барысында жүргізіледі.  Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктың жалпы  экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін.

        Қазақстан Респубдикасының «Банктер  және банктік қызмет туралы»  заңына сәйкес Қазақстанда банктер  – қаржы нарығына әр тарапты  операциялар орындайтын айрықша  хұқыққа ие әмбебап несие мекемелері. Олар әр түрлі мерзімге несие берумен, бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сату және сатып алу, сақтаумен айналысады.

         Нарықтық экономика жағдайында  коммерциялық банктер – өз  клиенттеріне әр түрлі қызметтер  көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазіргі кезде банктің клиенттерге ақы  негізінде көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін операциялардың дәстүрлі және нарық талабына сай дәстүрлі емес формалары көбеюде. Осыған байланысты банк қызметінің коммерциялық сипаты арта түспек. Сондықтан коммерциялық деген термин екінші деңгейдегі банктердің қандай да болмасын меншіктің формасына жататындығынан емес, олардың ақы негізінде (%-к  ставкамен – немесе комиссиондық төлеммен) клиенттерге көрсететін қызметтерінің сан алуандығымен байланысты.

          «Банк табысы мен шығының басқару» атты тақырыптағы алған курстық жұмысымызда Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктерінің табыс мен шығынын қарастырдым. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданған әдебиеттерден тұрады.

           Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде алып отырған тақырыбымыздың қазіргі нарықтық экономика жағдайында өзектілігі, жұмыстың мақсаты, міндеттері, осы жұмысты жазу барысында ең негізгі қолданылған отандық және шетел авторларының оқу құралдары, мерзімді баспалар мақалалары қарастырылған.

           Бірінші бөлімде, банктердің табысынын құралу көдері, осы табыстардың құрамы мен құрылымы, банктердің шығыстары мен олардың пайда болу себептері толығымен қарастырылды.

        Екінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңына негізделген және де банктің табысы мен шығынын басқаруға арналған әдістемелік тәсілдер қарастырылған. Осыған қоса банк табысы мен шығынын бағалау тәсілдері толық қарастырылған.

      Үшінші бөлім коммерциялық банктердің табысы мен шығынын басқару дағы нақты мәселелер мен оларды жетілдіру жолдары қарастырылған деп айтуға болады. Коммерциялық банктер осы белгіленген операциялар арқылы жүзеге асады. Осында активті және пассивті операциялары жайлы мәліметтер қарастырылады. Соның ішінде пассивтік операциялардың: әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

         І топ – депозиттер; ІІ топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.

         Осы аталған екі ірі топтың әр қайсысының пайда болуы мен дамуы, жіктелуі қарастырылған. Соған қоса активті операциялар туралы (жіктелуі, терминдер және т.б.) мағлұматтар бар.

         Қорытынды бөлімінде  жалпы коммерциялық банктердің табысы мен шығынын басқару бойынша қысқаша қорытынды жазылған. Жаңағы айтылып кеткен коммерциялық банктердің табысы мен шығынының құрамы мен құрылымы, олардың қалыптасу көздері, табыс пен шығынды басқару мәселелерін өз ойыммен қорытындыладым. Бұл жалпы курстық жұмыстың түйіні деп айтуға болады.

         Қолданылған әдебиетер бөлімінде курстық жұмысты жазу барысында қолданылған отандық және шетел авторлары оқулықтарының, мерзімді баспа сөз басылымдары мақалаларының, отандық және шетелдік интернет желілерінің толықтай тізімі көрсетілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. БӨЛІМ.  БанкТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ

                НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ  ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Банк табысын қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы

 

         Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу.

        Табыс - бұл шаруашылық қызметті  жүргізу нәтижесіндегі капиталдың  көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс.  
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.

       Таза кіріс =кірістер-шығындар.

         Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады. Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.

         Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын - кірісті төмендету көзі.  
         Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады.  
          Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей:

баға беруге қолданылады.

- кіріс  пен шығын анықталады (кіріс пайда  алу кезінде көзделеді, ал шығын  активтің дұрыс орналаспауында  белгіленеді).

          Келісім-шарт толық орындалған кезде ғана кірістер мойындалады. Активтер болашақ зканомикалық табысты ұстап қалмаған жағдайда шығындар мойындалады. Кірістерді мойындаудың басты критерийларының бірі- сатушы сатып алушыға тәуекелдерді және сатылған өнімнің меншіктік құқығынан сый ақының бергендігінде. Сатушы оларды өзіне қалдырса, бұл мәмлені сату деп есептеуге болмайды.

         Әрбір кірістер мен шығындардың түрлері банктің қызмет етуінің оңтайлы жүйесінің бағасы үшін жеке ашылады. Банктің қаржылық нәтижесін құру үшін кірістер мен шығындардың маңызы бойынша топтастырылады.

        Кірістер мен шығындардың баптары мыналарды қосады:

  • тауарлы-материялды құндылықтардың бағасының төмендеуі;
  • банк қызметінің өзгеруі;
  • қозғалматын мүліктің бабының шығуы;
  • ұзақ мерзімді инвестицияның шығуы;
  • орындалған операциялар;
  • соттық істер;
  • резервті тағы басқалай қабылдамау.

Информация о работе Иннавациялық менеджмент