Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 13:07, курсовая работа

Описание

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді1.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-териалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3-4
І-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты..........................5-6
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..........6-10
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері..........................................................10-12
ІІ-бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы....13
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау.....14-21
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау......................................21-29
ІІІ-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..................................................................................................................30-32
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..................................................................................................................32-34
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру......................................................34-35
Қосымшалар..........................................................................................................36-37
Қорытынды...........................................................................................................38-39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................40-41

Работа состоит из  1 файл

курсавойй каржыыыыыыыыыыыыы.doc

— 351.00 Кб (Скачать документ)

   Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин  өте ықшам түрде анықтай-ды. Олардың  ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілі-гін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".                                                                                                       

   В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл  ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақ-ша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пай-далану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жа-сайды.

   Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады" [9]. Ал  кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұ-мыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшы-лармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысу-лар мен барлық міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндіріс-ті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.                                                                                                                             

   Айта  біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.                       

   Біздің  ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет  мен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.                                                                                                                       

1.2. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі 

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                               

   ҚР  Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң  күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар  жатады:                                                                                               

1) бухгалтерлік  баланс;                                                                                                               

2) қаржы-шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы есеп;                                                  

3) ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы  есеп.                                                                         

   Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде  толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны,  жәрдем ақша және басқа әлеуметтік  төлемдерді есептеу, сон-дай-ақ  жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген  10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;                                                                                                                                          2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;                           

3) активтердің  жалпы құны 60000 еселік есептік  көрсеткіштен аспайды. Қазіргі  кезде бізде қолданылып жүрген  отандық қаржылық есеп негізі  шамалары бо-йынша халықаралық  есеп стандартының талаптарына  сай келеді, себебі ҚР-да соңғы  жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарық-тық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байла-нысты.                                                                                                  

   «Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.                                                                                                                                              

   Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі  бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.                                                                                                                   

   Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін  шегеріп тастаған-нан кейінгі  активтері» [11]. Сонымен, қаржылық есептің  негізгі элементтерінің анықтамасын  түсіндіруде батыс елдерінен  ешқандай айырмашылық жоқ деп ай-туға болады.                                                                                                                                 

   БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік  нұсқаулары негізінде құрастырылған  бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады. [16]                                                                                                  

   Алайда  айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін  таңдау (көлденең, яғни екі жақты  немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табы-лады.                                                                                                                     

   Баланс  активі мен пассивін құру принциптері  бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.                                                                                                        

   Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:                                                 

1) ұзақ  мерзімді активтер;                                                                                                    

2) ағымдағы  активтер;               

3) меншікті  капитал; 

4) ұзақ  мерзімді міндеттемелер;                                                                                             

5) ағымдағы  міндеттемелер.                                                                                           

   Баланс  қаржылық есеп беруде үш элементті  сипаттайды: активтер, меншікті капитал  және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                                                                                                                 

   Қаржылық  жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:                                                                                                                            

   1.Баланс  табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мә-ліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.                                                                         

   2.Баланс  кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде  статус-квоны си-паттайды, яғни пайдаланылып  жүрген есеп саясатына сай  осы кезеңде кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).                                                                                                                        

     3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көр-сеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығы-на шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

     4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының  айналымы туралы мәлімет жоқ.  Баланстың сол немесе басқа  бабы бойынша соманың аз немесе  көптігі туралы қортындыны баланстың  көрсеткіштерін айналымының сәйкес  сомаларымен са-лыстырғаннан кейін  ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді. 

     5.Баланс есепті кезеңнің басы  мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің  жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық       

операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік  жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен  баланстың динами-калық баптарына  қатысты, олар "материалдар", "дайын  өнім", '"тауарлар", "де-биторлық борыш" және басқалар. (1-қосымша)                                                                                                               

     Мысалы, жыл соңында қолда бар  өнім қорларының үлес салмағының  көп бо-луы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.                                                                                             

   6.Баланста  кәсіпорынның активтерін сатып  алуда тарихи бағаны коддану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. 7.Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ фактор-лардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйым-дастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржы-лық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономи-калық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.                                                                                                                                 

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқару