Иннавациялық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 12:49, курсовая работа

Описание

Қорытынды бөлімінде жалпы коммерциялық банктердің табысы мен шығынын басқару бойынша қысқаша қорытынды жазылған. Жаңағы айтылып кеткен коммерциялық банктердің табысы мен шығынының құрамы мен құрылымы, олардың қалыптасу көздері, табыс пен шығынды басқару мәселелерін өз ойыммен қорытындыладым. Бұл жалпы курстық жұмыстың түйіні деп айтуға болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. БӨЛІМ. БанкТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................6
1.1. Банк табысын қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы..............6
1.2. Банктің шығындары және олардың жұмсалу бағыттары.......................11
2. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ........................................................13
2.1. Банктің табысы мен шығысын бақылау жүйесі......................................13
2.2. Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және
ұйымдастыру жүйесі.........................................................................................15
2.3. Банктің табысы мен шығыны деңгейін бағалау мен реттеу
тәсілдері.............................................................................................................18
3. БӨЛІМ. БАНКТІҢ ТАБЫСЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ
МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...................................21
3.1. Банктің табысы мен шығындарын басқаруды жетілдіру жолдары......21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

пайдаланған әдебиеттер тізімі.....

Работа состоит из  1 файл

банктин табысы мен шыгынын баскар.doc

— 279.50 Кб (Скачать документ)

          Осындай операцилардын өзіндік құнына апарылатын банктің несие және басқа да операцияларынан болатын зиянның орнын толтыру мақсатында резерв құрумен байланысты шығындар.

          Шығын активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы, есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың азаюы. Олар капиталдың азаюына себебін тигізеді.

         Экономикалық шығын - кіріс алуда банктік өніммен қолданылады. Банк өнімінің қозғалысы есепте бейнеленеді. Концепциясында банк өнімім қолданып жұмсалған ақша сомасынан алған сома көп болуын көздейді. Кіріс көздерінде шығындар бейнеленеді.

         Шығындар басқарудың объектісі  болып табылады. Банк шығындарының  қалыптасуы мен оларды банктің қалыпты қызметінде басқару   процесі өзіндік мақсат болып табылмайды, ол банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің факторларының бірі. Банк нақты экономикалық өсімге қол жеткізуі, оның жұмысының тиімділігін жоғарлатуы үшін банктің шығындарын жан жақты талдау, оларды жоспарлау,  ең қолайлы құрылымдарды анықтау, банкпен шығындарды төмендету әдістерін ойластыру керек.

          Банк шығындарын басқарудағы  ең басты мақсат, банк алдына  қойған қызметінің қаржылық нәтижелері  көрсеткіштеріне үнемдеу әдісі арқылы жету. Сонымен қатар шығындарды басқару бойынша банк менеджерлерінің міндеттері сыртқы факторларға, банктің жалпы даму мақсаттарына байланысты нақтыланады. Жаңа нарықтарды игергенде, банк жаңа өнімдер шығарғанда күтілетін шығындар туралы ақпараттар дайындау ұзақ мерзімді жоспарлаудың міндеттеріне жатады. Бұлар маркетингтік зерттеуге кеткен, капиталдық салымдармен байланысты шығындар болуы мүмкін. Банк шығындарын ұзақ мерзімге жоспарлаудың дәлділігі төмен болып келеді, ол бірнеше факторларға тәуелді:

  • Инфляциялық процестердің әсеріне;
  • Бәскелестердің іс әрекетіне;
  • Қаржылық басқару саласындағы мемлекеттің саясатына;
  • Халықаралық факторларға.

          Банк шығындарын қысқа мерзімге жоспарлау дәлірек болады, өйткені олар жылдық немесе тоқсандық есептеулермен негізделген.

          Қазіргі кезде елімізде банк  шығындары мен табыстарын үнемі  салыстырып отыру, шығындарды  бақылауды қатандандыру активті  операциялардың рентабельділігінің  төмендеуімен, коммерциялық несиелендіру  және банк аралық операциялар бойынша пайыздық маржаның төмен деңгейімен түсіндіріледі.

          Басқарудың объектісі ретінде шығындарды анықтаудың дәстүрлі және дәстүрлі емес екі әдісі бар.  Бухгалтерлік есептің жүйесіне тәуелді және заңнамамен негізделген дәстүрлі әдіске сәйкес, банктің операциялық, операциялық емес, пайыздық және пайыздық емес шығындары ажыратылады. Бұл әдіс банктің жалпы экономикалық жағдайын талдау үшін қажет және банктегі басқарудың жалпы деңгейін, қаржылық менеджменттің сапасын сипаттайды.

         Дәстүрлі емес әдіс, өз кезегінде  шығындарды басқарудың объектісі ретінде ерекшелеудің екі әдісіне ажыратылады. Біріншісі «өнімге бағытталған», бұл шығындарды банктің бір өнімдері мен қызметтерінің дамуына байланысты ажыратуды ұсынады. Екінші әдіс «тұтынушыға бағытталған», ол банктің барлық шығындарының арасынан банк аралық операцияларды жүзеге асыру, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен байланысты шығындарды ерекшелеуді ұсынады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. БӨЛІМ.  БАНКТІҢ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН  БАСҚАРУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛАРЫ 

2.1 Банктің табысы мен шығысын басқару жүйесі 

         Банктің табысы мен шығының басқару меншікті және тартылған қаржыларды тиімді орналастыру негізінде ең үлкен пайда алуына қол жеткізу. Банктің табысы мен шығының басқару сапасы тікелей бірнеше көрсеткіштерге ықпал жасайды: өтемпаздыққа, пайдалылыққа, сенімді банктің тұрақтылығына. Корреспонденттік шоттарда қаржы үнемі өзгеріп отырады, сондықтан, банк ағымдағы шоттардағы өз міндеттемелерін орындау үшін оның көлемі жетуі өте маңызды. Осы мақсатта корреспонденттік шотта қаржы жетпей қалған шақта, банк банкаралық қарыз бен қаржы рыногының жедеғабыл депозитін алуы керек.

          Экономиканың жеткіліксіз дамуы  кезінде, отандық қаржы рыногында  кредиттік салымдардың тәуекелі  елеулі өседі. Сондықтан банктің кредит қоржының сапасына, әрі ондағы күдікті уақыты өткен кредиттердің үлесінің төмндеуін басқару маңызды мәнге ие болады.

          Банктің шығындарын басқару нарық  қатынастарына көшкенге дейін  тәжірибе жүзінде жүзеге асырылған емес. Нарыққа көшуге байланысты және екі сатылы банк жүйесінің құрылуына байланысты жағдай түбірімен өзгерді. Орталықтандарылған жалпы мемлекетті қор орнына несиелік капиталдың рыногы келді. Банктер бұл рынокта қатаң бәсекелестік негізінде қаржы ресурстарына ие бола бастады. Кейбір банктермен республиканың барлық банктер жүйесінің өтемпаздығын, рынок арқылы кредит ресрстарын жұмылдыруға және банк қызметтерін эмиссиялық басқаруды қолдауға бағытталған қызметті пассивтерді басқару деп түсінген абзал. Макродеңгейдегі шығындарды басқару республикасының орталық банкі ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізіледі. Екінші дәрежедегі әрбір банк тұтастай өзінде бар ресурстар шегінде ғана кредиттер беру қағидасымен ғана жетекшілік етуі тиіс. Бос резрвтердің көлемі, банк өзінің белсенді операциларына бос қаржыларын қаншалықты сала алатынын көрсетеді.

        Коммерциялық банктердің табысы мен шығының басқарып отыру  коммерциялық банктердің тұрақтылығының басты шарты болып табылады.

         Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін факторлар:

  • әлеуметтік – саяси жағдай, яғни үкімет тұрақтылығы, опозиция әсері, әкімшілік – территориялық мамандықтың орнықтылығы;
  • жалпы экономикалық жағдайэкономиканың нақты секторының потенциалы, өндірістік күштердің жаңартылуы, тауар өндірушілердің бәсекелестік қабілеттілігі, инвестициялар( капиталдың келу/кетуі);
  • қаржы нарығындағы жағдай, яғни банктік салымдардың пайыздық мөлшерлемесі, ақша нарығының табыстылығы, бағалы қағаздар нарығының табыстылығы, ұлттық валютаны алмастыру курсы, сұраныс көлемі(валюталарға ұсыныс, валюта биржасындағы операциялар, ақша эмиссиясы, инфляция қарқыны, Қазақстан Ұлттық банкінің саясаты, алтын валюта қорының көлемі, банк өнімінің бәсекелестігі);
  • несиелік үйымның ішкі тұрақтылығыбанктің  стратегиясы мен миссиясы, кадрлардың кәсіби мамандануы, банктік менеджменттің сапасы, капитал жеткіліктілігі.
 
                             Банк тұрақтылығы
      Әлеуметтік- саяси жағдай
Үкімет

тұрақтылы

ғы

Әкімшілік-

территориялық

маманданудың  тұрақтылығы

Оп позиц

ияның

әсері

Курс-тың

түзе-

тілуі

Саяси

Бағдар

Әлеу-

меттік

тұрақ-

тылық

       Жалпы экономикалық жағдай
Нақты экономика секторы ның поте нциалы Тауар енді-

рушілердің

бәскелестік қабілеттілігі

Капиталдың

салаарлық

келуінің мүмкіндігі

Өндірістік

күштердің

жаңартылуы

Елдің төлем  балансы қалдығы(экспорт/

Импорт

Инвестициялық климат

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 

 

           Қаржы нарығының жағдайы
Теңгенің  айырбастау

            Курсы

Банктік салымдарды

тарту мөлшері 

Банктік

өнім дермен

қызмет 

тердің

бәсе

келес

тігі

Валю

та биржасын

дағы

опера

ция

Ақша 

масса

сы

ның 
 

ұсыны

сы

ҰБ

саясаты, 

ақша

эмис

сиясы, 

инфляци

ялық

күтілім

дер,

валюта

    Табыстылық
ақша

 нары

ғы

ның

валю

та

нары

ғы

ның

Бағалы

қағаз

дар

нары

ғы

ның

Валю

таның

сұра

нымы/

ұсыны

мы

 

Несиелік  мекеменің

ішкі тұрақтылығы

Капи-

тал

жеткі

лік

тілігі

Кадр 

лар

дың

ма

ман

дан

уы

Банк

миссия

сы 

және

стратег

иясы

Банк

менедж

ментінің

сапасы

 
 
 
 

1- Cурет. Коммерциялық банктің түрақтылығына әсер ететін  факторлар 

         Қазақстан Республикасының банктерінің тәжірибесіне сүйенсек, банк шығындарын басқарудың жылдар өте келе қалыптасқан екі негізгі деңгейі бар. Бірінші деңгейі- Ұлттық банк тарапынан шығындарды реттеу. Екінші деңгейі- нақты коммерциялық банкпен шығындарды басқаруды ұйымдастыру.

          Соңғы жылдары Ұлттық банк тарапынан банктердің шығындарын қалыптастыру процесіне қызығушылық өсті. Олардың қарастырылған шараларына активтердің тәуекелдігін бағалау мен резервтерді қалптастыру талаптарын қатандандыруды жатқызуға болады.

        Шығындарды басқару бойынша банк менеджерлерінің алдында тұрған міндеттерге келесілер жатады:

  • банк шығындары туралы сапалы талдаумен қамтамасыз ету;
  • шығындарды реттеу, жоспарлау;
  • шығындарды басқару есебінің жүйесін құру;
  • шығындарды басқару жүйесінде маниторингті ұйымдастыру;
  • шығындарды оңтайландырудың рационалды әдістері мен тәсілдерін тандау;
  • банктің шығындарын басқарудың әдістемесін құрастыру;
  • басқарудың бұл әдсітерін шешу тек банк шығындарын басқару процесінде мүмкін.
 
 

2.2. Банк  балансына қаржылық талдау жүргізудің

реті  және ұйымдастыру жүйесі 
 

          Коммерциялық банк қызметін қаржылық  талдау бұл – банк қызметінің  қаржылық-экономикалық нәтижесін  меңгерумен байланысты арнайы  білім жүйесі.

      Коммерциялық  банк өз қызметін талдау негізінде  пайданы ұлғайту мақсатында активтік және пассивтік  операциялар құрылымын тиімді етуге тырысады.

      Мемлекеттік салық қызметі коммерциялық банктің  есебін талдау процесінде банктің бюджет алдындағы міндетінің орындалуына  қаржылық бақылау жүргізеді Банктік  қадағалаудың екі түрі бар: реттеуші (есептерді тексеру) және қадағалаушы (банкті бақылау). Қадағалау орындары бухгалтерлік баланс және шығыстар мен кірістер туралы есеп негізінде банктің қызметін бақылайды.

      Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік  ұйымдастыру туралы»  заңына сәйкес банктің қаржылық жылы 1 қаңтардан басталып 31 жлетоқсанда аяқталды.

Информация о работе Иннавациялық менеджмент